Металдар. Металдардың сипаттамасы және жіктелуі



1. Кіріспе
2. Металдардың сипатталу
3. Металдардың жіктелуі
4. Металдардың қолданысын зерттеу
5. Атомдық құрылысы
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер
8. Глоссарий
Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады.
Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері
(І және ІІ негізгі топшалар),барлық
-элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық
f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар,
р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан.
Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады.
Смағұлов Дәулетхан . “Металография”
Исанбаева Ғабдолла .“Металдың мың қасиеті”
Дүйсеналиев.О. Металдардың құпиясы”

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Металдар. Металдардың сипаттамасы және жіктелуі

Жоспары

1. Кіріспе
2. Металдардың сипатталу
3. Металдардың жіктелуі
4. Металдардың қолданысын зерттеу
5. Атомдық құрылысы
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер
8. Глоссарий

Металдардың сипатталуы

Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен
астамы металлдарға жатады.
Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері
(І және ІІ негізгі топшалар),барлық
-элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық
f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар,
р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан.
Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар
орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі
топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі
жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл”
деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл
жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін
ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық
металдарға құймаларға да қолданылады.
Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы
олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы
мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы
қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр
тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.
Металдардың мұндай жалпы қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты
болады. Металл кристалында атомдар, иондар және бос электрондар болатыны
дәлелденіп отырады.
Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып осы металға
тән металдық кристалдық тор түзеді. Металдардың кристалдық торының
түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналасады, ал олардың арасымен
бос электрондар “электрон газы” қозғалып жүреді. Кристалдық торда металл
иондары тығыз орналасқан. Әрбір ионды 8-ден 12-ге дейін басқа иондар
қоршайды.. техникалық маңызы бар металдардың кристалдық торлары мынадый
негізгі 3 топқа бөлінеді:
1. Қырлары орталықтанған куб. Бұған Al, Pb, Ni, Ag, Au, Ca, Pb, Pt, Rh, Th
металдарының кристалдық торлары жатады.
2. Кристалдық торлары көлемі орталықтанған куб болатын металдарға Li, Na,
Cs, V, Mo, W, Ba, Ta, Fe жатады.
3. Гексогональді кристалдық торлары мына металдарға тән: Be, Cd, Ti, TI,
Zn, Hg, Os, Rh.
Металдардың жоғарыда аталған жалпы физикалық қасиеттері олардың ішкі
құрылыстарының ұқсастығымен түсіндіріледі.
Барлық металдардың кесек күйінде металдық жарқылы болады, оның себебі
түскен сәуле металл бетіндегі электрондардан шағылысады.
Металдардың соғылғыштығы және созылғыштығы олардың кристалдық торларындағы
атомдар мен иондар қабаттарының бір-бірінен жеңіл ығысып орын ауыстыруына
байланысты. Мұның өзі металдардың соғылғыштығын кемітіп, оның қаттылығын
арттырады.
Металдардың электр тоғын өткізгіштігі оларда бос электрондардың болуына
байланысты. Өйткені сыртқы электр қозғаушы күшімен жанасқанда бос
электрондар оң полюске қарай қозғала бастайды. Электр тоғын ең жақсы
өткізетін металл күміс, онан кейін мыс пен алтын, ал нашар өткізетін
қорғасын мен сынап.
Температураның жоғарлауына байланысты металдың электр өткізгіштігі азаяды,
оның себебі металл иондарының тербелмелі қозғалысы жиілеп, олардың арасымен
электрондардың жылжуына кедергі келтіреді.
Металдардың жақсы жылу өткізгіштігі де олардың кристалдарында бос
электрондардың болуына байланысты. Металды қыздырғанда иондардың,
атомдардың тербелмелі қозғалысы, олардың бос электрондармен энергия алмасуы
жиілеп, жылу металдың барлық массасына тарайды.
Барлық металдар кәдімгі жағдайда қатты күйде, балқу температурасы – 38,9(С
болатын сынап қана кәдімгі температурада сұйық күйде болады. Металдардың
қаттылығы әр түрлі.
Сілтілік металдар жұмсақ, оларды пышақпен кесуге болады, ал ауа металдар
(хром, вольфрам)өте қатты.
Металдардың тығыздығы да әр түрлі. Тығыздығы 5гсм3-ке дейін болатын
металдарды жеңіл, қалғандарын ауыр металдар дейді. Ең жеңіл металл литий,
оның тығыздығы 0,53 гсм3, ең ауыр металл осмий, оның тығыздығы 22,48
гсм3.
Металдардың балқу температуралары да әр түрлі. Көбінесе жеңіл металдар
оңай, ал ауыр металдар қиын балқиды. Мысалы цезий 28(С-да, вольфрам 3410(С-
да балқиды. Металдардың қайнау температуралары өте жоғары болады. Мысалы
мыстың қайнау температурасы 2277(С-та балқиды.
Техникада металдарды қара және түсті деп бөледі. Қара металдарға темір мен
оның құймалары жатады. Түсті металдарға сілтілік, сілтілік-жер, бағалы Au,
Ag, т.б. Сирек кездесетін титан, германий, ванадий, рений т.б. металдар
болып бөлінеді. Металдардың химиялық қасиеттері: металдардың сыртқы
электрондық қабатында 1-ден 4-ке дейін электрондар болады. Сондықтан
металдар химиялық реакцияларда электрондарын біршама оңай беріп тотығады да
тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Металдардың тотықсыздандырғыштық
қабілеті электрохимиялық кернеу қатарындағы стандарттық электрондық
потенциалдарының мәндеріне байнланысты.
Электрохимиялық кернеу қатарына стандартты электрондық мәні теріс металл
потенциалы оң металы оның тұзын ығыстырады.Электрохимиялық кернеу қатарында
сутегінен кейін орналасқан металдар сұйытылған қышқылдарда ерімейді.
Олардың кейбіреулері тотықтырғыш қышқылдарда – концентрациалық күкірт
қышқылында әне кез келген концентрациалы азот қышқылында ерйді.
Алтын мен платина концентрациалы күкірт қышқылы мен азот қышқылындада
ерімейді. Алтын “сұйықтық патшасы” деп аталатын бір көлем азот қышқылы мен
үш көлем тұз қышқылының қоспасында ериді.
Ас активті металдар атап айтқанда сілтілік, сілтілік-жер металдар,
лантаниодтар, сумен әрекеттесіп сутегін ығыстырады. Амфотерлі металдар
қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесіп сутегін бөліп шығарады. Металдар
оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзейді. Сілтілік, сілітілік-жер металдар
оттегімен негіздік оксидтер түзейді. Кейбір металдар, мысалы, мырыш,
алюминий, қалайы, қорғасын т.б. амфотерлік оксидтер түзйді. Әр түрлі тотығу
дәрежесін көрсететін металдар әр түрлі сипатта оксидтер түзейді, мысалы:
CrO негіздік, Cr2O3 амфотерлік , CrO3 қышқылдық оксидтер.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы жаңа материалдар алу мен оларды қолдана
білуге байланысты. Бұл материалдардың ішінде ең маңыздылары-металдар мен
олардың қортпалары. Олар өздерінің ерекше қасиеттеріне байланысты халық
шарушылығына барлық салаларда-атом энергетикасында, космостык техникада,
прибор жасауда, ауыл шаруашылығында, т.б. қолданылады. Қарқынды дамып келе
жатқан дамып келе жатқан техника метал материалдарға күн сайын талаптар
қойып отыр. Көптеген практикалық мақсаттар үшін әр түрлі, айырықша
қасиеттері бар жаңа металдармен қорытпаларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану
үшін олардың физикалық күін, құрылысын және қасиеттерін жан-жақты зерттеу
керек. Оларды құю, жылумен, қысыммен, т.б. әдістермен өндеу кезінде жүретін
ішкі өзгерістерінің табиғатын терең түсіну керек. Металдар химиялық және
физикалық, механикалық қасиеттері олардың фазалық күиіне байланысты.
Металдар мен қорытпалардың фазалық күйі олардың құрамына кіретін фазалардың
атомдық – крис-талдық құрылысы, химиялық құрамы және салыстырмалы
шамалармен анықталады. Әр бір жеке фазаның тек өзіне ғана тән кристалдық
торы бар. Ол бір немесе бірнеше қарапайым компаненттен тұруы мүмкін.
Фазаның химиялық құрамы оған кіретін компоненттердің салыстырмалы шамасымен
анықталады. Жалпы алғанда кез келген фазаның химиялық құрамы қорытпанын
орташа химиялық құрамымен бірдей болмайды. Фазалардың кристалдық торының
түрі мен оның негізгі параметірлері компоненттер атомдарының табиғатына
және өзара әсерлесу ерекшеліктеріне байланысты. Фазалардың атомдық –
кристалдық әдістердің көмегімен зертейді.

Металдардың жіктелуі

Металдар мен қорытпалардың қасиеттерінің көпшілігі фазалық күйінен басқа,
олардың құрылысына да байланысты (барлық механикалық қасиеттері, электр
кедергісі, электр өткізгіш-тігі, коерцетифтік күші, т.б.). мұндай қасиеттер
металл құрылысының өзгеруіне сезімтал қасиеттер д.а. Металдар мен
қорытпалардың құрылысы, оның құрамындағы қортпалардың фазалардың формасы әр
түрлі, кеңістікте кездейсоқ бағытталған өте көп микро кристалдардан
тұрады.

Металдардың сипаттамасы. Табиғи жағдайда кездесетін 92 элементтің 70-ке
жуығы металдарға жатады. Металл еместерге Н, В, С, N, O, иннерті газдар He,
Ne, Ar, Kr, Xe, Rn, галогендер F, Cl, Br, J және Si, P, S, сияқты
элементтер жатады. Периоттық системада (1-кесте) сынық сызықтың оң жағында
метал еместер, ал сол жағында металдар орналасқан. Бірақ элементтерді
металдар мен метал-лойдтарға бөлу жеткіліксіз, өйткені олардың барлық
ерекшеліктері ескерілмейді. Кейбір элементтер (мысалы Sn) бір
аллотропиялық түрінде металдық, ал басқа бір түрінде бейметалдық қасиет
көрсетеді. IVB, VB және VIB тобына кіретін элементтердің ішінде металдар
мен метал еместердің ортасында жататын жартылай металдар. (жартылай
өткізгіштер) бар. Оларға Si, Gt, Fs, Se, Te, (-Sn жатады.

Қатты металда атомдар бір-бірімен химиялық байланыста болады. Мұндай
байланыс иондар мен валенттік электрондардың арасында пайда болатын
кулондық (электірлік) күштердің әсерімен жүйеге асады. Атомдардың сыртқы
валенттілік электрондары ортақ электрон газ құрып, белгілі бір ретпен
орналасқан иондар мен еркін қозғалатын электрондар системасы пайда болады
болады. Бірақ тәжірибе көрсеткенде, қатты металдардың қасиеттері, мысалы
балқу және булану температуралары, атомдық көлемі, тығыздығы, кристалды
торлағы атом аралық қашықтығы йондану патенциалы олардың атомдық салмағына
немесе элементтердің периоттық системасындағы орнына период түрде
байланысты болады. Бұл – қатты металдардың қасиеттері ең алдымен олардың
жеке атом-дарының құрылысына байланысты болатынын көретеді.
Көптеген металдар балқыған күйде бір-бірімен араласады да, суытқанда құйма
түзейді. Екі немесе одан да көп металдардан немесе металдар мен
бейметалдардан тұратын жүйелерді құймалар дейді. Қазіргі кезде техникада
таза металдарға қарағанда құймалар көп қолданылады. Өйткені құймалармен
салыстырғанда көптеген техникалық бағалы қасиеттері бар. Металлдарға тән
электр және жылу өткізгіштік қасиет құймаларда сақталады, бірақ таза
металдарға қарағанда төмендеу болады. Құйманың балқу температураларынан
құрамына кіретін металдардың балқу температуралары төмен болады, ал
құйманың қаттылығы өзінің құрамына кіретін ең жұмсақ металдың қаттылығынан
жоғары болады. Балқыған күйдегі металдарды араластырудан алынған біртекті
массаны салқындатудан түскен қатты құйманың табиғаты оның құрамына кіретін
металдардың қасиеттеріне байланысты болады:
1. Балқыған күйдегі металдар сұйық күйде бір-бірінде ерігенмен қатты күйде
ерімейді және бір-бірімен әрекеттеспейді. Мұндай құймалар оның құрамына
кіретін металдардың жеке-жеке кристалдарынан тұрады.
2. Балқыған күйдегі бәр-бірінде жақсы еріген металдар қатты күйде бір-
бірінде еріген күйде болады. Мұндай құймалар олардың құрамына кіретін
металдардың кристалдық торлары жәнге атомдарпдың радиустары жақын болған
жағдайда түзеледі. Мұндай құйманы қатты ерітінділер дейді және оны
кристалдды торында екі металдың атомдары болады. Мұндай құймаларды немесе
қатты ерітінділерде металдар бір-бірінде шексіз ерітінді немесе белгілі-
бір мөлшерде ғана ериді.
3. Кейбір металрдарда балқытып араластырғанда және салқындатқанда бір-
бірімен әрекеттесіп химиялық қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстарды
формулалары (мыслаы Cu5Zn8) химиялық элементтердің кәдімгі
валенттіліктері туралы түсініктерге сәйкес келмейді және бұл қосылыстар
құрам тұрақтылық заңына бағынбайтын, құрамдары айнымалы болатын
бертолиттер де жатады. Мұндай қосылыстарды атомдық деп аталады, өйткені
олардағы элементтердің атомдар бір-бірімен кәдімгі валенттілік
байланыстары арқылы, яғни, коваленттілік немесе иондық байланыстар арқылы
қосылады. Мұндайц қосылыстарды бірінші ретті деп атайды. Бірінші ретті
қосылыстардың электронейтрал малекулаларының өзара әрекеттесуінен
түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғарғы ретті молекулалар
немесе комплексті қосылыстар деп атайды. Комплексті қосылыстарға жоғарғы
ретті немесе комплексті қосылыстар жатады. Кристалды да, ерітінділерде
құрамында комплекс ионы болатынын жоғарғы ретті қосылыстарды комплексті
қосылыстар деп атайды. Иондарға ыдырамайтын кейбір қосылыстар мысалы
(Pt(NH3)2Cl2) бұл анықтама қолданылмайды. Барлық комплексті қосылстарды
қамтитын толық анықтама беру үшін олардың химиялық байланысының түзілу
механизмін еске алу керек. Барлық комплексті қосылыстарда донорлы-
акцепторлы байланыс болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда комплексті
қосылыстар дегеніміз қүрамында бір немесе бірнеше донорлы-акцепторлы
байланыс болатын жоғарғы ретті қосылыстар.
Металдардың қолданысын зерттеу
Жер бетіндегі металдарды пайдалану осыдан 10 мыңға жуық жыл бұрын
басталған. Қазіргі кезде 80-ге жуық метал табылып зертте-леді. Қазір металл
тұрмыста да, шаруашы-лықта да кеңінен қолданылады. Балалардың ойыншығы
оқушыларға қажет құралдар сияқты ұсақ түйектер ден бас-тап, ғарыш
кемелеріне дейін металдан жасалынады. Метал-дар табиғатта көп
кездескендіктен де адамдар оларды күн-делікті тіршілігінде көп пайдаланған.
Металдар болмағанда афтоматика, телемеханика, элек-тронды және ядролық
техника, лазерлік техникада, радио локация, реактифтік авияция, телевизия,
т.б. алуан түрлі техникалардың дамуы қазіргі дәрежесіне жетпеген болар еді.
Сонымен, қазіргі тіршілігіметалдарды олданумен тығыз байланысты.Тіпті тірі
оргонизимдеең кем дегенде 10 метал-дың болатыны анықталған. Олар:
темір,мыс, магний, коба-льт, мырыш, марганец, молибден, натрий, калий, кал-
ций.бұларды тіршілік металы деп атайды. Олардың кейбі-реулері өте аз,
болмашы түрде ғана керек болуы мүмкүн, бірақ сәл жетпесе оргонизимге
қиындық туғызады, ауруға себептер болады.
Қазіргі кезде бізге жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металдардың сипаттамасы
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Төмен температуралар кезінде болаттардың механикалық қасиеттерінің өзгерісі жайлы
Табиғатта аз тараған, бірақ тіршілікте және техникада көп қолданылатын элементтер
Металдардың сипаттамасы жән жіктелуі
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
Сілтілік металдардың жалпы қасиеттері
Жалпы металлургия пәнінен дәрістер жинағы
Металдар жайлы
Пәндер