Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы



Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтаныуына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысыс кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің қлдырауына жол берді. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қасқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металдар өндірісі қысқарды. Құрылыс және ауыл шаруышылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады.
Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия,
халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады.
Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан
немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі
құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтаныуына
қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысыс кесірін тигізді. Өнеркәсіп
орындарының жартысы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің
қлдырауына жол берді. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл
көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда
21,5 пайызға кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қасқарды.
Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат
құю азайды. Түсті металдар өндірісі қысқарды. Құрылыс және ауыл шаруышылығы
техникаларын шығару едәуір кеміді.
Күрделі құрылысты қаржыланжыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды,
нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32
өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы
1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1 пайызға азайды. Ал 1994 жылы
1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімнің көлемі 33 пайызға, халық
тұтынатын тауарлар 41 пайызға кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің
төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген саслаларында 1994 жылмен
салыстырғанда біраз өсім байқалды.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар
бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Бірақ
осыған қарамастан өндірістің құлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына
қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, аздап өскендігі
байқалды.
Өңдірістің құлдырауының басты себебі — Одақ бойынша бұрынғы
қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының
тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында,
дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды.
Одан басқа мемлекет экономиқаны басқарудың тізгінін босатып алды, халық
тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен
техниқаны пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.
Жоғарыда айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан
бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпыра шараларды
іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия
өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның
нәтижесінде 1999 жылы мұнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия және
тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында
жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8%-ке өсті. Елдің
алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.
Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру барысында
2000-2002 жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс
ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі
42,9 пайызды құрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мұнай-газ өндірісі
елеулі орын алып, ол жалпы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды, Бұл
жылдары тек газ-мұнай шығару салаларын дамьпуға 9,5 млрд. доллар шетел
инвестициясы тартылды. Қазір де мұнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті
кальштастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиқаның жалпы ішкі
өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.
Батыс Казақстан аймағында Теңіз бен Қаоашығанақ сияқты мұнай-газ кен
орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр.
Каспий аймағында өнеркәсіптік мұнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу
жоспарланған. Жамбыл облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру
жұмысы басталды. Каспий құлықтық мұнай құбырының бірінші кезегін іске қосу
еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мұнайды әлемдік
нарықка жеткізудің баламалы нұсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-
Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттарын да үлкен болашақ күтіп
тұр.
Соңғы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелік
және Достық-Ақгоғай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмысы, Семейдегі
Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол құрылысы аяқталды. Алтынсарин-
Хромтау арасындағы теміржол құрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай
іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жұмысы 2003 жылы аяқталды.
Алматыдағы өуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бұрынғы 2001 жылмен
салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты.
90-шы жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан
кешірді. Оның басты себебі - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары
өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең
дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және
тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам
астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кендіарлар мен
колхоздар, 80-дей кұс фабрикасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру
барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық,
бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық,
қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін
күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру
және т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың
басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу,
жаңа технологаяны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты
жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы
айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты
түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауыл
шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық
өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлык сектордың
басты бір саласы - мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып
кетті. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың
нашарлауынан болды. Малға қажеті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелендіру
нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе
ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн.
бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен
ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0
млн. басқа дейін азайып кетті.
2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал
шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000-2002 жылдары
ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%-ке, құс өсіру 25%-ке артты.
Қазір республикадағы мал басының 90%-тен астамы жеке шаруа қожапықгарының
қолында жинақталған.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға
бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен
4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму
банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚАІ доллары мөлшерінде несие
бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жүмсалды. Тек
1996 жылы 630 егін және 100 мақга жинайтын шетелдік комбайвдар сатып
алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға
көбейіп отырды. 1999 жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы
агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жұмсалды.
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы
республика көлемінде 96198 ауыл шаруа-шылығы құрылымы, оның ішінде 91471
шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі
және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999-2001 жылдар
аралығында ауылда тиімді шаруашылық1 жүргізуге кабілетй меншік иелері
калыптаса бастады. Қазақстан Республикасыньщ Президенті Н.Назарбаев өзінің
"Жаңа кезең - жаңа экономика" атты лекциясында атап көрсеткендей "Рынокқа
берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды"(Егемен Қазақстан. 16
желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде
277 өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік құрылымдарының үлесіне
тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтш. Ауыл шаруашылығы
құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6
жылға ары қарай ұзартылды.
Казір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды тұлға бизнеспен
айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан
асты. "Астық үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда Қазақстан
миллиард пұттан астам дәнді дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес
заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жұмыла
кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жұмсап-ақ жинап қамбаға қүйып
алатын болдық.
Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды.
Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі
реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және
ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла
қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен
жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік-аграрлық
бағдарлама қабылданды. Ол алдағы 2003-2005 жылдарды қамтиды, бұл жылдар
ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталады. Сөйтіп, аграрлық сектор мен
ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл
жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау
мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. тенге қаржы бөлінді. 2003 жылдан
бастап ауыл шаруашылығын жене оған байланысты салаларды бюджеттік
қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мысалы, 2003 жылы 40 млрд. теңге қаржы
бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың
әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру
салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Ал 2004 жылы ауыл
шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен - 50 млрд. 2005 жылы - 55 млрд.
тенге бөлу жоспарланған.
Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан жақты көмек көрсету
арқылы оның деңгейін көтеру, сонын ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін
сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын тұрақтандыру ісін жүзеге
асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті
тұрып жатыр.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы
ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының
барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін
адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз
ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен
Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол
көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент
Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында көрініс
тапқан.
Бұл мәселелерді шешуде темір жол кұрылымын жетілдіру ерекше орын
алады. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс
Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік
"Қазақстан темір жолы" кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын
Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" жабық
акционерлік қоғамына айналдырылды.
2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға
жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды.
Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темiр жолдар салу және
темiр жол станциялары мен желiлердi қайтадан жаңартуға ерекше назар
аударылуда. Соның iшiнде халықаралық темiр жол желiлерiн құруға барынша
көңiл бөлiнуде. Халықаралық темiр жол қатынасын дамытуда Достық станциясы
маңызды рөл атқарады. Өйткенi ол Европа және Азия елдерiнiң арасындағы
экономикалық байлынастарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы
қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу,
ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап
Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргiзiле бастады.
Нәтижесiнде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан және Оңтүстiк Корея сауда
байланыстары Достық станциясы арқылы едәуiр өстi. Тек 2002 жылдың өзiнде
жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жеттi.
Қазақстан-2030 Бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр
айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихында Павлодар облысының Ақсу
қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол құрылысы
басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы - 184
шақырым. Жолды салуға республиканың әртүрлі аудандарынан 1500 жұмысшы
қатынасты, құрылысқа 6,5 млрд. теңге жұмсалды. Бұл жол елдің Солтүстік және
Шығыс облыстарының арасындағы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар
облысының Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге
мүмкіндік берді.
Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол құрылысы Қостанай
облысындағы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын
байланыстыратын темір жол магистралы. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс
жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, жақында ғана 2004 жылдың қараша
айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстанның
Солтүстік және Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға
қысқартты және елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан
босатты. Бұл жолмен Қазақстанның Орталық және Солтүстік аудандарынан Батыс
облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз
порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы
Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 мл. тонна астық
жеткізу көзделген.
Республиканың темір жол қатынасын одан ері дамытуда оның аса қажетті
магистралдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы
10-12 жыл ішінде бұл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991-
1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр
жүйесіне қосу жұмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы
арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996-1999 жылдары
қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр куатына көшіру аяқталды,
2000 жылы ұзындығы 90 шақырым Отар-Ұзынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002
жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралын электр
қуатымен жұмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде
Қазақстанда электр куатымен жұмыс iстейтін темір жол магистралының ұзындығы
3,7 мың шақырымға жеттi, немесе республикадағы барлық темiр жолдың 27
пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Дстық станциясы арасындағы
темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.
Тәуелсiз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі -
адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы
орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары
әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны
арттыру бүгінгі күннің қажеттілігiнен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы
басты мiндеттер: ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінен
дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен
алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы
деңгейіндегi айырмашылықты қысқарту.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықгық экономикаға
көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның құқықтық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
Мәдени саясаттың модельдері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Пәндер