Мысық тұқымдасы


Мысық түқымдасы сүтқоректілер класының жыртқыштар отрядына жатады. Бүл отрядта 7 түқымдас ит, аю, жанат, сусар, виверр, гиен, мысық түқымдасы бар. Бүларды филогенетикалық түрғыдан екі отряд тобына бөліп те сипаттайды. Бірінші отряд тармағына ит, аю, жанат, сусар түқымдастарын, ал екінші отряд тармағына виверр, гиен, мысық түқымдастарын топтастырады. Бүрынғы КСРО территориясында отрядтың 6 түқымдасы (виверр түқымдас түрлері жоқ), ал Қазақстан территориясында 4 түқымдас түрлері бар. Отрядта 240-тан астам түр болса, оның 43 түрі КСРО территориясында, 8 түрі Қазақстан жерінде тіршілік етеді. Эволюциялық түрғыдан алып қарағанда бүлар эоценде тіршілік еткен креодонттар (creodonta) деп аталатын қарапайым жыртқыштардың миоцид (miocidae) түқымдасынан пайда болды. Миоцидтер - созылыңқы денелі, қысқа аяқты, үзын қүйрықты майда жануарлар. Бүлар орманды жерлерде тіршілік етті. Жоғарғы эоценде тіршілік еткен миоцидтер сусарлар немесе виверр пішінді болды.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




\

Мысық тұқымдасы
Мысық түқымдасы сүтқоректілер класының жыртқыштар отрядына жатады.
Бүл отрядта 7 түқымдас ит, аю, жанат, сусар, виверр, гиен, мысық
түқымдасы бар. Бүларды филогенетикалық түрғыдан екі отряд тобына бөліп
те сипаттайды. Бірінші отряд тармағына ит, аю, жанат, сусар
түқымдастарын, ал екінші отряд тармағына виверр, гиен, мысық
түқымдастарын топтастырады. Бүрынғы КСРО территориясында отрядтың 6
түқымдасы (виверр түқымдас түрлері жоқ), ал Қазақстан территориясында 4
түқымдас түрлері бар. Отрядта 240-тан астам түр болса, оның 43 түрі КСРО
территориясында, 8 түрі Қазақстан жерінде тіршілік етеді. Эволюциялық
түрғыдан алып қарағанда бүлар эоценде тіршілік еткен креодонттар
(creodonta) деп аталатын қарапайым жыртқыштардың миоцид (miocidae)
түқымдасынан пайда болды. Миоцидтер - созылыңқы денелі, қысқа аяқты,
үзын қүйрықты майда жануарлар. Бүлар орманды жерлерде тіршілік етті.
Жоғарғы эоценде тіршілік еткен миоцидтер сусарлар немесе виверр пішінді
болды. Олигоцендік жыртқыштар етқоректі сүтқоректілер ішінде жоғары
сатыда түрды жэне қазіргі кездегі жыртқыштардың 7 түқымдастарының
бастамаларын түзді. 7 түқымдастың арасындағы ең ертедегісі ит түқымдасы
болды деп есептеледі. Ертедегі ит түқымдасына жататындар элі де
сусарларға немесе виверрлерге үқсас. Жоғарғы эоценде Солтүстік
Америкада, Европада мекен етті, ал жоғарғы үштік дэуірде (миоценде жэне
плиоценде) қазіргі туыстардың түрлері қалыптасты. Ит түқымдасьі дамыған
бастаманың бір бағытынан миоценнің ортасынан бастап аю түқымдасы
қалыптасу жүріп плейстоценде аю туысы түзілді, ал келесі бір бағытынан
олигоценде сусарлар түқымдасы қалыптаса бастап, миоценде көп түрлер
түзілді. Олардың көбі үштік жэне төрттік дэуірде жойылды. Бастамалық ит
түқымдасының басқа бір бағытынан миоценде, плиоценде жанат түқымдасы
Америкада, Азияда, Европада түзілді.
Виверр түқымдасы да жыртқыштар отрядының ең ертедегілерінің бірі.
Олигоценде жэне осыған жалғасты кезеңдерде тым көп түрлі болды.
Евразияда кең тарады (Америкада жоқ). Миоценде виверр түқымдасының бір
бағытынан гиен түқымдасының эволюциясы басталды. Мысық түқымдасы эоцен
соңында қалыптаса бастап олигоценде көп түрлер түзіп кең тарады жэне
жыртқыштыққа өте күшті маманданды.
Қазіргі мысық түқымдас түрлері орта мөлшерлі және ірі денелі (дене
үзындығы ең кішілерінде 46 см, ең ірілерінде 380 см, дене массасы
кішілерінде 1,5 кг, ірілерінде 275 кг, қүйрық үзындығы біреулерінде 15
см, басқа түрінде 114 см-ге жетеді), саусақ тіректі, алдыңғы аяғы бес
саусақты, артқы аяғы төрт саусақты жануарлар. Бүлар жыртқыштар отряды
ішіндегі жыртқыштыққа - негізінен өз түрінен басқа сүтқоректілерді,
қүстарды жэне басқа жануарларды тірідей үстап қоректенуге маманданған,
бейімделгендер. Бүларда жыртқыштыққа тэн күрылымдық жэне мінез-
қылықтық барлық ерекшеліктер бар : қорегін тоспадан үстау, саусақтық-
серпімді сүректі жүмсақ табандылық, тырнақтың ішке тартылатындығы, дыбыссыз
жүре алатындығы, қарашықтың үлкендігі және көздің торлы қабағының жоғары
сезімталдығы, түнде де жақсы көретіндігі, қүлак қалқанының қозғалмалығы,
қорегінің қай жерде екенін дэл анықтай алатындығы, қорегін үзақ уақыт тосып
жататындығы, жылдам секіретіндігі, қарғитындығы, өткір тістілігі. Көз жақсы
дамыған, эсіресе көру өткірлігі өте күшті (жыртқыштығының негізгі
белгілерінің бірі). Есту қабілеті де жоғары. Жемтігіне тоспадан тосып, не
жасырынды түрде бауырлай жылжып жақындап келіп тура үмтылып, кейде біраз
жерге дейін қуып барып үстайды. Қуып жету кезінде алдыңғы аяғын шалуды да
жақсы меңгерген. Қорегін үстау кезінде ауызбен қоргенінің кез-келген
жерінен, көбіне алқымынан тістейді, тамырды қысып (көбіне кесіп) миға қан
жібермейді, кеңірдек пен көмейді қысып (жарып) түншықтырады, мойынды бүрап,
жүлынды үзеді, аяқтарының өткір, ірі тырнақтарын денеге батырады. Үлкен,
жуан, имек, екі бүйірінен қысыңқы, эрі үшкір тырнақ мысық түқымдасы
түрлерінде жасырынды, яғни тырнақ тыныштық, жүгіру, жүру кезінде соңғы
саусақ сүйегінің үстіне қарай тартылып түрады, жерге тимейді. Ал, қорегін
үстау, не қорғану кезінде тырнақ алға қарай шығады (тек гепард және сумат
мысығы деп аталатын түрлерде ғана тырнақ жасырынды емес), яғни аяқ ит типті
тырнақты -аса үшкір емес. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің бір жағында
(оң және сол бөлігінде) алдыңғы (кіші) азу тістер 3-тен, нағыз (артқы, не
үлкен) азу тістер 1-ден артық емес (жоғарғы жэне төменгі жақтағы алдыңғы
азу тістердің біріншілері жэне жоғарғы жақтағы үлкен азу тістердің соңғысы
дамымаған, не мүлдем болмайды), яғни азу тістердің қатары азайған. Жақ
сүйектер қысқарған. Тістер төрт типті : күрек тістер, ит тістер, алдыңғы
және артқы азу тістер. Күрек тістер майда, нашар дамыған, саны -12. Ит
тістер ірі, үзын, имек, мықты, саны -4. Қорегін үстауда, өлтіруде маңызы
зор. Азу тістердің саны, пішіні эрқалай, көбіне алдыңғыларының екі
бүйірінен қысыңқы жэне үшкір төмпелі. Жоғарғы жақтағы алдыңғы (кіші) азу
тістердің соңғысы мен төменгі жақтағы үлкен азу тістің біріншісі ірі,
өткір, жақсы дамыған. Бүларды жыртқыш тістер деп атайды. Жыртқыш тістен
кейінгілері шайнау беткейлі - бүдырлы, өткір, демек шайнау процесінде
маңызы зор. Ет жеу жэне сүйекті мүжу кезінде күрек тіс пен тілдің маңызы
зор. Тілдің жоғарғы беткейі егеу тәрізді бүдырлы. Сүректелген бүл
бүдырлардың үшы өткір және ішке қарай қайқы. Бүл арқылы сүйектен етті
тазартады, жүнін тарақтайды, тазалайды. Мысықтар жиілігі 50000 Гц-қа
дейінгі дыбысты жақсы естиді (естуі адамнан 2,5 есе күшті.
Мысық түқымдастарында тістің формуласы : 133, CI1, P3(2)2,
M11 =30(28), сирек 32(26).
Мысық түқымдасы түрлерінің басы негізінен жүмыр - мысық типті бас.
Қүйрық біркелкі түкті, сондыктан да ол ү_зына бойы бірдей жуандықта (үй
мысығының дене қүрылысы түқымдасқа тэн морфологиялық ерекшеліктердің бэріне
мысал бола алады). Ливиялық жабайы мысықты қолда үйрету ертедегі мысырда
басталған. Дене мөлшері мысық түқымдастарының түрлерінің барлығы қүрлықтық
жануарлар, орманды, далалы, шөлді, саванды, таулы жерлерде (жоғарғы
белдеулеріне дейін) мекен етеді. Көпшілік түрлері ағашқа жаксы өрмелейді,
біраздары үзаққа, келесілері биікке секіре алады, енді біреулері суда жақсы
жүзе алады. Дүниежүзіндегі жануарлардың ішіндегі қысқа аралықта өте тез
жүгіретін, шапшаң жылдамдықтағы (80кмсағ) аң да (гепард) осы түқымдаста.
Қорегі тірі жануарлар. Қысқы, не жазғы үйқыға керпейді, жыл бойы активті.
Көпшілігі жеке жүріп тіршілік етеді (бүлардың үрғашылары балалары
жетілгенше олармен бірге болады). Арыстандар үйір (прайд) түзеді. Үйірде 3-
тен 25-ке дейін арыстандар болады. Түқымдас түрлерінің жасырын орындары
жердегі, ағаштағы қуыстар, үңгірлер, апандар, шүңқырлар, індер. Түқымдастың
майда түрлері жылына бір рет, ірілері 2-3 жылда бір рет балалайды.
Буаздылығы майдаларында 55, ірілерінде 270 тэулікке созылады. Мэулендерінің
алғашқы күндері көзі жабық болады жэне олар өте дэрменсіз болып туады.
Жыныстық пісіп жетілуі майдаларында 12-15 ай, ал ірілерінде 2-3 жыл. Мысық
түқымдасы жер шарына кең таралған, тек Австралияда, Антарктидада,
Гренландияда, Мадагаскарда, Жаңа Гвинея жэне мүхиттық кейбір аралдарда ғана
жоқ. Бүлардың көпшілігі, эсіресе тропикада, субтропикада, біраз түрлері
қоңыржай белдеуде кездеседі.
Мысық түқымдасында екі тармақ (түқымдас тармағы), 4 туыс, 37 түр бар.
Бірінші тармағы қабылан түқымдас тармағында өзі аттас 1 туыс, 1 түр бар. Ол
қабылан. Қазақстанда қабыланның бір түр тармағы - азиялық қабылан болған.
Екінші тармағы мысық түқымдас тармағында 3 туыс (пантера, ірбіс және мысық
туыстары), 36 түр бар. Ірбіс туысында өзі аттас ірбіс немесе қар барысы, не
тау барысы деп те аталатын бір түр бар. Пантера туысында (атақты, мысық
түқымдасының төрт қабырғасындай) төрт түр (арыстан, жолбарыс, барыс, ягуар)
жэне олардың бірнеше түр тармағы (кейде түр есебінде де аталады) амур
жолбарысы, амур леопарды, алдыңғы азиялық барыс т.б. бар. Мысық туысында 30-
дан астам түр бар (эртүрлі мысықтар, сілеусін, қарақал, сервал, манул,
кауе, еуптилура, оцелот, онцилла, ягуарунди, пума, түтін түсті леопард жэне
т.б.). Мысық түқымдасының 14 түрі, 11 түр тармағы Дүниежүзілік Қызыл
Кітапқа енген.
Қазақстанда мысық түкымдасының 4 туысқа тэн 8 түрі бар. Олар ірбіс,
қабылан, сілеусін, қарақал, қамыс мысығы, мэлін, шағыл мысығы, дала мысығы.
Қазақстанда ірі мысықтардан тек ірбіс қана бар. Ал қабылан мен жолбарыс
бүрын болған, қазір жоқ.
Ірі мысыктар
Денесі ірі, оның үзындығы 120 см-ден артық. Құйрық үзындығы дене
үзындығының жартысынан едәуір артық. Аяқтары салыстырмалы түрде қысқа,
жуан, саусақтары жасырынды, имек, жуан, үшкір тырнақты. Бас қаңқасының
кондилобазальды үзындығы ересектерінде 16 см-ден артық. Бет сүйегінің
жоғарғы - ішкі өсіндісі жас тесігінің сыртқы жиегіне жетпейді не ұшпа-үш
болады. Көзасты тесік үлкен, оның диаметрі бүл тесіктің жоғарғы жиегі мен
көз тесігінің арасының қашықтығына тең не одан артық.
Арыстан (лее, P.Leo). Ipi түлғалы, сымбатты, дене үзындығы 180-240 см.
Қүйрығы 60-90 см. Массасы 227 кг. Басы тым үлкен, бет бөлімі аздап үзарған
( түқымдастың басқа түрлерімен салыстырғанда). Қүйрық үшы шашақ қылшықты.
Ересек еркектерінің басында төбесінен шоқтығына дейін жэне алқымынан төсіне
дейін мойынды түгел қалың, күңгірт қылшық түктер үзарып жал түзеді.
Денесінің басқа жерлері біркелкі, қысқа, қоңыр- сары түкті. Арыстандарда
жыныстық диморфизм өте айқын. ¥рғашылары жалсыз, денелері қысқа. Арыстан
бүрын Африкада жэне одан шығысқа қарай Үндістанға дейінгі аймақта таралған
болса, қазір бүл аң тек Орталық Африкада ғана жэне аз мөлшерде (шамамен
200) Индияның Гуджарат штаты мен Гиф орманында да кездеседі. Мекені
скванналық (сулы жерге тығыз тәуелді). Қорегі түяқтылар (бала пілдер мен
жас мүйіз түмсықтардан бастап майда кемірушілер, бауырымен жорғалаушылар,
қүстар, эртүрлі насекомдарды да қорек етеді). Қорегін түнде аулайды, күндіз
тоспадан тосып үстайды. Жемтігін үстайтын негізінен ересек үрғашылары.
Арыстандар топтасып, прайд түзіп тіршілік етеді. Прайдта 7-10 кейде 30-ға
дейін арыстан болады. Прайд қүрамында бір, екі (сирек үш) ірі еркегі, 5-12
ересек үрғашы жэне оның 4-5 жасқа дейінгі балалары болады. Жеке немесе
екеу, үшеу болып жүретіндер де кездеседі. Жыныстық пісіп жетілуі
еркектерінде 5-6 жас, үрғашыларында 3-4 жас (3-4 жасар еркектері прайдтан
қуылады). Буаздылығы 3-3,5 ай. Үялас күшік саны 3 (1-5). Прайд қорғанышы
ересек еркек арыстанның орнын 4-7 жылдан соң, оны жойқын таластан кейін
жас, күшті басқа еркегі басады. Ол прайдтағы 5-6 айға толмаған жас
балаларды өлтіріп тастайды. Прайд қүрамында иерархиялық айқын. Жемтікті
жеуді төбет арыстан бастайды. Төбет арыстанның негізгі қызметі прайд
мекенін қорғау, көбеюге қатысу. Арыстанның африкалық жэне азиялық деген екі
түр тармағы бар. Африкалық арыстан Экваторлық Африканың шығыс жэне оңтүстік
аймағында үлттық бірнеше парктерде тіршілік етеді. Азиялық арыстандар
дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енген.
Жолбарыс (тигр, Panthera tigris. L 1758). Сырт пішіні жэне реңі жөнінен
барлық арыстаннан өзгеше, бірақ мүның басқаңқасын (сүйегі) арыстанның
басқаңқасынан айыру оңай емес. Мысық тұқымдасының ішіндегі ең ірісі.
Созылыңқы дене үзындығы 160-317 см.. Қүйрығының
үзындығы 90 см-ге жуық, массасы 227-272 кг (арыстанда бүл өлшемдер : 180-
240 см, 60-90 см, 180-227 кг). Денесінің ірілігіне қарамастан жолбарыс өте
ықшамды, ширак епті қимылды. Денесіне салыстыра қарағанда жуандығы сэйкес
болғанмен, аяғы қысқалау, шомбал болып көрінеді. Хромосома саны 38. Қызғыл,
қызғыш, сарғыш реңді денесі қара не қаралау көлденең жолақты. Жолақ сипаты
географиялық мекен ету аудандарына байланысты эртүрлі. Индияда тіпті ақ
түсті жолбарыс бар. Түсі ақ, жолағы жасыл, көзі көгілдір. Бас сүйегінің
жалпы үзындығы 26 см-ден артық. Мұрын сүйегінің алды, сыртқы үлдтарының
арасы бас сүйегінің көз арты өсіндісінің артқы көлденеңіне тең немесе одан
артық. Жолбарыс Оңтүстік және Шығыс Азияда таралған. Қазақстанда жойылып
кетті. Олардың мекен орны өзен бойындағы бүталы, қамысты тоғай. Қорегі
шошқа, елік, үй жануарлары, қүс т.б. Көбею кезінде жүп түзеді. Баска
уақытта жеке жүреді. Ересек үрғашылары 2-3 жылда бір рет балалайды. Қысты
күні мауағып, 90-110 күн буаздылықтан соң түпкір жасырынды жердегі үяда
салмағы 1,3-1,5 кг 2-1 мэулен туады. 6-8 күнде көзі ашылады. 4 апталық
кезінде үядан сыртқа шығады. 6 ай бойы сүт емеді. Балалары 2 жасқа дейін
немесе кейбірі одан көп уақытқа дейін енесінің қасында болады. 4-5 жаста
жыныстық пісіп жетіледі.
Ареалы кішірейді, жалпы саны да азайды. Қазіргі кезде жолбарыстың
дүниежүзіндегі саны 12-15 мыңнан аспайды. Бүлар Иран, Ауғанстан,
Үндістанның солтүстігінде, Непалда, Бирма, Тайланд, Үндіқытай, Малаккеде,
Ява, Бали аралдарында жэне Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс Қытайда, Корея
түбегінде, Ресейдің Қиыр Шығысында (негізінен Приморьеде 120-200 ғана)
кездеседі. Жолбарыс Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген. 1973 жылы
Индияда жолбарысты сақтау, қорғау үшін арнайы проект бекітті. Ол
дүниежүзілік табиғатты қоры Жолбарыс 'қозғалысын жасады. Нэтижесінде
Индияда жолбарыс саны біршама көбейді. Жолбарыстың Россияның Қиыр
Шығысындағысы Амур жолбарысы деп аталатын түр тармағы. Хайуанаттар паркінде
кейбір жолбарыстар 30-40 жыл өмір сүрген. Ал табиғатта ондай жасқа
жолбарыстар жетпейді (адамдар аулайды, мекен орны өзгереді, қорек қоры
азаяды, тіршілік ортасы нашарлайды).
Алматы хайуанаттар паркінде 2007 жылы 20 сәуірде жолбарыс үш мэулен туды
(Казахстанская правда, №93, 23.06.07). Студенттерге мына төмендегідей
эңгімелер айтып берсе тіпті жақсы. XIX ғасырға дейін жолбарыс Қазақстанның
оңтүстік белдеуіне тэн жануарлардың бірі Жолбарыстың Арал теңізі, Сырдария,
Шу, Іле, Балқапі жағалауындағы тоғайларда кездесетінін бірнеше ғалымдар
(Рычков, 1762; Смирнов, 1875, 1879, 1883; Кашкарев, 1931; Тарковский, 1887,
Никольский, 1930; Слудский, 1953 ) жазды. Сырдария облысында (қазіргі
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймағында), 1884-1910 жылдары Жетісу
облысында 49 жолбарыс өлтірілгенін Ю.А. Смирнов (1965) жазды.
Қазақ жерінде жолбарыс, барыс, аю, қабан аулау батырлыққа, жүректілікке,
ептілікке тәрбиелеудің бір-бір көзі болған. Оларды аулаушыларды ел аңызға
айналдырды. Солардай болсын деп балаларына есім қойды. Аңыздық бейнелер
(Толағай, Қабанбай, Қамбар батыр, Қобыланды, Шерхан жэне т.б.) жолбарыспен
алысып жеңетіндер.
Бэйдібек би (1356-1419) бір топ жігіттерімен атпенен аңға шығады. Өзен
жағалап келе жатып қалың қамыс арасынан жолбарысты көріп, оншақты шылбырды
жалғастырып қыл түзақ жасап, жолбарысқа жалғыз жақындайды. Жолбарыс айбат
шегіп Бэйдібеккке атыла бергенде қыл тұзақты жолбарыстың мойнына дэл
лақтырып, түзақтайды да атпенен шаба жөнеледі. Жолбарыс буынып өледі. Сол
кезде жолбарысты жүрт садақпен де, найзамен де аулаған екен. Бэйдібек
үстаған жолбарыстың жүрегін жеп, жерігін басқан Тэуіркөзден туған қызға -
Жүпарға Жолманбет (Бэйдібектің ұлы) үйленіп, Шапырашты туады.
Бөлтірік Әлменүлы (1771-1854) қасына ауылдың екі-үш жігітін ертіп, Шу
бойымен келе жатып жолбарысқа кезігеді. Ол жалғыз өзі кішкене ай балтасын
қолына алып, атын тебініп, жолбарысқа қарсы түра үмтылады. Жолбарыс ар-р
етіп, ат үстіндегі Бөлтірікке шапшиды. Атынан түсіп жолбарысты өлтіреді.
Барыс (леопард, P. pardus). Дене ұзындығы 91-180 см, қүйрығы 75-110 см,
салмағы 32-40 кг (100 кг). Жасыл реңі сарғыш шүбар. Бүкіл дпенесі қара
мрамор реңдьтаңбалармен шүбарланған. Арқасындағы таңбалар басқа
жердегілерімен салыстырмалы түрде майда (көлденеңі 5 см-ден кем). Қара
таңбалар африкалықтармен салыстырғанда азиялық барыстарда ірі. Сары
түстілік те эрқалай. Кавказдық пен орта азиялықтарда қүм түсті, сүр-сары
болса, тропикалық ормандағыларда ашық, айқын түсті. Тропикалық жерлерде
кейде қара пантера деп аталатын (меланисті) барыстар кездеседі. Қүйрығының
түбіті аз, түктері қысқа. Қүйрықтың жуандығы қардың орта бөлімінің
жуандығынан жіңішке. Бастың жалпы үзындығы 19 см-ден көп, 26 см-ден кем.
Бас сүйегінде маңдай бөлімінің дөңестілігі аз, ортасында сагитальды
бағыттыэлсіз ойық бар. Мүрын сүйектерінің алдыңғы сыртқы үштарының арасы
бас қаңқасының көз артқы өсінділерінен кейін алған көлденеңінен кем.
Арыстан мен жолбарысқа салыстыра қарағанда леопард үнсіз.
Барыс Африкада (Сахарадан басқа жепрлерде), Оңтүстік және Шығыс Азияда
таралған. Тропикалық, субтропикалық жэне таулы, тегіс жерлердегі
ормандарда, таудың ағашсыз жоталарында кездеседі (теңіз деңгейімен алғанда
таудың 3500 метр биіктігіне дейін көтеріле береді). Ағашқа өте жақсы
өрмелейді. Маймылдарды ағаш бүтақтары арасынан да үстайды. Қорегін
негізінен ымыртта, эсіресе түнде, ал күндіз тоспадан тосып аулайды. Қорегі
эртүрлі түяқтылар, кемірушілер, қүстар т.б. жануарлар, жэндіктер. Дара
тіршілік етеді. Өте жасырынды аң. Қыс соңында күйлейді де 3-3,5 айдай
буаздықтан соң жасырынды жерлерді ү_я
етіп, 2-3 мэулен туады. Балалары 2-3 жасқа дейін анасымен бірге болады.
Ересек барыстар жеке-жеке жүреді. 13-15 жыл өмір сүреді.
Барыстың екі түр тармағы бар. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енген. Көп уақыт
бойы барыс пен пантераны екі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мысық тұқымдастар
Сілеусіндер, бархытты мысық, жанаттар, ескекаяқтылар
Қалақайлар тұқымдасы
«Шатыршагүлділер тұқымдасы»
«Көкнәрлер тұқымдасы»
Асқабақ тұқымдасы
Астық тұқымдасы
«Шамшаттар тұқымдасы»
Қарағайлар тұқымдасы
Алабұталар тұқымдасы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь