Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс



Абай заманындағы қазақ арасында аударма өнері жеткілікті мөлшерде дамымаған болатын – ды. Егер онымен бірен – саран шұғылданушы табыла қалса, аударма ісіне негізгі мамандығының мұқтажына қажетті қосалқы құрал ретінде қарайтын еді. Мысалы, көрнекті ағартушы және тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің осы саладағы еңбегіне назар аударсақ, ол кісі жас жеткіншектерді оқытуға себі тиетін бірнеше әңгімелерді орысшадан қазақ тіліне аударғаны болмас, бұл игілікті іспен кең көлемде және арнайы айналысқан жоқ. Демек, қайталап айтсақ, аударма ол уақытта шын мәніндегі өнер, ілім дәрежесіне толықтай көтеріле алмады, көбінесе әуесқойлық деңгейден аспады.
Ал, Абайдың өз басы аудармамен шұғылданған шағында бұл салада арнайы қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби сатыға көтеруді нысана етіп қоймаған тәрізді. Әйтседе, Абай өзінің ақындық өнері тәжірибесінде әрдайым орыстың озық мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі сүйсіне оқып, үлгі - өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Ол ол ма, Абай ақындығының кемелденіп, толыса түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына да сол аударманың игілікті әсер еткені сөзсіз.
Ақын шығармашылығында осы аударманың да алар орны мен төл шығармаларымен қатар тұрар салмағы бар. Абай орыс және бастыс әдебиетінен үлкенді – кішілі елуге жуық шығарманы орыс тілінен қазақ тіліне аударған. Ол А.С.Пушкиннің “ Евгений Онегин ” атты романынан жеті үзінді, М.Ю.Лермонтовтан отызға таяу шығарма, И.А.Крыловтан он екі мысал т.б. авторлардан жеті өлең аударған. Енді осы “ Евгений Онегинді ” Абай аударғанда алдына қандай мақсат қойды, осындай ұлы шығарманың нендей қасиеттері қызықтырып, қазақ классигінің ерекше назарын аударды т.б. мәселелеріне назар аударайық. “ Евгений Онегинді ” түгелдей

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс (А.С.Пушкиннің “ Евгений Онегин”
романының Абай аударған нұсқасы)

Абай заманындағы қазақ арасында аударма өнері жеткілікті
мөлшерде дамымаған болатын – ды. Егер онымен бірен – саран шұғылданушы
табыла қалса, аударма ісіне негізгі мамандығының мұқтажына қажетті қосалқы
құрал ретінде қарайтын еді. Мысалы, көрнекті ағартушы және тұңғыш педагог
Ыбырай Алтынсариннің осы саладағы еңбегіне назар аударсақ, ол кісі жас
жеткіншектерді оқытуға себі тиетін бірнеше әңгімелерді орысшадан қазақ
тіліне аударғаны болмас, бұл игілікті іспен кең көлемде және арнайы
айналысқан жоқ. Демек, қайталап айтсақ, аударма ол уақытта шын мәніндегі
өнер, ілім дәрежесіне толықтай көтеріле алмады, көбінесе әуесқойлық
деңгейден аспады.
Ал, Абайдың өз басы аудармамен шұғылданған шағында бұл салада
арнайы қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби сатыға көтеруді нысана етіп
қоймаған тәрізді. Әйтседе, Абай өзінің ақындық өнері тәжірибесінде әрдайым
орыстың озық мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі сүйсіне оқып, үлгі - өнеге
тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Ол ол ма, Абай
ақындығының кемелденіп, толыса түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға
ие болуына да сол аударманың игілікті әсер еткені сөзсіз.
Ақын шығармашылығында осы аударманың да алар орны мен төл
шығармаларымен қатар тұрар салмағы бар. Абай орыс және бастыс әдебиетінен
үлкенді – кішілі елуге жуық шығарманы орыс тілінен қазақ тіліне аударған.
Ол А.С.Пушкиннің “ Евгений Онегин ” атты романынан жеті үзінді,
М.Ю.Лермонтовтан отызға таяу шығарма, И.А.Крыловтан он екі мысал т.б.
авторлардан жеті өлең аударған. Енді осы “ Евгений Онегинді ” Абай
аударғанда алдына қандай мақсат қойды, осындай ұлы шығарманың нендей
қасиеттері қызықтырып, қазақ классигінің ерекше назарын аударды т.б.
мәселелеріне назар аударайық. “ Евгений Онегинді ” түгелдей аудармағанына
қарағанда, орыс қауымының сол кездегі өмірін жан – жақты және өте терең
көрсететін романдағы көптеген жайлар Абайды оншалық қызықтырмағанға
ұқсайды. Сондай – ақ, бұл жерде Абайдың аудармаға алғаш баруын және ұлы
ақын өз отандастарының жай – жапсарын да есте тұтқаны абзал.
Бұл жайында ғалым Н.Ғабдуллин: “Абай – қазақ поэзиясында аударма
өнерінің, мұны таратып айтсақ, - дәл аударманың, еркін аударманың, нәзира
әдісімен жарысудың классикалық шебер үлгілерін жасаған ақын. Орыстың
Пушкин, Лермонтов пен Крыловтай ақындарынан тәржіме жасағанда олардың кез –
келген өлеңін аудармаған, шертер сыры өз көңілінің күйіне өте жақын
үйлесетін және сонымен қатар, өзінің туған жұртының ұғуына мазмұны
соншалықты түсінікті шығармаларды ғана таңдап алған”.
Нәзира дәстүрін кезінде ұлы Абайдың өзі де терең меңгеріп,
шығармалар жазғанын әдебиет тарихынан жақсы білеміз. Сондай – ақ, Абай
кезінде өзінің “ Ескендір ”, “ Масғұт ”, “ Әзім ” поэмалары және өзіміз
жоғарыда сөз етіп отырған “ Евгений Онегин ” романынан жеті үзінді алып,
осы нәзира дәстүрімен жырлағаны белгілі. Ал, осы уақытқа дейін кейбіреулер
Абайдың осы соңғы туындыларын аударма деп қарап, “ мына тұста еркін кеткен,
ал мына бір тұстарда қазақ ақыны түпнұсқаны бастапқы қалпында дәл аударған
” деген сияқты ойларды айтып келді.
Сөйтіп, нәзира дәстүрін қоданған кезде шығарманың жанрлық
формасы мен мазмұн – сюжетін сол күйінде сақтап қалу шарт болмаған. Ақын
бұл жағдайда белгілі бір шығарманың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі
сан түрлі нұсқаларын үйрену негізінде, бұрынғы шығармаларға мүлде
ұқсамайтын жаңа, тың, көркем туынды жасайды. Әдебиет тарихындағы осындай
құбылыстар әзербайжан, өзбек, түркімен әдебиеттерімен қатар, қазақ
әдебиетінде де орын алды.
Нәзира дәстүрін жете меңгеріп, кезінде көптеген қолтума
шығармалар жазған қазақ ақындары шығыс шайырларының қолынан шыққан сан
түрлі бейнелеу, көріктеу құралдарын, образ жасау әдістерін, теңеулерді,
өлең жүйесін, т.б. зор шеберлікпен пайдаланғаны мәлім. Олар Шығыс
классиктері жасаған ғажайып образдарды қазақ топырағына лайықтап, өз
оқушысына жақын етіп қайта тудырды.
Біздің төл әдебиетіміздегі нәзира дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері
бар деп толық айта аламыз. Шығыс классикалық поэзиясының қазақ әдебиеті
поэзиясына ықпалы зор. Мысалы, қазақ ақындарының бір қатары Шығыс
хикаяларының желісіне ғажайып дастандар жазғаны көпшілікке мәлім. Атап
айтар болсақ, олар Ақылбек Сабалұлы, Шәді Жәңгірұлы, Жүсіпбек
Шайхулисламұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Оразмолда, Ақмолла Мұхамедиярұлы,
Майлықожа Сұлтанқожаұлы сияқты Шығыстық поэзия дәстүрінде тәрбиеленген сөз
зергерлері өз дастандарында гуманистік идеяны басты орында жырлады. Ал
бұлардан кейін нәзира дәстүріне қалам тартып, өздері өмір сүрген ортаның
қоғамдық - әлеуметтік мәселелерін көтерген Шәкәрім, М.Сералин,
С.Торайғыров, Т.Ізтілеуов, Ә.Тәңірбергенов, Ә.Найманбаевтар болды.
Нәзира дәстүрін зерттеп, ол жайында құнды пікірлер айтып жүрген
әдебиетші – ғалым Н.Келімбетов қазақ поэзиясындағы нәзира дәстүрін әдебиет
тарихы, теориясы мен сыны тұрғысынан зерттеу арқылы бірқатар келелі
мәселелерді атап, төмендегідей етіп жіктейді:
“Біріншіден, Шығыстың есімдері әлемге мәшһүр ұлы шайырлары жырлаған
аса маңызды гуманистік идеяларға қазақ ақындарының да өзіндік үлес қосқанын
көпшілік оқырман қауымға танытар едік.
Екіншіден, нәзира дәстүрін зерттеу арқылы жоғарыда сан ғасырлық
байланыстың табиғатын ғылыми негізде түсіндіруге болар еді.
Үшіншіден, нәзира дәстүріндегі қазақ ақындарының көркем сөз
өнеріне қосқан өзіндік үлесін нақты түрде дәлелдеуге жол ашылады ”(55,210).
Сонымен, еліміз егемендігін алып, ұлттық тарихымыздың жаңа
беттері жазылып жатқан кезде төл әдебиетіміздің поэзиясындағы нәзира
дәстүрін жан – жақты зерттеп, рухани, мәдени, әдеби байлығымызды бұрынғыдан
да байыта түскеніміз құптарлық іс. Осы тұста айта кетерлік бір жайт өзіміз
тілге тиек етіп отырған қазақтың ұлы ақыны Абай да өзінің Пушкиннен жасаған
“ Евгений Онегин ” романынан тәржімалаған туындыларында да Шығыстың нәзира
дәстүрін пайдаланған деп толық айтуға негіз бар.
Бұл тұста Абай кімге де болсын, түсінікті жайды ғана алады да,
бір – біріне бара – бар, тең тұрса да, екі жасты махаббаты сәтсіз
кейіпкерлер сипатында бейнелейді. Бірақ, қазақ ақынының мұнысы
А.С.Пушкиннен алшақ кету емес.
А.С.Пушкин – көркем сөздің ұлы суретшілерінің бірі. Өнерге
көзқарасы жөнінде ол өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды. Өнер өмір
ақиқатын ашып беруге тиіс, ол мейілінше ұлттық негізде болуға тиіс. Өнер
халықтық негізге сүйеніп, халықтың ақындық шығармашылығымен тығыз
байланысты болуға тиіс, деп білді Пушкин. Пушкин өнер, поэзия, өмір үшін,
қоғам үшін қызмет етуге тиіс деген идеяны қорғады. Суретшіден көркемдікті
қатты талап ететін Пушкин шығармаға өмір, тіршілік сипатын беретін нәрсе,
сол шығарманың идеясы, ондағы ой – пікір дүниесі, - дейді. ХІХ ғасырдағы
орыс әдебиетінің саясат жағынан күшті болуы Пушкиннен, декабристерден
басталған дәстүр. Пушкин қашан да мағынасы тұңғиық терең және мейілінше
көркем, шынайы поэзияның ұлы шебері, ұстазы болып қала бермек.
Пушкин орыс әдебиетінің негізін салушы ғана емес, ол – орыстың
әдеби тілін жасаушы. Ол орыстың халықтық тілін кеңінен пайдаланған,
Басқа халықтардың өкілдері шығармашылығына да Пушкиннің әсері
өте зор болды. Украин ақыны Шевченко, грузин әдебиетінің үздік өкілдері
Чавчадзе, Церетели, татар ақыны Тоқай және басқалар Пушкин поэзиясынан ізгі
әсер алғандар еді. Қазақ халқы Пушкиннің бай мұрасымен алғаш рет Абай
аудармалары арқылы танысты. Орыс халқының демократиялық, революциялық
рухтағы мәдениетіне, оның барлық рухани байлығына талпыну, сонан өз
халқының бақытты болашағына нәр алу, қазақ халқының алдыңғы қатарлы
өкілдері үшін бұрыннан келе жатқан дәстүр еді. Біздің заманымыздөлшеусіз
кең өрістеп, жаңа мазмұн алған бұл дәстүрдің ең алғаш негізін салушылар
Шоқан, Ыбырай, Абайлар болды. Бұлар қазақ халқының азатттығы үшін орыс
мәдениетінің, орыс еліндегі озық ойлы пікірлердің айырықша маңызы барлығын
дұрыс болжаған еді. Біздің өткен ғасырдағы классиктеріміз орыстың
классикалық әдебиетінен үйренуді, Ресейдің алдыңғы қатарлы демократияшыл ой
– пікірдің өкілдерінен үйренуді өздерінің ең маңызды тарихи міндеті деп
білді. Орыс мәдениетінің мұрасынан үлес алуға талпынуды бұлар өздеріне
тарих жүктеген борыш деп таныды да, өздерінің шығармаларында мұның идеялық
– көркемдік жолын, бағытын белгіледі. Пушкиннен басталатын орыстың
классикалық әдебиетінің қазақ мәдениетіне, қазақ әдебиетіне тигізген әсерін
біз, әсіресе, Абайдың шығармашылығынан айқын көреміз.
Абайға Ресейдің қандай әлеуметтік – саяси идеялары әсер етті,
қандай эстетикалық, этикалық ережелер оның ақындық көзқарасын тәрбиеледі,
біздің ұлы классиктеріміздің шығармашылықтарында сол кездегі Ресейдің
қоғамдық қай тобының қоғамдық - әлеуметтік саяси идеясы көбірек, айқынырақ
көрінеді.
Шындықты сүю, көңіл, сезім дүниесіндегі неше алуан құбылыстарды
дәл тауып, мүлтіксіз баяндау, ой – пікірдің тәуелсіздігі – осылардың бәрі
де А.С.Пушкиннің әсерімен тәрбиеленіп, қалыптасқан Абай ақындығының негізгі
қасиеттері болатын.
Абай “Евгений Онегинді” аударды. Бірақ, ол оны сөзбе – сөз
жеткізіп беруді, өлшемін , ұйқасын сақтауды мақсат еткен жоқ. Мәселе
Абайдың немесе оның шәкірттерінің орыс тілін жете біліп, не жетпей
жатқандығында емес еді. Біздіңше “ Евгений Онегиннен ” бізге белгілі кейбір
үзінділерді аударған Абайдың оны өлшемін де, ұйқасын да жеткізіп, мәтінін
түгел аударуға шамасы келетін еді. Бірақ, оның өз алдына қойған мақсаты:
өзінің Пушкиннен жасаған аудармаларын өз тұсында сол ортадан тәрбие алып
өскен алдыңғы қатарлы жастардың мәдениет, рухани дәрежесіне шақтап,
орайластырып отыру болған. Ол тілі, мәдениеті өзге орыс халқының жақсы
мінезін, сезімін өз ортасына түсінікті, ұғымды етіп аударған еді. Осы
арқылы ол өз кезіндегі жастардың рухани дүниесіне жаңа азық берді, онда
жаңа көзқарастарды тудырды. Абай Пушкин шығармаларын аударғанда өз
көңілінің күйін, өзінің сезімін де жырлап отырды. Біз осыған қарап, Абай ой
– пікірінің, көзқарастарының орыс халқының алдыңғы қатарлы мәдениеті мен
рухани дәрежесінің шамасына көтерілгендігін аңғарамыз.
Сонымен бірге Абай Пушкиннің сүйіспеншілік лирикасын, көңіл –
күй, жаратылыс суреті лирикасын жырлауына айырықша ден қойды. Ғашықтықты,
сол ғашық болған жандарға әуелден тағдырдың өзі жазған нәрсе деп
түсіндіретін Шығыс әдебиетінде болатын жолмен емес, Абай ғашықтықтың,
сүйіспеншіліктің сырын жастың өз бойынан іздейді, жас жандардың
табиғатынан, олардың көңіл – күйінен тудырып отырады. Абай лирикасындағы
налу, қайғыру, қамығу сарыны өзін қоршаған халықтың халінің нәтижесі еді.
Қазақ поэзиясында Пушкин, Лермонтов дәстүріндегі лирикалар мен
поэмалар, аудармалар Абайдан кейін де туа бастады.
Абай қалдырған үлгі бойынша, Абай шәкірттерінің бірі - Әсет ақын
Пушкиннің “ Евгений Онегин” романын халық поэмасы түрінде аударып, қазақ
даласына таратты. Бұдан кейін орыс классигінің бұл туындысына қалам тарқан
Ілияс Жансүгіров болды.
Пушкиннің осы ұлы шығармасында әр тарапынан, кеңінен көрсетілетін
орыс халқының тұрмысы, ондағы азаттық идея, сүйіспеншілік, достық лирикасы,
орыс табиғатының көркем суреттері қазақ халқына да жақын, ұғымды екендігі
осы Әсет жазған “ Евгений Онегиннен” халық поэзиясының жүре келе үш түрлі
варианттары пайда болғанынан да көрінеді. ( Бұл поэманың үш ақынның аузынан
жазылып алынған үш түрлі варианты 1938-жылы Пушкиннің таңдамалы
шығармаларының қазақша үш томдығында басылып шыққан).
Сондай-ақ “ Евгений Онегинді” қазақша сөйлеткен тек жоғарыда
аталған ақын- жазушылар ғана емес , әр кезеңде бұл ұлы туындыға қалам
тартқан ақын Қуат Терібаев осы романның сюжетіне арнап “ Онегин мен Татьяна
туралы” ұзақ өлең шығарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поэтикалық аудармаға түсінік
Аударма өнері және көркемдік түсініктер туралы
Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Қазақ әдеби туындыларының аударылуы жайлы
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
Аударма
Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы
Пәндер