Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1 Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
ІІ. 2 Жеке тұлғаны жан.жақты дамыту міндеттері
ІІ. 3 Жеке тұлғаның жан.жақты үйлесімді дамуы . әлеуметтік.педагогикалық мәселе
ІІ. 4 Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу
ІІ. 5 Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқөан (Э.Роттердамский. Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бір тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды.

1. Әбенбаев С.Ш..Тәрбие теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2004
2. Қалиев С., Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева.Тәрбие хрестоматиясы –Алматы, 2001
3. Әбиев Ж.,С.Бабаев, А.Құдиярова.Педагогика -Алматы, 2004
4. Қоянбаев Ж.Б., Р.М.Қоянбаев. Педагогика –Алматы,2004
5. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика-Алматы, 2003
6. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С. Педагогика. Алматы: Қазақ универсиеті, 2006.
7. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика-Алматы, 2005
8. Мүтәлі Ә. Қазіргі педагогикадағы «тұлға» ұғымы //Бастауыш мектеп. 2007.- №1
9. Наурызбаева Р. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу. // Қазақстан мектебі. 2007. - № -2. 56-58 б.
10. Анохина Г.М. Личностно адаптированная система обучения // Педагогика. 2003.- №7
11. Жұмабаев М. Педагогика, Алматы: Рауан, 1993.

ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1 Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
ІІ. 2 Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері
ІІ. 3 Жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы -
әлеуметтік-педагогикалық мәселе
ІІ. 4 Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу
ІІ. 5 Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан тұлғаның
әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке
тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп
аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек
ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік
факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының
факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық
және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқөан
(Э.Роттердамский. Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов
т.б.).
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бір тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне
керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек
биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де
пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы
нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты
екі бағыт – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам
биологиялық тіршілік иенсі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол
әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен-жүйе немесе жай ғана Мен деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының ,
әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы
арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары
даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі
бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері, шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің
өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең
білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген
ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді.
Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір
тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін
жалпы мен жекеден тұрады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның
сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы. Бұл қозғалыс, өзгеріс
жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күщі болып келетін қарама-қайшылықтар
күресі арқылы жүзеге асады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым – қатынасына
байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туға нәресте де, ересек адам да, ақыл
–есі ауысқан жынды ды дара адам (индивид) болып саналады. Осын-дай
ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік
қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке
адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық
өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –қатынас жасайды. Осындай іс-
әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-
қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерек шеліктері оның іс-
әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-
әрекеті оның мінез-құқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын
байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет
түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді.
Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры , жан сарайы, психикасының
даралық ерекшіліктері сыртқа білініп тұрады.
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен
ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады.
Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам
бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін
білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді
басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар
жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін
құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып
жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның
әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де секереміз.
Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты
бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды.
Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай
тұлғалық қасиетері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке
адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам
бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа
сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі
ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы
даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты
теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа
бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда
айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға
негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін
табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор –
адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие
істерінің әсері.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие
ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік
қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар
педагогикалық мағынада тәрьие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтарды игеру үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педаогикалық процесін
ұйымдастыру.
І. Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп
тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген
ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің
және оқыл –ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде
пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшыл ойшылдарды терең
толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден жан-жақты дамыту
идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуіріне бастау алғанын байқаймыз.
Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе,
оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана
жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы
қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.
Аристотельдың көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі
тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде
гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан-
жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар
аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер
социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де
дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды.
Жан-жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық
педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар
да қолдады.
Маркстік философияның негізін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс
тұлғаның жан-жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл-ой тәрбиесімен дене
тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық
оқумен ұштастырады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып,
қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап,
қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына
әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің алшақтығы таптық
қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз
дәуірлерінде ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушлық, жолдастық пен
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекке адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге,
еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата
білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге
талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен
үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу,
сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-
ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді,
рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады...
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру
тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік
тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие
міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың
әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған
әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық та жағдайлар жасау қажет.
Ол үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
2. Оқу-тәрбие беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын үнемі
жақсартып отыру;
3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім
алу жолымен де жастардың білім алу үшін кең мүмікндіктер беру;
4. Мәдени-ағарту мекемелердің жүйесін құру: клубтар, мәдениет сарайлары,
кітапханалар, лекторийлар т.б. ұтымды ұйымдастыру;
5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене
тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау.
6. Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-жағдайын, материалдық ахуалын жақсарту;
7. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану. Аға
ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту;
8. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру, өздері қалаған
шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау, көрсетіп,
жағдайлар туғызу;
9. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының
міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз
етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара
қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне
сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін жоспарлау, оның мазмұны мен
әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін
қамтамасыз ету, яғни тәрбие қызметінің барлық буындарының бірлігін, өзара
байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы жұмыстарының
негізгі бір буыны болып есептелінеді.
Жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік-педагогикалық мәселе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің
тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе
бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы
бағытта педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын
қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім
беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіру, теориялық білімді
өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді.
Мұндағы мақсат - өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға
әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағынан дамыту, оның тек
жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, сонымен бірге
өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.
Қайта өрлеу дәуірінен бастау алған тәрбие мақсаты әрбір жеке тұлғаны
жан-жақты қалыптастырып, дамыту мәселесі кеңестік дәуірде үлкен маңызға ие
болғанымен де, күні бүгінге дейін өз шешімін толыққанды шеше алмады,
социализм бұл күрделі мәселені шешуде тек берік негіз қалады. Осы мәселе
елдің әлеуметтік – экономикалық саласының өрлеуімен тығыз болғандықтан,
әлеуметтік салада материалдық-техникалық базаның жеткіліксіз дамуы оған
бірден-бір негізгі дәлел болмақ. Сондықтан да бүгінгі демократияландыру
және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді
жетілдіру мәселесі үнемі әлеуметтік-педагогикалық мәселе боп қала бермек.
Педагогикада – тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік,
мәдениетшілдік, жүйелілік, кешенділік, ықпалдастық, біртұтастық,
этнопедагогикалық, антропологиялық секілді әдіснамалық принциптерінің
жүйесі қалыптасқан.
Тұлғалық – бағдарлық көзқарас адамның тұлға ретінде әлеуметтік,
әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол тұлғаны
тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.
Тұлғалық – бағдарлық көзқарас дегеніміз педагогикалық процесті
жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі
өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала
жайында терең білім, оның туғаннан өзіндік қасиеттері мен мүмкіншіліктері,
қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz