Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Ғылым адам баласы ой санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі - қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілі әдістемесі ғылымның құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі-тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады? деген мәселелерді қарастырады.

Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
2.2. Етістікті оқыту әдістері.
2.3. Қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілі.
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе
Ғылым адам баласы ой санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-
бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі - қазақ тілін
оқыту әдістемесі.
Қазақ тілі әдістемесі ғылымның құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі-
тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір
ғылыми жүйеге келген ғылым.
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан
жүйесі бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен оқушыға қандай тілдік
категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады?
деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын,
әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны
меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім
беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көз қарасын қалыптастырады.
Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды
мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен
бірге әдістеме мұғалімді педагогикалық қыр-сырмен жете таныстырып қана
қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге
тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен сыналған ең
тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында
пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің
творчестволық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің
тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту методикасы лингвистика, логика, педагогика және
психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын
пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі
материалдардың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың
жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеумен
тікелей байланысты. Мысалы: фонетиканы оқытумен байланысты түрлі
фонетикалық талдау жасау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ол сөз
таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғау
мен жұрнақтың ара-жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазіргі педагогика, психология, логика ғылымдарының соңғы жаңалықтарына
шолу жасай келіп, қазақ тілін оқыту методикасының ғылым ретінде дамуының
басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде қарастыруға болады:
әдістемелік зерттеу жұмыстарын жетілдіріп, олар кең өріс алды,
эксперименттік бақылау жұмыстарын жүргізуде, мектеп тәжірибесі жан-жақты
зерттелініп, жаңа факті, дәлелдермен байытуда.
Тіліміздің фонетикалық, морфологиялық негіздерін жетік белгілеуден
емлелік қате жіберу, пунктуациялық және стильдік қателердің кездесуі қазақ
тілін оқыту әдістемесіне басты назар аударуды талап етеді. Сондай-ақ
мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай, зерттей отырып,
әдістеме ғылымының жаңалықтарынан, әсіресе қазіргі сабаққа қойылатын
талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып, өсіп отыруын негізгі
мәселелердің бірі деп санау керек. Яғни, қазақ тілі білімі мен оның
әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты творчестволық
ізденістерін дамыту, ой туғызу, көмектесіп, бағыт беру қазіргі мектеп
талаптарына сай негізгі мәселердің бірі болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика, психология мен логикаға
байланысты. Әдістеменің негізгі тірегі-қазақ тілінің фактілері. Онсыз
әдістемесінің түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан әдістеме
қазақ тілі фактілермен тығыз ұласып жатады. Әдістеме қазақ тілінен
берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидарын
қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың,
грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтары мен үндеседі.
Негізгі тілдік фактілер бойынша білім берудің теориясы мен практикасы
қарастырылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық
мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни, тілдік фактілердің қорытылып,
шешілген мәселелері мектеп оқушыларына жеткізіледі.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік
белгілері лексикалық, фонетикалық, грамматикалық белгілері, анықтамалары
әрбір сыныптың ерекшелігіне, олардың ой-өрісі білім дрежесіне лайықтанады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикаға тікелей байланысты. Педегогиканың
дидактика саласы жалпы дидактикалық принциптерді қарастырады. Педагогика
жолы әдістеме теориясының мәселелерін зерттейді. Ал әдістеме әрбір жеке
пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан әдістеме
жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен
білім берудің заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып , педагогикалық
дидактикалық принциптерді қазақ тілінен білім беруде қалай іске асыру
жолдарын ойластырады.
Педагогика – негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске
асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім оқушыларға берілетін теориялық
білім мен практикалық дағды. Ал тәрбие-қазақ тілінен білім беруде мәтіндер
(текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша
жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жұмыстарын мысалдарды
таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді
ұсынамыз. Қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымына да тікелей
байланысты. Тілдік материалдардың толық қалыптасуында түсінік, ой, түйсік,
сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Оқушыларға тілдік
материалдарды толық игертуге сабақ процестерінің мәні зор.
1.Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал оқушыларға
хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді.
Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады.
2.Материалды дағдыландыру процесі. Онда тақырыптық өзіндік
ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бұл жұмыс әр
тақырыптың психикасы болып табылады.
3.Материалды қайталау процесі. Қазақ тілінен өтілген күллі материалдар
еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық
білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың
барлығы психикалық ұғымдармен байланысты келеді. Қазақ тілінен берілетін
білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда пинестетикалық түйсік маңызды рөл
атқарады. Бұл түйсік көру мен жазуға тікелей байланысты.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі логикаға да тікелей қатысты. Логика
ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс
құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады,
мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектеп оқулығындағы
әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын
ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдік фактілерді
түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі төмендегі міндеттерді қамтиды: 1.орта
мектепте оқытылатын қазақ тілінің мазмұнын анықтайды; 2.орта мектеп
оқушыларына берілетін білімнің көлемін анықтайды; 3.орта мектепте
оқытылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды; 4.білім беру әдістеін
топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді; 5.сабақты топтастыра
отырып, олардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауда жиі
қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр түрлі.
Білім беру әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім беру мен
практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері
қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы ғылыми әдістемелік еңбектер және
практикалық әдістемені жасау үшін қолданады.
Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық жағынан
байытуда жиі пайдаланылады. Бұл ретте мынадай тәсілдер жүзеге асырылады:
1.Бақылау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны
практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен
теориялық білімді мектеп оқушыларына меңгертуде түрліше психикалық дағды
жұмыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты, шартты
түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың методикалық
жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда
бақылау жасайды.
2.Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми-әдістемелік еңбек жасау үшін
жүргізіледі. Эксперимент-ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық ғылым
саласында, ол қазақ тілін оқыту әдістемесінде тым жиі қолданылады.
Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі
қазақ тілін оқыту әдістемесінде, негізінен, 1960 жылдардан кейін
қолданылады. Бұл әдіс бойынша, қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін,
орфографиясын, пунктуациясын оқыту әдістемелері жасалады. Эксперимент
өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді: а) Бақылау
эксперименті – кейін жүргізілетін әдістемелік эксперименттер материалын
іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің
жағдайын, мақсатын, мазмұнын, негізгі істелетін жұмыстың барысы мен негізгі
нәтижелерін анықтайды; б) кең таратылған эксперимент. Мұнда сыныптық
эксперименттің нәтижелері бірнеше мектептің бірнеше сыныптарында сыннан
өткізіледі. Әр сабақта, әр сыныпта эксперимент материалдары іске асырылады.
Негізгі мақсаты; біріншіден, экспериментке қойылатын материалдардың сабақ
түрлері мен элементтерінде жүзеге асатындығын анықтайды. Әдістемелік
эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі: 1)экспериментке қойылатын
материалдардың болжамы жасалынады. 2)бұдан кейін екі-үш мектептің бірнеше
сыныбы таңдалады. 3)осы таңдалған сыныптарда тәжірибе жасаушы мұғалім сабақ
өткізеді. Әдістемелік материалдың нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары
жазылады, онда экспериментке қойылатын объектінің мақсаты және оның
мазмұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады; в)
әдістемелік жұмыстың негізгі қорытындылары бірнеше мектептің бірнеше
сыныптарында сынап көріледі; г) экспериментке қойылатын материалды сынап
көру үшін алдымен бақылау, мұнан кейін эксперимент сыныптарда жүргізіледі.
Эксперимент сыныптарында әдістемелік нұсқау болжам бойынша оқытылады, оған
лайықты материалдың көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері
бақылау жұмыстары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен
көрсетіледі.
3.Әдістемелік мұраларды үйрену әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
тарихында методистер Сейіл Жиенбаев, Шомғаш Сарыбаев, Қ.Жұбанов,
Д.Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың әдістемелік көз қарастары,
ұсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ әдістеме теориясына
арналған қазақ тілі синтаксисі мен ғылыми зерттеу жұмыстарына негіз болады.
4.Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілі оқу әдістемесінен
зерттеу жұмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан
мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға
айналдыру, зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Мұғалімдер мен
методистердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет
пен әдістемелік журналдарда басылады. Зерттеу жұмысын жүргізуде осыларды
ескеруге тура келеді. Екіншіден, әдістемелік әрбір бірлестіктерде
талданады. Оның нәтижелі жақтары сабақ беруде ескеріледі. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттеушілері мұғалімдердің тиімді, құнды тәжірибелерін
талдап, мектеп қауымына насихаттайды.
Етістікті оқыту әдістері.
Семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі ең бай сөз табының бірі –
етістік. Ол қимыл-қозғалысты білдіреді. Ал қимыл жүйесінің мәні түрліше.
Оларға адамның еңбек әрекеті, адамның, заттың, қозғалысы, адамның сезім
күйі, ойлау жүйесі, әр алуан табиғи жай-күйі жатады. Оқыту барысында
етістіктің осындай мән мағналары айқын мысалдарды талдау арқылы танытылады.
Осыдан келіп оқушылар етістік қимылды, істі білдіреді деген жинақтық
ұғымнан гөрі кеңірек, толығырақ түсінік алады.
Етістік – грамматикалық формалары бойынша да маңызды, әрі күрделі сөз
табына жатады. Сөйлем құрау, ойды ұйымдастыру жөнінде етістіктің
синтаксистік мүмкіншілігі мол. Демек, етістік екі бас мүшенің бірі
(баяндауыш) болып қызмет атқарады. Сөйлемдегі сөздермен байланысқа түсуіне
қарай, ол сөйлемнің барлық мүшесі ретінде де жұмсалады. Сондай-ақ етістік
сөз тіркесін жасауда ерекше орын алады. Ол сөз тіркесінде меңгерушілік
қызмет көрсетеді.
Етістік бастауыш сыныптың бәрінде де оқытылады. Бұларда етістік заттың
қимылын, ісін білдіреді деп мағлұмат беріледі. Бастауыш мектепте етістік
егжей-тегжейлі түрде өтіледі. Етістіктің жақпен, шақпен, жекеше, көпше
айтылатыны, негізгі, туынды түбірлері, дара, күрделі құрылымы үйретіледі.
Бұл мағлұматтарды оқытуда бағдарлама ерекше талап қояды. Оқушылар етістік
туралы үйренген ережелерді айтып берумен бірге, олар етістік сөздерді, оның
түрліше формаларын өз сөзінде, жазуында еркін қолдана алатын болуы тиіс.
Етістікті қатыстырып сөз тіркесін құру, сөйлем құрастыру дағдыларын игеріп
және етістік сөздерді қатесіз жаза алу керек. Етістіктің мәнін, формасын
тануда сұраққа сүйену, сұрақты дұрыс қоя білу талабы орындатылады. Бастауыш
сыныпта етістік заттың қимылын білдіреді деген ұғыммен шектелмей, оның
заттың ісін де білдіретіні мысалдар талдау, көрнекі құрал пайдалану
жолдарымен түсіндіріледі. Осылайша етістіктің лексикалық мәні әр алуан
болатыны турасында оқушылар бастапқы түсінік алады.
Қазақ тілінің бағдарламасы бойынша етістік материалдары төмендегідей
жүйемен қарастырылады.
5-сыныпта етістік, негізгі, туынды етістік, есімдерден, еліктеу
сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар, болымды, болымсыз етістіктер
оқытылады. 6-сыныпта сабақты, салт етістіктер, негізгі жне көмекші дара
және күрделі етістіктер, есімше, оның түрлері, жасалу жолдары, есімшенің
көптелу, септелу, жіктелу арқылы түрленуі, жіктелуі, сөйлемдегі қызметі
түсіндіріледі.
Етістікті оқытуда алға қойылатын әдістемелік талаптар бар. Ең алдымен,
оқушылардың бұрын меңгермеген біліміне негізделіп оқыту жүйесі қатаң
ескеріледі. Дегенмен бұрын оқылған сабақты толғаусыз қайталаудың пайдасы
жоқ. Оқушының біліміне, дербес белсенділігіне сүйеніп, жаңа тақырыптық
ұқсас ұғымы ашылады. Одан әрі зерттеліп отырған материалдың өзіндік мәні,
ерекшелігі кеңейтіле әрі оқушы мағлұматы толықтырыла талқыланады.
Оқушыларға тәжірибе жұмысын жасатқанда да, олардың бастауыш сыныпта
үйренген дағдысы дамытыла түседі. Бірте-бірте өз бетімен орындау талаптары
арттырыла береді. Оқылған материалдарға арнап өздігінен кесте жасау, сызба
сызу жұмыстары үйретіледі.
Етістікті талдау сабағын оқушыларға сұрақ қойып, етістік мағынасын
еске түсіру жолымен басталады. Одан соң тақтада сөйлемдер талданып,
етістіктер таптырылады. Етістіктердің жақтық, шақтық мәндерін де ескереген
жөн. Баяндауыш қызметіндегі етістікті түбір күйінде де ендіріп, оның екінші
жақтық әрі бұйрықтық мәнін ұстап тұрғанын аңғартқан жөн. Сабақ нәтижесінде
етістіктің мәні, үш жақта айтылатыны, негізгі сұрақтары түсіндіріледі. Осы
тұста зат есімнің септік жалғаулары аталады. Табыс септігінің мәні, сұрағы,
жалғаулары, жете пысықталады. Сөйтіп сөйлемдегі табыс септік сөздер
таптырылады. Бұл жерде сабақты етістік табыстан басқа септікте тұрған
сөзбен байланыспайды деген жаңсақ ұғым тумауы керек. Мәселен, ол үшін Мұрат
кітапты оқиды. Мұрат бұны кітаптан оқиды. Сонда оқыды деген сөз кітапты,
кітаптан деген екі түрлі септікте тұрған сөзбен байланысып тұр. Демек
сабақты етістік табыс жалғаулы сөзді керек етеді және басқа септіктермен де
байланысады. Ал салт етістік табыс жалғаулы сөзбен мүлде байланыспайды.
Екі терминнің, етістік пен етістік ұқсастығы оқушылардың етістер
туралы түсінігін қиындатады. Айқын мысалдар талдау тәсілімен іс-әрекеттің
кімге, неге қатысты екендігіне назар аударылады. Етістік өздік, өзгелік,
ортақ және ырықсыз етістер жасайтын –н, -ын, -ін жұрнақтарының бірдей
екендігі. Бұл жағдай салыстырмалы түрдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz