Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы



1. Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы
2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық . әдіснамалық негіздері
3. Тәрбие . жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы ретінде
Пайдаланған әдебиеттер
Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
1. Кон И.С. Психология подростка М., 1981 г.
2. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков – Алматы 1994 г.
3. Рысбаев А.К. Успешность деятельности как категория педагогики Алматы: Каз НПУ им. Абая, 2003 г.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 200 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Орындаған: Барышова Г.
Махмутова Г.

Тексерген: Саудабаева Г.

Алматы, 2006 ж
ЖОСПАР

1. Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы
2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық - әдіснамалық негіздері
3. Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы ретінде

Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар,
бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке,
жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық
дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік,
ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының,
әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің
көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары
"даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет?
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке
тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін
маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай
қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму
барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске
шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық
күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады.
Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты – оның бойында болып
жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға
ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен дамуындағы, содай-ақ танымдық және іс-
әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, көзқарастары мен сенімдерінің
кеңеюіндегі орын алатьш сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз
байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы,
меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында
мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қальштасуы" термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан
қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер
бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда -
адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге
бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық
белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық
(нышан) тума қабілеттер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып
бөлінеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам
өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер
етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетгі
әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің
даму деңгейі, бұқаралық ьақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың
ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым қоршайтын және оның
дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе
географиялык орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа
берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын
педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттың құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Жеке тұлғанын қалыптасуынын Философиялық-әдіснамалық негіздері.
Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы
пікірталас бітер емес. Осы бір көп ғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі
көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның
дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің
маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай
(биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347
ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз көздерінде-ақ
адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған.
Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну
үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту)
деген философиялық ағьш төмендегідей ойды ұстанған: адамның үрығында
болашақ жеке тұлғаньщ барлық қасиетгері бар, ал даму олардың тек сандьік
жағынан артуын ғана біддіреді. Бұл орайда әлеумеггік факторлар мен
тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э.
Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін
(соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық
қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға "көздері, тістері және
саусақтары" сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан
ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен
келешегін толығымен анықтайтын "гендердің жинағы немесе батареясы" ғана деп
санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм
бағытына да тән. Прагматизм грекше - прагма дегеніміз - іс әрекет,
төжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон
Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан.
Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның
қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір
пайымдауы адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында
болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік
т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе
жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
кабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер бойынша баланың жаны
дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tabula rosa) болып келеді және
тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір
қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас
социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның
қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуынын
ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін тәмендетеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқьш қуалаушылық пен
ортаның ықпалын бірінші орынға койып, тәрбиенің күшін жоққа
шығаратын бұл теориялар ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-
педагогикальщ зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына
себепші болды, бұл бағыт "педология", яғни тура аударғанда
"балалар туралы ғылым", "балатану" деген атқа ие болды. Қазіргі
уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас
өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары
туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс
жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың
дамуының биогенегакалық заңын белсенді түрде насихаттаған
және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін
түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының
дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе құрылған болатын. 1936
жылы ОК БК (б) П "сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын"
"жалған ғылыми антимарксистік ережелерге" сүйенген деп айыптаған. Бұндай
ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы - балалардың
тағдырының биологиялық және әлеуметтік акторлармен, тұкым
қуалаушылығының бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде
алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және
тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да
тәжірибесіз практик-педологтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп
зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі шектеу қате
болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл
туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: "Егер педагогика адамды барлық жағынан
тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек", -
деген болатын.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында -
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Психолог студенттердің жекелей ерекшеліктерін анықтау
Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Оқытушының тұлғалық өсуі
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Пәндер