Ақша ілімінің эволюциясы



Жалпы ақша сөзімен бізде қандай ойлар пайда болады?
Әрине, өмірімізді неғұрлым жақсы, қолайлы ету үшін барлық жағдайлар, яғни қазіргі заманға сай күнделікті тұрмысқа керекті заттар:мысалға үлкен үй, жақсы машина, жоғарғы оқу орындарында білім алу т.б
Ақша болса қажеттіліктің бәріне қол жеткізе аламыз. Тіпті денсаулық проблемасын да медицинаның ең жаңа, озық технологиясы арқылы шешуге болады. Ол да ақшаға байланысты. Өйткені қазіргі қоғамдағы мәселенің барлығын ақша шешеді деп ойлаймыз.
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол - жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады Ақша барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің келісімдерінен туындаған өнім емес, сол сияқты заңдар актісінің нәтижесі де емес. Ақша — халықтардың ойлап тапқан жаңалығы емес. Себебі ақша — адами шаруашылықтың табиғи өнімі, бір халықтың өзіңде әр түрлі уақытта және әр түрлі халықтарда бір уақытта әр түрлі игіліктер айналымда айрықша маңызға ие болады. Ақша әр халықтардың әр экономикалық жағдайының бір уақыттағы, бір халықтың әр мезгіл кезеңіндегі табиғи өнімі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Г.С. Сейіткасыиов «Ақша. Несие. Банкттер» -Алматы: Экономика, 2001
2. // Личные деньги №2, май, 2006, 16-19
3. // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек, 2006
4. // Банки Казахстана №9, 2005, 18-22б
5. // Мир Internet / №4, 2001, 16-24б
6. // Наука и жизнь №10, 1994

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Ақша ілімінің эволюциясы
Жалпы ақша сөзімен бізде қандай ойлар пайда болады?
Әрине, өмірімізді неғұрлым жақсы, қолайлы ету үшін барлық
жағдайлар, яғни қазіргі заманға сай күнделікті тұрмысқа керекті
заттар:мысалға үлкен үй, жақсы машина, жоғарғы оқу орындарында білім алу
т.б
Ақша болса қажеттіліктің бәріне қол жеткізе аламыз. Тіпті денсаулық
проблемасын да медицинаның ең жаңа, озық технологиясы арқылы шешуге болады.
Ол да ақшаға байланысты. Өйткені қазіргі қоғамдағы мәселенің барлығын ақша
шешеді деп ойлаймыз.
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны
куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол - жалпылама
эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын
ақшамен көрсетеді.
Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ
мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады Ақша барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің келісімдерінен туындаған өнім емес, сол сияқты
заңдар актісінің нәтижесі де емес. Ақша — халықтардың ойлап тапқан жаңалығы
емес. Себебі ақша — адами шаруашылықтың табиғи өнімі, бір халықтың өзіңде
әр түрлі уақытта және әр түрлі халықтарда бір уақытта әр түрлі игіліктер
айналымда айрықша маңызға ие болады. Ақша әр халықтардың әр экономикалық
жағдайының бір уақыттағы, бір халықтың әр мезгіл кезеңіндегі табиғи өнімі.

Жалпы ақшаға қатысты категорияларға мыналарды жатқызамыз:

Сонымен қатар ақша 5 түрлі қызмет атқарады:

1. құн өлшемі
2. айналым құралы
3. төлем құралы
4. қазына жинау немесе қорлану
5. дүниежүзілік ақша қызметі
Ақша жүйесі дегеніміз- бұл әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет
заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны.

Ақша жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:
АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Елдегі бірлік ретінде қабылдаған ақша
мөлшері

Ақша бірлігі

Баға
ауқымы
Елде ақша бірлігі және оның құрылымдық
бөлігі болып саналатын ақша металының
салмақ мөлшері

Ақша мен бағалы қағаздарды шығаратын
мекемелер

Эмиссиялық
жүйе

Ақша түрлері
Тауарлы (алтын),қағаз,несие ақша,тиын

Ақша
жүйесінің
институттары
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік және
мемлекеттік емес мекемелер

Сонымен ақша дегеніміз не?
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы жэне мәні туралы ортақ пікір жоқ.
Бұл сұраққа әр түрлі пікірлер айтылған. Солардың ішінде мен мына
ғалымдардың ойларына қосыламын:
П.Самуэльсон : Ақша –бұл әлеуметтік шарттылық.
Аристотель: Ақша белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім
нәтижесі.
Экономикалық мектеп өкілдері: Ақша – мемлекет бекіткен тауарды
айырбастауға қажетті құрал.
К. Маркс және Ф. Энгельс: Ақша – зат емес, ол- қоғамдық қатынас.
Адам Смит: Ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек,
айырбас және сауда құралы.
Кнап: Ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы.
Иә, расында АҚША – бұл әлеуметтік шарттылық, қоғамдық қатынас,
мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал, төлем құралы.
Ал осы өміріміздегі маңызды құралдың даму тарихы, эволюциясы туралы
не білеміз? Оның қашан, қалай, қайдан шыққанын біріміз білсек, біріміз біле
бермейміз. Сонымен, ақша ежелгі заманның өзінде-ақ пайда болып, кең
қолданысқа айналған. К.Маркс айтқандай : Ақшаның пайда болуын түсіндіру
үшін, тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз
салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай
түріне дейін қарау керек.
Ең алғашқы ақша формасы тауар түрінде болған. Ол айырбас негізінде
дүниеге келді. Біртіндеп жалпы құндылық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Іс жүзінде ақшаның формасы
дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді.
Алғашқы ақша эквиваленті ретінде құнның әр түрлі формалары болған.

Тері
Мал

Алғашқы ақша Аң-құс
жүндері
Эквивалеттерінің Бақалшақтар
Формалары Тұз
Құлдар
Шай т.б

Яғни, әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартты.
Содан соң ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін адамзат
металл ақша айналысына қол жеткізді. Ежелгі Спарта, Жапонияда, Африкада
темір, мырыш, қорғасын, мыс , күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар- біркелкі, төзімді,
ұсақталынады және т.с.с.
Б.з.д. ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады.
Осындай себептерге байланысты көптеген ақша бірліктері: фунт стерлинг, ливр
( жарты фунт), марка ( жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады.
Алайда металдар арасында басты ролль алтын мен күміске өте бастады. Қазіргі
кезде жалпы эквивалент ролін алтын атқарады. Алтын жалпыға бірдей
эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды,
тот баспайды, тек қана "патша арағында" (23 тұзды және 13 азот
қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша
дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының
өте жоғары болуына әкеліп соқтырады
Металл ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте- бірте
монеталар пайда бола бастады.
Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген
металдан жасалған ақша белгісі.Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы
соңғы кезеңді сипаттайды.
ХҮІІ ғасыр алдындағы капиталистік тауарлы өндірістің дамуымен қағаз
ақшаның қолданылуы өріс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690ж Солтүстік
Американың Британиялық отар елдерінде, 1716ж Францияда, 1795ж АҚШ-та, 1762ж
Австралияда пайда болды.Ресейде алғаш қағаз ақшалар 1767ж ІІ Екатерина
тұсында пайда болды. Халық арасында оларды катенька деп атады, себебі
оның бетінде императордың суреті болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде
қағаз ақшалар барлық елдерде болды. Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысудың өз
себептері бар.
Қағаз ақша – мемлекеттің өз шығындарын жабу үшін шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі.
Олар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі
нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Бертін келе несие ақшалар пайда болды.
Несие ақшалар- бұл несие негізінде алтынныңорнына келген құнның
қағаздай белгісі.
Несие ақшалардың негізгі түрлері вексель

Банкнота

Чек

Несие карточкалары
Соңғы уақытта дәстүрлі ақшаларды электронды ақшалармен ауыстыру кеңінен
таралған. Электронды ақша- бұл ХХІ ғасыр ақшасы. Ақша эволюциясындағы
адамзаттың қолы жеткен прогрестің шыңы.
Менің ойымша, пластикалық карталардың шығуынан бастап біздің өмір
сүру жағдайымыз жеңілдеді.Күнделікті өмірден мысал келтірейік: жалақы алу
үшін кезекке тұрудың, қомақты ақшаны (ақша соммасын тасудың) өзімізбен
бірге алп жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ шетелге ақша жіберуге, Интернет
арқылы саудажасауға және коммуналдық қызмет есепшотын төлеуге, әлемнің кез
келген нүктесінде тұрып, ақшаны алуға және жіберуге болады.
Карточка- төлем құралы және идентификатор.
Пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері бар: төлемдік ( несиелік
және дебедтік), жалақылық, виртуалды т.б. Оларды банктер мен комерсиялық
компаниялар шығарады. Банктік карталарға компанияларға халықаралық төлем
жүйесінің картасы VISA мен EurocardMasterCard-ты жатқызуға болады. Ал
фирмалықтарға - American Express, Diners Club, JSB-ды. Барлық мемлекеттерде
қай жүйедегі карточкалармен (VISA немесе EurocardMasterCard ) болса да,
тауарға төлем жасағанда жеңілдіктер болады. Ондай жеңілдіктер жүйесі
Қазақстанда да бар. Жеңілдіктердің көлемі 5% -дан 20%-ға дейін жетеді.
Банктік карталардың 2 негізгі түрі бар:
1.Дебеттік
2.Несиелік
Бұл 2-еуінің айырмашылығы неде?
Дебеттік карточканың көмегімен сауданы ақша жоқ кезде де жасауға
болады және кез келген уақытта керекті ақша мөлшерін банкоматтан алуға
болады. Бұл кезде ақша сіздің банктегі есепшотыңыздан алынады.Егер сізде
несие карточкасы болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Экономика ілімдерінің тарихы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюциялык идеялар
Спенсердің әлеуметтік ілімдері
Иван Шмальгаузен
Экономикалық ілімдер тарихы
Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Пәндер