Ахмет Байтұрсынұлы - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҒАЛЫМ, АҒАРТУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Біз бүгін қилы заманда туып, қиямет кешіп, мерттапқан ғазиз жанның атын ардақтап, аруағын ұлықтауға жиналдық. Ол бізді кешегіні күйзеле еске алып, келешекті толғана пайымдауға мәжбүр етеді. Оның үстіне, адамзат бір ғасыр таусылып, жаңа мың жылдық басталар тұсты тым дегбірсіз-дене күткендей. Ол түсінікті де. Қай межеден де қапы калмастай боп, абайлап аттағанның айыбы жоқ. Ондайда: «Қайтпек керек!» - дейтін сауал: «Бұрынғылар қайткен екен?» - деген сауалға ұласады. Сонда төл тарихында қобалжыған көңіл алаңын толымды жауаппен тойтара алатындай тұрлаулы тұлғалар табылғаны қандай ғанибет!

Құдайға шүкір, қазақ даласы қай заманда да ондай маркасқаларға кенде болмапты. Солардың ішінде дәл осы ғасыр басындағы аңтарылыста жұртына жоралылық көрсете алған жолбасшы топтың өмірі мен өнегесі біз үшін тым қымбат. Өйткені, ол ұрпақ пен бүгінгі ұрпақ, түптеп келгенде, бір арқанның екі ұшын ұстап тұр. Ол - жиырмасыншы ғасыр деп аталатын казіргі жер басып жүрген үрпақ-тардың барған сайын ширыға түскен шытырман тіршілігінің арқауы.

Иә, жиырмасыншы ғасыр адамзатты елендетіп келіп еді, елегіздіріп кетіп барады. Елендеткені - кашаннан қордаланып қалған талай түйін шешілсе, енді шешілер-ау деген үміт мол еді. Елегіздіретіні - соның көбі сол баяғы тылсым жүмбақ күйінде қалып барады. Шүкір ететін нәрсе: жиырмасыншы ғасырға кандай қалыпта аттаса, тап сондай қалыпта қалып қойған бірде-бір халық жоқ. Қазақ та солай! Оны ұқпасақ, бүгін аруағына тәу ете келгсн ұлы тұлғаның ұлылығының неде екенін ұқпағанымыз болар еді.

Ол - кескекті кезенде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер. Ұлы тағдырларды ұлан-ғайыр тарих кеңістігінің ұшан қиырларына үңіліп барып ұғына аласың. Сөйтссқ ол кешкен ахуал адамзат басынан әлденеше рет өтіпті. Олардың қай-қайсысы да үйреншікті үрдіспен тіршілік айыру мүлдем мүмкін болмай қалатын тығырық кезендерге тап келіпті. бұл - айрықша асқындап кеткен алапат қайшылықтар амалсыз алып баратын асқан батыл әрі тым шетін әрекеттер кезеңі еді. Ондай нар тәуекелден іс шықса - күллі дүние күйлейтін, іс шықпаса - күллі дүние күйзелетің. Ал дағдылы жолды місе тұтып, әлгіндей бейнетті ізденістерден қалыс калғандар оның зейнетінен де көп уакытқа дейін қағыс қалатың Ұлттық дамудың озғындығы мен тозғындығы осыдан өрбитін. Сондықтан, қалыс қауымды алысқа озып кеткеи өркениет көшіне жетелеп апарып іліктіруге тәуекел ету үшін елден ерек ержүректік керек еді. Оның азаматтық тағдырының қаншалықты арасат киындықтарға толы болғанын аңғару үшін ұлттық тарихпен шектелмей, ғылами тарихқа көз жүгіртуге тура келеді.

Санап шығу мүмкін емес көп уақыт бұрын ғарыш төріндегі әлдеқандай төтен жарылыстан сындарлы галактикалық жүйе түзіліпті. Оның ішкі қуат алмасуынан тіршілік пайда болыпты. Құбылмалы дүниенің құйқылжыма ықпалымен өніп-өрбу кажеттігі сананы қалыптастырыпты. Сонын арқасында тіршілік бірте-бірте алыс-алыс кеңістіктерге аяқ басыпты. Үйірлестік пен үйішіліктен туындаған әлеу-меттесу этникалық, мәдени-өркениеттіқ саяси-мемлекеттік әр алуандыққа жол ашыпты. Сүйтіп, адамзат бірте-бірте әуелдегі бір тектен өрбігенін естен шығарып, жүре келе пайда болған айырмашылықтарына басты мән беріп, әуелі бірін-бірі жатырқайтынды, артынан бір-бірімен жауласатынды шығарыпты.

Күші жеткендер жаңа кеңістіктерге ұмтылса, күші жетпегендер ырзық айырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге мәжбүр болды. Келе-келе соңғылар алдыңғыларды басып оза бастады. Олар жер үсті игілікпен қоса жер асты байлықтарын да игеруге көшті. Ол аумақ пен тұрғындардың арақатынасын атымеп өзгертті. Аумак-экономикалық камсыздықтың бірден-бір кепіліне айналды. Белгілі бір кеңістікті тұрақты иемдену қажеттілігі туды. Ұлт, ұлттық мемлекет солай пайда болды. Б ұл сонау XV-XVI ғасырлардан бастап, жер асты игіліктерін игеру мен индустриялық даму жолына алдымен бет бұрған Батыс Еуропа елдерінде кеңірек етек жайды. Көп ұзамай технологиялық үстемдікке де солар ие болды.

Бес құрлықтың біреуінің болмашы пұшпағына ғана шоғырланған технолоғиялық басымдық қалған дүниені қауқарсыздандырып шыға келді. Былайғы дүние әлі игерілмегсн кеңістік ретінде карастырыла бастады. Ондағы халықтарды бұдан арғы тарихи дамуға қауқарсыз бүгін бар, ертең жоқ уақытша тұрғындар деп санаушылық бел алды. Оларды неғұрлым тезірек мемлекеттікдербестік пен ұлттық сипаттан айыруды көздейтін басқыншылық саясат күшейді. Күллі адамзатқа дүниежүзілік соғыстар мен әлеуметтік рсволюциялар ахуалы күштеп таңылды. Оны біреулер өркениет қамын, екінші біреулер езілген тап мүддссін көздегендік деп түсінді. Шын мәнінде, жер бетіндегі халықтардың көбіне ұлт ретінде жойылып кету, мемлекеттерге - тәуелсіздігінен айырылу қаупі төнді. Б ұған төтеп берудің жалғыз жолы - өркениетгің жаңа жетістіктерін өз еркіңмен меңгеріп, халықаралық тиімді еңбек бөлісуге тікелей қатысуға тезірек жетілу еді. Мұндай жағдайда біреулер дүние-жүзілік соғыстарға бой алдырса, біреулер - ұлтазаттық қозғалысын коздыруға мәжбүр болды. Өйткені, өзінде бар экономикалық ресурсты басқалармен тиімді бөлісіп, өркениет игілігіне қол жеткізу үшін, сол арқылы өз отандастарының саяси-экономикалық мүдделеріне жауап бере алатындай кемелді дамуға ие болу үшін, ең алдымен, ұлттық езгіден арылу, мемлекеттік дербестік пен тәуелсіздік керек еді. Алайда, оза дамыған дүниенің идеологтары азды көпке, әлсізді күштіге біржолата жығып беру арқылы жасандық жарастыкқа тезірек жетуге болады деп санады. Жарастықтан гөрі үстемдік көбірек күйттелді.

Бірақ, бұл қай жақ, қай тап үшін де аса қауіпті ахуал еді. Өркениетті - жалпы адамзаттық қүндылық деп қарамай, оның белгілі бір бөлігінің басыбайлы монополиясы деп ұғатын жаңсактыктан түбегейлі арылмай, аздың да, көптің де, әлсіздің де, күштінің де құлағынан қику кетпейді. Ондай көзапара өгейсітушілік көзапара жатырқаушылық туғызары хақ. Тек бір тарап өгейсітушіліктен, екінші тарап жатырқаушылықтан үзілді-кесілді арылған жағдайда ғана ортақ жарастыққа қол жетпекші. Ол ұлттық факторды жоққа шығармай, қайта ұлттық дамуды өркениет жетістіктерімен үйлестіре өрбіту аркылы ғана жүзеге аспақшы.

Жалпақ адамзат әлі түгел және түпкілікті мойындап үлгермеген бұл ақиқатқа осы ғасыр басында-ақ қанығып үлгергендер катарында кдзақ қауымы да бар еді. Оған таңданса да, танданбаса да болады.

Танданбайтынымыз: Қазакстан отаршылдық құрығынан ең соңы боп оқылғанымен, оған ең алдымен ілікті. Екі ғасырдай мігірсіз бұлқыныс мойындары бүғалықты одан әрмен тарылта түсті. Талай сабаздар болмайтыннан дәметіп, мерт тапты, сенбейтінге сеніп, дерт тапты. Ғасыр басындағы әлемнің барша әлеуметтік жанды жараларының бәрі бірдей талаурап, бәрі бірдей бебеулеген ең ұшынды аймағы да - қазақ даласы еді. Оның үстіне, екі ғасырдан астам езгі дербес ел ретінде жұтылып кетуге керекті айла-шарғының көбін әлдеқашан жүзеге асырып үлгергенді. Дала уалаяттарын билеудің үш дүркін реформасы ұлттық бүтіндіктен, аумақтық тұтастыктан, дәстүрлі билік институттарынан әбден жұрдай қылғанды. Көрші төрт губерниясы бөлініп берілген қазақ аймақтарының төртеуінде де этникалық бедерсіздендіру саясаты қауырт қолға алынғанды. Ішкі аймақтардан жаңа коныстанушылар көптеп әкелінді. Құнарлы жерлерге солар орналасты. Байырғы халық метрополияға тақау аймақтарда этникалық азшылықтың, ал қиян далада дағдылы шаруашылық пен үйреншікті тұрмыс аукымына күштеп қамалған резервацияның күйін кешті. Индустриялық революция оларды бұл күндеріне де зар кылуға бағыт алды. Метрополиядан ағылатын қоныстану тасқыны пайдалы казбаларға бай шөл аймақтарға да лап қойып, казактар өз жерінде өздері азшылыкқа айналып, жаппай кірме күнге түсетін қауіп төнді.

Мұндай жағдайда ең болмаса, сойылатын тоқтының соңғы тұяқ серіпкеніндей бір қарсылык боларын әркім-ақ үғар еді. Бірақ, танданатынымыз: бұл жолы бұрынғыдай қиқулап атқа мініп, зеңбірекке карсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтынын, ұрымтал кезде жан-жақты қамдастырылған жүйелі күреспен қарсы түру керектігін түсінетін кемел тұлғалардың кенеттен қалай табылғаны? Ұлттық төл элита әлі қалыптасып үлгермеген еді. Окығандар шашыранды жүрттан шыққандыктан бас қосып күш біріктіруге құлықты емес еді. Мұндай жағдайда әлгіндей тәуекелге бел байламақ түгілі, ол жайында ойланудың өзі ақылға сыймас батылдық еді. Соған айдаладағы ауыл мүғалімінін, қалай жүрегі тұрғанына қанша таңғалсаң да көптік етпейді.

Бұл жағынан келгенде, Ахмет Байтұрсынов - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.

Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қоркыт, Асан кайғы, Ыбырай. Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер.

Ол рас. Бірақ, Ахмет Байтұрсынов оларға ұқсайды да, жасамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты. Ұлттық дамуымыздың үрдісі мен қарқыны калған дүниедегі даму үрдісі мен каркынына сәйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халкына адастырмас жол іздеді.

Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынов ондай жол Қорқыт пен Асан кайғыдай үйреншікті үрдісті аман сактап қалатындай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді; Фара-би мен Иасауидей өз тұсындағы кең жайылған антикалық немесе исламдық дүниетанымға уақытылы көшу аркылы барлық мәселені шешуге болады деп ұқпады; Абай, Шоқан, Ыбырайлардай тендікке жетудің жолында тек ағартушы-лықпен шектелгісі келмеді. Оның үстіне, бұлардың ешқай-сысын да Ахмет Байтұрсыновтың рухани қалыптасуына тікелей әсер етті деу тым асыра айтқандық болар еді. 'Ол кезде жұрттың көбі Фараби мен Иасауидің заты түгілі, аты-на қанық емес еді.

Шоқан Уәлихановтың атына қанық қазақ окығандары еңбектерімен соншалықты таныс емес еді. Ал, Абайдың атына да, затына да Байтұрсынов тым беріде, өз тандауын жасап, сол үшін айыпты боп, Семейге ауып барған кезде канығыпты. Ал бала жасынан жақсы білетін Ыбырай өнеге-сінін жаңа кезең жағдайында жеткілжсіз екендігіне бастап-қы жылдары-ақ көзін жеткізіп үлгерген-ді.

Біз бұл аркылы рухани дамуымыздыңойдағыдай өрістеп кете алмауының себебі тарихи сабақтастықтың қайта-қайта үзіліп қалаберетіндігінен, соныңсалдарынан әрдайым тың-нан бастап, өткендер біліп үлгерген ақиқатқа қайтадан өз күшіңмен жетуге тура келетіндігінен, сұйтіп, көп күш-жігердін босқа сарп болатындығынан екенін айтқымыз келеді. Алайда, бұдан Ахмет Байтұрсынов алдыңғылар салған соқпақты кайта шиырлап шықты деген корытынды тумаса кереқ Ол - ешқандай атланттардың иығына шықпай-ақ, бұрынғылардың көздеріне іліге қоймаған соны көкжиек-терге көз жеткізе білген, көргең Ол, бар болғаны алты-ақ жыл оқыпты, Екі жылын Торғайда, төрт жылын Орын-борда оқыпты. Екеуінде де өз заманының интеллектілік өрісін толықтаныта алған ордалы оқу орнын, өнегелі ұстаз-дар ортасын көре алмапты. Ендеше, Ахмет Байтұрсыновтың ендігі тағдыры қыл үстінде тұрған халқының камын ой-лап, жанкешті жолға түсу мен азаматтық кемелділіктін, мұншама шырқау биігіне көтерілуінің сырын тек тумысынан ерек кабілет пен абзал жүрекке ие азаматтың айрықша ыж-даьаты мен мігірсіз ізденістерінен іздегеніміз орынды. Ол бір басының тәуекелімен бүкіл бір ұлттың тәуекелінің тү-гел оянуына түрткі болды. Бір өлеңінде ол: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, бітпейтін жүрегімде бар бір жарам, алда-нып жегеніме оны үмытсам, болғандай жегенімнің бәрі харам», - деп жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ОМІРБАЯНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz