Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

  1. Ақпараттық жүйені құру қағидалары . . .
  2. Кеден қызметінің және басқару құрылымы сипаттамасы . . .
  3. Ақпараттық жүйені құру мақсаты . . .
  4. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар . . . Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар . . . Ақпараттық жүйенің сенімділігіне қойлатын талаптар . . . Эргономика және техникалық әсемдікке қойылатын талаптар . . . Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар . . . Стандарттау және бірігейлеу жөніндегі талаптар . . . Ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғау үшін қойылатын талаптар . . . Ақпараттың сақталынуы жөніндегі талаптар . . . Коммуникациялық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар . . .
  5. Концептуалдық схема . . .

II. Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу

  1. Ақпараттық жүйені тұрғызудағы талаптар . . .
  2. Техникалық қамтамасыздандыру . . .
  3. Ақпаратты ұйымдастыру әдістері, құрылымы және құрамы . . . Машинадан тыс ақпараттық база . . . Ішкі машиналық ақпараттық база . . .
  4. Математикалық қамтамасыздандыру . . .
  5. Программалық қамтамасыздандыру . . . Жалпы программалық жабдықтау . . . Арнайы программалық жабдықтау . . . Мәліметтер банктері және базалары . . . Аймақтық және жергілікті желілер . . . Желілердің коммуникациясы . . . Ақпарат айырбастау хаттамалары . . . Мәліметтерді өңдеу тәртіптемелері . . . Мультибағдарламалық тәртіптеме . . . Пакеттік тәртіптеме . . . Реалды уақыт масштабындағы өңдеу тәртіптемесі . . . Жүйе компоненттері арасындағы ақпарат айырбасы . . . Сыныптау және кодтау жүйелері . . . Қолдануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу мен сақтауға нұсқа . . . Бақылау мысалы . . .
  6. Құқықтық қамтамасыздандыру . . .
  7. Лингвистикалық қамтамасыздандыру . . .

III. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ . . .

3. 1. Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

1 - бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі кедендік тіркеу төлемдері мен салықтарды тіркеу арқылы Қазақстан Республикасы кеденіндегі жинақтылығын және келісім шарттар іске асырылуын қамтамасыз ету, кедендік бақылау және кеден саясатын жүргізудің басқа да әдістерін жүргізу және де Қазақстан Республикасы кеден органдарының ұйымдастырушылық құқықтық негіздерінің іс әрекетін жүзеге асырады.

Қазіргі экономиканың дамуы еркін сауданың кең аумақтарына, қаржылық қордың қозғалысына, тауар мен қызметтер айналысының халқаралық келісімінің ролінің жоғарлауына талпынуымен, ұлттық экономика тенденциясы аймақтық халқаралық және бірыңғай шаруашылық комплекс айқын көрінеді. Жалпы бір заңдары бар материалдық және қаржылық құндылықтары бар қаржы наығы орнап келеді. Барлық мемлекеттерде ұлттық экономика ашық болып, халқаралық бәсекелес нарығы орнауда. Ғылыми-техникалық прогрессті қарқындатудың маңызды факторы - басқарудың барлық бөлімдеріне басқарудың әдістемелері мен нысандарын жетілдіру болып табылады.

Есептеу техникалары мен байланыстың жаңа құралдарын қолдану негізінде экономикалық-математикалық әдістері мен құралдарын қолданудың маңызды бір бағыты - басқаруда автоматтандырылған басқару жүйелерін құру болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі кеден қызметінің үрдісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасы кеден қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізгі ақпараттық технологияларын жүзеге асырудың құралы ретінде түсіндіріледі. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту - қазіргі техникалық -бағдарламалық кешен негізделген жаңа ақпараттық технологияларды кезең-кезеңмен дайындап шығару және оларды кеден саласына енгізу үрдісі деген сөз.

Сонғы жылдары дүние жүзілік сауда көлемі өндіріске қарағанда әлдеқайда жылдам өсуде, оның ішінде қызмет көрсету, интелектуалды меншік объектілері, несие түріндегі қаржы капитал ағыны өсуде. Қоғамды ақпараттандыру, жалпы ақпараттық жүйе құру, дүние жүзілік экономика ағындарының бейнесін өзгертеді, дүние жүзілік шаруашылық масштабында ақұша және қызмет, валюта курсы, қор байлықтары қозғалысын толық бақылауға болады. Сыртқы экономикалық қатынастар келісімді болып, және экономиканың өсуінің негізгі факторына айналды. Көптеген елдерде сыртқы экономикалық қатынастарға ұлттық экономика байланысты болды және бұл тенденция күшейіп келеді.

