Инфляцияның мәні және оның себептері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың шамасы болды. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Біздің халық инфляция ұғымын жақсы біледі. Өйткені ауызекі тілде «сабан ақша», «бір қап ақша» кезі деп те жататыны бар. Менің курстық жұмысым осы «Инфляция, оның себептері мен салдары» тақырыбына арналған.

Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды.

Қазақстанның өткен он жылдығының ішінде инфляцияның біздің өмірімізге қалай әсер еткенін біздің бәріміз білеміз. Және қазіргі кезде жыл сайынғы жүріп жатқан инфляциялық процесс те біздің назарымызда. Инфляция ұғымы әрбір адам өміріне әсер ететін болғандықтан бұл тақырып қызық та әрі күрделі.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - іnflatіo -(вздутие) - қампаю, тұңғыш Солтүстік Америкада 1861 - 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдагы қағаз акшалардың көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырдың басында дүниежүзілік соғыста кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.

1-тарау. Инфляцияның мәні және оның себептері

1. 1 Инфляцияның себептері

Оларды сатып алу қабілетінің күшті валютамен салыстырғанда күнсызданады, Инфляцияны бұлай түсіндіру яғни ақшының алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалдылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне "нақтылы" экономикалық жағдайда әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардагы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы - 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жана ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына жане т. б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне "классикалық түрі") бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен, баға өсуінің иифляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әсксри мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты, Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген басекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген басекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстын сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде орын алады, Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қыска мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар - көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде Peceй экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т. б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҮӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, болу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер.

1. 2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері

Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарын сұраныстың өсуі, өңдірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру талабынан және т, б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

XІX ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі XІX- XX ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.

2-тарау. Инфляцияның түрлері мен оның экономикалық және әлеуметтік салдарлары

2. 1 Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болалы. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдекайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субьектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындыгын атап өту орынды. Басыңқы (придавленная) инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.

50-60-жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен жүрді, Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндіретін қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1, 7%, 1966-1974 жылдары-5, 1% 1975-1980 жылдары-9, 3% болды. Англияда осы кезде ол 3, 1, 6, 0 және 17, 9%, Францияда 5, 0; 5, 9 және 10, 9%, 80-жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды, 1987 жылы - 3, 7%-ке төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.

Инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды", мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату карқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімсн сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, онды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

2. 2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары

Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдардың аяғы - 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогі мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990 ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процент-ке, Перуде - 8291, 5 процентке жетті.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер - Сингапур, Малайзия, Онтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн - жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топка дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т. б. ) . Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден, "баға қайшысы" деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері, бағасының қаркынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді. Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зияны қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.

Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны - ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардын да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың "әкетілуіне" соқтырады.

3-тарау. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы инфляция

3. 1 Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және т, б. ) .

Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытта көрсеткен жөн, Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцняны тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру багдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70-жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляцияның мәні және мазмұны
Инфляцияның себептері
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz