Шешен сөйлеу сыры
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
Бұлдыбай А.С. «Шешендік өнер». Алматы 2003
Негимов С. «Шешендік өнер». Алматы 1997
Қожабеков Н.С. «Шешендік өнер», Алматы 1997
Михальская А.К. «Основы риторики», М. 1996.
Карнеги Д. «Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей»;
пер. с англ./Общ. ред. и предисл. Зинченко В.П. и Жукова Ю. М. 1993.

Шешендік өнер жайлы қысқаша шолу
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан
елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне
Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды,
құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына
жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші
жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде
мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл
қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы
болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын
тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare
яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік
өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы
кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика
мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің
көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар,
Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден
бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр
немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика
мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып
есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің
бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
• Саяси тақырыпта сөйлеу
• Салтанатты мәслихатта сөйлеу
• Сотта сөйлеу
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге
ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға
әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы
шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен
әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.
Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи
қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі,
тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап,
мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен
Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында
шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан
майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен
сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік
біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы
саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік
өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен
Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де
Вега өнерпаздығы зор әсер етті.
XIX ғ. мен XX ғ. басында Америка мен Европадан П. Лафарг, В.
Либкхнехт, Ж. Жорес, Ж. Гед, Г. Экка-Цриус, Э. Джонс, В. Вольф, У. Филиппс,
А. Бебель сияқты жалынды шешендер жарқырап шықты. Риторика ғылымы Кембридж,
Оксфорд университтерінде (пән бойынша Квинтилиан мен Цицерон еңбектері
оқытылған), Америкада XVII ғасырдың I-ші жартысында Гарвард университетінің
оқу жоспарларында болған.
Шешендердің ұлы шоғырына, атап айтқанда, Горгий Леонтинский, Фрасимах
Холкедонский, Протагор Абдерский, Продик Кеосский, Гипий Элидский, Юлий
Цезарь, Демосфен, Цицерон тәрізді санаткерлерді қосуға болады.
Шешен сөйлеу сыры
Шешен сөйлеудің табиғатын тексергенде ең негізгі, ең басты мәселе —
сол шешен адамның жаратылысы, табиғи психофизиологиялық қасиеттері,
ерекшеліктері, жүйке талшықтарының жүйесі. Әсіресе миға алуан түрлі, сан
қилы хабарлар жеткізетін жүйке талшықтарының сезімшіл, қозғаушы,
тітіркендіруші қасиеттері, көру, сезу, есту қабілеттері, образдар
ассоциациясын тудыру, сыртқы дүние әсерлерін қабылдау — шешен болмысының
өзгешеліктерін анықтайтын көрсеткіштер.
Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады. Жас баланың еліктегіш
болатыны аян. Оның ақыл-ой қабілеті мен сөз сөйлеуінің нақты белгісі
айналадағы дыбыстарды қайталауға құрылады. Ол баршасын естиді, һәм
қайталайды. Ол естіген дыбыстарын сол қалпында (мәнерімен, айтылу
ерекшелігімен) қайта айтады. Қазақ халқының адам баласының небір асыл,
мәйек қасиеттері "Ананың сүтінен" деуінің сыры осы. Ол табиғи әрі рухани
нәр-қорек. Бесік жырлары жас баланың рухани болмысына лайықталып
шығарылған. Келісім мен мағына бір-біріне орайлас. Бұл ретте Ғұмар
Қарашевтің бала ананың құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң
дамытады деген лебізі ойға оралады.
Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі-аныз естіп өсуі — ең
мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың
бұлжымас шарты осы.
Квинтилиан шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, нақ-нағымен
сұлу айтатын ұстаз таңдау қажет деген. Тамаша табиғи сипаттарымен тұңғыш
рет естіген және әдемі дауыспен оқылған текст оның ойлау қабілетін, іштей
сөйлеуін оятады.
Ойлау мен тіл тамырлас. Екеуі де жұмбақтай күрделі құбылыс. Ойды
ойдағыдай жеткізу үшін оралымды, икемді тіл қажет. Нағыз шешен қапияда ой
тауып немесе ойлап, ойша сөйлеп, лайықты тапқыр тілмен өрнектеп жеткізеді.
Оның құдіретті миы, ақыл-санасы еш уақытта тыным таппайтын алып фабрикаға
ұқсайды. Сөз образ, сөз — ұғымды бедерлендіретін, үзіліссіз жұмысқа
жегілген клеткалар әманда іштей тыңдайды, ойша сөйлейді немесе түйсік сөзді
көреді.
"Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айтады"— деп жазады Эгзер.
Ал Риварол: "Адам өз көкірегінің түпсіз тереңінен құпия дыбыс үнін естиді,
ол ой әлеміндегі көлбеңдеген заттың көріністері" деген тұжырым жасайды.
Әрине, адамның терең ойын, көңіл-күйдің нәзік реңктерін, жан толғаныстарын,
жасырын әуендерін жатық, жүйрік тілмен жеткізу үшін шешеннің биік
дүниетанымы, жан-жақты көркемдік-өмірлік тәжірибесі болуы абзал.
Сондай-ақ шешен сөйлеуге төселу үшін, сөздің дабысталуын әсем қабылдау
үшін ерекше есіту қабілеті үлкен қызмет атқарады.
Шешен адамға сөйлеу мен еске сақтау ерекше қажет. Әрбір клеткаға еске
ұстау қасиеті дарыған. Кез келген орган еске сақтаудың көзі. Мысалы, көз —
жарық толқындарын, құлақ — дыбыс толқындарын еске сақтайды. Сонымен еске
сақтау ерекше болған жағдайда, үш түрлі қызмет атқарады. Біріншіден,
сақтайды. Екіншіден, қайтадан қаз қалпында өзгеріссіз айта алады.
Үшіншіден, жаңадан тудырады. Шешен қайсысына күшті көңіл белсе, сол өте
жақсы дамиды.
Рухани қабілеті (реттеу, жүйелеу, жіктеу, ойлай білу, себеп пен
салдарын тексеру) айрықша талантты шешенде ұшан-теңіз сөз — образдар мен
оралымдардың қоры болады.
Шабыт, импровизация, елестету — еске сақтаудың түрлері. Шын мәнісінде,
шабытты кемеңгер шешен сөйлеген шақта күш-қуаты буырқанып, толқынды ойдың
құшағында тербеліп, небір ғажайып керкемдік ассоциацияларға бой ұрып,
даналық меруерттерін жайып салады.
Көне әдебиеттерде шешендік сөйлеудің процесс екендігі туралы
толыққанды зерттеу жоқ. Бүгінгі таңда жазу өнері мен сөйлеу өнерінің шек-
шекарасы, ара-қатынасы жайында ештеңе айтылмаған.
Айталық, грек шешені сөз сөйлеудің бір тәсілін ғана қолданған. Ол -
жазып алып сөйлеу. Аристотельдің "Риторика" дейтін іргелі зерттеуінде бірде-
бір грек шешені жазып алмай біреудің ісін қорғауға құқығы болмаған деп
айтылады.
Ал латын шешендері күні бұрын жазып-сызып дайындалмаған.
Әрине, ойланбай, толғанбай жүру мүмкін емес. Әр шешеннің болмыс-бітімі
қандай әрқилы болса, сөзге әзірленуі де әр түрлі, сан қилы. Біреулер жазып
дайындалудың қажет еместігін айтады. Оған артық күш-қуат жұмсалады дейді.
Ойша әзірлену, іштей, дауыстап жүйе-жүйесін тауып сөйлеу — әрі тиімді, әрі
өтімді, әрі логикаға қисыңды, әрі көздеген мақсатқа жеткізеді, әрі шешенді
құдіретті тұлға деңгейіне көтеріп асқақтатады. Шешеннің балдай лебізі
тыңдаушының ой-қиялын дүр сілкіндіреді.
Әр шешеннің өзіндік өнерпаздық өрнектері болатыны аян. Жазып немесе
жаттап алғаны импровизация жасауға мүмкіндік береді. Есту, еске сақтау,
көру, түйсік қабілетінің күштілігінің арқасында небір ойлар, сөздер
тіріліп, оянып, дауыстап, құйылып кететіндігіне күмәніміз жоқ.
Шынайы шешен — жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мәнері, кескін
келбеті, рухы, тәжірибесі, ішкі мәдениеті, білім өресі, дүниетанымы, талант
табиғаты, жан мен тән қуаты, мінбедегі тәртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы
қызықтырмай қоймайды.
Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде,
ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың сан
ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-
нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен
айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айырықша.
Ауыз-екі сөйлеу жазудан бұрын шыққан. Адам ғұмырының қалай өтетіндігі
жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздер оқу мен жазуға
қарағанда, сөйлеу мен тыңдауға қисапсыз уақыт шығыңдайды екенбіз. Әлбетте,
адамдардың көпшілігі сөйлеу мен тыңдауға үйір де, жазу мен оқуға енжар.
Оқығанды көкірекке тоқу оқырманның қабілет-қарымына, зейін-зердесіне
тәуелді, ал ауызша яки шешен сөзді ұғып қабылдау сөйлеушінің әсерлі,
мәнерлі, ойнақы-ойнатып жеткізу қабілетіне байланысты. Тыңдарман қауым,
негізінде, шабан. Олардың құлшынысын тудыру, жігерін жану, ынтасын ояту, ой
дүниесін сілкіндіру — айтушыға тиесілі.
Ауызша сөздің құрылыс - жүйесі барынша қарапайым, тұжырымды, түсінікті
болса, оны тыңдаушы шапшаң қабылдап, жүрекке ұялатады. Ауызша сөздің
артықшылығы - әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем өзгеше үн-дыбысқа, үйлесім-
келісімге ие болып және бұлар оймен, сезіммен, ерекше лебізбен айтылып, мән-
мағынасы күшейіп-көркейіп қанаттанады. Шешеннің даусы - аса бір өзара
үйлесімді дыбыстарға, нәзік иірімдерге, небір тербелістерге, сан алуан
қызық күйлерге ие полифониялық сипаты айрықша, күрделі құбылыс.
Сөздің мазмұны мен мәнерлілігі, эмоциялық - экспрессивтік бояуы
сөйлеушінің. интонациялық ерекшеліктерді әдемі пайдалануынан түрленіп
отырады.
Дауыстың 1) жоғарылылығы яки биіктігі, 2) ұзақтығы, 3) бояуы немесе
тембрі, 4) күші тәрізді қасиеттері болады. Осынау қасиет-белгілерді
құбылтып қолдану — шешеннің өнерпаздық дарынына, тәжірибесіне, көркемдік
танымына, көңіл-күйіне, табиғи-рухани болмысына байланысты.
Интонация — сөз мағынасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz