Естің түрлері



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Естің түрлері
2. Естің сапалары
3. Естің түрлері
4. Ес процестері
5. Ұмыту және оның түрлері
6. Ұмытшақтыққа қарсы күрес

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ес - ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір формасы. Сыртқы дүниенің әсері арқылы мида бұрын пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста сақталып тұрады.
Ес деп бұрын тәжірибеде қабылданған мида қалдыратын, керегінде жаңғыртатын, оларды кейіннен танып, еске түсіртуге мүмкіндік беретін психикалық функцияны айтады. Бұл үшін әсер етуші заттар мен нәрселердің бейнелері біздің басымызда сақталып отыруы тиіс. Сондай-ақ олар өздігінен не болмаса еске түсіріп немесе оларды қайталап танитын боламыз... Егер адамда ес болмаса, дүниедегі барлық заттар мен болмыстар бізге әрқашанда жаңа, соны, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта көрмеген, естімеген, қабылдамаған, сезбеген құбылыс болып табылар еді.
1. Қ.Жарықбаев «Психология» Алматы 1994ж.
2. Т.Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993ж.
3. Б.М.Теплов «Психология» Орта мектепке арналған оқулық . Алматы 1953ж.
4. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Оқу құралы. Ал-маты, «Қазақ университеті», 1993, 167-бет.
5. Б. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арналған оқулық. Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 79-бет.
6. Б. М. Теплов.. Психология. Орта мектепке арнал-ған оқулық. Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 123-124-беттер.
7. Қ. Жарықбаев.. Психология. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994, 130-бет.
8. Жалпы психология. В. В. Богословскийдің редак-циясымен. Алматы, «Мектеп», 1980, 211-212-бет-тер.
9. Б. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арнал-ған оқулық. Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 81-82-беттер.
10. В. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арна-лған оқулық. Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 72-73-беттер.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Естің түрлері
2. Естің сапалары
3. Естің түрлері
4. Ес процестері
5. Ұмыту және оның түрлері
6. Ұмытшақтыққа қарсы күрес

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ес - ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы
бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде
сәулелендірудің бір формасы. Сыртқы дүниенің әсері арқылы мида бұрын
пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста
сақталып тұрады.
Ес деп бұрын тәжірибеде қабылданған мида қалдыратын, керегінде
жаңғыртатын, оларды кейіннен танып, еске түсіртуге мүмкіндік беретін
психикалық функцияны айтады. Бұл үшін әсер етуші заттар мен нәрселердің
бейнелері біздің басымызда сақталып отыруы тиіс. Сондай-ақ олар өздігінен
не болмаса еске түсіріп немесе оларды қайталап танитын боламыз... Егер
адамда ес болмаса, дүниедегі барлық заттар мен болмыстар бізге әрқашанда
жаңа, соны, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта көрмеген,
естімеген, қабылдамаған, сезбеген құбылыс болып табылар еді. Мұнсыз ол өмір
бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай, тіпті қоғамның,
ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму
прогресі де болмас еді.
Генетикалық және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар
кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің
биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше
назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек,
жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың
кешендеріне есте сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте
қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының ролі
туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан
өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай бір жақты,
сендіретіндей жауаптар өзірше алынған емес. Сондықтан да, жоғарыдағы
айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған
байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны
басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып
табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінді
естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық,
физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға
болады.
Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан
басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.

1. Естің түрлері

Бейнелі есі күшті дамыған адамдарға сурет мамандарының өмірбаянынан көп
мысалдар келтіруге болады. Орыстың белгілі суретшісі Н.Н.Ге
өзінің Петр I Петергофта патшазада Алексейді тергеуі деген суретінде
(Москвадағы мемлекеттік Третьяков Галлереясында сақталады) Петергоф
сарайының бір бөлмесін салған. Петр I мен Алексей деген суреттің тұтас
көрінісін есіме түсіріп, үйіме келтірдім, бөлмедегі камин-карниздер,
голландиялық мектегі үлгісінде салынған төрт сурет, отырғыштар, еден,
шамның жарығының түсуі есімде қалды. Бөлмеде мен бір-ақ рет болдым, әдейі
бір ғана барған себебім бөлменің қалдырған әсерін бұзбау болды, - деп
жазды.
Бейнелік есі тамаша дамыған адамдар жөнінде мысалға музыка мамандарының
өмірбаянын аламыз. Өзімен замандас оны жақсы білетін адамдар, орыс
композиторы Балакиревтің музыкалық есін ғажап таңқаларлық, тамаша еді
деп сипаттайды. Концертте отырғанында Чайковскийдің бір симфониялық
(оркестрлік) шығармасын бір рет естіді. Екі жылдан кейін Чайковскиймен
кездескенінде, дәл есіне түсіріп осыны ойнап береді; бұл уақыттың ішінде
Чайковский өзінің шығармасының көбін ұмытқан да болар. Рахманиновтың да
музыкалық есі таңқаларлық болған. Бір күні Рахманиновтың оқытушысы Танеевке
өзінің жаңа жазған, әлі ешкімге белгісіз симфониясын ойнап көрсетуге
композитор Глазунов келеді. Әзілді сүюші Танеев, Глазунов келмей тұрып,
бөлменің бір жеріне сол кезде консерватория оқушысы Рахманиновты әдейі
жасырып отырғызып қояды. Глазунов ойнап болған соң, Танеев жас студент
Рахманиновты шақырып фортепиянода ойнатады. Ол Глазунов ойнаған симфонияны
ойнап береді. Шығараманың авторы өз қолжазбасын ешкімге бұрын бермеген,
көрсетпеген, сондықтан жас музыкант қалай ойнай алғанына қатты ғажаптанады.
Эмоциялық ес сезімді есте қалдырып, оны қайта жаңғырту түрінде сыртқа
шығады.
Өткен өмірімізде кездескен уақиғаны есімізге түсіргенде, біз тек
адамдарды, уақиғаның болған жерін, сондағы айтылған сөздерді, ол сөздердің
бізде туғызған ойларын жаңғыртып ғана қоймай, кейде солармен қабат, мұңдай
еске түсірулерде біздің бұрын бастан кешірген сезімдеріміз де оянады.
Егерде өткен өміріміздегі бір қуанышты оқиғамен байланысты, қазіргі кезде
бізге талғаусыз адамды кездестірсек, күні бойы қуанышты көңілде болуымыз
мүмкін. Бір кезде қорыққанымыз есімізге түссе, өңіміз қашады немесе бір
кезде қатты ұялу сезімін туғызған оғаш бір іс істегеніміз айтылса,
қызарамыз.
Орыстың ұлы артисі және режиссері К.С.Станиславский өзнің Актердің өз
бетімен жұмыс істеуі деген кітабында былай деп жазған: Егер сіз бастан
кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып және қызаратын болсаңыз, сіз
ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз —
сізде сезіну есі немесе эмоциялық естің болғаны.
А.И.Герцен өзінің Өткендер мен ойлар деп аталатын әйгілі кітабының
бірінші бөліміне эпиграф есебінде Н. Огаревтің мынадай өлеңінің бір шумағын
алған:
Есімізге түсіріп, кей кездері
Бұрынғы сүрлеуменен жүрген кезде,
Қайтадан өткен күндер сезімдері
Ойымда жанданады бері; бірге,
Қайғы да, қуаныш та еткендегі
Қобалжуын сол кездің біледі...
Эмоциялық ес – адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты. Кімде-кім
ардақты істерге себепші болған қуаныш және қанағаттану сезімдерін, сол
сияқты жаман қылықтан туған ұялу сезімін мүлдем ұмытып кетсе, ондай адамның
жаңа ардақты істерді орындауға талаптануы және жаман істерден өзін
аулақтауы әлсіреген болар еді.
Эмоциядық естің тағы бір маңызы - ол адамның эмоциялық өмірін
түрлеңдіріп, байытады: адамның тек қазіргі өмірі ғана сезімнің бұлағы болып
қоймай, өткен өмірі де сезім бұлағы болады.
Қозғалыс есі еңбек әрекетіне байланысты - туып отыратын қимыл-
қозғалыстарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту... Естің осы түрі қозғалыс
дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет
жүргізу, турникке ойнау т. б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. Әріп
таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының
қозғалыстарын есінде сақтайды.
Бұл оқылған немесе естілген ойды есте сақтап; кейін қайта жаңғырту...
Бұл формулаларды, сөзбе-сөз анықтамаларды есте сақтау... Кейде ой есте
басқа сөз өрнектерімен сақталуы мүмкін, онда ол адамның өз сөзімен
жаңғыртылады. Әдетте, оқылған текст осылайша сақталады. Сөзбе-сөз немесе
өзгертіп есте сақтау адамның алдына қойған міндетіне, сол сияқты оңың
қалыптасқан жаттау тәсіліне байланысты болады.

2. Естің сапалары

Адамның есін жай ғана жаман, жақсы деп сипаттауға болмайды, өйткені
түрлі объектіні есте қалдыру түрліше болуы мүмкін. Енді бұл мәселені тағы
да тереңдете түсейік. Тіпті белгілі бір объект жөнінде де адамның есін
жақсы немесе жаман деп қана айтуға болмайды. Бір жағынан алғанда ес жақсы
болса, екінші жағынан жаман да болуы мүмкін. Кейбір адамның есінің, мысалы,
бірер тарихи фактыны берік есінде сақтай алғанымен дәлдігі жеткіліксіз
болады.
Адамның есін сипаттауда оның жеке сапаларын айыра білу керек. Оның
басты түрлері мыналар:
1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір материалды есінде қалдыру үшін
ұзақ және ынталы түрде жұмыс істеуі керек болса, басқа біреу оп-оңай есінде
қалдыра алады. Естің бұл текті сапасы айрықша көзге түскендіктен, мұны есте
қалдырудың тездігіне қарай бағалайтын адамдар көп кездеседі. Мұндай пікірге
қосылуға болмайды. Тез есте қалдырудың тек өзін алсақ, оның шешуші маңызы
аз; естің басқа сапалық жақтарымен қосылса ғана, оның ролі арта
бастайды.
2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бірер нәрсені жатқа біліп алса, ұзақ
уақыт ұмытпайды; басқа біреу тез ұмытады (қысқа ес). Адамдардың бұл
жөніндегі айырмашылығы да есте қалдырудың тездігі жөніндегі
айырмашылықтардан аз емес.
Естің осы екі сапа жақтары арасында түрліше өзара байланыстар болуы
мүмкін. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда тез жаттап алу жаттағанды
берік ойда сақтаумен тығыз байланысты: кім тез еске түсірсе, ұмытпай жақсы
сақтайды. Бірақ бұған қарсы, кейбіреулер тез жаттап алғанымен, тез ұмытып
қалады, ал кейбіреулер баяу жаттап, бірақ ұзақ есінде сақтайды.
3. Естің дәлдігі. Бұл - ештеңе қалдырмай, бұрмаламай, өздігінен қоспай
сақтау. Дәлдік – естің ерекше көңіл бөлетін бір сапасы.
Өмірдің қандай саласында болса да еске түсіріп жаңғыртудың маңызын
аңғарып байқасақ, адам өз есінің дәлдігін арттыру қандайлық қажет екендігін
әбден сеземіз. Оның негізгі жолы - әркім өзінің еске түсіруіне сыншылдық
көзқарасын тәрбиелеу. Есімдегі дұрыс фактыларды оған ұқсас көрінетін
фактылардан, көрген-білгенімді дәлме-дәл еске түсіруден өзімнің шамалап
жорамалдауымды, қосындыларымды айыра білуім керек.
Дәл қайталап жаңғырта алмаған жағдайда естің барлық басқа сапаларының
бағасы шамалы болып қалады.
4. Естің даярлығы. Бұлай деп адам өз есінің қорынан кезінде керегін
тауып ала білуді айтады. Кейбіреулер көп нәрсені біледі, бірақ өмір жүзінде
кездескен нәрсені тез ойлап шеше алмайды. Мұндай адамды білімі ұшан теңіз,
бірақ жұмсай алмайды деп сипаттайды. Есінде даярлық болмайынша адамның
ақылында тапқырлық та кездеспейді.
Мамандықтардың кейбір түрлері үшін тапқырлық өзінің білім қорынан керек
материалды тез тауып ала білудің шешуші маңызы бар. Мысалы, бұған әскер
басшысының, дәрігердің, мұғалімнің және т. б. жұмысы жатады.
Естің даярлығы, біріншіден әдейілеп еске түсірумен, екіншіден білімнің
жүйелі болуымен байланысты. Егер естің қорында қатаң жүйелілік пен
реттілік сақталса ғана керек материалды оңай тауып алуға болады.
Есінің даярлығы өте күшті ірі әскер, басшылары - білім қазнасының
тәртіпті сақталуының қажеттілігін баса көрсеткен. Ес - ақылдың
қоймасы. Бірақ бұл қойманың бөлшектері көп, сондықтан нені болса да
тезірек өз орнына салу керек (А. Суворов).

3. Естің түрлері

Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес
төртке белінеді. Олар: козғалыс, образдық, сөз-логикаяық және эмоциялық
естер.
Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып
отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды
айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу,
оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т.б.)
қалыптастырудың негізі болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларын жаңадан
үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.
Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда,
қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен
архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті
болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде
ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін кез алдына жақсы келтіре алады. Мәселен,
француздың белгілі карикатурашысы
Гаварни бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол
көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасыңдағы жолдасына: Қарашы, мынау адам
есіңізде ме? деп сұрайды екен. Танысы: Жоқ, білмеймін десе, Қалай
білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ па едік?
— дейді екен.
Адам ойының түрлі формаларын, (ұғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра
алу қабілеті сөз-логикалы, ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау — ойлау
жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде
жиі кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен
тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға
қиынға соғады.
Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас
кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған
нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа
байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәселен, біздің әрқайсымыз
Ұлы Отан соғысының жеңісін ойлаған күн — 9 Мамырды немесе Ю.А.Гагариннің
космосқа бірінші жол салған күні — 12 сәуірді, жыл сайын мерекеленетін
Наурыз тойын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні — 16
желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз. Адам сондай-ақ бір нәрседен қатты
қорықса да, тентектік жасап, өзін ұялтқан күнді басынан кешірсе, мұндайды
еш уақыт ұмытпайды.
Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы
қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте
қалдыруда басыңқы рөл атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны,
ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түрі
болып табылады.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де
болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, адамның магериалды қанша мерзімге
сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екіге
бөлінеді. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға
байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы тексті
көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер,
сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып
табылады.

4. Ес процестері

Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
А. Есте қалдыру
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте
қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі
көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекеті, сөзі т.б.) сол
әрекеттің ағымына карай есте қалып отырады. Ал (арнайы ырықты) есте қалдыру
арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.
Қандай объектіні болмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі
шарттарды орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын
жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын,
анық мақсат қою керек. Мәселен, оқушыларға бір әңгіме айтып, оны үш-төрт
күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін
қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме
айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы
сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің арасындағы
айырма: соңғыда материалды есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал
бірінші жағдайда мұндай анық мақсат қойылмаған еді.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын, бір
қажетіме керек болар деп оқитын болса; оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
Оқылатын шығарманы жоспарлай алу — есте қалдыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы
Ес туралы ақпарат
Ес туралы жалпы ақпарат
Естің физиологиялық теориясы
Ес процесін дамытуда ес түрлерінің маңызы
Ес жайындағы теориялар
Зерттеудің теориялық мәні
Естің жалпы сипаты
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Ес дамытудың тәсілдері мен шаралары
Пәндер