Бейспецификалық аортоартериит



1.Бейспецификалық аортоартериит.

3. Артериялар аневризмалары

2. Диабеттік ангиопатия

Қолданылған әдебиеттер
Бейспецификалық аортоартериит — аортаның және оның негізгі тармақтарының (сиректеу өкпе артериясының) гранулемалық қабынуы.
Бейспецификалық аортоартериит - сирек кездесетін ауру. Бұған көбіне шалдығатын жасы 40-50-ге жетпеген жас және орта жастағы әйеддер.
Жапон офтальмологы Мікіtо Таkауаsу 1908 жылы жас әйелдің кез түбі тамырларының ерекше өзгерістеріне назар аударған. Бұл ауру көптеген синонимдермен аталған: пульс жойылу ауруы, аорта доғасының сиңдромы, аортаның ортаңғы бөлігінін синдромы, окклюзиялық тромбоартериопатия, бейспецификалық аортоартериит, Таkауаsу ауруы.
Этиологиясы. Бейспецификалық аортоартерииттің дамуына әкелетін себептер нақты анықталмаған.
1. Покровский А.В Клиническая ангиология. Медицина 1973
2. Апсатаров Е.А./ Госпиталдық хирургия. Алматы 1993
3. Ефимов «Диабетическая ангиопатия» 1979
4. В.В. Потемкин . Эндокринология .1986
5. Калимурзина «Ішкі аурулар» Алматы 2000

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Бейспецификалық аортоартериит.

3. Артериялар аневризмалары

2. Диабеттік ангиопатия

Бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы)

Бейспецификалық аортоартериит — аортаның және оның негізгі тармақтарының
(сиректеу өкпе артериясының) гранулемалық қабынуы.
Бейспецификалық аортоартериит - сирек кездесетін ауру. Бұған көбіне
шалдығатын жасы 40-50-ге жетпеген жас және орта жастағы әйеддер.
Жапон офтальмологы Мікіtо Таkауаsу 1908 жылы жас әйелдің кез түбі
тамырларының ерекше өзгерістеріне назар аударған. Бұл ауру көптеген
синонимдермен аталған: пульс жойылу ауруы, аорта доғасының сиңдромы,
аортаның ортаңғы бөлігінін синдромы, окклюзиялық тромбоартериопатия,
бейспецификалық аортоартериит, Таkауаsу ауруы.

Этиологиясы. Бейспецификалық аортоартерииттің дамуына әкелетін себептер
нақты анықталмаған. Соңғы кездегі мәліметтер бойынша оның дамуына келесі
факторлар қатысады деген болжамдар бар:
1) кейбір инфекция, әсіресе туберкулездік микобактерияның аутоиммундық
процесті қоздыруы; бейспецификалық аортоартериитпен
сырқаттанған науқастардың 81%-да он Манту сынамасы анықталады
және 70%-да туберкулездік микобактериялардың белоктарына антиденелер
табылған; бірақ бейспецификалық аортоартерииттің активті туберкулезбен
қосарлануы өте сирек кездеседі (10%);
2) гендер ерекшеліктеріне байланысты осы ауруға бейімділік;
бейспецификалык аортоартериитке шалдыккан адамдарда НLА жүйесінің А10, В5,
ВW52, DR4, МВ3, антигеңдері жиі табылады, сондықтан бұларды осы аурудың
йммуңдық генетикалық маркерлеріне жатқызған.

Патогенезі. Бұл ауруда тамырлар иммундыкомплекстік механизммен
зақымданады. Аурудың өршу кезінде қан құрамында антиаорталық антиденелер
анықталады және бұл сырқат кейде өзге аутоиммундық аурулармен қосарланады,
мәселен жаралы колитпен, Крон ауруымен, гломерулонефритпен, жүйелі
склеродермиямен.

Патомарфологиясы. Бейспецификалық аортоартериитте аорта жөне одан
таралатын магистральдік тамырлар сегментті түрде зақымданады. Активті
фазада гранулемалық қабыну vasa vasorum аймағындағы адвентициядан және
медияның сыртқы қабаттарынан басталады. Гранулемалар лимфоциттерден,
плазмоциттерден және ретикулярлық жасушалардан тұрады. Процесс мендей келе,
қабыну гранулемасы фиброзалық гранулемаға айналады, эластикалық талшықтар
мен тегіс салалы " бұлшықет жасушалары некроздалады. Қабыну ошақтарындағы
интима және медия біртіндеп қалыңдайды, кейде қабырғаға жабысқан тромбтар
түзіледі. Қабыну процесінің соңғы сатысында интиманын және адвентицияның
фиброзы қалыптасады.
Сонымен, тамырлардың зақымдануы екі сатымен жүреді - гранулемалық
қабынудан басталып, склерозбен аяқталады. Аталмыш өзгерістерден тамырлардың
сегментарлы стенозы, сегментарлы окклюзиясы және аневризмалық кеңеюлері
қалыптасады. Кейде тамырлардың көптеген аневризмалары бейспецификалық
аортоартерииттің жалғыз белгісі болады (14%). Аневризмалық өзгерістер
көбіне кеуделік аортаның төмендеу бөлігінде жөне құрсақтық аортаның бойында
пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Бейспецификалық аортоартеуииттің белгілері шартты
түрде екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағысы —бейспецификалық қабынудың
белгілері: кызудың биіктеуі, арықтау, әлсіздік, ұйқышылдық, миалгиялар,
полиартралгиялар, ревматоидтық артрит тәрізді симметриялы полиартрит, Рейно
синдромы, түйінді эритема, ЭТЖ биіктеуі. Қабынудың белгілері аурудың жаңа
басталған шағында немесе өршу кезіңде байқалады. Екінші топтағысы —
тамырлардың тарылуынан туындайтын ишемиялық өзгерістер. Оның көрінісі
зақымданған тамыр аймағына тәуелді.
. Қан тамырларының зақымдануы. Бұл жағдайда қолдарда ишемияның белгілері
болады: қолдардың әлсіздігі, ауыруы, ұйып талуы, әсіресе қолға күш түскен
кездерде; қол ұштарының мұздауы; сабақ, иық және бұғанаасты артерияларында
пульс жойылуы; кейде зақымданған тамыр аймағында ауырсыну сезінуі (сол
иықта, мойында, кеуденің сол жартысыңда); колдардағы артериялық қысымның
ассимметриялығы және аяқтағы қысымның қолдардағы қысымнан едәуір,
қалыптыдан артық, биіктігі. Қол тигізгенде зақымданған артериялардың
ауырсынуы байқалады, кейде бетінен систолалық шу естіледі (жалпы ұйқы, сан
артериясынан).
Ми тамырларының зақымдануы (көбіне зақымданатын — сол жалпы ұйқы артериясы,
әсіресе оның медиальді тармағы, оң жалпы ұйқы артериясы және омыртқалық
артерия). Мұндайда бас ауырады, бас айналуы мазалайды, есте сақтау, зейін
қою қабілеті төмендейді, кейде естен талу, жүргенде теңселу, мидың ошақты
өзгерістерінің көріністері байқалады. Кейде ұйқы артериясынан систолалық шу
анықталады.
Көз түбі тамырларының зақымдануы. Науқастардың тең жартысыңда әртүрлі
офтальмологиялық бұзылыстар болады. Көру нашарлайды, көз тез талады, қос
көріну пайда болады. Кейде тор қабықтың орталық артериясының кенет
окклюзиясынан бір көз көрмей қалады.
Жүректің зақымдануы. Жүректің зақымдануы біріншіден өрлеу аортаның
өзгерістерінен, екіншіден - миокардит дамуынан болады. Өрлеу аортаның
калыңдауы, дилятациясы немесе бойыңца дамыған аневризмалар аорта қақпағының
шамасыздығын туғызады және тәж артериялардың сағасын тарылтып, коронарлық
қанайналымды нашарлатады. Осыдан кәдімгі стенокардия синдромы болады.
Миокардиттің дамуы жүрек шамасыздығымен білінеді. Сонымен қатар
науқастардың 5% дилятациялық кардиомиопатия, кейде құрғақ перикардит дамуы
байқалған.
Құрсақтық аортаның зақымдануы. Құрсақтық аорта жиі зақымданады (40-70%).
Осыдан аяқтардың қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды, жүрген кезде аяқтар
ауырады, жаурағыш болады. Аортамен бірге одан таралатын тақ артериялар да
зақымданады. Мұндайда асқорыту ағзаларының ишемиялық бұзылыстары -іштің
ауыруы, кебуі мазалайды, бірақ осындай бұзылыстар сирек байқалады, өйткені
тамырлардың біртіндеп баяу зақымдануынан коллагеральдар дамып үлгереді.
Құрсақтық аорта зақымданғанда, кейде
6. Бүйректің закымдануы. Науқастардың 24-60%-да бүйрек артериясының (көбіне
сол жақтың) тарылуынан вазоренальді гилертензия дамиды. Кейде бүйрек
артериясының проекциясында систолалық шу естіледі. Сиректеу жағдайларда
бүйрек артериясының тромбозы, гломерулонефрит, бүйрек амилоидозы дамуы
байқалған.
7. Өкпенің закымдануы. Ангиография мөліметтері бойынша өкпе артериясының
зақымдануы науқастардың 70%-да табылады. Көбіне оң өкпенің жоғарғы бөлігін
канмен қамтамасыз ететін бөліктік және субсегменттік артериялардың стенозы
немесе окклюзиясы анықталған. Бірақ өкпе артериясы зақымдануының клиникалық
белгілері науқастардың 25%-да ғана болады: кеуденің оқта-текте ауыруы,
құрғақжөтел, ентікпе. Өкпетекті гипертензия сырқаттардың 20%-да
қалыптасады.
Бейспецификалық аортоартериит - тоқтаусыз меңдейтін ауру, өрістеу
жылдамдығына қарай ағымының келесі түрлерін айырады:
жедел барысы — сырқат тез меңдейді; бастамасында қызудың биіктеуі, буын
синдромы, ЭТЖ ұлғаюы, анемия байқалады; ауруға тән ишемиялық бұзылыстар
бірінші жылы пайда болып, тез өрістейді; емнің көмегі шамалы;
жеделдеу барысы — дерт баяу өрістейді; дене қызуы биік емес,
лабораториялық өзгерістер (ЭТЖ, анемия, гипергаммаглобулинемия) орташа
деңгейде; ишемиялық белгілер біртіндеп баяу дамиды;
созылмалы барысы, әдетте, 30-дан асқан шақтағы адамдарда болалы;
қабынудың белгілері (қызудың биіктеуі, лабораториялық көрсеткіштердің
өзгерісі) байқалмайды; көрінісіке тамырлардың зақымдану белгілері және
ағзалар мен жүйелердің ишемиялық бұзылыстары тән.

Лабораториялық өзгерістер. Қанның анализінде нормохромдық анемия,
тромбоцитоз, гипергаммаглобулинемия және өршу кезінде ЭТЖ жоғарылауы
анықталады. Науқастардың 13-де айтарлықтай лабораториялық өзгерістер
табылмайды.
Аспаптық зерттеу. Офтальмологиялық зерттеуде көрудің нашарлауы (көбіне
бір жақты), скотома, көз түбі артерияларының кеңеюі, аневризмалары, артерия-
веналық анастомоздар анықталады.
Аңгиографиялық зерттеуде тамырлардың тарылуы немесе кеңеюі анықталады.
Ультрадыбыстық ангиодопплерография тамырлардағы қан ағымының төмендеуін
анықтайды, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография тамырлар
қабырғасындағы бұзылыстарды табуға мүмкіндік береді.

Диагностикасы. Диагноз келесі белгілердің топтасуына негізделеді:
пульстің ассиметриялығы немесе жойылуы, ірі артериялардың проекциясынан шу
естілуі, жастарда артериялық гипертензияның пайда болуы.
Таkауаsу ауруын ерте сатысында өзге аурулардан айыру қиындыққа түседі.
Аурудың басталған шағында биік температура, буын синдромы және аорта
қақпағының шамасыздығы болса, оны инфекциялық энлокардиттен айыру қажет
болады. Бірақ антибактериялық емнің әсер етпеуі және біраздан кейін
магистральді тамырлардың зақымдану белгілерінің пайда болуы бұл ауруларды
айыруға көмектеседі.
Таkауаsу ауруында бүйрек артериясы зақымданғанда, оны зазоренальдік
гипертензияның өзге түрлерінен, мәселен бүйрек артериясының
фибромускулярлық дисплазиясынан айыру оңай емес.
Фибромускулярлық дисплазияда жалпы қабыну белгілері және аорта доғасы мен
тармактарының зақымдануы болмайды.
Бейспецификалық аортоартериит диагнозын қойған кезде тамырлардың жайылма
зақымдануына (бірнеше тамыр аймақтарынын) және бейспецификалық қабынудың
клиникалық-лабораториялық белгілерінің болуына сүйену кажет. Диагнозды қою
үшін Таkауаsу ауруының классификациялық критерийлерін колданған тиімді.
Ескерту. "Сенімді" диагноз — 10 ұпай, егер артериография немесе
ультрадыбыстық сканнерлеу мәліметтері болса, ұпай саны одан да артық;
егерде 7-9 ұпай жиналса, диагноз "күдікті" болғаны.
Емі. Емнің негізгі мақсаттары - тамыр қабырғасындағы жедел қабынуды басу,
болуы мүмкін асқынуларды алдын алу және тамыр жетіспеушілігін
компенсациялау.
Кейбір мәліметтер бойынша науқастардың 20%-да спонтанды сауығуға
бейімділік байқалады. Сырқаттың емінде қолданылатын дәрмектер: преднизолон,
цитостатиктер (циклофосфан, азатиоприн, метатрексат), стероидтық емес
қабынуға қарсы дәрмектер, антиагреганттар және тамыр кеңітетін дәрмектер
(кавинтон). Емді неғұрлым ерте. аурудың гранулемалық сатысында бастаған
маңызды, ал интиманың фиброздық гиперплазияға айналған кезіндегі емнің
нәтижесі шамалы. Аурудың басталған кезінде преднизолонды І мгкгтәул.
есебінен бастап 1 ай ішкізеді, содан кейін дозасын біртіндеп сүйемелдеушіге
түсіреді. Сүйемелдеуші дозадағы емнің ұзақтығы 2 жылдан кем болмауы тиіс.
Аурудың активтілігін тез басу мақсатымен, преднизолондық еммен бірге
қосарланған пульстерапия (метилпреднизолон 1000 мг + циклофосфан 1000 мг)
қолдануда. УДЗ аркылы, пульс-терапиядан 5-7 күннен кейін тамыр қабырғалары
ісінуінін азаюы және жұқаруы байқалған. Кейбір мамандар пульс-терапияны 9-
12 ай, ай сайын жасауды ұсынған. Ишемиялық бұзылыстарда (миокард инфаркты,
ми артериялардың тромбозында) емге гепаринді, антиагреганттарды.
тромболитиктерді косады.
Аурудың өршуі басыла келе және ойың созылмалы барысқа бағыт алған
кезінде ангиопротекторларды (ангинин), антиагреганттарды (курантил) және
тамыр кеңітетін дәрмектерді (пентоксифиллин, кавинтон т.б.) қолданады,
Артериялық гипертензияда емге ААФ ингибиторларын (егер бүйрек
артерияларының қос жақты стенозы болмаса) қосады. Науқастардың 50%
хирургиялық емді қажет етеді. Хирургиялық емнің көрсетпелері:
* аорта аневризмасының ажырауы;
* аорта коарктациясынан болған ауыр гипертензия;
* бүйрек аргериясының стенозы;
* ұйқы артерияларының қос жақты стенозы немесе окклюзиясы;
аорта қақпағының ауыр шамасыздығы. Такаяси ауруында операциялардың
мақсаты бұғана астындағы және ұйқы артериялары ішіңдегі қан айналымын
дұрыс қалпына келтіру — әртүрлі уақиғалардың озгешеліктеріне қарай оларға
сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Без аурулары
Гипертензия
Бейспецификалық қорғаныс факторлары
Кардиология. Жүрек ауруы
Бейспецификалық жаралы колиттің патогенезі
Өкпенің ошақты туберкулезі және өкпенің инфильтративті туберкулезінің ажырату диагностикасы
Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
Инфекциялық иммунология негіздері.
Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер