Жапония елі туралы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жапония

Бүгінде әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып отырған Жапония Шығыс Азияда, тынық мұхитының батысындағы Хонсю, Кюсю Хоккайдо, Сикоку және т. б. (3900 арал) аралдардың жанында орналасқан Елдің жалпы өлшемі - 377 765 км 2 ; Жапония Ресейдің Курия аралдардын (Итуруп, Кунашир және Шикотан, Хабомай) - солтүстігін өздерінікі ретінде есептейді. Жапонияда үлкен таулардың көпшілігінде вулкан ошақтары мол. Елдің үлкен орталығы - Фудзияма вулканы (3776м) [1]

Мемлекеттік тіл - жапон тілі. Астанасы - Токио қаласы (8. 1 млн адам, 2002ж) Жапонияда мемлекетік мейрамдарда бар: ең маңызды конституция күні 3 мамыр (1947 жылдан), император туған күні - 23 желтоқсан (1989 жылдан) республика күні - 11 ақпан (1966 жылдан) . Ақшасы - йена.

ООН (1965ж), ОЭСР (1964ж), МВД (1952ж), ГАТТ\ВТО (1955ж), АТЕС

(1989ж)

Жапондық өзендердің көбісі қысқа және толқыны. Үлкен өзендердің саны 24, олардың 2-ғана ұзындығы жағынан алдыңғы қатарды (300км) . Бұл - Синано (367 км) және Тонэ (322 км) Хонсю аралына құяды. Ұсақ таулы өзендер: Тадзава (26 км), Инавасиро (104 км 2 ), Тюдзенди (11 км), Сува (12 км) жатады. Осы өзендерге ұқсас оңтістік - шығыстағы Кюсю және Сикоцу аралдарының маңындағы Тоя (69. 4 км), Куттара (5 км) және Масю (19. 4 км)

Елдің 67% орман алып жатыр. Хоккайд орманы шыршаға бай. Кюсю және Рюкю аралдарының оңтүстігінде - мәңгі жасыл алаңы, үлкен ағаштар, бамбук, пальма өседі . Алғашқы жапондық мемлекет Ямато VII-VIII ғ. ғ. қытайлық жобада құрылған XII ғ. Жаңа сословие - әскери дворян және самурай дүниеге келді. Миномотоның жеңісінің нәтежесінде бірінші сегунат қалыптасты, мұнда император көмекшісі әскери басшысы (Сегун) болды. 1274-1281 ж. ж. Шонғалдардың елді жаулап алу әрекеті нәтижесіз болды.

XV ғ 3-жартысында елде азамат соғысы болды. XVII ғ. Соңында елді біріктіру әрекеті жүрді. XVII ғ. Жапония шекарасын жауып тастады. Тек 1868 ж. ағылшындар ашты. 1867-1868 ж. «Мейдзи» революциясы болды, нәтежесінде бірігу жолына түсті.

XIX ғ. соңыңа дейін корей позициясымен келді. 1870 - 1880 ж. ж. жапон-қытай, 1904-1905ж. ж. орыс-жапон, тынық мұхиттық 1941-1945ж. ж. соғыстар болды. Жапон халқы атомдық бомбаларды бастан кешірген.

1951ж. Сан-Францискодағы бейбіт келісім Жапонияның жағдайын біршама көтерді.

1959ж. елде бірінші парламенттік сайлау болды.

Нара қаласы - Жапонияның ежелгі астанасы (710-784) . Ежелгі храмдар орталығы болған. Қаланың 8км жерін Наракоен (парк), Тодайдзи рамы Буда ескерткішімен (биіктігі 16км) орналасқан. Синтойстик храм Касуга Тайся, Кофукудзи храмы және ұлттық мұражай бар. Мұнда ең үлкен храм (XIIғ) «Золотой павильон» бар (биіктігі - 49 м, ұзындығы - 57м, көлемі -50м)

Камакура- бірінші сегунат астанасы (1192 - 1333ж. ж. ) . Бұл қала өте көркем. Токой жағалауында, орманды таулармен қоршалған. Ең маңызды тарихи ескерткіш - Будда бейнесі (Дайбуцу) 1252ж. салынған (биіктігі -11. 4м, салмағы 85т. қола) . Камакурада буддалық та синтойсттік та храмдар сақталған. [3]

Жапонияда халықтың орналасуы 10 - 20 жылда қтты өзгеріске ұшырайды : 1890ж. 117. 1 млн адам, 1990ж. 123. 0 млн адам (5. 6% өсті) . (Негізгі себебі табиғи өсудің төмендегі 1975 ж. - 17. 1%, 1985ж-11. 9% және 2002 ж. - 9. 4%) . Сонымен қатар жас өспірімдер өлшемі 100 адамға 1000 жаңадан туылғандар 1975ж. 5. 5% төмендеп кетті, 1985ж. 3. 4%;

Бір жылда 77. 1% ер азаматтарға 83. 99% әйел адам болды (2002ж. )

Зейнетке шығу уақыты - 65 жас. 15 жастан жоғарлардың 91. 7% әртүрлі салада оқу орындарын аяқтаған (2002ж. ), 24. 3% бастауыш және орта мектептерді бітіргендер, 1. 9% - мамандырылған мектептер мен колледждер 14. 6% - университет пен аспиранттар. [4]

1995ж. мәлімет бойынша халық саны 126 600 000 адам, орташа тығыздық 332км 2 . Туылу - 10. 66 жаңа туылғандвр 1000 адам (1995ж. ) . Орташа өмір сүру уақыты : ерлер 76 жас, әйелдер - 82 жас (1995ж. ) Еңбекке жарамдылар - 63 870 000 адам (1994) [5]

Қай жағынан алсаң да қолы ұзын жапондықтардың тым діншіл болуы бсқаларды былай қойған да, өздерін де таң қалдырады екен. Жапонияның діні көп жылдық салт-дәстүрлерімен де ерекшелінеді. Рухани орталық - Синтоизм (жергілікті діни жүйе, ежелден қалыптасқан, бірақ «Синто» термині алғашқы рет «Нихов сіки» (720) атты тарихи еңбектерінде пайдалынған. Жапонияда кореяның корольдік делегаты(552ж. ) ал XVI ғ. ортасын дапайда болды)

Жапонияда 231019 діни ұйымдар мен органдар тіркелген, оларға храмдар шіркеулер және діни ұйымдар (секта) . Олардың 90 784 - синтойстік дінді ұстағандар, 887 94 - буддалық, християндық дінде.

Синтойстік ұйымға табынушылардың саны - 80 мың адам болса, ал буддалық дінге - 311 мың адам табынса, християндық дінге - 28 мың адам табынады екен (соның ішінде табыушылардың 3. 4 мың адам - шетелдіктер)

Ал статистикалық мәлімет бойынша табынушылардың көлемі, синтойстікте - 106. 2 млн адам, буддизімде - 95. 8 млн адам болса, християндықта - 1. 8 млн адам екен. Жапонияда ұстанушылардың санының өсуге былай түсіндіруге болады: көп жапондықтардың бірнеше дінді ұстайды.

Жапондық діннің ерекшелігі келесінде: адам мен құдайдың тығыз қарым-қатынастығы, табиғаттың құдіреттілігінде түсіну, отбасы мен ата-баба рухына табыну діни өмірдің негізғі ұстанушы діни өмірді ең негізгісі - тазару және де мейрамдар діни ырымдардың негізгісі болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяталғанға діни негізгі дін (синтойстік, буддизм) мемлекетпен тығыз қатынаста болды [6]

Жапония - конституциялық монархия ел. Шығарушы органы - парламент, екі палатадан - кеңесшілер және өкілдер. Жоғарғы билікті атқарушы - министірлер кабинеті және премьер - министр.

Негізгі саяси партиялары: Либеральді - демократиялық, Социолистік, социолистік - демократиялық партия. Комэйто және Коммунистік т. б. [7]

Консттуция 1947 ж. күніне енген. Жапония территориясы 47 префектурға

(облысқа) бөлінген, негізгі типі: то (Токио), фу (Осака, Киото), до (Хоккайдо), және КЭН (қалған 43 префектур)

Мемлекеттік басқару Конституция арқылы жүзеге асады (жоғарғы атқарушы заң) онда халықтың мүддесікөзделеді. (Әр адамға сыйластықпен қарау, заң алдында барлық адам тең құқықты, сайлаға қатысу, сөз, ой бостандығы, шет елдерге шығу және де азаматтықтан бастартуға)

Конституцияның 7 тармағы бойынша император: заңдарға, келісімдерге, түзету енгізуге, жалпы парламенттік министірлерді қызметінен босатуға және басқа қызметке тағайындауға, парламентті таратуға және қайта шақыруға т. б. жағдайларды шешуге, бірақ премьер - министрдің келісімен. Заң шығарушы органның жоғары басында - палата спикері және кеңесшісі палатаның спикері тұрды.

Әскерге күші. Жапония әскери күштердің негізгі 3 құрамы бар: Сухопуттық әскери, әскери - теңіздік және әскери - әуе күштері. Сухопуттық күште 160 мың адам (2002 ж) бар. Мықты әзірленген (боевом) әскери 5 армия, 13 дивизия (12 жаяу, 1 танктік) және 14 бригада. Сонымен қатар 100 танктік, 820 қаруланған артиллерия, 430 тік ұшақ және әскери вертолет бар.

Әскери - теңіз күштері штаттарында 45 мың адам иеленген. Құрамында 117 әскери корабльдер, 16 су асты жүзетін қайықтар т. б. Әскери - теңіз күшінде атомдық қарулар жоқ.

Әскери - әуе күштерінде 47 мың адам бар, құрамында 510 самолет, 55 құтқарушы тік ұшақтар, 302 жаулап алушы тік ұшақтар, сонымен қатар 87 тәжірибеден өткізетін самолеттер бар.

Әскери шығындар мемлекетке 1 % артық шығын әкелмепті. [8]

Токио - астанасы, әлемдегі ірі қалалар жөнінде екінші орында. Құрамында 27 ұсақ қалалар кіреді, мұнда 12 млн. тұрғын өмір сүреді.

Қала іргесі 1456 ж. қорған ретінде салынған. 1603 жылдан ел астанасы және Токугава, Сегунының резиденциясы болып есептелді, 1868 жылдан кейін императорларды және елшілікті күтіп алу орны болды. Қалада көптеген әсем архитектуралық, ұлттық мәдениетті айқындайтын мәдени орындар мол. Император сарайы, буддалық храм, Тококудзи, Кагурадзака ауданы т. б.

ХХ ғ. қала 2 рет құлдырау кезеңін өткізді - 1923 жылы жер сілкінісі және 1945 жылы американдықтардың бомбылауынан өтті.

Елдің ¾ бөлігі - қала тұрғындары. Олардың көпшілігі ірі үш мегаполисте: Токио (11, 7 млн), Осаке (8, 7 млн) Нагое (6, 8 млн) .

Ауылдық жерде тұрғындар аз, әсіресе 1961 жылы ауылшаруашылық реформасынан кейін (1960 жылы - 63, 5%, 1970 жылы - 20, 5%, 1980 жылы - 18, 3%, 1997 жылы - 9%) . [9]

Ағарту саласы. Жапондық мақал бар: «Никконы көрмей, адамзат «Кэкко» керемет деп айтуға құқығы жоқ», Никко - Хансюдың солтүстік - шығысында орналасқан орталық ұлттық паркі. Бұл керемет таулар пейзажы, өзендер мен сарқырама, ормандар және сөнбеген Насу вулкан ошағы бар. Мұнда храмдар жиынтығы мол.

Саппоро қаласында Хоккайдық университет орналасқан. Бұл қалада әлемге әйгілі «қысқы спорт орталығы», жыл сайын «қарлы фестиваль» өткізеді. [10]

Білім беру саласында алғашқы бастауыш білім беру, орта мектеп екінші дәреже бойынша және универсиете.

Сонымен қатар балабақша және техникалық колледждер бар. Білім беру деңгейі бойынша бірінші дәрежесінде - міндетті түрде 95%, бастауыш және орта мектептер бірінші дәрежесі - мемлекеттік болуы тиіс.

Жеке меншік оқу орындарына 24 орта мектеп (екінші дәрежелі) және 73 % университет.

2002 жылы Жапонияда 14, 4 мың балабақша, (106, 1 мың тәрбиеші, 1, 8 мың тәрбиеленуші), 23, 6 мың бастауыш мектеп, (407, 6 мың мұғалім, 74 мың оқушы), 11, 1 мың орта мектеп бірінші дәрежелі (257, 6 мың мұғалім, 4, 1 мың оқушы) 5, 3 мың орта мектеп екінші дәрежелі бойынша (289, 0 мың мұғалім, 4, 2 мың оқушы) . 649 университет (150, 6 мың оқытушылар, 2, 7 мың студент) .

Ірі мемлекеттік университеттер: Токийдік, Киотастық, Осакстық, Тохоку; Жеке меншік оқу орындары: Нихон, Васэда, Кэйо, Тюо, Мэйдзи, Токай, Кансайлық университеттер. [11]

Жапон тіліндегі алғашқы әдебиет үлгілері (Кодзики шежіресі, «Моньесю» өлеңдер жинағы) VIII ғасырда пайда болды.

ХV - ХVI ғасырда поэзия жетекші роль атқарды. Театрлар ашылып, драматургия пайда болды. Онда көбінесе әскери тақырыптар қамтылды.

ХХ ғасырдың басында әдебиетте революциялық рух пайда бола бастады. Жазушы Киносита Наоэннің «Отты бағана» атты романында миллитаризм, үкімет басшыларының зұлымдық әрекеттері әшкереленді. Симарзаки Тосон творчествосы («Орындалмаған ант», «Көктем», «Таң алдында» т. б. ) . Жапония әдебиетіндегі сыншыл реализмнің биік шыңы болды. Демократияшыл поэзияның негізін қалаушы ақын Исикава Такубоку (1885 - 1912 ж. ж) өзінің «Бір уыс құм» (1910 ж) «Көңілсіз ойыншық» (1912 ж) атты кітаптарында халықты реакцияға қарсы күреске шақырды.

1965 жылы «Демократияшыл әдебиет одағы» атты жаңа ұйым құрылды. Оған көбінесе прогресшіл жазушылар енді.

Жапон әдебиетінен қазақ тіліне «Жапон ертегілері» (1959 ж), «Жапон әңгімелері» (1965 ж), Эндо Сюсанудың «Әйел жүрегі» (1970 ж) т. б. кітаптары аударылды. Қазақтың академик жазушылары М. О. Әуезов (1960 ж), Ғ. Мүсірепов (1967 ж) Жапонияда болып, оның демократиялық көзқарастағы жазушыларымен пікір алысып қайтты.

Өнеркәсібі

Жапонияның тау-кен өнеркәсібі онша дамымаған, ол барлық өнеркәсіп өнімі құнының 1% - ке жуығын ғана біледі. Өнеркәсібіне қажетті тас көмір, мыс және қорғасын мырыш рудаларының, күкірттің 45 - 50 % - і ғана Жапонияның өзінде өндіріледі. Аздаған мөлшерде боксит, марганиц, темір қалайы рудалары, асбест, сурьма, кадмей, хранит, машбден өндіріледі.

Электр станцияларының қуаты 68, 3 млн квт. (1970 ж), электр энергиясын өндіру жөнінен капиталистік елдер арасында Жапония 2-ші орында (АҚШ-тан кейін) . Атом энергетикасы шұғыл дамуда (1965 жылы қуаты 166 мың квт-тық тұңғыш атом станциясы іске қосылды), (1971 жылы елде 5 атом электр станциясы - жалпы қуаты 1271 мың квт жұмыс істейді) .

Жапонияның әйгілі өнеркәсіп іс салаларының бірі - кеме жасау, бүкіл капиталистік елдерде жасалатын кемелердің 48, 3 % осында шығарылады. Жапония кемелерінің 4/5 бөлігі халықаралық кеме жасау корпорацияларының құрамына кіретін 10-нан астам ірі компаниялардың кәсіпорындарында шығарылады. Кемелердің 2/3 - і экспортқа сатылады.

Автомобиль жасаудан Жапония 2-ші орында.

Жапонияның химиялық өнеркәсібі, әсіресе мұнай химиясы өте күшті дамыған: синтетикалық каучук және талшық, пластмасса шығарудан Жапония капиталистік елдер арасында екінші орын, карбамиден бірінші орын, азот тыңайтқыштарын шығарудан екінші орын алады.

Жеңіл өнеркәсіп салаларынан мата тоқудың үлесі басым, табиғи жібек және штапель маталарын тоқуда бірінші орын алады. Целлюпоза және қағаз жасаудан капиталистік дүниеде үшінші орын алады.

Жапония ауылшаруашылығы тоғандық өнімдер жөнінен елдің өз қажетін ғана қамтамасыз етеді.

Жалпы ауылшаруашылық өнімінің 38, 3% - і күріш, 15, 7% - і бақша өнімі, 7, 8 % - і жеміс, 4, 8% - і техникалық дақылдар өнімі, 21, 9% - і мал шаруашылығы өнімі, 2, 8 % - і жібек талшығы. Жапонияның мал шаруашылығы мешеу жағдайда, оның дамымауына басты себеп - жайылым мен шабындықтың жоқтығы.

Жапония балық өнімінің мөлшері жөнінен дүние жүзінде басты орындардың бірін алады. 1970 жылы елде 391390 балық аулау кемесі болды. Балық аулаумен айналысатын 232 мың шаруашылық бар.

Сыртқы саудасы

Дүниежізілік капиталистік базарда Жапония импорт мөлшерінен бесінші орын, экспорт мөлшерінен төртінші орын алады. Басқа елдерден өндірістік шикізат, отын, азық-түлік, кейбір машиналар сатып алынады. [12]

Экономикасы

Жапония - капиталистік дүниедегі ең жоғары дамыған индустриялық аграрлы елдердің бірі.

Жүйелі дамудың қозғаушы күші және кепілі тыныштық екенін жапон билеушілері 1946 жылға дейін қаперіне ала қойған жоқ. Нақ осы жылы император Хирохито құдай тектімін деген дәстүрлі сеніммен бас тартты. Енді басқа елдермен санасып, бейбіт қарым-қатынаста әрекет ету мүмкін бола бастады. Оның үстіне агрессиялық астамшылдықтан арылмаса, мемлекет бұдан 100 жыл бұрынғы сұрапыл аштыққа қайта душар болуы ықтимал еді. Аз ғана жерден алынатын өнім саны көп халықтың жұмырына жұқ болмайтын.

1951 жылы АҚШ - пен қауіпсіздік жөнінде келісімге қол қойылған соң елге азық-түлік ағыла бастады. Содан бері Жапония қажетті тағам өнімінің 70 % - і күні бүгінге дейін басқа мемлекеттерден сатып алады. Әрине бұл қыруар қаржыны қажет етеді.

Жапон зиялылары әрі ойлап, бері ойлап өзге мемлекеттерде не жоқ, соны өндіру керек деп шешті. Сол жоқты табу үшін өндірістік барлау мұқият ұйымдастырылды. Осы құпия қызметтің деректері аса тиімді қорытынды жасатты.

Осылайша Жапония өндірістік шикізатты өңдеуді жетілдіруге ел болып кірісіп кетті, әлемде алғаш электрониканы дамытты, тұрмыста кеңінен қолданылатын техниканы шығаруға ерекше мән берілді.

Егер ғылыми - техникалық прогресте алда болсаң, жер байлығы қажет те емес екен. Жапония сырттан металды арзанға алып, одан өндірілген өнімді қымбатқа қайта сатудың үздік жүйесін жасады.

Жапонтанушылар елдің осы жетістігінің бірнеше негізі бар деп біледі. Кейбіріне қысқаша тоқталайық.

Елдің кенжелеп қалғанына алаңдамайтын халық ешқашан да серпілмейді. Олай болса, ұлттық патриотизм мен намысты ояту керек. Бұл мемлекеттік алғашқы кезектегі саясатына айналды.

Екіншіден, білім беру жүйесі әлемдегі ең озық жүйе болмай, ілгерілеу мүмкін емес.

Қазіргі таңда Жапонияның білім беру саласын дүниежүзі үлгі ретінде қабылдайды.

Үшіншіден, дамыған елдердің қаржысын өз қажетіне молынан пайдаланбай, ешбір бағытта алға қадам жасалмайтындығы да белгілі еді. Есік шетел капиталына айқара ашылды, сыртқы экономикалық ықпалдың күшеюі ұлттық мәдениетке кері әсер етеді деген наразылыққа тойтарыс берілді.

Жапонияның Орталық Азиядағы экономикалық көмектері

1. Жапонияның Орталық Азиядағы сыртқы саясаты

Орталық Азияның елдері тәуелсіздік алғаннан кейін Жапонияның үкіметі, осы елдерді демократизациялау мен нарықтық экономикаға үлкен көмек көрсетіп келді. 1997 жылы сол кездегі Жапонияның Премьер-министрі Хасимато мырза Орталық Азияға қатысты «Ұлы жібек жолының дипломатиясы» атанған жаңа саясаты туралы жариялады. Бұл саясат үш бағыттан тұрады: 1. Саяси диалог, 2. Экономикалық ынтымақтастық пен минералды ресурстарды игерудегі ынтымақтастық, 3. Осы аймақта бейбітшілік орнату мақсатында ынтымақтастық. Яғни, Жапония осы үш бағытты іске асыра отырып, Орталық Азия елдерімен екіжақтық тығыз қатынастарды орнату үшін жұмыс істеп келді.

21 ғасырдың басында халықаралық қауымдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күресі басталды. Осыған байланысты, халықаралық қауымдастық Орталық Азияның стратегиялық маңызды екеніне келісті. Осы аймақтағы тұрақтылықтың негізі болып табылатын экономикалық даму мен демократияны енгізу, осы аймаққа ғана емес, барлық Еуразиялық континентіне қажет. Осындай өзгерістерді ескере отырып, Жапон үкіметі Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарауға кірісті, 2004 жылдың тамызында сол кездегі сыртқы істер Министрі Кавагучи ханым, Орталық Азиядағы өз әріптестерімен кездесіп, «Орталық Азия - Жапония» атты Диалогын ұсынған болатын. Жапонияның жаңа саясаты, бұрынғыдай Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайтуды қалыптастыруға, бірақ осымен қатар Орталық Азия аймағымен ортақ байланыс орнатуға негізделген. Аймақпен ынтымақтастықты дамытуда келесі бес сала көрсетілген:

1. Саяси диалог;

2. Ішкіаймақтық ынтымақтастықты қолдау;

3. Жапония мен Орталық Азия арасындағы бизнесті қолдау;

4. Интеллектуалды диалог;

5. Мәдени алмасуды, соның ішінде адамдармен алмасуды, туризмді қолдау.

Ал енді, ішкіаймақтық байланысына келетін болсақ, әлемнің әр түрлі аймақтарында болып жатқан аймақтық интеграция ағыны байқалған. Сондықтан да Орта-азиялық елдерінің ішкіаймақтық байланысқа түсу ісі өте маңызды. Орта - Азия халықтарының өз дәстүрі, мәдениеті, тілі, тарихы болса да, көп ортақ ұқсастары бар. Ынтымақтастықтың потенциалы жетерлік. Мысалы, аймақтан 55 млн. Тұрғыны бар, ортақ нарық құрылған жағдайда, транспорт, энергетика, су ресурстары, терроризм, наркотрафик, айнала қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу арқылы аймақтың экономикалық күшін ұлғайтуға болады. Жапон үкіметі ішкіаймақтың ынтымақтастықты нығайтатын жобаларды іске асыру жолында көмек көрсетуге дайын. Жапония қақтығыс үшін территориялық, саяси немесе басқа да себебі жоқ, Орталық Азияның «таза серіктесі» болып табылады. Осылайша ол аймақтағы ынтымақтастықты тездететін «әділ төре» қызметін атқара алады.

2. Жапонияның Орталық Азия аймағындағы экономикалық ынтымақтастығының мақсаты

Орталық Азия елдері тарихта алғашқы рет коммунистік құрылыстан капиталистік құрылысқа көшу процесін бастан көшіріп отыр. Жапония, бұл елдердің бір құрылыс елдері болатынын құптап, олардың жеңіл көшуіне септігін тигізуде.

Біріншіден, азамат ресурстарының дамытуда, нарықтық экономика үшін заңдылық жүйесін орнату маңызды. Бұл салада да Жапон Үкіметі көп көмек көрсетті. Алматы, Бішкек, Ташкенттегі адамзат ресурстарын дамыту жөніндегі Жапон орталықтарының ролі өте маңызды. Жапония өзінің экономикасын соғыстан кейін түгелімен қираған жағдайдан қазіргі даму деңгейінде тез арада көтерген және де өзінің бұл тәжірибесімен Орта Азияның ұрпағымен техникалық көмек көрсету арқылы бөліспек. Мен Орталық Азияның жоғары қабілеті адамзат ресурстарына бай өлке екендігіне сенемін. Содан бері, Жапон Үкіметі 2600 ғалым мен стажерлер қабылдады. Жапониядан 600-ден астам мамандар мен үкіметтік болонтерлер жіберілген.

Екіншіден, Кеңес Одағынан келе жатқан экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар мүлдем жеткіліксіз болған немесе тіпті ескірген, олар жақсартуды талап етеді. Бұл салада Жапон үкіметі тағы да үлкен үлес қосты, «жұмсақ» несиелер беру арқылы Қазақстанда ірі жобалардың орындалуына септігін тигізді. Оның бірден-бір аймағы - Семей қаласындағы Ертіс өзенінің үстімен өтетін көпір, Астана аэропортының жаңа терминалының құрылысы, Қазақстанның батыс бөлігінде жолдардың салынуы, Астананың сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі жоба.

Үшіншіден, Орталық Азияда жаңа жүйеге көшу кезінде әлеуметтік қиыншылықтар пайда болды. Сонымен қоса қоршаған ортаның бұзу салдарынан денсаулықты сақтау мәселесі үлкен проблемаға айналды, себебі Кеңес Одағы кезінде бұл мәселеге немқұрайлы қараған болатын. Жапон үкіметі бұл салада жобалы техникалық және гранттық көмек көрсетті. 1960 - 1970 жылдары Жапонияда осындай өте қиын экологиялық проблемалар болды, олар экономиканың жоғары даму қарқынымен ұштасты. Жапон үкіметі Орталық Азия елдерімен өзінің тәжірибесімен алмасып, оларды жеңудің жолдарын көрсетуге дайын.

Осы аймақтағы жапондықтардың көмегіне қатысты статистикалық деректер келесідей. Жапония Орталық Азияға 260 млрд. Йен, 2, 4 млрд. АҚШ долларын бөліп берген. Қазақстан және Өзбекстанмен көмектің қомақты бөлігін алуда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония және халықаралық ұйымдар
Жапония — күн-шығыс елі
1894-1895 жж. әскери қақтығыстардың себебі мен алғышарттары
1945-1980 ж.ж. Жапонияның экономикалық дамуы
Жапонияның саяси жүйесі және саяси қатынастары
Жапонияны танып білейік
Жапония туралы
Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері
Жапонияның шекарасы, Күншығыс елі халқы. Шаруашылығы
Азия елдеріне жалпы шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz