Банктердің ішкі тәуекелі



Тәуекел мәселесі біздің өміріміздегі түпкілікті толықтай шешілмейтін, перманентті (үздіксіз) және қашып құтыла алмайтын күрделі проблема болып отыр.
Банктік тәжірибедегі тәуекел – бұл, белгілі – бір құбылыс (жағдай) орын алған кезеңде банктің болуы мүмкін қаржы жоғалту қауіптілігі. Тәуекел – бұл, кез – келген өндірушінің (кәсіпкерліктің), оның ішінде банктің де, белгісіздік жағдайын бейнелейтін және табыс – пайдаға жете алмағандықтан болатын келеңсіздікті сипаттайтын жағдай (ситуация) болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайда – табысты және тәуекелді өлшеп – біліп отыру қажеттілігі туындайды. Алынатын пайда мен тәуекел деңгейінің оптималды ара – қатынасы әртүрлі болуы мүмкін және көптеген объективті, субъективті факторлардан тәуелді болып келеді.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

• Кіріспе.
• Банктердің ішкі тәуекелі.
• Банк қызметінде сыртқы тәуекелдің әсері және оны басқару.
• Валюталық тәуекел.
• Пайыздық тәуекел.
• Өтімділікті жоғалту тәуекелі.
• Құқықтыұ тәуекелі.
• Несие тәуекелі және оны басқару.
• Қортынды.

Кіріспе
Тәуекел мәселесі біздің өміріміздегі түпкілікті толықтай
шешілмейтін, перманентті (үздіксіз) және қашып құтыла алмайтын
күрделі проблема болып отыр.
Банктік тәжірибедегі тәуекел – бұл, белгілі – бір құбылыс (жағдай)
орын алған кезеңде банктің болуы мүмкін қаржы жоғалту қауіптілігі.
Тәуекел – бұл, кез – келген өндірушінің (кәсіпкерліктің), оның ішінде
банктің де, белгісіздік жағдайын бейнелейтін және табыс – пайдаға
жете алмағандықтан болатын келеңсіздікті сипаттайтын жағдай
(ситуация) болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайда – табысты және тәуекелді
өлшеп – біліп отыру қажеттілігі туындайды. Алынатын пайда мен
тәуекел деңгейінің оптималды ара – қатынасы әртүрлі болуы мүмкін
және көптеген объективті, субъективті факторлардан тәуелді болып
келеді. Тәуекел жиынтығын немесе оның белгілі – бір түрінің деңгейін
толықтай немесе жартылай анықтау аса маңызды болып табылады.
Айта кетуіміз керек, өз шаруашылық жұмысы барысында банктер
көптеген әртүрлі тәуекел түрлерімен кездеседі. Олардың әртүрлілігі,
пайда болу жері мен уақыты, сыртқы және ішкі факторлар сияқты
олардың деңгейіне әсер ететіні, және, сондықтан да оларды бейнелеу
мен талдау әдістері де әртүрлілікті талап етеді. Сонымен бірге
барлық тәуекел түрлері өзара байланысты және әдетте, олар банк
қызметіне біртұтас әсер етеді. Сондықтан да, банк тәуекеліне тиімді
жауап беру үшін (алдын – алу үшін) оларды бірыңғай жіктеуді талап
етеді, яғни жалпы белгілері мен қасиеттері бойынша біріктіріп
топтастыру арқылы барлық тәуекелдерді бірнеше топтарға бөлуге
болады.
Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бойынша:
экономикалық және саясаттық болып келеді.
Саясаттық тәуекелдер - бұл, саяси жағдайдың өзгеруімен банк және
кәсіпорындардың қызметіне жайсыз жағдайлығымен әсер ететін болып
келеді, мысалға: шекараны жауып тастау, басқа елдерге тауар
шығаруға тиым салу, соғыс жағдайы, тағы сол сияқты.
Экономикалық тәуекел – бұл, банктің өзінің экономикасындағы
өзгерістерімен болатын жайсыз жағдайлар немесе елдегі экономикалық
өзгерістерге байланысты болып табылады. Бұл аталған негізгі тәуекел
түрлері өзара байланысты, және, іс – тәжірибеде
оларды бөлу және анықтау өте қиынға түседі. Сондықтан, олар өз
кезегінде сыртқы және ішкі тәуекелдер болуы да мүмкін, яғни пайда
болу ауқымына байланысты оларды үлкен–үлкен екі топқа бөлуге
болады: сыртқы (немесе макроэкономикалық) тәуекелдер және ішкі (немесе
микроэкономикалық) тәуекелдер.
Банк қызметіндегі сыртқы тәуекелдер – бұлар, белгілі бір регионда
не елдегі саяси және экономикалық жағдайлармен айқындалатын
тәуекелдер болып табылады және үлкен – кішілігіне, орналасқан жеріне
немесе мамандандырылғанына қарамастан барлық банктерге әсерлерін
бірдей тигізеді.

БАНКТЕРДІҢ ІШКІ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
Ішкі тәуекелге банктің өзінің және оның клиенттерінің, не оның
нақтылы контагенттерінің қызметімен болатын тәуекелдер жатады.
Сондықтан, олар банктің қаржы саясатын дұрыс таңдап, жүргізуіне
тікелей байланысты болып табылады. Бұдан басқа ішкі тәуекелдер банк
спецификациясы және оның түрі мен қызмет (операция) сипаты және
партнер құрамына тәуелді. Олардың деңгейіне әртүрлі факторлар әсерін
тигізеді және оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) адам факторларына байланысты болатын ішкі тәуекелдер – бұлар,
банктегі басқару процесін нашар ұйымдастырудан туындайтын,
қызметкердің жеткіліксіз дайындалмағандығынан, қызмет тобын асыра
сілтеуден, тағы басқалары тәртіп бұзушылықтан болатын ішкі
тәуекелдер болып табылады;
2) жекеленген операцияларды жүргізу бойынша пайда болатын
тәуекелдер –банк қызметінің ішкі тәуекелдері. Бұлар: қаржылық және
уақытша деп бөлінеді.
Заңды және жеке тұлғалардың ақша қаржыларын тарту ісімен
айналысатын банктер үшін және сол қаржыларды өз атынан және
қайтару, төлемдік, мерзімдік жағдайымен өз есебінен орналасатын
банктер үшін де нашар жаққа ауытқу болуы мүмкіндігіне қатысты:
- біріншіден, қайтарымдық және төлемдік жағдайымен
орналастырылған қаржылар, яғни банк операцияларының қаржы
нәтижесі, бұл қаржылық тәуекелдер;
- екіншіден, мерзімділікке қатысты, яғни операция мерзімінің
бітуі немесе өз міндеттемелерін (әрбір жақтардың) орындауын
кешіктіру, бұл уақытша тәуекелдер болып табылады.
Бұл екі тәуекел типтерінің арасында тығыз байланыстылық бар
болып келеді.
Сонымен, банктің кез – келген операциясы келісім бойындағы
контрагенті, келісім затын (актив) және келісімді орындау
процедурасынан тұратын міндетті құрылым бөліктерін қарастырады.
Сондықтан, тәуекелді толықтай жіктеуді әрбір жүргізілетін
операцияларды жеке қарастырғанда ғана жасауға болады деп
тұжырымдауға болады. Өз кезегінде банктің барлық операциялары
активті, пассивті және баланс сыртындағы деп бөлінеді.
Оның ішінде банк, пассивті операциялар көмегімен активтік банк
операцияларын жүргізу үшін өз ресурстарын реттейді. Активті
операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі мүмкін болатын
қиыншылықтығы бар пассивті операциялар тәуекелдері, олар баланстығы
(тепе – теңдігі) жоқ өтемділік тәуекелдері болып саналады.
Банктің таза пайдалық тәуекеліне жататын (барлық төлемдерді және
салықты да төлегеннен кейін) тәуекелдер = пайданы ала – алмағандық
тәуекел деген атпен белгілі.
Ішкі және сыртқы банктік факторлар әсерінен пайда аяқ астынан
азайып (кеміп) кетуі мүмкін. Мысалға: экономикалық жағдайдың
өзгеруінен немесе реттеушіліктің не заң актілерінің өзгеруінен болуы
мүмкін. Сол сияқты, белгілі – бір салымшының тиімді қызметімен
байланысты (депозиттер құру бойынша тәуекел) болатын тәуекелдер де
кездеседі. Мұндай тәуекелдің салдарын ең азайтуды (min): бір
салымшының жалпы банктегі салымдар сомасындағы алатын үлес салмағын
анықтау болып табылады.
Портфелдік тәуекел – бұл, құнды қағаздардың жекеленген түрлері
бойынша жоғалту жорамалдығы болып табылады, сол сияқты барлық сауда
категориялары бойынша да болады.
Портфелдік тәуекел: қаржылық тәуекел; ликвидтік (өтемділік)
тәуекел; системалық және системалық емес болып бөлінеді.
Қаржылық тәуекел былайша анықталуы мүмкін: банктің қаншалықты
қарыз қаржысы болса, соншалықты оның акционерлерінің тәуекелі жоғары
болады.
Ликвидтік тәуекел – қысқа мерзімдік ссудалар бойынша
міндеттемелерін орындау үшін банктің ликвидтік қаржылар (нақтылы)
тапшылығын бастан кешіруінен болады.
Системалық тәуекел – акцияға бағаның өзгеруімен байланысты,
олардың табыстылығы, облигациялар бойынша ағымдағы және алынатын
проценттердің өзгеруі, жалпы нарықтық ауытқулармен болатын
дивиденттер бойынша проценттер және қосымша пайдалар.
Системалық емес тәуекел – нарық жағдайына тәуелді емес болып
келеді және нақтылы банктің спецификасы болып табылады.
Системалық емес және системалық тәуекелдердің жиынтығы
инвестициялық тәуекел деп аталынады.
Адам факторымен байланысты тәуекелдер кадр саясатын сапалы
ұйымдастыру есебінен ең аз (min) – ға келтіру керек және солай болу
да тиіс, сол сияқты қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру процесін,
өкілеттілігін шектеу және конфиденциалдық сипаттағы мәліметтерге қол
жеткізуге шектеу қою, қызмет ауқымын дәлдеп анықтау және басқарма
банктің құрылымын ойлылықпен жасау, қауіпсіздік қызметінің анық
болуын қарастыру және ішкі бақылауды да тыңғылықты жүргізу болып
табылады.

БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫРТҚЫ ТӘУЕКЕЛДІҢ
ӘСЕР ЕТУІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ.
Сыртқы тәуекелге, банк қызметіне немесе оның клиенттерінің іс
– шаруашылығына тікелей байланысты емес, бірақ олардың қызметтерінің
нәтижесіне теріс әсер ететін тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдер
деңгейіне өте көптеген факторлар әсер етеді. Олар: саяси;
экономикалық; демографиялық; әлеуметтік; географиялық; табиғи апаттар
(форс – мажорлық жағдай) және тағы басқалары.
Сыртқы тәуекелдер – бұлар, банктің қаржы саясатынан тікелей
тәуелді болмайтын, бірақ олармен санасу керектігі және оның қызмет
нәтижесіне теріс әсер ететіндік жорамалын есепке алу қажеттілігіне
ыңғайлануы тиісті болып табылады.
Сыртқы тәуекелдер ішінен болжамдау принципі бойынша біріктіруге
болатын екі үлкен топты бөліп қарастыруға болады. Болжамдауға
болмайтын немесе жорамалдылығы өте төмен (бірақ мүмкін болатын), ал
оның салдары қырғын болатын кез – келген сыртқы тәуекелдер форс –
мажорлық жағдайға жатқызылуы керек. Бұлар: ауа – райлық, саяси
катаклизмалық болып келуі мүмкін, мысалы: жер сілкінісі;
құйын – дауыл; төңкеріс; соғыс – жанжал және тағы сол сияқты.
Негізінен олардың болуы мүмкін жорамалдығын есептеуге
болмайтындықтан, ондайдан қорғанудың кең таралған түрі болып барлық
жасалынатын келісім – шарттарға арнаулы түсіндірме– ескертулер
жасалынуға тиісті және бұл жағдайда банктердің, (форс – мажорлық
жағдай бола қалғанда), контрагенттер алдында қаржылық жауапкершілігі
болмайтын болып шығады.
Елдік тәуекел – бұл, елдегі ағымдық және алдағы уақытта болатын
саяси немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруімен және сыртқы қарыз
міндеттемелері бойынша елдің, фирмалар мен басқадай қарызгерлердің
жауапкершілік қабілеттілігіне әсерін тигізетін тәуекелдер болып
табылады.
Елдік тәуекел сыртқы сауда мен инвестицияға тікелей немесе
жанама қатыстығы бар бірқатар банктер мен банктік емес фирмалар
үшін кейбір жағдайларда айтарлықтай болып келеді. Мысалы, клиенттері
осы елдің корпорациясы болып келетін банк және ол корпорация
өнімінің көп бөлігін белсенді түрде экспортқа шығаратын болса, онда
оның несие қабілеттілігін бағалау кезінде елдік тәуекелді есепке
алуға тиісті.
Елдік тәуекелді болжамдауға мемлекет құрылысын сипаттау, оның
сапалық және құрылымдық талдау негізіне сүйенуге тиісті. Сонымен
бірге, рейтинг, үкімет тұрақтылығы мен оның сыртқы қарызды төлеуге
қатынасын бағалау үшін қолданылады.
Елдік тәуекелдің құрамды компоненті болып қарыз алушының
міндеттемесі ұлттық валютада көрсетілмегендіктен қаржы аудармау
тәуекелі деген атпен белгілі. Себебі валюта міндеттемесін қарыз
алушыға, оның қаржылық жағдайынан тәуелді емес және орындауға жете
алмайтын да болуы мүмкін. Бұл жағдайда банк басшыларының жіберетін
негізгі қателіктері, олардың шетел контрагентінің қаржы тұрақтылығын
дұрыс бағаламауы болып табылады. Сондықтан, елдік тәуекел деңгейінен
бағалаудың көптеген әдістері бар.
Аударым тәуекелі – экономикалық тәуекелдің субкатегориясы, елдің
конвертация жасалатын валюта қаржысының қолда бар екендігімен
білінетін төлем балансының өтеулілігімен анықталады, сонымен қатар
оның сыртқы қарыздары бойынша қысқа мерзімдік қарыздарымен де
білінеді.
Аударым тәуекелі – бұл, сыртқы сауда және инвестициялауға
байланысты болатын өтемділік мәселелерінен туындайтын қарызға қызмет
етуді тоқтату мүмкіншілігі болып табылады.
1) Региондық тәуекелде өзгермелі жағдайдағы ортаға тез
бейімделуге байланысты банк тәуекелі айтарлықтай ұлғаяды.
Сондықтан, банк жұмысының табысты болуының бір жағдайы
региондағы болып жатқан экономикалық ситуацияны есепке алып
отыру болып табылады.

ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ.

Валюталық тәуекел немесе валютаның курс айналысынан болатын
қаржы жоғалту тәуекелі – бұл, валюта курсының өзгерісі нәтижесінде
болатын ақша жоғалтуды білдіреді, яғни банктің активтері мен
пассивтерінің (міндеттемелерінің) нарық бағасының өзгеруіне байланысты
зиян шегуінің пайда болуына әкеліп соқтырады. Валюта тәуекелдерін
басқаруға өткен ғасырдың 70-ші жылдарында алғашқы рет әрекет
жасалынды және осы уақыттарда еркін валюта курсы енгізілген
болатын. Бұл еркін валюта курсы және өзгермелі проценттік ставкалар
экономистерді және банкирлерді валюта тәуекелін басқару бойынша
тыңғылықты талдау жасауға әкеліп соқтырды.
Келісім бойынша валюта тәуекелінің бар екендігін анықтау өте
маңызды және оны қалай жабуға (немесе азайтуға) болатындығында
анықтаған дұрыс болып табылады. Валюталық келісім сатушы пайдасына
шешілуі де мүмкін, сол сияқты сатып алушының пайдасына шығуы
мүмкін (өзгеруі мүмкін).
Валюта тәуекелдерінің құрылымы мынадай болуы мүмкін:
А=коммерциялық= , яғни өз міндеттемелері бойынша қарызгердің
(гаранттың) есеп айырысуға мүмкіндігінің болмауы немесе ынтасының
жоқтығы болып келеді.
Б=конверциялық (нақтылық)= операциялық, яғни нақты жеке
операциялар бойынша валюталық зиян шегу тәуекелі. Бұл тәуекелді ала
– алмай қалған пайда мүмкіншілігі немесе күтілген ақша ағымының
валюта курсының өзгеруімен тікелей болған зиян шегу нәтижесімен
анықтауға болады.
Ең көп тараған операциялық валюта тәуекелін төмендету (азайту)
әдістері болып:
1) Хеджирлеу – бұл, мүмкін болатын зиян тәуекелін төмендету
процесі, яғни әрбір тәуекелде болатын зиян орнын толтыру үшін
валюталық позицияларды жасау (құру) болып табылады. Банк, базалық
тәуекелді хеджирлеу (қорғау) немесе ішінара хеджирлеу, немесе
жартылай хеджирлеуге шешім қабылдауы мүмкін. Хеджирлеудің жоқ
болуына (немесе хеджирлеуге) екі себеп болуы мүмкін: біріншіден,
банк, тәуекел туралы білмеуі мүмкін немесе оны азайтуға
болатындығын білмеуі мүмкін. Екіншіден, банк, валюта ауыстыру курсы
немесе проценттік ставкалар өзгермеуі, болмаса өзгергенде де оның
пайдасында болуы мүмкін деп ойлауы да мүмкін. Нәтижесінде банк
саудагерлікке (спекуляцияға) барады: егер де оның күткеніндей болса
дұрыс болады, ал егер де олай болмаса, онда зиян шегеді.
Барлық тәуекелді хеджирлеу, оларды ең аз (min)-ға келтірудің
жалғыз жолы болып табылады.
2) Валюталық своп – оның екі түрі бар: біріншісі несиелердің
параллелді жасалуын білдіреді, яғни әртүрлі екі елдегі екі жақ екі
түрлі валютада белгіленген (төлемді) бірдей мезгілде және қайтару
тәртібімен теңдей несие беруі болып табылады. Екінші вариант, екі
банктің жай ғана сату және валюта сатып алу, СПОТ ставкасы
бойынша, келісімі болып табылады. СПОТ - бұл, қолма-қол валюталық
келісім, бұл жерде төлем келісімінің ертеңінде екі күн ішінде
жүргізілуге тиісті, егер де нақтылы төлем күні белгіленбеген
жағдайда (бірақ төлем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы банктік сақтандырудың қазіргі жағдайын талдау
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Банк тәуекелдері туралы
Банктердің ішкі тәуекелі туралы
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Банктік тәуекел түрлері. Функционалдық тәуекел: стратегиялық, технологиялық
Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Пәндер