Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы



КІРІСПЕ 3
1. Кәсіпкерлік құқық негіздері 4
2. Кәсіпкерліктің түрлері 6
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты.
1. «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 129-И Заңы.
2. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-1. Алматы: Юрист, 2005.
4. «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 2107-ХП Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
5. «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі № 20-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
6. Айымханова Н. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2002.
7. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.
8. АғыбаевА,Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Оқулық. Алма¬ты: Жеті жарғы, 2001.
9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2003.
10. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдістемеліқ құрал. Алматы, 2004.
11. БұғыбайД.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы. Алматы: Қайнар, 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Кәсіпкерлік құқық негіздері 4
2. Кәсіпкерліктің түрлері 6
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің,
татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани
қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу,
адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің
құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты.
Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жанаруға ұшырады.
Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні,
түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің
әлеуметтік, демократиялық құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті,
құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты
жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни
келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін
қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.

1. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты
коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың
пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және
сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды камтиды.
Бұл қатынастарды:
а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар)
және коммерциялық, емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар)
қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және
кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына
мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың
субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің
күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы
мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері
пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір
тарапқа міндетті түрде орыңдалуға тиісті құқықтық келісімдер беруі мүмкін.
Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге
беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның
кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса,
онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете
алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер
кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің
бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің
кәсіпкерлік іс-әрекетінін барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі
мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым
салуы мумкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар
кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға
мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік құқықтык қатынастар мынандай қағидаттарға негізделеді:
1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған
адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен
айналысуға құқығы бар;
2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлык меншік түрлері мен
түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;
3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;
5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен
тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:
1) кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;
2) шет елдердің сауда құқығы;
3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;
4) банкроттық;
5) республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру,
жекешелендіру;
6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;
8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін корғау;
9) экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар
жатады.
Ерекше бөлімі: монополистік әрекетті құқықтық реттеу; өнімдердің,
қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді
құқықтық реттеу; инвестициялавдыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу;
несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу;
сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономикалық аймақтарды
құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне Конституция, Конституциялық
заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің,
Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті
органдарының актілері жатады. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және
заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады.
Субъектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт.
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік
тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде
есепке алынады.

2. Кәсіпкерліктің түрлері

Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;
2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан
Респбуликасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық
жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс
табатын жеке кәсіпкерлік міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден
өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте
жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міңдеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет
министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын
келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда
келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін
(коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым
болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік
кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады. Кәсіпкерлік іс — мүліктік құқықтарды коса алғандағы мүліктің
жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы
жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар.
Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өздерінің
(жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды
түлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың
немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және
мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық
қызметі. Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік
деп екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі
мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік
етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік
құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп
пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа
байланысты жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар
жатады:
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге
асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортак меншік негізінде жүзеге асырылатын
жай серіктестік.
Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде
құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты)
бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін
бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық). Ауыл шаруашылығына арналған
жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ сол
өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге
асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:
1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген
отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы;
2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік
шаруашылық;
3) бірлескен қызмет туралы шарттын негізінде жай серіктестік түрінде
ұйымдастырылған фермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан
Республикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік
шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік
субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері;
орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі бизнес субъектілері.
Жеке кәсіпкер:
1) еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар
(келісім шарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық
шарттар жасауға;
2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін
қорғау үшін кәсіптік одақтарға-бірігуіне кедергі жасамауға;
3) жаланып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде
белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңгейде төлеуге;
4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып
экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Мамандықтың пәндер каталогы
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Отбасы құқығының түсінігі
Азаматтық құқық негіздері
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық негіздері, қатынастар
Пәндер