Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Құқықтық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері
ә) Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары
б) Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі
в) Құқық тәрбиесінің адамгершілік және халықтық тәрбиемен байланысы
г) «Ғасыр індеттері» атты сыныптан тыс сот сабағы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қолданылған әдебиеттер

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының мазмұны ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А.

1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика оқулығы ХІІ тарау.
Астана, 1998
2. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері
Астана, 1998
2. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Құқықтық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері
ә) Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары
б) Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі
в) Құқық тәрбиесінің адамгершілік және халықтық тәрбиемен байланысы
г) Ғасыр індеттері атты сыныптан тыс сот сабағы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
КІРІСПЕ
Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық
тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса
жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе,
оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату
процесімен байланысының мазмұны ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр
уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын
қоғамның әрбір өскелең жастарының сана сезімімен, күнделікті мінез –
құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте
құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде
жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда
А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің қандай да бір құқтық тәрбие болмасын,
егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына
негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса,
соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін,
тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құқылықтарына қалыптастырады деп осы
мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп
тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан – жақты
тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқу
– тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп,
оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
қажет. Себебі, мектеп- өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі
негізгі бір әлеуметтік мекеме.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін,
қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға
зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық
азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды
жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамассыз етеді.
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс- әрекеттері мен мінез-
құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға
сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек
ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы,
міндеті.
Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын
қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай
орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз
Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға
қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық
нормалар жайында жан – жақты білімдерді меңгерту.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық
ережелері құқықытық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда
оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы
қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғарғы
сыныптарға дейін оқу-тәрбие процесінің барлық құрылымында
түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады.
2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін
тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңдағы елімізді қайта
құру кезеңінде парламетте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру,
олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде
атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде
оқушылардың сана - сезімдерін және қоғам, заң алдындағы
жауапкершіліктерін тәрбиелеу.
3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң
талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға
тәрбиелеу. Демек, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті
өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс.
Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын қоғамдық меншік ретінде
көздің қарашағындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, халықтық
әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді
тәрбиелеу.
4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын
жан болу керек. Ата – заңның 14-бабында Заң мен сот алдында
жұрттың бәрі тең деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы
Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір- біріне қамқор
болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол
үшін құқықтық тәрбиенің міндеті –жас өспірімдердің азаматтық
белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр
түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
5. Жоғарыда аталған міндеттер (талаптар), біріншіден, мектеп
практикасында іске асырылған жағдайда ғана құқықтық тәрбие дұрыс
жолға қойылды деп атауға болады.
Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік
мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық
білім беру, олардың құқықтық сана – сезімін қалыптастыруда шынайы
ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың
мектепте оқитын шағы – адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі
кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және
шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру
қажет.
Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас
ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп
жүргізілуі керек.
Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана – сезіміне, әрекет-қылығына әсер
ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын
жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала
анықтап, белгілеп алу қажет.
Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық
тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп
жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе
жанамалап қатысы бар.

Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар
себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі.
Өйткені тұлғаның жеке басының жаман жақсы қасиеттерінің негізгісі
отбасынана қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең
алдымен өздерінің ата – аналары.
Жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да
мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының
өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен де ықпал жасайды.
А.С. Макаренко сөзімен айтқанда, тәлім-тәрбие кең түрде алғанда
әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиелейді. Дегенмен, адамдардың
үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата – аналар мен педагогтар бірінші
орынға шығады деген екен. Олай болса құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру
үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс
табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі
кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны
толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған
ортаның жағымды әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы
тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз
қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой –пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін
басты себептердің бірі болып табылады.
Атап айтсақ, солардың ішінде оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа
құмар болуы.
Балалардың ата қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі
ішімдіксіз өтпейді. Ал, жастардың қай –қайсысы болмасын ересектерге
еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды.
Ең қауіптісі сол-бала көргенін істеп, ішкілікке бой ұрады.
Ата – аналар және басқада ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде
жанжал, төбелес болғандыұтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай
жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері
ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы
жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына
әсерін тигізеді. Демек мұндай ата – аналар өз балаларын өнер-білімге,
еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Үшіншіден, ата – ананың немесе сол отбасындағы қайсібір мүшелерінің
ұнамсыз әрекеттері де баланың бұзылуына әсерін тигізеді.
Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз болып келеді. Олар ойланбай әрекет
жасауға, зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады. Баланың мұндай
жігерсіздігі мен еркінің бостығы, оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына
әсерін тигізеді.
Елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы
күнкөріс, тіршілік ету жағдайында өз ықпалын тигізеді. Ол өз алдына
отбасында қаржы тапшылығына әкеп соғады. Сондықтан да, отбасындағы
жетіспеушілік балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық жасап, кісі тонау
секілді қоғамға жат қылықтармен айналасуына әкеп соғады.
Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін қиын деген балалардың
барлығы бәрімізге аян. Қоғам, мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп қиын
балалардың тағдырына ерекше көңіл аударды. Соған қарамастан олардың саны
жылдан жылға азаймай келеді.
Қиын балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп
қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез
көрсету. әдетте мұндай оқушылар бір сыныпта екі жыл отырады. Көбінің
оқығысы келмейді. Себебі, оқуға ықыластары азайған, қоғамдық белсенділігі
төмендеген. Мұндай балалар өзінен басқа жолдастарын да қоғамдық тәртіпті
бұзуға немесе басқадай іспен айналысуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді.
Тіпті өз қатарларына жәгерсіз балаларды тартып әкету икемділіктері де басым
болады.
Оқушылардырдың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіз болуына
бір жағдайда мектеп те кінәлі. Оқушылардың отбасындағы жағдайын жете
білмегендіктен, оның жағымсыз әрекетіне қажетті тойтарыс бере алмайды. Оған
қосымша сол қиын деген балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде елеулі
кемшіліктер баршылық. Бола тұра, оларға жете көңіл бөлмейді. Олардың
жүретін ортасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, мүддесін зерттемейді. Сыныптан
және мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға тартпайды.
Мектепте де баланың жеке басын сыйламау, өктемшілік көрсете беру
баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары ақыл
айтумен, ұрысу, арожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен
сипатталады. Сондықтан да, отбасында мектепте жіберілген кемшіліктер
жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайларен ұштастырып, тәртібі нашар
немесе қиын балалардың одан әрі қоғамдық тәртіпті бұзуына түрткі болды.
Мектепте құқықтық насихат жұмыстарын жүргізудің кешенді жүйесінің
қамтамасыз етілмеуі, оқушылар Жарғысы мен мектеп ережелерінің өз
дәрежесінде орындалмауы секілді мәселелерде құқықтық тәрбие жұмыстарын
нәтижелі ұйымдастыруға кері ықпалын тигізеді.

Оқущыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін
бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор. Себебі, құқықтық сана –
қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың
санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдықпен
тәрбиешілікті нығайту – мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының негізгі бір
бағыты.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-ші сыныптан бастап, белгілі бір
жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі
аралығында жүргізу қажет. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге
дейін қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету
ортасымен қарым –қатынасын реттейді.
Тарихтан бізге мәлім Маңу Заңы және ХІІ кесте Заңы, Напалеон кодексі,
Тәуке ханның Жеті жарғысы т.с.с. құқық жайында жазылған жазба
ескерткіштердің болғаны. Яғни, қай қоғамды алмасақ та, оның өзіне тән құқық
қорғау ережелерінің болғаны.
Әсіресе, құқық туындап отырған күрделі мәселені шешуде моральдық
нормалардың дәрменсіздігі жағдайында адамдардың қарым – қатынасын реттеуге
көмектеседі, көптеген сұрақтарға жауап беріп, сол жағдайдан шығудың
жолдарын кқрсетеді. Сондықтан да оны білу, әрбір азаматтың парызы.
Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру
керек. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады:
1-4 сыныпта; 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан
сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың
құқықтық сана – сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі
сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс.
Тәрбиенің негізі мектептегі оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің
құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология
пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға,
қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ол Ата Заңның 38
бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және
табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті деп атап көрсетілген.
Тіл туралы ілімді алатын болсақ, оның өзінде де заңға байланысты
мәселелердің бар екенін байқаймыз. Заңға сәйкес халыққа білім берудің
негізгі принциптерінің бірі -әрбір баланың оқу тілін өз тілімен таңдауы.
Бұл ұлттық мәдениетті көркейтіп, халықтар достығын нығайтуға бағытталған
заңдық принцип.
Әдебиеттің де құқықтық тәрбие беруде маңызы аз емес.
Тікелей құқықтық тәрбие беру-арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер
арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер Мемлекет
пен құқық негіздері, Қоғам тану, Отбасы өмірінің этикасы мен
психологиясы.
Заң туралы мәліметтерді оқушылардың құқықты оқу факультативінде де алу
мүмкіндігі бар. Бұл факултатив негізінен оқушылардың жоғарғы сыныбтарында
ұйымдастырылып, олардың бұрын алған білімдерін толықтыруға септігін
тигізеді.
Мектептегі Құқық кабинеттерінің де атқарар қызметі ерекше. Осындай
кабинеттер құқық бұзушылықтың алдын алудың орталығына айналуы тиіс.
Кабинетте әртүрлі заңдар, оларды түсіндіруге арналған кітапшалар,
мақалалар, анықтамалар, көрмелер қойылуы қажет. Сонымен бірге құқықтық
жұмыстарға қатысты әртарапты жұмыстар да осында жүргізіледі.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың
да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің
жолдары мыналар:
1. Моральмен құқық мәселелеріне арналаған лекциялар, әңгімелер өткізу;
2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау
қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар
ұйымдастыру;
4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді
ұйымдастыру;
5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық
тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді
талқылау;
7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;
8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет,
бюллетень шығару;
9. Жас заңгер клубын ұйымдастыру;
10. Ай сайын құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың
бірыңғай күндерін жүргізу.
Бұл жұмыс 1986 жылы Қазақ ССР-і Оқу министрлігінің ұсынысы бойынша
барлық мектептерге енгізілген.
Құқықты насихаттау күндерін дайындап, жүргізгенде балалардың жас
ерекшеліктерін ескерген жөн және оны жеке немесе бірнеше сыныпта
топтастырып жүргіген ұтымдырақ.
Құқықтық тәрбие беру жүйесінде баспасөз және бұқаралық ақпарат
құралдарының тигізіп отырған ықпалы орасан зор. Мұндай ақпарат көздерінде
негізінен елімізде қандай заңдар қабылдануда және олардың ерекшеліктері
қандай, соны алып көрсету немесе оларға түсіндірме насихат жұмыстарын
жүргізу тиімді болмақ. Сол заңдар өмірде қалай орындалуда, сонымен қатар
заң бұзушылық көріністерін, себептерін түсіндіру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz