Жер-су аттары
Қазақ даласының жер-су аттарын тарихтың хаты деп жүрміз. Осы атаулар негізінен әр замандарда орын алған елеулі тарихи оқиғаларға немесе жеке тұлғаларға байланысты шыққан. Ал, кейбір атаулар табиғи жағдайларды баяндайды.
Мысалы, Арыс, Асы өзендерінің аты б.д.д. мыңдаған жылдар бұрын мекендеген Арыс және Асы сақтарының тайпалық аттарына байланысты екенін жоғарыда айттық. Б. д. д. 178 жылы Дәу би жерленген жер Дәубаба аталды. Б. д. д. заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие (Үйсіннің 12 ұрпағы) мекендеген жер Шақпақ ата болды. Шамамен 576 - 604 жылдары Қараша хан мекендеген Алматының шығыс жағындағы Ақтау, Қараш таулары - Үш Қараш деп аталып кетті.

ЖЕР-СУ АТТАРЫ
Қазақ даласының жер-су аттарын тарихтың хаты деп жүрміз. Осы атаулар
негізінен әр замандарда орын алған елеулі тарихи оқиғаларға немесе жеке
тұлғаларға байланысты шыққан. Ал, кейбір атаулар табиғи жағдайларды
баяндайды.
Мысалы, Арыс, Асы өзендерінің аты б.д.д. мыңдаған жылдар бұрын
мекендеген Арыс және Асы сақтарының тайпалық аттарына байланысты екенін
жоғарыда айттық. Б. д. д. 178 жылы Дәу би жерленген жер Дәубаба аталды. Б.
д. д. заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие (Үйсіннің 12 ұрпағы)
мекендеген жер Шақпақ ата болды. Шамамен 576 - 604 жылдары Қараша хан
мекендеген Алматының шығыс жағындағы Ақтау, Қараш таулары - Үш Қараш деп
аталып кетті. Орта ғасырларда қазіргі Алматы қаласы Алматау деп аталған.
Ал, ежелгі Тәңір тауларын, б. д. д. Үйсін тауларын, қазір қытайша Тянь-
Шань таулары деп жүрміз.
Көптеген жер-су атаулары XVII-XVIII ғасырларда елімізді Жоңғар
қалмақтарынан азат ету соғыстарына байланысты қойылған.
Ресей отарлау саясатын жүргізген және кеңес дәуірі жылдарында ежелгі
қазақша жер-су мен елді мекендер аттарының барлығы дерлік өзгеріске ұшырап,
орысша атаулар қаптады. Қазір жөнсіз өзгеріске ұшыраған елді мекендер мен
жер-су аттары, өздерінің байырғы атауларын қайта иемдене бастады. Олардың
ерекше маңыздыларына ескерткіштер орнатылуда.
1729 жылы хандар мен билердің кеңесі өткен, Қазақ жерін қалмақтардан
азат ету үшін халқымыздың ұлы тұлғалары бас қосып бір шешімге келген
Ордабасыда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі мемориалдық комплексті
салуды аяқтады. Осы 1729 жылы қалмақтарға шешуші соққы беріп, қазақ жерін
жаудан тазартқан соғыстар өткен Аңырақай - Отарда арнайы ескерткіштер
орнатып, азаттық соғысының 270 жылдығын салтанатпен атап өтуге
байланысты, Жамбыл облысының әкімшілігі игілікті істер атқаруда.
Бір айта кететіні, елді мекендердің атын өзгертуге байланысты, кейде
ретсіздіктерге орын берілуде. Мысалы, Жамбыл облысының Қордай ауданында
Қордай атауы алты рет қайталанады. Бұл әйгілі батырға үлкен тау, таулы
асу мен ауданның аты лайық. Ал, бір батырдың атын осы аудандағы бірнеше
ауылға, мейлі аудан орталығы болсын, қайталай беру артық. Бұл ауданда
Қарасай батыр, Өтеген батыр, басқа да тарихи тұлғалар баршылық.
Қазақстанның жер-су мен елді мекендердің өзгерген немесе бұрмаланған
атауларын дұрыс қалпына келтіруді, олардың мәніне, тарихи маңызына
байланысты ойлар білдіріп жүрген елжанды, үлтжанды азаматтарымыз баршылық.
Олардың қатарында ғалымдар, жазушылар Қ.Балғабекүлы, М.Мырзахметұлы,
А.Сейдімбек, М.Серікбаев, Ә.Нұрмағамбетұлы, басқа да ағайындар бар.
Төменде кейбір атаулардың мағынасы мен тарихына тоқтала кетуді жөн
көрдік.
АҚТАЙ (Қытай) кенорындары
Жезқазған қаласынан 220 шақырым шығысқа қарай, Қаражал қаласынан 50
шақырым батысқа қарай Жайылма (неге Жайрем аталып кеткені белгісіз) кенді
ауданында 1960 жылдары геологтар түсті металдар кен орындарын бірінен
кейін бірін аша бастады. Солардың бірнешеуі өткен замандағы дәулетті
қазақтың қызы Ақтай сұлудың атымен аталатын жерде еді. Олар Қытай кен
орындары аталып, геологиялық құжаттарға осы атпен еніп кетті. Қытай
атауының бір күлкілі оқиғаға себепкер болғанын айта кетейік.
Геологтардың кен орындарын ашудағы ерен табыстары Мәскеуге жетеді.
Ашылған кен орындарын көруге орталықтан арнайы мамандар келеді. Келген
мамандар жергілікті геологтарды табыстарымен құттықтайды. Құттықтау арақ-
шарапсыз өткен бе, естен тана ішкен қонақтар күн бата машинаға отырып,
мейманханаға аттанады. Бейтаныс далада түнде қалғанда сау адам адасады,
ал мастар туралы айтудың өзі артық. Баратын жерге жететін уақыт өтті. Түн
ортасы ауып, жердің шетіне жететік мезгіл болса да әлі жүріп келеді. Мылжа-
мылжасы шығып қалжырағандар жылтыраған отты көріп, жөн сұрауға бұрылады.
Қайда келдік деп сұрағандарға Қытайға келдіңдер дейді. Бұл Қытай
мемлекетімен Қеңес одағының арасы шиеленісіп тұрған кез ғой. Шалажансар
қонақтар Қытай кен орнына келгендері естерінен шығып, Қытайға келіп
қалыппыз деп жанұшыра қорыққан екен. Мүмкін, бұл атын бұрмалағанға
қорланған Ақтай арудың әруақтарының әжуасы болар.
АЩЫЛЫАЙРЫҚ (Ашлярик)
Қарағанды қаласының солтүстік жағындағы Майқұдық пен Пришахтинск
арасындағы созылып жатқан белдеу. Осы ащы мен жусан өскен белдеуде қой
баққан Аппақ Байжанұлы суырдың інінен шығып жатқан көмір кесектерін тауып,
шамамен 1847 жылы Қарағанды таскөмір алабын ашқан. Ащылыайрық белдеуінде
таскөмір қабаттары жердің бетіне шығып, оңтүстік бағытқа қарай тереңдеп
таралады.
Орыс саудагері, тау-кен кәсіпкері Н.Ушаков Ащылыайрық таскөмір
қабаттары бар белдеуді сатып алып, көмір кеніштерін салған. Сол кезден
бастап орыс тау-кен ісі мамандары Ащылыайрықты Ашлярик деп атап кеткен.
Қарағанды таскөмір алабының ең төменгі көмірлі свитасы ащылыайрық
(ашлярикская свита) деп аталады. Свитаның құрамында 20 көмір қабаты бар.
Осы свитаның екі қабатынан көмір өндірген 12 және 12-бис шахталары 1960 -
1970 жылдары Ащылыайрық (Ашлярикская) шахтасы аталған.
БОЗАЩЫ (Бозашы, Бузачи)
Маңғыстау түбегіндегі ащы боз шөптер өсіп, шаң суырып мұнартып, жердің
үстіндегі байлығын да, астындағы тұнып тұрған қара алтын мүнайын да
ғасырлар боны жасырып тұрған өлке орысша Бузачи аталған. Білгіштер оны
қайта қазақшалап Бозашы деген.
ЖАМБЫЛЫ (Жамбыл тау)
Бетпақдалада, Хантаудың батыс жағындағы жазықта оқшауланып тұрған тау
бұрынғы замандарда батырлар жиналып, жамбы атып, мергендіктерін сынайтын
жер болған екен. Басына жамбы қойып ататын болғандықтан Жамбылы аталған.
Осы Жамбы, Жамбылы тауының бөктеріндегі бұлақты мекендеген шаруаның
отбасында Қазақ Даласының ұлы жыршысы атанған Жамбыл жыраудың 1846 жылы
дүниеге келгені белгілі.
КЕНГІР
Бастауларын Сарыарқадағы Арғанаты адырынан Қаракенгір, Желді адырдан
Сары Қенгір болып ағатын қос өзеннің тармағы бірігіп, оңтүстікке қарай
Кенгір өзені болып ағып, Сарысуға құяды. Осы өзеннің бойында бұрынғы Кенгір
ауылы, қазіргі кеншілер астанасы Жезқазған қаласы орналасқан. Қенгірдің
атын академик Ә.Марғүлан кенді өзен дегеннен шығарса, ғалым А.Сейдімбек
кең үңгір болар деген пікір айтады. Кенгір өзенінің алабы жазық жер.
Өзендер бастау алатын Арғанаты мен Желдіадыр өте берік граниттен тұрады.
Бұл аймақта үңгір пайда болатын табиғи жағдай шектеулі.
Кенгір атауы кенді өңірден (кенді өнгір - кенгір) шыққаны көрініп түр.
Бұл өңірде Арғанатыдан бастап Жезқазғанға дейін көптеген кен орындары бар.
Олардың ішінде көмір де, темір де бар. Негізгісі алтын-күмісі бар түсті
металдар. Әлемдік маңызы бар Жезқазған кен орнынан энеолит (мыс) заманында,
б. д. д. 4-3-мыңжылдықтарда, сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан.
Біздің дәуірдің басында Ұлы Жібек жолының арнайы бір тармағы Шу, Сарысу,
Кенгір өзендерін бойлап Жезқазғанға келген. Жезқазғаннан мыс, алтын, күміс,
малахит (жасыл тас) пен азурит (көк тас) тиеген кірешілер Батыс пен
Шығысқа үздіксіз ағылып жатқан.
Қенгір алабындағы кен орындарының қазір де, болашақта да халқымызға
берері көп.
ҚҰЛАНТАУ
Құлан жортқан жазық далалардың құланға байланысты атаулары түсінікті.
Тауларды құлан мекендемейді, сонда Құлан тау деген атау қайдан шыққан?
Құлан таза деген сөз тіркесін білеміз. Тіркестегі құлан мен таза
сөздердің мағынасы бір, тазаны білдіреді. Құлантаудың мәні де таза тау
деген.
Құлантау Үлкен Қаратаудың Шақпақ белі арқылы Алатаудың Жабағылы
сілемімен жалғасып жатқан бөлігі. Құлантаудың басы жалтыр тас. Бұта да, шөп
те өспей, үздіксіз тұрған желден шаң да қонбай тап-таза болып жатады.
Құлантаудың бөктерінен жанға шипа мөлдір сулы Құлан мен Бала Құлан өзендері
бастау алады, көптеген бұлақтар шығады.
ІЛІНГІР (Ленгір қаласы)
Ленгір аталып кеткен қаланы Қазақ Даласындағы ең көне қала деп атауға
болады. Халық жадындағы деректерге сүйенсек, жердің бетін топан су
басқанда, Нұх пайғамбар киелі кемесін осы қала орнаған жерге ілінгір
(якорь, зәкір) тастап тоқтатып, жан-жағын бағдарлаған. Нұхтың кемесі
Қазығұрт тауына тіреліп тоқтаған екен. Басында Қазығұрттың кеме қалған.
Болмаса ол әулие неге қалған деген өлең жолдары сол көне замандардың куәсі
Нұхтың кемесіне байланысты шыққан аңыз осыдан он мың жылдай бүрынғы
замандарды қамтиды. Бұл жердің бетін топан су басқан заманның уақыты. Нұх
бұл жерге келсін, келмесін, бірақ геологиялық жағдайларға байланысты он мың
жылдан астам уақыт бүрын, өңірдегі сай-саланың барлығын су басқан. Мүмкін,
сол кездегі халық кемемен жүріп, оларды тоқтатуға ілінгір пайдаланған
болар.
Осы дерек Арыс тайпасының сақтарына белгілі болып, атадан балаға жетіп
отырған. Батысқа қоныс аударған сақтар да, бұл деректі біліп кеткен. Біздің
ғұлама қандасымыз Анарыс (Анахарсис) б. д. д. VI ғасырда теңізшілер елі
Элладаға кемелерді ілінгір тастап тоқтату тәсілін бабалары жадындағы
деректерге сүйеніп үйреткен деп айтуға негіз бар.
Сонымен өңірді топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесінің ілінгірі
қалған жерге, су қайтқан соң салынған Ілінгір (бұрмаланып Ленгір аталған)
қаласының тарихы да мыңдаған жылдар болады.
МЫҢБҮЛАҚ
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Теріс өзенінің алабы ежелден осылай
аталған. Мыңбұлақтың алғашқы толық сипатын Қытай жиһангез-сопысы Сюань-
Цзян шамамен 630 жылы өзінің сапарнамасында: ...Мыңбұлақ елінің
территориясы шамамен 200 шаршы ли болады. Оның оңтүстігін қарлы таулар
(Алатау) шектейді, ал қалған үш жағы біркелкі жазық. Бүл жер өте ылғалды
және оның орман-тоғайы керемет. Көктем айының соңына қарай шығатын әртүрлі
гүлдердің көптігінен көз тұнады, жердің беті масаты кілемдей құлпырады. Бұл
жерде кәусар сулы сансыз бұлақтар ағып жатады, сол себепті Мың бұлақ
аталған. Жыл сайын жаздың аптап ыстығында Ту-киу (Түркі) ханы осы жерді
паналайды. Бұл төңіректе елік-маралдар көптеп кездеседі... деп тамсана
жазған.
Мыңбұлақ туралы Араб жиһангездері Убейдаллах ибн Абдуллах ибн Хордадбек
(846 жылы) және Қудама ибн Жафар (X ғасырдың басында) өздерінің
күнделіктерінде: ...Бұл Абарджадж үлкен тебе, оның айналасынан мыңдаған
бұлақтар ағып шығады. Олар қосылып бір өзен құрайды. Өзен шығысқа қарай
ағады, сондықтан оның аты Баркуаб; бұл сөздің аудармасы кері бағытта
ағатын өзен... Барқуабтың (қазіргі Теріс өзені) екі жағасындағы тұтасқан
орман-тоғайлары мен қалың құрақты шалшықтарынан қара қырғауылдарды аулайды
деген.
Бізге Араб жиһангездерінің шығармалары арқылы VIII ғасырдың басынан
белгілі болған, жақсы бекіністері бар Абарджадж қаласын Батыс Түрік
хандығының ханы Ызбарлы Халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz