Абайдың өмірі мен педагогикалық шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Абайдың өмірі мен педагогикалық шығармашылығы.

Жоспары

І. Кіріспе

Негізгі бөлім

ІІ 1. Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.

2. Абай оқыту ісіндегі педагогикалық ой пікірлері

ІІІ Қорытынды.

Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, сонымен бірге ұлы ойшыл.

Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды. Абай түсінігінде, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді. Біздің сеніміміз қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмірдің сәудесі ғана . Адам баласы « көзімен көріп, қолымен ұстап, құлақпен естіп, тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» - дейді Абай.

Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы, әлі кешеніне келіп жетпеген болса да, диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда алып қарастырады.

Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістеуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.

Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы -оның феодалдық -патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыстарны орын алған көшпелі тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді. Алайда, Абайдың қоғамдық саяси көзқарасының белгілі дәрежеде сол өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынастарымен көзқарастарының дәрежесінен шыға алмаған кездері де болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи шектеуліктен де құр алақан болмады. Ол тарихты идеолистік тұрғыдан түсінушіліктен арыла алмады, сөйтіп, қоғамды өзгертуде халық ағарту ісінің рөлін асыра бағалады. Ол кездегі әлі шешу Россия шындығында, әсіресе әлдеқайда мешеу феодалдық-патриархалдың Қазақстан жағдайында, Абай елді ревалюциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдық күшті таныи алмады. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің мәнін дұрыс түсінбеді және одан дұрыс ревалюциялық қорытындылар шығара алмады.

Өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінепшелейді. Тек өзінің қарын-қамын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттілігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттілігін ойламайтындарға, еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінің жағымпаздығы мен ұлының алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға қарсы болды.

Ата-ананың надандығымен қараңғылығын айта келіп Абай солардың өз баласына дұрыс тәрбие беруіне іші жанады. Ол осындай ата-аналарды : « бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар бодың? » -деп сөгеді. Жақсы баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірген не екен?» Жоқ, баланы «өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. өз еүнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай баланың күнәсіне тағыда ортақ боласың», «осы ма берген тәлімің ? Осы баладан қайыр күтесің бе? -дейді ақын .

Қайыршылықпен, теңсіздіктен және надандықтан құтылу үшін АБай өз халқын біліммен қарулануға, алдыңғы қатарлы халықтардың мәдениетін кабылдап, балаларын сол мәдениетке үйретуге шақырды: «Біз ғылымді сатып, май іздемек емеспіз, өнер де өзі де мал өнерді, үйренбей өзі де ихсан. Өз шығармаларының басым көпшілігінді-плэзиясында да, ғаклия сөздерінде да Абай қазақ халқын білімге, мәдениетке шақырды. «Жан құмары дүниеде немене екен?»- дейді де, «білмекке құмарлық», деп жауап береді.

Халық ағарту ісін оның материалдық тұрмыс жағдайын жақсартумен байланыстыра отырып, Абай біздің көз алдымызға халықтың рухани ұажеттіліктерін бөліп қарайтын қимыл утопист ретінде емес, материалист ретінде көрініп отырды.

Абай өзінің 40 жасқа келгенде (1885) жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»дейтін өлеңінде жас кезінде ғылымның пайдасын көре тұра ескермей, ал ер жеткен соң ғылым қолына түспей, мезгілімнен кешігіп қалғандықтан өкініш білдіреді.

Тек орыс тілін оқып үйренгеннен кейін ғана, орыстың жер аударылып келген прогресшіл пікірдегі адамдармен танысып, солардыңі көшпеді арқасында классикалық көркем әдебиетті, жаратылыстық-ғылыми, тарихи- философиялық т. б. прогресшіл - демократиялық әдебиеттерді орыс тілінде оқиды. Сөйтіп, қоғамдық өмірден алған жеткілікті тәжірибиесіның арқасында Абай нағыз ғылым орыс халқына екенін, сондықтан да оның озат мәдениетіне көшіп, балаларды орыс мектептерінде орысша оқыту керек деген қорытындыға келеді.

Ол орысша тек өзі ғана оқып қойған жоқ, сонымен бірге өзінің балаларын да орысша оқуға бергенді және оларда шен алсын, шекпен кисін деп берген жоқ, ақиқат өмірді танысын, қараңғылықтан көздері ашылсын, ғылыми білім алсын деп берді. Оның Мағауия дейтін ұлы мен Күлбаладан деген қызы Семейдегі орыс мектебінде, ал үлкен ұлы Әбдірахман Петербургтегі Михайловск артилериясы училищесінде оқыды.

Абай қазақ балаларының интернатты мектептерде оқып жүргеніне қатты қуанды. «Интернатта оқып жүр» (1886) деген өлеңінде қазақ баласының шариғатқа емес, ғылымға, орыс жазуына үйрететін мектептерде оқып жүргендеріне қуана отырып, олардың ата-аналарының өз балаларын мәдениетке үйренсін демей, шен алсын, шекпен кисін дейтін тілектерін де білдіретін. Ата-аналарының тілегін орындау үшін балалар арыз жазуға тезірек үйренуге, тілмш, адвокат болуға асығатындығын, Салтыков-Щадрин мен Толстой олардың ойына кіріп -шықпайтындығын Абай қатты қынжыланды. Ол балалардың ғылымға деген талабын, құштарлықтарын туғызу керек екендігін, онсыз ешбір білім алуға болмайтындығын атап көрсетеді. Жастардан пайда табу үшін емес, ар үшін, терең білім алу үшін тырысуды талап етеді.

Шын білім кітапта, оны оқып үйрен, әскери шенге қызықпа, жаныңның оты сөнбеген десең, уездік начальникке жағынуға тырыспа, ғылымның жолы қиын, сонда да өзіңнің адал еңбектеріңмен оқып білім ал, адал бол, әділетті жақта деп үйретеді Абай.

Мектептің жалпы біреудегі маңызын ескере отырып, Абай жас буынға мектепте жүйелі білім беру қажеттігін мойындайды. Ол тәрбие мен білім берудің жас буынды адам етіп қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығын жақсы түсінді. Ол туралы, «Егер мен заң қуаты қолымда болса, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім. », - деп жазды .

Абай оқыту ісіндегі саясластикалық әдісіне, құрған жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің болуын жақтады.

Ғылымға шын құмартып, аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп санады. « Білсемекен, көрсем екен, үйренсем екен» деген - мұның бәрі жан құмары.

Дүниенің көрінген әлі көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, адал жаны болмайды хайуан жаны болады!»-дейді Абай.

Оқыту жұмысы нәтижелі әрі пайдалы болуы үшін Абай, орыстың ұлы педагогы Е. Д. Ушинский айтқандай, балаларды әуелі ана тілінде оқытуды, оларға шын ғылыми білімдер беруді, содан кейін барып шетел тілдерінде мәселен араб, парсы тілдерінде, үйретуге көшуді ұсынды.

« Әуелі білім -ғылым табылса, ондай - мұндай іске жарытар едім» - деп, дүниенің бір қызықты көрінісіне керек болар еді деп іздемеске керек.

Абай ғылымды үйренуісіне тек пайда көздеп қарауға қарсы болды. Ол балаларға әуелі олардың ақыл-ойын, дүниетанымы мен мәдениетін дамытармын жалпы білімдер беру қажет деп есептеді.

Абай оқыту процесінде ақыл-ойды дщамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлаумен қимылдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстарды терең танып білуге мүмкіндік береді. Ақылды адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой қорытындыларын жасай алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Қазақ әдебиет
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Абайтану ғылымы туралы
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz