Түркия Республикасы
Түркия Республикасы – Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыш Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% -ы Қіші Азия (Анадолы) түбегін, 3% -ға жуықы Еуропа ендігін немесе оңтүстік шығыс Балқан түбегін ( Шығыс Фракия ) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және Грекиямен шектеседі. Жер аумағы 780,6 мың км², халқы 75,1 млн. адам (2004). Астанасы – Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халықтары, т.б. тұрады. Сондай-ақ 2-дүние жүзі соғыс жылдарындатұтқында болып, кейіннен батыс Еуропада қалып қойған, 1940 – 50жыл Шығыс Түркістанда Қытай коммунитеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970 – 80 жылдары Ауғаныстанындағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады (10 – 15 мың адам).
1. Еремеев Д.Е. «Этногенез турог» Москва – 1971;
2. Турецкая Республика, Москва – 1975;
3. Тюрко-язычный мир, Алматы – 1997 ж .
4. Тюркские народы, Алматы – 2004 ж .
2. Турецкая Республика, Москва – 1975;
3. Тюрко-язычный мир, Алматы – 1997 ж .
4. Тюркские народы, Алматы – 2004 ж .
Түркия Республикасы – Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыш Еуропа
жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% -ы Қіші Азия (Анадолы) түбегін,
3% -ға жуықы Еуропа ендігін немесе оңтүстік шығыс Балқан түбегін ( Шығыс
Фракия ) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен,
оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және
Грекиямен шектеседі. Жер аумағы 780,6 мың км², халқы 75,1 млн. адам (2004).
Астанасы – Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер,
арабтар, гректер, кавказ халықтары, т.б. тұрады. Сондай-ақ 2-дүние жүзі
соғыс жылдарындатұтқында болып, кейіннен батыс Еуропада қалып қойған, 1940
– 50жыл Шығыс Түркістанда Қытай коммунитеріне қарсы күресіп, Үндістан мен
Пәкістан арқылы келген және 1970 – 80 жылдары Ауғаныстанындағы соғыстан
бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады (10 – 15 мың адам).
Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. 1982
жылы қабылдаған соңғы конституциясы бойыншамемлект басшысы – президент. Оны
елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі 7 жылға
сайлайды. Президент премьер-министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс
депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан.
Премьер-министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған партия арасынан ұсынылады
және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі –
түркі тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы. Әкімшілік жағынан 67 ильге
бөлінген.
Табиғаты. Түркия – Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы
ел. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы
шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 км-ге, солтүстіктен
оңтүстікке 500-600 км-ге, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км-ге
созылған. Жері негізінен таулы-үстіртті. Солтүстіктен Понтий таулары,
оңтүстіктен Тавр тау жүйелері, шығыстан Солтүстік Тавр жоталары, ішкі
бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әр түрлі климат белдеулерінде
орналасқан. Тауларында мәңгі қар жатады. Пайдалы қазбалардан хромит, борат,
боксит, вольфрам, сынап, сүрме, мыс, мұнай, марганец, темір, қорғасын,
мырыш, қоңыр көмір, магнезит, барит, асбест, күкірт, фосфат, тас тұзы
өндіріледі. Жан-жануарлар дүниесі дала және таулы орманды жерлерді
мекендеушілерге бөлінеді. Түркияны қоршап жатқан теңіз бассейндері барлық
түрлеріне бай.
Тарихы. Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі
халықтар: хеттер, фракиялықтар, лидиялықтар, галаттар, ассириялықтар
гректер, армяндар, т.б. бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі
заманда және ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекет
бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның, Ахемен әулетінің, Александр
Македонский державасының, Селевки әулетінің, Пергамның, Рим империясының,
Византияның, т.б. құрамында болды. Б.з.б. 3 ғасырда басталған халықтардың
ұлы қоныс аудару кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ-скифтер, сарматтар,
ғұндар, аланда, т.б. келе бастады. 750 жылы Бағдад халифатын құрған Аббас
әулеті Орта Азия түріктерін әскерге көптеп тарта бастады. Ол әскерлер өз
отбасыларымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы түрік тайпалары Түркия жеріне 2
бағыттан: 1) Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы; 2) Балқан түбегіне
Шығыс Европа арқылы келді. 11 ғасырдың ақырында қыпшақтардан ығысқан
түрікмен және оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулетінің басшылығымен өз
мемлекетін құрды. 12 ғасырда түрік-салжұқтар Византиядан Кіші Азияны
біржолата тартып алды. 1243 жылы Кіші Азия түркі-моңғолдар бағындырды. 13
ғасырдың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. 14
ғасырдың 20-30 жылдары Кіші Азияның солтүстік – батысында дербес иеліктерді
бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атымен Осман сұлтандғы
қалыптасты. 14 ғасырдың 2-жартысында осман түріктер Шығыс Фракияны,
Болгарияны, македонияны бағындырды. 15 ғасырдың бас кезінде Әмір Темірден
күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейген түрік-османдар 1453 ж
Византияның орталығы - Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен
өз астанасына айналдырды. 1450 – 70 ж Сербияны, Боснияны, Аттиканы,
Трапезунд империясын, Қырым хандығын, Валахия менАлбанияны өзіне қаратты.
1514 – 17 ж Осман сұлтандығы Месопотамияны, Сирия, Палестина, Египет,
Хиджиз, 1519 ж Алжирдің біршама бөлігін бағындырды. 16 ғасырда да қуатты
Осман флоты бүкіл Жерорта теңізінің бассейндерін бақылап тұрды. 1540 – 50 ж
Эгей теңізіндегі аралдар, Триполия, Алжир толығымен Осман сұлтандығының
қарауына өтті. Сүлеймен сұлтан билеген кезде мемлекет өзінің шарықтау
шегіне жетті. Осы кезде ол Еуропа, Азия және Африка құрлықтарындағы
ұланғайыр аумақты иеленген еді. Осыншама Үлкен аумақты иелену мемелекетттің
күшін сарқыды. Дегенмен, Осман сұлтандығы өзінің шекарасын әлі де жүз жыл
бойы сақтап тұрды. Бірақ 1683ж Вена түбінде поляк әскерлерінен жеңілген
түрік армиясы еңсесңн көтере алмады. 1684ж ұйымдасқан қасиетті лига
түріктердің билік кеңістігін тарылта бастады. Осман сұлтандығының толықтай
күйреп құлау қаупі билік басындағыларды тиімді реформалар жүргізуге мәжбүр
етті. 1789 – 1807ж Махмұт ІІ сұлтан тұсында ғана жаңа әскер құрылып, қаржы,
құқық, мәдениет саласында прогрестік шаралар жүзеге асты. Бірақ реформалар
Осман сұлтандығын ыдыраудан құтқара алмады. Арабияның едәуір бөлігі Египет
иелігіне көшті. Сербия мен Грекия тәуелсіздік алып, Ресейдің шекарасы
Прутқа дейін кеңейтілді. Елдің Еуропа Капиталына экономикалық тәуелділігі
күшейді. Осындай жағдайда 1839ж жаңадан реформалар жүргізіліп, ол Түркия
тарихында танзимат дген атпен елдің қоғамдық-саяси тұрмысына ішінара
өзгерістер енгізді. Сот ісі жолға қойылды, түрік интеллегенциясының
қалыптасуына, танзимат әдебиетінің пайда болуына жағдай жасалды. Бірақ жаңа
реформаның табысты жүруіне елдің сыртқы және ішкі саясатында қалыптасқан
ахуал кедергі болды. 19 ғасырдың соңында жас түріктер саяси күрес аренасына
шықты. Негізінен офицерлер қауымына сүйенген жас түріктер 1908ж қарулы
көтеріліс ұйымдастырып, Абдулхамид ІІ сұлтанды парламент шақыруға мәжбүр
етті. Бірақ жас түріктердің бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның
одақтасы ретінде қатысуы олардың бүкіл қызметін жоқа шығарды. 1918 жылдың
басында ағылшындар Палестина, француздар Македония майданында түрік
армиясын жеңді. Іс жүзінде бұл Осман сұлтандығының ақырғы күндері болды. Ел
астанасы Стамбұл мен одақтастар әскері басып алған басқа да аймақтар
Антанта елдерінің уысына түсті. Мудрос уақытша бітіміне қол қойылғаннан
кейін Антантаның соғыс флоты Қар теңізге кіріп, Мосул, Киликия, Анадолы,
Измир жері басқыншылардың табанында қалды. Елде ұлт-азаттық қозғалыс
күшейді. Түрік зиялылары, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі
мен тұтастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды түрік ұлтшылы Мұстафа
Кемал Ататүрік басқарды. 1920ж 23 сәуірде Анкараға шақырылған Түркияның ұлы
ұлттық мәжілісі өзін елдегі бірден-бір заңды өкімет органы ретінде
жариялап, 1921-22ж шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті.
1923ж 29 қазанда Түркия Республика болып жарияланды. 1924-1934 ж елдің
экономикалық-әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды,
шетел концессиялары түгел дерлік жойылып, ұлттық банктер құрылды, порт
құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс
басталған кезде Түркия алғашында ағылшын-француз блгына қосылып, 1940 ж
Франция тізе бүккеннен кейін гитлершіл Германиямен жақындаса бастады.
Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Ұлыбританиямен одағын сақтай
отырып, өзін бейтарап ел ретінде жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін АҚШ-пен жақындасып, 1952 жылы НАТО-ға мүше болды. Халықтың тұрмыс
деңгейі нашарлап, елде бейберекетсіздік орын алуына байланысты 1960 жылы
әскери төңкеріс іске асты. Бірақ1960-1970 жылы халық тұрмысы көтерілмеді.
1980 жылы болған кезекті әскери төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа
конституция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980 –
90 ж ел жедел дами бастады. 1987 жылдан Түркия Еуроодаққа мүше болуға
тырысқанмен, әр түрлі себептерменбұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991
жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі
мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатты.
Экономикасы. Түркия – аграрлы-индустриялы ел. Түркия азық-түлік
өнімдерін өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі.
Егіншілік – ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік
алып жатыр. Оның 88%-ына дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%-ына
техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр) егіледі.
4,2%-ын бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауында
негізінен жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер, алма, өрік, т.б. ал
Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігінде шай өсіріледі. Мал шаруашылығы да
жақсы дамыған. Түркия ангор ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа шығаратын
жетекші ел. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласы жібек тұтын өсіру сақталған.
Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерліктер көп: жылына шамамен
180 мың тонна теңіз балығы ауланады. Ел аумағының шамамен 25%-ын орман-
тоғай алып жатыр. Түркия өнеркәсібінің тарихы 19 ғасырдыңсоңынан басталады.
1927 – 1950 ж жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20%-ға артты.
1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемелекеттік секторға
басшылық жасауды өз қолына алды. 1980 жылы экономика мен өнеркәсіптегі
тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзәрлендә. Бұл
бағдарлама елдің экономикасын әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттаған
жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып ,
импортты ырықтандырды және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды.
Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылық өндірісін қысқарту есебінен
ұлғайды. Соған орай осы кезеңдегі өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта
түсті. 1990-94 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі
жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезде
Түркия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші
салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарлаған даму
стратегиясын ұстануда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен
кіріс кіргізіп отыр. Түркия үкіметі Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел
экономикасын еуро стандартқа жақындату мақсатында көптеген жұмыстар
жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕО елдері, Иран, Ирак, АҚШ, ТМД
елдері. Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін
мойындаған ел. Түріктер алғашқылардың бірі болып Қазақстан эклнлмикасына
инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда түрік компаниялары әр түрлі салаларда
жұмыс жасайды. Екі ел арасында тығыз саяси, экономикалық, мәдени
байланыстар орныққан. Қазақстанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті бар, көптеген түрік лицейлері жұмыс істейді.
Мәдениеті. Түрік әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнда ежелгі
фольклордан бастау алады. Түркі дәстүрлі әдебиетінде Оғызнаме, Китаби
дәдәм Қорқуд эпостық шығармалары мен Көроғлы дастаны ерекше аталады.
Романтикалық хикая - әңгімелер, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, күлдіргі, т.б.
ертегілер, мысалдар, рәуіштер (соның ішінде Қожанасыр әңгімелері), мақал-
мәтелдер, жұмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде манп, түрік қошма
(гошма), тәшлама сияқты өлең түрлері бар. Кейін түріктер ислам дінін,
мәдениетін қабылдаған соң араб тілі, діни және ғылыми-танымдық, ал парсы
тілі сарай әдебиетінің тілі болды. Жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері:
(аруз, маснауи, қасида, ғазаал) 13 ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар
сопылық сарында жазылды. Олардың қатарына Ахмед Факихтың Тағдыр кітабы,
Шеид Хамзаның Жүсіп-Зылиқа поэмасы, Сұлтан Уелет пен Дәруіш Жүніс
Әміренің сопылық өлеңдері, Ашик-пашаның Қуғындаушының кітабы атты
марснауи-поэмасы жатады. 15-17 ғасырлар Түркі поэзиясының тарихындағы
классикалық дәуір болды. Сарай ақындары Ахмед паша, Месихи, Мехри Хатун,
Махмұд Бақи өз дәуірін жырлады. 17 ғасырдың басында түркі әдебиетінде
сатиралық- дидактикалық жаңа жанр пайда болды. Сықақшы Омер Нефидің
өлеңдері, Жүсіп Нәбидің Хайрие маснауиі, Аелледдин Сәбиттің Ғарыштау
поэмасы қоғамдағы кереғар нышандарды сынады. 18 ғасырда сопылық поэзия
өркен жайып, әдебиетте жаңа жанрлар (драма, новелла, роман) шыға бастады.
Әсіресе, Ибраһим Шинасидің (1826-71), Намық Кемалдың (1840-78), Шәмсеттин
Смидің (1850-1904), Ахмед Мидхаттың (1844-1913) туындалары тек түр-пішін
жағынан емес мазмұндақ тұрғыдан да жаңалық алып келді. 19 ғасырдың екінші
жартысында Абдулла Хамит Тархан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz