Қорықтар мен ұлттық парктер



I.Кіріспе:
II.Негізгі бөлім:
а) Жалпы қорықтар туралы мәлімет
б) Ерекше қорғалатын аймақтар
в) Қорықтардың табиғи аймақ бойынша маңызы

III.Қорытынды:

IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризм және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталоның мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қос сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
1. Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат бағы Жетісу 2005 – 29 қазан
2. Белгібай.Ә Барсакелмес қорығы Евразия KZ 2005 29 – шілде
3. Жанбосынов.М Наурызымда қорық бар Егемен Қазақстан 2006 – 17 қазан
4. Нияз Т Алматы қорығы өмір 2005 – N7 – 10 б
5. Ыбырайымова Н Қорықтар – табиғат қорғаны: экологиялық кеш география және табиғат 2003 – N3.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қорықтар мен ұлттық парктер.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар,
реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризм және
рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталоның мұндағы
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қос сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық
әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД – ға кіретін республикалар
арасында 16 орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда
қорықтар үлесі жөнінен 13 - ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан –
байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін
көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 9 қорық жұмыс істейді. Бұлар әрине Қазақстан
табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз.
Сондықтан болашақта ғылымдардың табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің
ұсынуымен тағы он бес қорық ұйымдастырылмақшы.
АКСУ – ЖАБАҒЫЛЫ қорығы 1927жыл ұйымдастырылды. Бұл
Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан обылысы
Талас Алатауымен Өгем жотасында 85,4 - мың гектардан астам жерді алып
жатыр. Қорық торғы биіктік белдеуді қамтиды. 7500 метр биіктікке дейінгі
төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500
– 2000ж даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді
арша (биіктігі 20 м аралығында) бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма
және басқа да оңтүстік өсімдіктер өседі. Жануарлардан мұнда елік,
қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақтырнақты аю және т. б жануарлар
кездеседі.
2000 -2300 м биіктікте субальпі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде
төсіліп өсетін Түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда тау
теке , ілбіс, суыр; шақылдақтар ал құстардан ұлар, кезеген торғай,
шауқарға, қозу құмайлар мекендейді. Құстардың 239 түрі, бауырмен
жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың екі түрі
бар екені есепке алынады. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы
арқар; сібірдің тау текесі бұғы елік, жыртқыштардан ілбіс, ал мысық,
борсық. Ең жоғарғы белдеу биік таулы қырлы және мұзды шыңдар. Бұлардан
аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады.
Қорықтық Қаратау жотасы беткейлерінде памонтологиялық филалы бар. Бұл өңір
120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әртүрлі сирек
кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі
өсімдіктердің таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлімнің органикалық дүние
эвалюциясы зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.
Наурызым қорығы. 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай
обылысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87,7 мың жерді алып
жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып
зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрынан шоқ – шоқ қарағай сақталып
келген. Қорық көлемін Наурызым Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең
оңтүстіктегі сор топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта
алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін мамус боката
алмасының жабайы түрлері өседі.
Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана
үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы,
орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен
флоралары өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқты
жерсінініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар,
аққояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, бросық, күзен, ақтышқан
кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286 астам түрі,
балықтың 6 түрі, 687 – ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай
аққулар, шағалалар бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.
Алматы қорығы. 1961 ж. құрылған. Аумағы 71,7 мыңға жуық. әртүрлі ландшафты
зоналарда жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен
ағашқа бай Іле Алатау мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты
әнші тауы АҚҚҰМ – ҚАЛҚАН (биіктігі 100 метрден асатын құм төбе) жатады.
Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік
ағаштары 1800 – 2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен
жоғарыда Тянь – Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан.
Одан да жоғары, қарлы – мұзды белдуде, субальпі және альпі шалғындары
болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық
сүтқоректілер мен200 ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы
орманда бұғы, елік, Тянь – Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқылар
мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен
таутеке көп. соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды.
Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық. Іле өзенінің бойындағы
тоғайларда қырғауылдар тарғақтар мекендейді.
Барсакелмес қорығы. Арал теңізіні солтүстік батыс бөлігіндегі
өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы құрылған. Жалпы
көлемі 16,8 млн. га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешені мен қатар саны
азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Бұрын аралда
жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 250 ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың
түрі азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорықта шөлді аймаққа
тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар:
ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953 – 1964 жылы аралығында 9 құлан
Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары
биологиялық сынақтардың салдары да Аралдық экологиялық жағдайын
күрделендіріп, қорықтың біраз жануарларын көшіруге тура келді. (мыс
құланды).
Қорғалжың қорығы. 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259
мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гкетар) қол тимеген,
тірек түспеген жерлері, сондай – ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың га)
көлдері кіреді. Бұл жерлер дүние жүзілік маңызы бар су қоймасы мен
жайылымдар тізіміне енгізілген.
Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41
түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі.
Олар суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар.
Қорғалжын көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара
суларында үйрек, қаз және басқа да суда жүзетін құстар сансыз көп. теңіз
көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең
сотүстікке ұя салатын құс Қорғалжын көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр
мекендейді. Ол балапандарын суда қалқып жүрген ұяда басады. Содан кейін
балапандарды ұзақ уақыт арқасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да
сүңгиді. Теңіз – Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары
жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол
ЮНЕСКО – ның тізіміне ерекшк қорғалатын батпақты – шөлді ландшафт ретінде
енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен
ғылыми – зерттей жұмыстары жүргізіліп, музейлер, лайқанаттар бағына
арналған материалдар жинастырылды.
Марқакөл қорығы. 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде
Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447
метр биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде
орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны
құрайды. өкінішке орай шығысында 1,5 мың га жер көлдің аса маңызды бөлігі
бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң,
континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа
температурасы – 26 0-270С, ал кейде аяз -550С – қа дейін жетеді. Шілденің
орташа температурасы +140+170С, ең жоғарғысы +300С – қа жетеді. Жауын -
шашын жылдық мөлшері 400 мм – ге жуық түседі.
Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір
ғана өзен Ертістің оң саласы – Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден
арамий мен алтын тамыр кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі
мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 260 –
қа жуық түрі бар. Оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындары да кездеседі.
Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқа, талма, теңге бар. Бұлардың
ішінде ең бағалысы – мөңке. Оның еті өте дәмді. өсімдіктің 721 түрі
кездеседі.
Үстірт – республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау
облысында 1984 жылы құрылған. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен
қорық. Үстірт жерінде орналасқан. Климаты солтүстік шөл зонасына тән. Жазы
ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жаун – шашын мөлшері тым аз. (жылына 120 мм).
Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл
зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау. Жануардар арсынан
қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны және
қарақұйрық, ұзынтікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қара шұбар жылан.
Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шілкекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың
аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен
құланның санын қалпына келтру белгіленді. өсімдіктен қорғауға тұратын аса
маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар) иіссіз катрана,
үстірт таспасы. Талымдар шөлдің қатаң климат жағдайна бейім. Жануарлар мен
өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми – зерттеу жұмыстарын
жүргізбекші.
Батыс – Алтай қорығы. 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га Қиыр
Шығыс Қазақстан облысы Глубокая ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің
Қазақстандық бөлігінің солтүстік батыс жағын Халзун, Көксу және Иванов
жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі
(қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған.
Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564 түрі, құстардың 131 түрі,
сүтқоректілердің 50 түрі, балықтың 5 түрі кездеседі. өсімдіктерден марал
оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар т.б сирек аңдар
бар.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық
Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су – батпақты
ландшафтылары қорғалады. Құстардың 283 түрі (олардың 12 – сі қызыл
кітапқа енген) өсімдіктің 323 түрі сүтқоректілердің 40 түрі,
қосмекенділердің 2 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Қорықтық
негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстары
(аққу, реликт, шағала, қаз және т.б) қорғау.
Еліміз егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат
қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. әсіресе ерекше қорғалатын
аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын
қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді
насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан – жақты жүргізіліп
келеді.
Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз
Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеуде мектептің алатын орн ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді
экологияландыру мәселесіне ұстаздар мен ғалымдар да үлкен үлес қосып
келеді. Бастауыш сыныптарда оқылатын дүниетану, жоғары сыныптардағы
география, биология, химия және т. б пәндер де табиғат қорғауға қатысы бар
арнайы тараулар енгізілген. Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміздің кейбір
мектепте,рінде эклология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстазздар
тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.
Отанымыздың әрбір саналы азаматыөз еліміздегі ерекше қорғауға
алынған табиғи аумақтар жайлы мәліметтер мен кеңінен таныс болу үшін және
ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп
қабырғасынан бастап – ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын
және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білу міндетті.
Елімізде ерекше қорғалатын аймақтар туралы Заң 1997 жылы
6 тамызда қабылданған онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы
арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, және орман жер қойнауы
ерекшк ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң
тәртіппен қорғалатын, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін
бөлінеді деп атап көрсетілген.
Қазіргіт кезде Республикамызда ерекшк қорғалатын табиғи
аумақтар санатына мынандай табиғат байлықтары жатады.
1. мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде
ұйымдастырылатын биосфералы қорықтар да жатады.
2. мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы
әзірше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.
4. мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат
байлықтарының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты
Республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп
бөлінеді.
5. мемлекеттік қорықтық белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы
көбіне мемлекеттік қорықтар мен шекаралас алқаптарда
ұйымдастырылады.
6. мемлекеттік табиғиқорықтар. Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи
объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар – кешенді, зоологиялық
ботаникалық геологиялық, ландшафтылық және т. б деп бөлінеді.
7. мемлекеттік зоологиялық саябақтар. Қазіргі таңда еліміздің ірі
қаласында (Алматы, Қарағанды; Шымкент) зоологиялық бақ
ұйымдастырылған.
8. мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.
10. халықаралық маңызы бар сулы – батпақты аумақтар. Оған теңіз
Қорғалжын және Ырғыз Торғай аумақтары жатады.
11. ерекшк қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.
12. ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су
айдындары.
13. жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи
жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Экотуризмды дамыту жолдары
Биосфера туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Пәндер