Діннің пайда болуы туралы теориялар



Кіріспе
Дін
Негізгі бөлім
1. Діннің пайдалары
2. Діннің пайда болуы туралы теориялар
4. Дінтану ғылымы
5. Дін түрлері
Қолданылған әдебиеттер
Дiн - жаза, сый, үкiм, есеп, бас ию, ғибадат, заң және жол т.б. мағыналарға келуде.
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз не халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
“Ислам әлемі” №4 шілде-тамыз, 2003ж
“Алдаспан” №3-4, 2003ж
“Қазақстан” ұлттық энцклопедия , 3 том, 321 бет
www.islam.nur.kz

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Дін
Негізгі бөлім
1. Діннің пайдалары
2. Діннің пайда болуы туралы теориялар
4. Дінтану ғылымы
5. Дін түрлері

Кіріспе
Дiн - жаза, сый, үкiм, есеп, бас ию, ғибадат, заң және жол т.б.
мағыналарға келуде.
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген
ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен
кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі,
бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз не
халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз
өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің
сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір
жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті
күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім.
Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге
бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз
байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес.
өйткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда
адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин
"барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Қазіргі адамзат баласы дінге анықтама берерде бір тоқтамға келмеген.
өйткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі
сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты
болғандығынан, түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін
жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортақ анықтама жасау
үшін, діннің қарастыратын аумағын анықтап алу керек. Оған тарих, философия,
діндер тарихы сияқты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен
қатар діни өмірдің күнделікті тұрмыстағы рөлі де дінге нақты анықтама
жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта
кездесетін құдай сеніміне сүйенеді. Яғни, адамның бір дін бойынша өмір
сүруі, оның қорқынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен
сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз құдірет иесі болған
абсалютке, яғни құдайға байлануынан туындайды. Ал құдайға байлану - адамның
рухани дүниесі мен жаратушысына бет бұруына, жаратушысына шексіз мойын
ұсынуына және оған мән беруіне байланысты.
Бүгінгі заманымыздағы батыстық дін зерттеушілерінің көпшілігі жеке
адамды, оның діни дүниетанымын, діни сезімін, адамның құлшылық жасауын
немесе қоғамдағы діннің рөлін негізге ала отырып, діндерге былай
анықтамалар берген:
Дін - қасиеттінің тәжірибесі. (Рудольф Отто)
Діннің негізі шексіз сенім арту сезімінен тұрады. (Шлейермахер)
Ал мұсылман оқымыстылары дінге Құран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне
сүйене отырып көптеген анықтамалар жасаған. Солардан мысал ретінде Сайд
Шәриф Жүржанидің: "Дін ақыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын
қабылдауға шақыратын илаћи заң", - деген анықтамасы мен Имам Ғазалидің:
"Дін - Аллаћ пен адам арасындағы байланыс" - деген танымын айтуға болады.
Бүкіл діндерде бар ортақ элементтер: Табиғат заңдылығынан тыс, адам
құдіреті жетпейтін бір күшке сену (құдай, періште, жын, т.б.), қасиетті мен
қасиеті жоқты ажырата білу (ғибадат, рәсім-ырымдар), қағазға түсірілген
немесе ауызша тараған мәтіндер (қасиетті кітаптар, ахлақи қағидалар),
сезімдер (қорқу, сенім арту, т.б.), адамзаттан тыс дүниемен байланыс жасау
(уаһи, пайғамбар, дұға, жалбарыну, т.б.) өмір мен о дүние сенімі, ұйым құру
(бауырластық, тариқат, т.б.).

Діннің пайдалары
Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен
тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-
кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір
адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін
біледі.
Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам
болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе,
өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті, рухани
дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі
қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кезкелген
қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр
қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. өйткені дүние жүзіндегі діндердің
қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін
жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін адамның көңіліндегі, жүрегіндегі
жаман әрекеттерді тазалаудың негізгі құралы болып табылады.
Дін адам психикасындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде
адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни адам осындай
қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін
орнына түсіреді, руханият дүниесі рахат табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді.
өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты
қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол
қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы
әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. өйткені ол қоғамда діннің
әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімсіздігіне, олардың
түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және қоғамды дінсіз,
қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның
жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке
келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай,
дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді.
өйткені қоғамдық тәртіп құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса,
дін адамның сыртқы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Сол діндердің бірі ислам діні адамның ақылын, ұрпағын, намысын, дінін
және мүлкін қорғауға бағытталған. Ислам діні бойынша адамға немесе қоғамға
пайдалы нәрселер халал немесе парыз, ал керісінше зиянды нәрселерге
тыйым (харам) салынған.

Діннің пайда болуы туралы теориялар
Ислам сенімі бойынша діннің құрушысы – Аллаћ. Алғашқы адам адамзаттың
атасы, әрі алғашқы пайғамбар – Хазіреті Адам. Оған білдірілген дін - бір
Аллаћқа мойын ұсынатын тәухид (бір Аллаћ сеніміне негізделген) діні.
Аллаћтың барлығы, бірлігі, заты мен сипаттары тұрғысынан оның кемелдігі мен
пайғамбарлық, ахирет сенімі тәрізді негізгі итиқади (сенім) шарттары бүкіл
илаћи (құдайдан келген) діндерде өзгермейтін принциптер ретінде орын алады.
Осыған байланысты ислам сенімі бойынша хазіреті Адамнан хазіреті Мұхаммедке
дейінгі бүкіл пайғамбарлардың уағыздаған хақ (шын) діндердің ортақ аты –
ислам. Бірақ, тарих бойындағы заманның түрлі ағымынан адамдар хақ діннен
алыстап, өз ақыл-ойларынан жаңа бір сенім қалыптастыра бастаған. Аллаћ та
оларға Адам пайғамбардан қалған негізгі сеніміне сендіру немесе жаңа бір
шариғат түсіру үшін пайғамбарлар жіберіп отырған.
Дегенмен батыстық дін зерттеушілері Х‡І ғасырдан бастап алғашқы
қауымдық құрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал Х‡ІІІ-
ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында қасиетті кітаптардағы
мәліметтерден тыс археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық
зерттеулердегі қол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар
пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О.Конт пен Л.Бачнер негізін қалаған
позитивистік-материалистік тұжырыммен қатар, Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарыққа
шыққан табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы атты еңбегіндегі
адамның тегі маймыл тектес деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы
қасиетті кітаптардағы адамды құдай жаратты деген пікірге қарсы жаңа ой
туғызды.
Э.Б.Тайлор 1861 жылы алғашқы мәдениет атты еңбегінде дін анимизмнен
(рухқа табыну) шыққан деген пікірді жақтады. Оған қарағанда алғашқы адамдар
әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында
өлген адамның рухы – түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп,
адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді
туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім
қалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни анимизм сенімінің тууына
жол ашқан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от,
бұлақ жел т.б. табиғат күштерін басқаратын құдайларға айналып, политеистік
(көп құдайшылдық) сенім пайда болған. Бұл да қоғамдағы адам сенімі дамуының
нәтижесінде бір құдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан дейді.
Х.Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты
қолдаса, Ж.Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады.
Фрэзердің пікірі бойынша алғашқы адамдар сиқыр арқылы басқа нәрселерді өз
пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В.Р.Смиттің көзқарасы бойынша
алғашқы қауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс
санаған (тотем) және тотемдеріне құрмет ретінде туындаған табыну немесе
құрбан шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің
бірі З.Фрейд Тотем және табу атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан
психоаналитикалық түсінік беруге тырысты.
Социолог Э.Дюркгеймнің Діни өмірдің қарапайым формалары (1912ж.) атты
кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің негізі -
бір нәрсені қасиетті санау, бұл да қоғамдық ортаға байланысты. Қасиеттілік
– қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір қазіргі
кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының
көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады.
М.Мюллердің пікірі бойынша дін адамның табиғат құбылыстарынан қорқуынан
шыққан. Бұл көзқарас натуризм деп аталады. Натуризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін этнологиясы
Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі
Қоғамдық сананың формалары туралы
Дін және саясат
Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғам, мемлекет пен құқық мәселелері, оның мәнін қарастыру
Пәндер