Кеден жүйесінің оңтайлы жұмыс істеуі оның құрлымының өзгеруінен, алдыңғы қатарлы кеден технологияларды ендіру, жоғары деңгейлі мамандарға негізделген шет тілдерін, қарым-қатынас психологиясын және әдебін, кеден ісінің экономикасын және құқықтық аспектілерін жақсы білетін кадрларға негізделген

Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процесстеріне тікелей қатысуы кеден құқығының ролі мен маңыздылығын арттыруда.

Кеден саласындағы құқықтық қатынастардағы мәселелерді шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуы мен соған арнайы құқықтық нормаларды қабылдануы кеден құқығының пайда болуына әкелді. Жалпы кеден құқығының дамуы екі кезеңін атап айтуға болады:

  1. 1991 жылғы желтоқсаннан 1995 жылдың шілдесіне дейін (кодификацияланған актінің қабылдануына дейін) ;
  2. 1995 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін.

Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Қазақстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесі жағынан Үкімет басшылары қабылдаған кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада “Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы келісім жобасы туралы” шешім қабылдады.

1999 жылғы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылдаған келісім (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификациялаған) Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгеріс әкелмек, сондай-ақ интеграциялық процесстерді күшейтіп, ұлттық заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек.

  1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМақпараттық жүйені құру қағидалары

Ғылыми-техникалық прогрессті қарқындатудың маңызды факторы - басқарудың барлық бөлімдеріне басқарудың әдістемелері мен нысандарын жетілдіру болып табылады.

Есептеу техникалары мен байланыстың жаңа құралдарын қолдану негізінде экономикалық-математикалық әдістері мен құралдарын қолданудың маңызды бір бағыты - басқаруда автоматтандырылған басқару жүйелерін (АБЖ) құру болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі кеден қызметінің үрдісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасы кеден қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі негізгі ақпараттық технологияларын жүзеге асырудың құралы ретінде түсіндіріледі. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту - қазіргі техникалық - бағдарламалық кешен негізделген жаңа ақпараттық технологияларды кезең - кезеңмен дайындап шығару және оларды кеден саласына енгізу үрдісі деген сөз.

Осыған орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызметі мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік кеден комитетінің бөлімшелері мен үкімет органдарын кеден статистикасын жүргізу үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Басқарудың барлық деңгейінде кеден органдарының ұйымдық-экономикалық басқару жүйесін жетілдіру;
  • Тауарлар құжаттарын кедендік толтыруды автоматтандыру;
  • Шекара арқылы өтетін жолаушылардың жүктерін кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарлату;
  • Кеден төлемдерін есептеуді бақылау және орталықтандырылған салық салуды қамтамасыз ету;
  • Контрабандамен және басқа да кеден ережелерін бұзушылықпен күресті ақпараттық қолдау;
  • Валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында сыртқы экономикалық кызметті кедендік банктік бақылау ақпараттық технологияларын құру және тағы басқа.

Қазақстан Республикасы кеден қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзінің даму уақыты ішінде кедендік бекеттен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің орталық аппаратына дейінгі барлық деңгейлерде негізгі кедендік ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың бірегей құралына айналды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі қарай дамытуды және жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің бекіткен 1993 - 1995 ж. ж. сыртқы экономикалық қызметті экономикалық реттеу ретіндегі Қазақстан Республикасының кеден саясатының ролін жоғарлатуды дәйекті түрде жүргізудің кешенді бағдарламасы негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ұқсас жүйелер дамыған елдердің барлық кеден қызметінде құрылған және әрі қарай құрылып жатыр. Мысалы, АҚШ-та, Англияда; Францияда, Германияда ұлттық кеден ережелеріне сай келетін мұндай жүйелер 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетіне қарасты автоматтандырылған ақпараттық жүйесін кезең - кезеңмен дайындап шығару бағдарламасын жңзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, енгізу жөніндегі ғылыми-өнірістік ұйым ретінде Бас Ғылыми-ақпараттық есептеу орталығы құрылды.

Құрылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ерекшелігі - құжат айналымы әр тұрлі объектілерді ақпараттық қамтамасыз етуге бағыттандырылғандығы.

Қазақстанның кеден органдары құжат айналымы мен алғашқы ақпараттардың негізгі көлемін жүк кеден декларациясы (ЖКД) құрайды. Республика кеденіне ай сайын түсіп тұратын жүк кеден декларациясының саны 7 - 8 ден 20 - 30 мыңға дейін ауытқып тұрады. Жүк кеден декларациясының ең жоғарғы айлық санының орташа айлық санынан артуы түрлі кедендерде орташа алғанда 60 % -тен 350 % ке дейінгі аралықты құрайды.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйелерінің күрделі де көпдеңгейлі құрылымын, олардың атқаратын қызметтері мен міндеттерінің алуан түрлілігін ескере отырып, кеден қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің ақпараттық қажеттіліктерді назарға алды.

  1. Кеден қызметінің жӘне басқару құрылымының сипаттамасы

Кедендік төлеулер және салықтар

1. Казакстан Республикасында мынадай кедендік төлемдері қолданылады:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы.

2. Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының кеден кодексінде айқындалған.

3. Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингкеқарсы. қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасынын заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алынады.

4. Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

5. Жеке түлғалар тауарларды оңайтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасынын Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының түрлері

1) салық салынатын тауарлардың кедендік қүнына процентпек есептелетін - адвалорлық;

2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленгеі; мөлшерде есептелетін - ерекшелікті

3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де үштастыратын - құрамдас болып бөлінеді.

Кедендік баждар

1. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бүларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік бажда төлеуді белгілейді.

2. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан РеспубликасыныІ; Үкіметі белгілейді және олар реси жарияланғаннан кейіі: күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Кедендік алымдар

1. Кедендік алымдарга:

1) кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым;

2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;

3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

2. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдарь шығындарының қүны кеден алымдарының мөлшерін айқында) үшін негіз болып табылады.

Кедендік рәсімдеу ушін кедендік алым

Тауарлар мен көлік қүралдарын негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Кедендік ілесіп алып журу ушін кедендік алым

Кеден оргаңдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.

Бірнеше көлік қүралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді. Тауарларды сақтау үшін кедендік алым

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алымдар-алынады.

Алымдар

1. Кеден органдары алатын алымдарга:

1) лицензия берген үшін алым;

2) кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

2. Алым мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Лицензия берген ушін алым :

1) кеден қоймасын қүрғаны;

2) бажсыз сауда жасайтын дүкен қүрғаны;

3) бос қойма құрғаны;

4) уақытша сақтау қоймасын қүрғаны;

5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;

6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшікг алынады.

Алдын ала шешім ушін төлемақы

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік қүнын айқындау өдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

Декларациялауга жагатын тауарлар

Тауарлар сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылғаннан басқа жағдайларда, олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, кедендік режим өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиіс.

Декларациялау орны

Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды декларациялау тауарларды кедендік рәсімдеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргізіледі.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауардың жекелеген санаттарын декларациялау Қазақстан Республикасының белгілі бір кеден органында ғана жүргізіле алатынын айқындауға құқылы.

Декларант Мына түлғалар:

1) қазақстандық түлғалар;

2) шетелдік жеке түлғалар (оңайтылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізілген кезде) ;

3) Қазақстан Республикасының кеден кодексіне сәйкес кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік түлғалар;

4) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік үйымдардың өкілдіктері осындай өкілдіктердің өз қажеті үшін әкелінетін тауарлардың уақытша әкелінуінің, транзитінің сондай-ақ еркін айналыс үшін шығарылуының кедендік режимдерін мәлімдеген кезде декларант бола алады.

Декларанттың қуқықтары

Кедендік рәсімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:

1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін қажетті қүжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қүқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарларға белілген кедендік декларацияда көрсетілген жағдайда оларға жеке кедендік декларация берілмейді;

2) Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;

3) Кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге' жүргізілетін зерттеу нәтижелерімен танысуға;

4) өзінің қүқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне ) Қазақстан Республикасының кеден кодексінде белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Декларанттың міндеттері

1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге;

2) кеден органдарының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік қүралдарын көрсетуге;

3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті қүжаттар мен мәліметтерді беруге;

4) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін қамтамассыз етуге;

5) кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден кодексінде көзделген өзге де талаптарын орындауға міндетті.

Декларанттың жауапкершілігі

1. Декларант

1) кедендік декларацияда және өзге де үсынылған қүжаттарда көрсетілген мәліметтердің дүрыс еместігі үшін;

2) кедендік төлемдерді және салықтарды төлемегені үшін;

3) қүжаттарды уақтылы үсынбағаны үшін жауапты болады.

2. Кеден органына кедендік декларацияны бермегені үшін тауарларды өткізген түлға немесе шарт бойынша осы түлға уәкілеттік берген кеден брокері жауапты болады.

3. Кеден брокері кедендік рәсімдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде кеден брокеріне кедендік мақсаттар үшін берілген қажетті мәліметтер мен қүжаттардың дүрыстығы үшін беруші түлға жауапты болады.

Декларацшлау нысаны

1. Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дүрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мөліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, элекрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.

2. Қазақстан Републикасының кеден кодексінде реттелмеген жағдайларда, тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

3. Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

Кедендік декларация

1. Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түряері қолданылады:

1) жүктің кедендік декларациясы;

2) жолаушьшың кедендік декларациясы.

2. Жуктің кедендік декларациясы - декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді жөне кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын қүжат.

Жуктің кедендік декларациясы мынадай жагдайларда, егер :

1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік қүны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;

2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе;

3) Қазақстан Республикасының кеден кодексіне сәйкес көзделген өзге де жағдайларда беріледі.

Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.

Жүктің кедендік декларациясын уақытша немесе мерзімдік кедендік декларация қолдаңу жағдайлары Қазақстан Республикасының кеден кодексінде көзделген төртіппен белгіленеді.

Еркін нысанда жасалған өтінішті және (немесе) тауарларды бірдейлендіру және шығару үшін қажетті мәліметтер бар көліктік, коммерциялық қүжаттарды жүктің кедендік декларациясы немесе уақытша кедендік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.

3. Жолаушынын кедендік декларациясы - оңайтылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік қүралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке түлға толтырып, кеден органына беретін қүжат.

4. Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру-тәртібін-кедеи ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Жуктің кедендік декларациясын беру мерзімі

1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі.

Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының одан кейінгі жүмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады.

2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге өкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі.

3. Декларанттың дөлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін үзартады. Жұктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуі қамтамассыз етілген жағдайда кедендік рөсімдеу жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.

4. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарлпрды уақытша сақтау мерзімін бүзуға әкеп сқпауға тиіс.

Есепке алу мақсатында қужаттар беру

1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою кезінде рәсімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден органдарында есептік тіркелгенін растайтын қүжат болып- табылады.

2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден органы мынадай құжаттарды:

1) занды тулгалар:

- заңды түлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігін;

- статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін;

- салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенген жеке тулгалар

- жеке тұлғаның жеке куәлігін;

- салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

- егер жеке түлғаның банкте шоты болса, шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жүмыс күні ішінде береді.

3. Есепке алу үшін табыс етілетін қүжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді растайтын қүжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына қүнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.

Таурларды декларациялау кезінде қужаттар беру

1. Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына онын электрондык көшірмесін және кедендік мақсат ушін қажетті қүжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.

2. Егер тауарларды шыгару туралы шешім кабылдау үшін қүжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті кұжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімденген мәліметтерді растайтын күжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.

Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай қүжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рүқсат етеді. Декларант берілген мерзімдерде қүжаттарды өткізбегені не бүрын өткізген қүжаттардың көшірмелерінде дүрыс емес мөліметтерді мелімдегені үшін жауапты болады.

Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік рәсімдеу жүргізілетін қүжаттар кеден органына бүрын берілген болса, овда осындай қүжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Контейнерлік жүктерді тасымалдау
Жүк тиеу машинасы
Шымкент-Түркістан бағыты бойынша көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру жобасы
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Логистикалық әдістерді қолдану негізінде экспедиторлық кәсіпорынның қызметін жетілдіру
Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау
Арнайы экономикалық аймақ
Контейнерлік тасымалдарды дамыту
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz