Антик философиясының дамуы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

жоспар:

І. кіріспе

1. Антик философиясының дамуы

2. түпнегіз (архэ)

ІІ. негізгі бөлім

3. Элиндік - римдік философия

ІІІ. Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер:

Антик философиясы

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бой-ынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шең-беріне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б. з. д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы импе-ратор Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыс-тырылады. А. С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңці айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-V ғ. ) ; классикалық грек философиясы (б. з. д. IV ғ. ) ; эллиндік-римдік философия (б. з. д. III ғ. - б. з. V ғ. ) . Ал Дж. Реале мен Д. Антисе-ри антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

  1. Б. з. д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен түңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бүл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
  1. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
  2. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пүтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
  3. Антиктік пүтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
  4. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары түрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философия-ны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына, тагы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.

Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфи-лософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакси-мандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан баста-лады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, фи-лософияның қалыптасуына әкеліп соқты.

Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олар-дың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Герак-лит отты атаса, ал Пифагор - сандық қатынастарға аса мән береді. Бүлардың арасында Анаксимандр түпнегізді негұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге ты-рысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық эле-менттердің немесе үдерістердің бір бөлігі ғана деген ой туында-мауы тиіс, себебі олар ең алдымен қүдіретті бастаумен байла-ныстырылады. Бүл шексіз бастаудың қүдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бүзылмайды. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «на-туралистер» деп аталадьу Сондықтан Гомер және антик дәс-түрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік бо-лып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі қүдайға толы» деп айтқ-анда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм) .

Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыс-тық, құрғақтық пен ылғалдық және т. б. ) . Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бүл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқ-талады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі иде-ясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы түжырымдарын Гегель жоға-ры бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.

Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипат-талады: космологаяны онтологияға (болмыс теориясына) өзгер-ту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пай-далану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажеттілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурд-қа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заң-дылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.

«Кіші физиктер» немесе физик-плюралистер - Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге талпыныспен байланысты болды. Олардың плюралистік концепциялары элейліктердің де, иониялықтардың да монизміне қарсы бағытталды. Ал бүл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт «түбір» ұгымынан өзге біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік беретін Махаббат пен Дұшпандық деп аталған ғарыштық күштерді де енгізеді. Анаксагор болса (Афиныдағы философия-ның дамуы оның есімімен басталады) әлемдегі сан жетпес сапа-лар мен өзгерістердің көп құбылмалы себебін заттардың «үрық-тары» (гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бір тәртіпке келуі арқылы түсіндіреді.

Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсат-ты талпыныс Левкипп пен Демокрит ұсынған әлемнің атомистік картинасы болды. Әлемдегі барлық өзгерісті, қозға-лысты түсіндіретін - атом (абсолютті, тығыз, онан әрі бөлінбейтін болмыс), бос кеңістік (болымсыздық) және олар-дың қозғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақыл-мен пайымдалады. Элеаттардың апорийларын игеру мақсатында олар әр түрлі сезімдердің болуы атомдардың сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсіну атомдардың өмір сүруін ақылмен ұғыну арқылы іске асады дей отырып, «ақиқатты» да, «пікірді» де сақтап қалды. Демокриттің бүкіл дүниетанымынан байқала-тын атомизм принципі ғаламның шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан алуандылығы, себептілік пен кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет тарихына көзқарасында, мораль-ды зерттеуінде және т. б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді.

Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софис-тер (Протагор, Горгий және т. б. ) алады. Әдетте, оларды теория-лық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайы-лықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б. з. д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттары-мен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманы-ның талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Олар-ды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Со-фистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бүрынғы әлеуметтік кестені бүзып, оның орнына тәрбие мәселесін ал-дыңгы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдау-лылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полистің тар шеңберін кеңейтіп, панэллинистік бастаудың негізін қалады. «Адам -бар нәрсенің өлшемі» деген Протагор аксиомасындағы реля-тивизм мен прагматизм Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкелді. Сон-дықтан б. з. д. V ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В. Иегер) айналды.

Софистер философиялық рефлексияны физис және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оның қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылды. Со-фистиканың қарастыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда бар-лық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да со-фистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.

Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мүны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философия-сы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні - ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әре-кет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құндылықтардың дәстүрлі жүйесінде төңкеріс жасады. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сүлулық өз табиғат-тарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылым-мен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты («Ізгілік - бүл білім») . Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптас-тырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда непздеп^қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, та-нымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы - оның этикасының осы тұжырымдары инди-вид автономиясын жария етгі.

Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі ба-ғытты ұстануға болатын еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нагыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Пла-тонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым мораль-дық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жагынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектел-се, екінші жағынан түтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашы-лады. Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр түрлі жолдармен жүрді.

Б. з. д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бүл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшық-ты көрінісін беретін екі философиялық жүйе - Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократ-тың ең гұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философия-сындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді.

Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис фило-софиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физи-калықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Пла-тонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың қүбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың пара-дигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идея-лар әлемі - бұл сатылы түрде үйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлеій) және Жаратушы (демиург) - үлгіге сәйкес көшірменің авторы ^

Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «ди-алектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің логика-лық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік бол-ғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз үғымы әр түрлі мифтер түрінде сипатталады.

Д Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары қүндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптасты-руға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңі-регінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі - Қүдай» деп санай-тын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға үмтылады.

Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, на-турализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философия-лық білімдердің - метафизиканың, физиканың, психология-ның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жол-дарының негізін қалады. )

Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде бар-лық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орын метафизи-каға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бүл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза қүмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың төрт себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары - барлық зат-тарды қүрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя. Және метафизиканы тәмамдайтын сезімнен тыс суб-станция - бүл мәңгі және қозғалмайтын Бастапқы түпнегіз, Бастапқы қозғаушы. Аристотель өзінің физикасында сезіммен қабылданатын субстанцияларды зерттей отырып, оның ішкі сипаттамасы ретінде қозғалысты қарастырады. Оның психоло-гиясы бірнеше трактаттарда мазмүндалған, оның ішіндегі ең терең және даралығымен ерекшелетіні «Жан туралы» деп ата-лады. Стагирит жанды үш құрамда қарастырады: вегетативті, сезімдік және рационалдық, бірақ оның алғашқы екі қүрамы барлық жанды заттарға тиесілі болса, тек адам ғана осы үш құрамның барлығына да бірдей ие.

Аристотель практикалық ғылымдар қатарына этика мен сая-сатты жатқызады, ал олардың мақсаты бақытқа жету болып та-былады. Этикалық қадір-қасиеттер «дүрыс үстаным» немесе «шет аралықтардың ортасы» ретінде қарастырылады. Аристотель, сон-дай-ақ, бейбіт өмір мен парасатты белсенділік түріндегі жетілген мемлекеттің идеалын ойлап шығарды.

Мәдениет тарихында Аристотель өз есімімен аталатын дәстүрлі логиканың негізін қалаушы ретінде де белгілі. Шын-дығында да ол негізін қалаған логикалық түжырымдар бүкіл ортағасырлар бойы өзгеріссіз қолданылып, тек Жаңа заманнан бастап оның екінші белесі, яғни қазіргі математикалық және символикалық логиканың даму кезеңіне дейін өмір сүрді.

Егер ақиқатты зерттеу, білімді жан-жақты дамыту филосо-фия мен жеке ғылымдардың негізгі міндеті болса, ал шығарма-шылық ғылымдардың міндетін Аристотель өзгеше түсіндіреді. Риторика сендірудің тиімді қүралы мен тәсілі болса, ал поэти-ка моральдық түрғыда құмарлықтардан тазартады, рационал-дылықты күшейтетін эмоционалдық саланы жаңартудың құра-лы болып табылады.

Аристотель де Платон сияқты өзінің мектебін - Ликей не-месе Перипатетиктер мектебін ұйымдастырды. Бүл мектептің талантты түлегінің бірі - Теофраст еді. Ликей мектебі бүкіл эллиндік дәуір бойына христиан үстемдігіне дейін өмір сүрді. Б. з. д. I ғасырдың екінші жартысында перипатетиктердің бірі Андроник Родосский ұлы Стагирит еңбектерін алғаш рет жүйелі түрде басылымға дайындады. Бірақ перипатетиктердің ешқай-сысы да өз ұстаздары деңгейіне жете алған жоқ. Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең бо-лып табылады. Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де үлы өзгерістерге алып келген Александр Ма-кедонский жорықтарымен (б. з. д. 334-323) басталады. «Элли-низм» термині гректердің деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эл-линдену, А. С. Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әр түрлі варвар ха-лықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табыладьі

Саяси дербестікті жоғалту гректің полистік жүйтсінің дағда-рысымен сипатталады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бүрынғы «қүндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бүзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен «бағыныштылар» еді. «Варварлармен» салыстырғанда өзін жоғары қоятын сананың орнын индивидуализмге негізделген космополиттік идеал алмастырды. Азамат пен мемлекет ара-сындағы тығыз түтастықтың бүзылуы бұл кезеңде этиканың саясаттан бөлінуіне әкеліп соқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Антик философиясы туралы
Антик философиясының кезеңдері
Антик философиясы туралы ақпарат
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Философиялық ой дамуының бастапқы кезеңі
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Сократ философиясы
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары
Философия дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz