Ақан сері өмірі
Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл ішінде алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бірталайы сол Көкшетаудың маңайында туып-өскен. «Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі аяқты адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні зарлы Атығай, соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол күңіренген көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатыны – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тексереміз.
Ақанның өмірі
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы әкесі қарауылда – нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірінен немере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым жердегі. Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы.
Ақан 13 жасқа келгенше Бұқардан оқып қайтқан Күнту деген бір молдадан сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре бастаған соң молданың балдыр батпағына зирек Ақанның көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан молдасымен бір шариғатқа таласып, «маған қарсы келдің» деп молдасы ұрған соң, «шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын» дейді де, оқуымен қоштасып кете барады. Осыдан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталды.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың

Ақан сері
Ақан туралы білгендерін айтып
һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы,
Шыңғысұлы Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл
ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға
көп рақмет айтамын.
Мағжан
Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген
Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған
Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл ішінде
алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бірталайы сол Көкшетаудың маңайында
туып-өскен. Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай, екі аяқты
адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні
зарлы Атығай, соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән
шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол
күңіренген көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде
адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатыны – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы,
тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа
жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін
тексереміз.
Ақанның өмірі
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы әкесі қарауылда –
нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы
Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз
қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірінен немере тілейді. Сол
тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл
туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы
Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым
жердегі. Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам
болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға
бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы.
Ақан 13 жасқа келгенше Бұқардан оқып қайтқан Күнту деген бір молдадан
сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре бастаған соң молданың балдыр
батпағына зирек Ақанның көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан
молдасымен бір шариғатқа таласып, маған қарсы келдің деп молдасы ұрған
соң, шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын дейді де, оқуымен қоштасып кете
барады. Осыдан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі
басталды.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың
қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне
бүлде кигізіп дегендей, 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады.
Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа
мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға мініп,
күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында – домбыра, аузында - ән.
Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әншіл. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы
күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін
қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қалың көздері: Ақанның әні-
ай! - деп күрсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың қарауыл Ақанға сері
деп лақап береді. Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы
Жұмат қожаның қызы Бәтиманы алады. Онымен он жылға отасып тұрады. Бәтимадан
бір ұл, екі қызы болады. Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл шамасында Бәтима
өледі. Бірақ серілік соңында жүрген Ақан Бәтиманың өлімін елемейді.
Серілікті бұрынғыдан да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай
тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі
алған Қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр
алған Базарала деген итті алады. Қалың қарауылға аты шыққан Ақтоқты деген
арумен көңіл қосады. Тап сол кезде Ақанның қолына алты алашқа аты шыққан
Құлагер түседі.
Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан. Жабағы тай күнінде
Құлагер кез келген жерде, қарда, күртік үстінде өлген малдай серейіп
ұйықтай береді екен. Шөкетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде
тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагер дөненінде қарауыл ішінде алдына
қара салмайды, сол Құлагерді Ақан жүз сомға сатып алады. Бестісінде Құлагер
Шабан асында дара келеді.
Бұдан былай шет елдерге Ақан мен Құлагердің аты бірге шығады. Ақанның
жүйрігі – Құлагер, Құлагердің иесі Ақан деседі жұрт. Ақан қолында Құлагер
арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып
жүреді. Арғын-алтай, Аққошқар-Сайдалының асында Құлагер 300 аттан жеке-дара
келеді. Бірақ сол аста бір көңілсіз әңгіме болып қалады. Құлагердің артынан
Барақбай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі алуға шыққан
Барақбай құлдырап келе жатқан Құлагердің шылауынан ұстаңқырап қалса керек,
мұны көріп тұрған Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбайдың
ішінде Ақанға қарсы кек қалады.
Осылай Ақанның атағы талай жерге жайылып тұрған кезде мұның өмірінде
бір өзгеріс болады. Желдей ұйытқыған серінің жүрегіне мін деуге бола ма,
сол кезде Ақан Ақтоқтысынан айнып, қарауыл Тінәлі қажының Ұрқия сұлуға өз
әнімен өлең шығара бастап, сол Ұрқияны алып қашады. Бірақ жаны сүйіп алған
жары Ақанмен ұзақ отаса алмай, үш-ақ ай тұрып, шешек шығып дүниеден
қайтады. Жаның сүйген жар нажағайдай жарқ етіп дүние салса, жанға жеңіл
жара бола ма? Ұрқия өлгеннен былай Ақанның жаны қасіретке ұрыла бастайды.
Ұрқия өлген жетінің ішінде Ақанның жақсы көрген бір інісі өліп, қасірет
үстіне қасірет жамалады. Жараланған жүрек жазылу үшін тағы махаббат
іздейді. Ақан айналып Ақтоқтыға келеді. Енді айналып иілгенде Ақтоқтының
ұзатқалы жатқан шағы болады. Ақтоқты өкпесін айтып, разы еместігін
білдіреді. Ақан қалай да Ақтоқтыны алмақ болады. Ақтоқтының беріліп отырған
күйеуі ақсақ екен, қыздың көңілін күйеуден қайтару үшін Ақан сықақ қылып
улы өлеңдер шығарады:
Бәрекелде, Ақтоқты, тапқаныңа,
Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа.
Бұдан артық құдайдан не тілейсің
Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа...-
деп, мысқыл қылады Ақан. Бірақ өкпесі күшті Ақтоқты бұрылмайды. Ақан,
танысып келе жатқан қызды өзі Құлагерімен алып қашады. Қыз қалайда разы
болмайтындығын айтқан соң, алдында келе жатқан қыздың сүбесіне сапыны сұғып
алып, бір томардың қабағына тастап кетеді. Бірақ Ақтоқты тірі қалып,
берілген күйеуіне барады. Ақанның жүрегінде махаббат та, ашу да күшейеді.
Ақтоқты кеткенің бе шыныменен,
Бал бердің талай жерде тіліңменен.
Басыңды Сарымида кесіп алып,
Өмірімше даулассамшы құныңменен
Дарияның қайраңындай қалқа бала,
Зарланып ән шырқаймын уайымменен, -
деп ашулы зар шығарады Ақан.
Ақан енді көңілін мал да болса жолдасындай қолындағы Құлагерімен
көтермекші болады. Құлагерді астан асқа алып жүріп отырады. Ұрқия, Ақтоқты
уақиғасына бір жыл шамасы болғанда, керей Сағынайдың асы болады. Ақан сол
асқа Құлагерді қосады. 323 аттың алдында Құлагер жұлдыздай ағып келе
жатқанда, анау Сайдалы асында ішінде қан қатқан Барақбай Құлагерді
көлденеңнен соқтырып өлтіреді. Асқа жиылған құмырсқадай қалың ел шуылдасып,
гулесіп, бәйгесін алып, ойын ойнап жатқанда, Ақан мидай далада жолдасы
Құлагердің басында кәдімгідей мөлдіретіп көзінің жасын төгіп отырады. Күн
былай тұрсын, түн бойы күңіреніп Құлагерінің, сандалкерінің, еркесі,
үркеккерінің басын құшақтап отырады. Жан жолдасын қолымен өлтірген адамдай
күйінеді. Әлдеқайдағы Ерейменге неге алып келдім? Мал да болса, адамнан
есті жануар-ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей
көзінен жасы бұршақтап тұрды-ау. Осы сұмдықтың боларын білген екен ғой
еркекерім, - деп өкінеді. Керейдің игі жақсыларының өздері келіп көңіл
атып, қол қусырып ауылға шақырғандарына жұбанбай, бармай, күңіреніп, бір
күн, бір түн далада өлген еркесінің басында отырады. Сол отырғанда өзі мен
сандалкеріне өлең шығарады:
Жануар Құлагерім қолдан кетті,
Дұшпанның қастығынан қаза жетті.
Қаржас боп, қанжығалы, керей, алтай,
Қуандық, сүйіндік боп намыс етті.
Тамам жұрт көтермекке аттанғанда,
Алдынан қарсы бармай маған нетті?
Жиыннан жеке келген, тұлпарым-ай,
Үмітсіз қандай дұшпан қағып өтті.
Қырмызы, қара құлпы құйрығың-ай,
Суырылып тойдан озған жүйрігім-ай,
Жеріне Ерейменнің айдап келген
Тәңірінің, айналайын, бұйрығын-ай... –
деп күңіренеді Ақан.
(Ертеңінде Құлагердің басын кәдімгідей кебіндеп жерге көмеді.)
Жараға жара қосылып, ауыр қасіретпен Ақан еліне қайтады. Тағдыр,
шіркін, тас бауыр ғой, тап сол жылы Ақанның алғыр қыраны – Қараторғай һәм
Базарала тазысы өледі. ер жігіт тұлпардың тұйғымен, сұңқардың қияғымен,
сылдыр судың бойымен, алма мойын сұлудың қойнымен жұбанады - дейді екен.
Енді Ақанға өмірде жұбанарлық не қалды? .. Жан күйген жары Ұрқиядан өлі
айрылған, талай жерде тілімен бал берген Ақтоқтысынан тірі айрылған,
тұлпарын көмген, сұңқары мен құмайы өлген, енді не қалды? Енді Ақанға
теңізден терең ой қалды. Қорғасыннан ауыр, түннен қараңғы қайғы қалды. Удан
ащы қасірет қалды. Жасы да отыздың ішіне кіріп қалған. Өмірдің жайнаған
гүлін көріп келген Ақан өз өмірінің бықсып-күйіп күлге айналғанын көре
бастайды...
Сол уақыттан былай Ақанның жанында үлкен өзгеріс болады. Бұқардан
оқып қайтып, Көкшетауда дәріс айтып тұрған, белгілі Науан қазіретке анда-
санда барып сабақ алады. Дінге, сопылыққа беріледі. Хақ асығы дуанадай
малдан, елден безіп, дінменен жан тазартуға кіріседі. Бұрын судай сұлу
махаббатты жырлайтын Ақан сопылықпен жан тазарту жайын жырлай бастайды.
Бірақ сүйегіне біткен серілік серпіліп кетпейді. Бәлки, серіліктері жұртқа
жат, ұғымсыз түрге кіреді. Ақаннан мынадай кенет ірі өзгеріс көрген соң, ел
күңкіл қыла бастайды. Күңкілдің түбі Ақанға пері иеленіпті деген сөзге
айналады. Шынында Ақанның құлқының, істерінің жай адамның құлық-істеріне
үйлеспеуі мұндай сөздерді еріксіз шығаратындай.
Жаз шығып, жан-жануар қыбырлап, қалың ел қайта жайлауға көшкенде, Ақан
сақау баласымен Қоскөлдің сыртындағы Сарыкөлдің жағасындағы ағаш үйде
жалғыз қалады. Қалың қамысты көл. Қою, қалың. Иесіз қыстау. Ақан. Тілсіз
бала. Түн болады. Жел шығады. Қою қамыс зуылдайды, сықыр-сықыр қалың қайың
шайқалады. Иесіз үй күңіренеді, үй ішінде Ақан күңіренеді. Сақау балада үн
жоқ. Екі көзі жаудырап Ақанға қарайды да отырады... Күндіз де сол...
Ішуге де, дәретке де суды Сарыкөлден ғана алады. Сарыкөлдің суына тірі
тышқан түсірмейді. Мінген атын да суармайды. Мал келе жатса, алдынан шығып
айдап жібереді. Ақан анда-санда жайлаудағы елді аралайды, Астында жүзіктің
көзінен өткендей жаратып тастаған бедеу. Екі жанында екі сұлу ат. Қайда
барса, бір елі қалмайды. Шақырса екеуі екі жақтан келіп, тізесіне иектерін
сүйеп тұрады. Ақанның өзінен басқа тірі жанды маңдарына жолатпайды. Өздері
– туғалы жүген-құрық кимеген шу асау. Ақан бір ауылға түссе, далаға барып
оттап, Ақан аттанарда келеді. Ақан кез келген ауылға түсе бермейді. Қалың
қарауылдың ішінде өзінің таңдап алған белгілі ордалары бар. Сол ордаларға
ғана түсіп, солардың ғана асын ішіп, солардың ғана төсегіне жатады. Болмаса
қазы-қартаға бөлеп қойса да, кез келген үйге түспейді Ақан. Түсіп отырған
үйінің ыдыс-аяғында кір, қыл көрсе, яки сол үйдің әйелінің бір былықтығын
байқап қалса, пісіп тұрған дәмді тастап, рұқсат алып, аттанып кете барады.
Киімі кір адаммен отырғанда, тізелесіп те отырмайды. Төсегі кірлеу болса,
үйге жатпай, далаға жатады. Жаз болса, көлдің жағасына барып, қыс болса,
үюлі шөптің ішіне барып, кейде алланы аузынан тастамай, басын сәждеден
көтермейтін болады. Жанды дінмен тазарту керек дейді. ал енді кейде алланы
ұмытқандай болып, діні, намаз, оразасын – бәрін қойып кетеді. күні-түні
күңіреніп өлең жазады, ән шығарады. Далада болсын, ауылдың жанында болсын,
өзінің зарлы сарынымен ән шырқайды.
Ақанның осы мінездерінің, осы істерінің бәрі жат, бәрі жұмбақ, бәрі
ұғымсыз, ел не деуге де білмей қалады. Жынды деп-ақ қояр еді, қалың
қарауылда Ақаннан есті, Ақаннан шешен, Ақаннан көсем кім бар? Ермін деген
ерлер шеше алмаған түйінді Ақан шешеді. Екі жақсы бас қосса, сөзді Ақан
бастайды. Қандай ұшынған дау болса да, Ақан бітіреді. ендеше, Ақан жынды
емес. Оған мұсылман перісі иеленген болар дейді жұрт. Күн-күн сайын осы сөз
өседі...
Бастап еміс-еміс боп, өлімсіреп туған өсек барған сайын бойы өсіп,
бұғанасы қатып дәуірлей береді... Ақан Ерейменде Құлагердің басында түнеп
отырғанда, таң алдында салқыншалау жел шығады. Ақан тоңазығандай болады,
шерлі Ақан күңірентіп отыра береді. Сол арада болар-болмас қобыздың қылын,
домбыраның шегін шерткендей нәзік мұңлы дауыс жан-жаққа жайылғандай болады.
Әлгідей болмайды, жорғалаған желдің ішінен жібектей судырлап, талдай
бұраңдаған, жүзіне кәдімгі айдың нұрындай нұр төгілген бір әйел шыға
келеді. Ол келген мұсылман перісінің ханының қызы екен. адамзаттың еркесі
Ақан сері қалың шерге душар болған соң, ханның қызы, ерке сұлу – Ақанды
жұбату үшін желге мініп, ұшып келген екен. Келіп жұбатады. Сол түннен былай
Ақан мен пері күндіз айрылып, түнде қосылатын болады... Жоқ, пері Ақанға
Ерейменде иеленген емес екен. Періге иелену Ақанның тұқымында бар екен.
Олардың қонысы – Қоскөлдің өзі ежелден перінің мекені екен. Марқұм
Қорамсаның өзі перімен айналысқан адам екен, Қорамсаның өзі де бірнеше
күндеп, айлап ешкімге тіл қатпай, үйден шықпай, бұқбанау жасап аулақ отырып
алатыны бар екен. Сол уақытта оның пері жары келеді екен. Ақанға пері қызын
қосқан оның пері шешесінің өзі екен. Осылардың бәрі құр екен ғана емес,
ап-анық нәрсе, көзбен көрген кісі де бар...
Шұңғырша қарауыл Әбіш деген жігіт күзді күні шөп шапқалы қыстауға
барып, іңірде шошалада балта қайрап отырады. Ортада от бықсып жатады.
Шошаланың іші қара көлеңке. Бір мезгілде жел шыққандай. Қыстаудың
желкесіндегі қалың қайыңның жапырақтары сыбдырлағандай. Қораның төбесінде
жапқан қамыстар судырлағандай, сырғауылдар сықырлағандай болады. Желмен
ашылғандай ақырын ғана есік ашылып кетеді. Үйге үш әйел кіреді. Алдыңғысы
денелі, ұлғайған; бірі – бәйбіше, екіншісі – орта жастағы әйел, үшіншісі –
талдай нәзік, талдырмаш бір қыз. Үшеуінің де жүзінен сорғалап сәуле төгіліп
тұрғандай. Киімдеріне көз тоқтамайды. Үшеуі де қолдарымен жүздерін тасалай
бергендей. Келіп босағаға отырысады. Әбіш қалтырап, тоңғандай, тісі
сақылдап құлқуалланы оқи бастайды. Мұсылман пері құраннан қаша ма, үш
әйел отыра береді. Біраздан соң бәйбіше сары інгендей ыңыранып сөз
бастайды. Шырағым, Әбіш, танымаған соң сен бізді жатсынып отырған
шығарсың. Мен – Қорамса атаң үйіндегі шешеңмін. Мынау – Ақан ағаң үйіндегі
жеңгең, анау – менің кіші балам еді. Таза жүретін мұсылман адамға беруге
ойым бар еді. Үй ішіміз болып сені ұнатысып саған қосқалы келіп отырмын, -
дейді. Бәйбіше соңғы сөздерді айтқанда, сұлу қыз қағынған аққудай күлімдеп,
керіліп қояды. Әбіште құт жоқ, зәре жоқ. әлхәмдіден, құлқуалладан
қайран болмаған соң Әбіш жандәрмен тізесінің астында жатқан балтаны ала
ұмтылады. Сол уақытта үш әйел күбір-күбір сөйлескендей болып, судырлап
үйден шыға жөнеледі. Әбіш оттың басында талып қалады. Есін жиған соң аулына
қайтып, ауруға айналып, өмір бойы естілеу болып қалады...
Жоқ, жалғыз Әбіш емес, басқа көрушілер болған. Ақанның қыстауының
сыртындағы тоғайдан өткенде перілердің шулап, сақ-сақ күліп, ойнап жатқанын
талайлар-ақ естіген. Шөбектің немересі – Жаңалы мырзаға да сол перілердің
біреуі қара мысық болып келіпті-міс деседі. Бұл еміс-емісті қоя тұрып, Ақан
ұйықтап жатқанда алысырақ тұрып қараса, әркім-ақ оның перімен жатқанын
көруге болады. Ақан жатқанда көрпенің астында ылғи екеу болып жатады
екен...
Міне, Ақан қырыққа аяқ басқанда, сұлулықтың асығы Ақан жарынан,
тұлпарынан, сұңқарынан айрылғанда, өмір айдынында ән салып жүзіп бара
жатқан қу қанатынан қайрылғанда, Ақанның жүйрік жаны ой дариясына шомып,
сұлулығы жоқ, былық тұрмыстан безгенде, халық оны ұға алмай, Ақанның жүйрік
жаны ой дариясына шомып, сұлулығы жоқ, былық тұрмыстан безгенде, халық оны
ұға алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай, оны алып барып періге балайды.
Бірақ халық соқыр сезімімен кешегі ерке серісі – Ақанның сұлу тұрмысына кір
жаққысы келмей, жанды затты сұлу періге апарып қосады. Жұмбақ та сұлу:
таппаса да, шешпесе де сұлу.
Дұрыс, Ақанға пері иеленіпті деген сөзді әдейі таратушы, өлімсіреп
туған өсекке әдейі жан беруші, жел берушілер де болған. Әсіресе қалың
қарауылдың қыдыр орнаған ордасы - Шөбек балалары. Перғауынсыз Мұса бола
ма? Бірақ Мұсаның өзі перғауынға соқтықпаса, перғауын Мұсаға тиер ме еді?
Тағы бірақ маңайындағы перғауындарға соқтықпаса, Мұса – Мұса болар ма еді?
Қарауылдың сөз білем деген ерлерін, әсіресе, көршісі – Шөбек балаларын
Ақанға қас қылған – улы тілі. Шынында, Ақанның тіліндей улы тіл сирек
болар. тиген жерін удай ойып жібереді-ау... Ақан бір жерде отырып, Шөбек
немерелері туралы мынау өлеңді айтады:
Тас мұрыны – Бегалы,
Сары тоқалы – Сердалы,
Іскен басы – Сералы,
Қотыр ауыз Мұқанәлі,
Көнтек ауыз Нұралы,
Бос сорпағы – Баялы,
Ералы, Жаналы, Сайдалы –
Сауытбектің сарала иті сықылды,
Енеңді ұрайынның балалары...
Боқтыбай айтқандай, пәлі-пәлі... (Екі сөзінің бірінде пәлі-пәлі деп
отыратын бір шал бар екен)
Мынадай сөзді есітіп отырып, Шөбектің көп баласы қалай намыстанбас,
қалай Ақанды қорлап, өсек таратпас?
Қысқасы, Ақан туралы өсектің тарап кетуіне алдымен оның мінезінің
жаттығы себеп болса, екіншіден, оның ащы тілі де қосымша болған. Қалайда,
қазақ баласының шешені, сөз тапқыры Ақанға ешкім – досы да, қасы да –
бетіне келіп, ісің жат-ау, саған пері иеленіпті деген сөз бар деп айтуға
бата алмаған. Достары түгіл, қастары да алдында Ақан аға деп жорғалайды
екен.
Осылай жұмбақ өмірмен Ақан елуге таянып келе жатады. сұлу өмір жарқ
етіп, нажағайдай өте шыққан. Өткен күн қиял туғызған ертегі сықылды. көп
ішінде көпке ұсамайтын бір өзі, көп ішінде жалғыз. Қалың қарауылдың ішінде
жанын ұққан жан жоқ. Жұбатарлық досы жоқ, жаралы жанын жазарлық жары жоқ.
Әлдеқайда бетпақ шөл, бетпақ шөлде жалғыз жол... Сол жолменен жалғыз жан
табанын тасқа тілдіріп, маңдайын күнге күйдіріп кетіп бара жатқандай;
қайдан шыққанын, қайда бара жатқанын, не үшін бара жатқанын өзі де
білмейді. Тілек жоқ, үміт жоқ, мақсат жоқ. Түннен қараңғы, қорғасыннан ауыр
ой ғана бар.
Осындай күйде келе жатқан Ақан кәріліктің босағасынан бұрылып кетіп,
қайтадан өмірдің сұлу жолына түспек болады. Оймен уланып семген, қайғының
қары қарып сөнген жүрек тағы тіріле бастайды. Елу жыл жасап талай күйіп күл
болған, талай есін жиған жүрек тағы отқа, махаббатқа, жарға ұмтыла
бастайды.
Махаббат іздеп тағы аласұрып, шарқ ұрады. Қанды көз қыран қияға қонып,
қиянға қарай бастайды. Ол күнде қалың қарауылдың ішінде аты ауыздан
түспейтін үш ару бар, Шөбектің немересі – Ұрқия, аға сұлтан Шыңғыстың
немере қарындасы, Абылай тұқымынан Жүсіп төренің қызы – Жамал. сұлулыққа
қырағы Ақан үш сұлуды қиядан көреді де, қанатын қағынады. Жүйрік жүрек үш
аруға да шеңгел салғысы келеді. үзілген үміт жалғанғандай болып, Ақан тағы
махаббаты жырлай бастайды. Үш аруға Үш тоты деп ат қойып, өлең шығарады.
Бірақ бір нәрсеге байланбай жүрек тұра алмақ емес. Біраздан кейін Ақан
ықыласы үш арудың біреуіне ауа бастайды. ол ауғаны – Жамал. Он алты жаста-
ақ. Жібек желден жаратылғандай ару, Жиреншеден тәлім алғандай шешен,
Едігеден бата алғандай данышпан. Қалайда Ақан Жамалды сипаттайды. Осы жас
Жамалған Ақанның жүрегі байлана береді. Жүйрік жүрек бір бастаса, не сүйіп
қосылмай, не қосыла алмай күйіп, күлден кебін кимей тоқтай ма, Ақан бара-
бара жас Жамалды біржола берік сүйеді. Үш тотының ішінен қалқа бала деп
Жамалды бөліп алады. Бұл сүйгенін:
Қыздарды мен не қылам, қылам-сылам?
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?
Жаңартқан өмірімді қалқа бала,
Басы – жұм, ортасы – мим, аяғы – ләм,-
деп жұртқа өзі жария қылады. Кірсіз махаббат көптің көңілін не
қылсын?!
Өмірде екі сүю болмайды дейді жұрт. Жұрт не демейді? Өзіндей болмағаны
үшін Ақанды пері соққан дейді. Жұрт аспанға өрлеген жанды, жиһанды құшпақ
болған жүректі есалаң дейді. Жұрт жүйрік жүректі мойнына құрық түссе,
құлағы салпиып тұра қалатын мұжықтың мәстегі болсын дейді. Жұрт желден
жүйрік жүрекке мойныңа түскен бұғалықтан бұлқынып шығам деуші болма деп,
шіріп қалған шындықтан сабақ береді. Жүйрік жел ұшпай тұра ала ма? Жүйрік
жүрек құшпай тұра ала ма? Жүрек сүю болмаса салқын, бос қуысқа айналмай
ма?! Жиһанда жалғыз мәңгі нәрсе – махаббат емес пе, өлген махаббат екінші
түрде, екінші түсте қайта тірілмек емес пе?
Ендеше, Ұрқияны сүйген Ақанның Ұрқия өліп, көп жыл өткен соң Жамалды
сүюінде де ешбір таң нәрсе жоқ. Кім біледі Ақан жас Жамалдан тіріліп келген
Ұрқияны көрген шығар. .. Қалайда, Ақанның Жамалды сүюі барған сайын арта
береді. Жасы елуден асып, кәрілікке барып қалған Ақан іштен сүйіп, іштен
күйеді. Сырттан өлең шығарып жүргені болмаса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz