Ақша нарығындағы тепе-теңдік



Жоспар:

1. Ақша массасы
2. Ақша сұранысы
3. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы
4. Ақша нарығындағы тепе.теңдік

Қорытынды
1. Ақша – тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікті, инфляция процестерін, циклдік ауытқуларды талдауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық категория.
Ақша – сауда-саттықта, келісімде қолданылатын қаржылық активтердің түрі. Ақшаға тән негізгі қасиет-олардың жоғарғы дәрежедегі өтімділігі, яғни төменгі деңгейдегі шығындармен және тез басқа активтерге ауыстырылу бейімділігі. Макроэкономикада көбінесе ақшаның үш функциясы бар деп айтамыз: 1) ауыстыру құралы, 2)құн өлшемі құралы, 3) қор жинау құралы.
Ал, егер ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызына келетін болсақ, нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіруде, мемлеттік бюджеттің кірісін қалыпьастыруда, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыруда, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сатуда, инфляцияға қарсы күресте және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және жалпы ұлттық өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Айналымдағы ақша мөлшері мемлекет тарапынан бақыланып отырады (монетарлы немесе ақша-несие саясаты), ал іс жүзінде бұл жұмысты Ұлттық банк атқарады.
Ақша нарығында талдау жасау үшін біз ақша сұранысы, ақша ұсынысы, ақшаның бағасы, ақша мультипликаторы, ақша массасы сияқты сұрақтарды қарастыруымыз қажет.
Сонымен, ақша нарығы дегеніміз – пайыз мөлшерлемесінің деңгейін, ақша сұранысы мен ақша ұсынысын анықтайтын нарық.



Ақша массасы
Ақша массасы дегеніміз – шаруашылық айналымына қызмет ететін және жеке адамдарға, кәсіпорындарға, мемлекетке қарасты сатып алу және төлем қаржысының жиынтық мөлшері. Ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары ) қолданылады.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынады.
• М1 – банк жүйесінен тыс айналыстағы қолма-қол ақшалар (металл ақшалар және қағаз ақшалар), депозиттер, жол чектері жатады.
• М2 – оған М1 агрегаты, чексіз (бесчековые) жинақ депозиттері және ұсақ (100 мың доллардан аспайтын) тез (срочный) салымдар жатады.
• М3 – оған М2 агрегаты және ірі тез (100 мыңнан жоғарғы) салымдар және депозиттік сертификаттар жатады.
Көптеген экономистер ақша қорының негізгі өлшемі М1 болып табылады, ал М2 мен М3 “ақша дерлік” деп санайды.
Егер мынадай монетарлық жиынтық компоненттері берілген болса, ақша агрегаттарын былай есептейміз:
1) Валюта
2) Сұранымдағы депозиттер
3) Саяхатшылардың чегі
4) Басқа тексерілетін депозиттер
М1═(1) + (2) + (3) + (4)
5) Тез арадағы қайта сатып алуға келісімдер
6) Жедел жұмсалатын еуродолларлар
7) Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары
8) Ақша нарығындағы депозит есептері (MMMF акциялары, бұлардың қорында М3 бар, М2 жоқ.)
9) Сақтық кассасындағы депозиттер
10) Аз мерзімді депозиттер
М2═ М1 + (5) + (6) + (7) + (8) + (9) + (10)
11) Ұзақ мерзімді депозиттер
12) Қайта сату келісімі
М3═ М2 + (11) + (12) + мекемелердегі MMMF

L ═ M3 + қазыналық қор жинақтау облигациялары, мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелері, коммерциялық қағаздар және т.с.с.
Макроэкономикалық талдауда көбінесе М1 және М2 агрегаттары қолданылады. Кейде М1-дің бір бөлігі ретінде қолма-қол ақшаның көрсеткші байқалады (МО немесе С ағылшынша ”currency“), сонымен

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Жоспар:
1. Ақша массасы
2. Ақша сұранысы
3. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы
4. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Қорытынды

1. Ақша – тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікті, инфляция
процестерін, циклдік ауытқуларды талдауға мүмкіндік беретін
макроэкономикалық категория.
Ақша – сауда-саттықта, келісімде қолданылатын қаржылық активтердің түрі.
Ақшаға тән негізгі қасиет-олардың жоғарғы дәрежедегі өтімділігі, яғни
төменгі деңгейдегі шығындармен және тез басқа активтерге ауыстырылу
бейімділігі. Макроэкономикада көбінесе ақшаның үш функциясы бар деп
айтамыз: 1) ауыстыру құралы, 2)құн өлшемі құралы, 3) қор жинау құралы.
Ал, егер ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызына келетін болсақ,
нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр меншік жағдайында
(мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер
өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге
дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем
қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару
көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіруде, мемлеттік
бюджеттің кірісін қалыпьастыруда, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес
шығындарды қаржыландыруда, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге
сатуда, инфляцияға қарсы күресте және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда
ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және жалпы ұлттық
өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Айналымдағы ақша мөлшері мемлекет тарапынан бақыланып отырады (монетарлы
немесе ақша-несие саясаты), ал іс жүзінде бұл жұмысты Ұлттық банк атқарады.
Ақша нарығында талдау жасау үшін біз ақша сұранысы, ақша ұсынысы, ақшаның
бағасы, ақша мультипликаторы, ақша массасы сияқты сұрақтарды қарастыруымыз
қажет.
Сонымен, ақша нарығы дегеніміз – пайыз мөлшерлемесінің деңгейін, ақша
сұранысы мен ақша ұсынысын анықтайтын нарық.

Ақша массасы
Ақша массасы дегеніміз – шаруашылық айналымына қызмет ететін және жеке
адамдарға, кәсіпорындарға, мемлекетке қарасты сатып алу және төлем
қаржысының жиынтық мөлшері. Ақша массасы ақша айналымының сандық
көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша
айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының
көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі
көрсеткіштер (ақша агрегаттары ) қолданылады.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынады.
• М1 – банк жүйесінен тыс айналыстағы қолма-қол ақшалар (металл
ақшалар және қағаз ақшалар), депозиттер, жол чектері жатады.
• М2 – оған М1 агрегаты, чексіз (бесчековые) жинақ депозиттері
және ұсақ (100 мың доллардан аспайтын) тез (срочный) салымдар
жатады.
• М3 – оған М2 агрегаты және ірі тез (100 мыңнан жоғарғы)
салымдар және депозиттік сертификаттар жатады.
Көптеген экономистер ақша қорының негізгі өлшемі М1 болып табылады, ал
М2 мен М3 “ақша дерлік” деп санайды.
Егер мынадай монетарлық жиынтық компоненттері берілген болса, ақша
агрегаттарын былай есептейміз:
1) Валюта
2) Сұранымдағы депозиттер
3) Саяхатшылардың чегі
4) Басқа тексерілетін депозиттер
М1═(1) + (2) + (3) + (4)
5) Тез арадағы қайта сатып алуға келісімдер
6) Жедел жұмсалатын еуродолларлар
7) Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары
8) Ақша нарығындағы депозит есептері (MMMF акциялары, бұлардың қорында
М3 бар, М2 жоқ.)
9) Сақтық кассасындағы депозиттер
10) Аз мерзімді депозиттер
М2═ М1 + (5) + (6) + (7) + (8) + (9) + (10)
11) Ұзақ мерзімді депозиттер
12) Қайта сату келісімі
М3═ М2 + (11) + (12) + мекемелердегі MMMF

L ═ M3 + қазыналық қор жинақтау облигациялары, мемлекеттің
қысқа мерзімді міндеттемелері, коммерциялық қағаздар және
т.с.с.
Макроэкономикалық талдауда көбінесе М1 және М2 агрегаттары қолданылады.
Кейде М1-дің бір бөлігі ретінде қолма-қол ақшаның көрсеткші байқалады (МО
немесе С ағылшынша ”currency“), сонымен қатар “квази-ақша” (QM) көрсеткіші
М2 және М1-дің айырмасы ретінде қолданылады, яғни, басты түрде, жинақ
депозиттері және тез салымдар.
Сонда
М2═ М1 + QM болады.
Ақша агрегаттарының динамикасы көп фокторларға байланысты, соның
ішінде процент мөлшерлемесі көп қолданылады. Солай, ақша мөлшерлемесі
өскенде М3, М2 агрегаттары М1-ді оза алады, өйткені, олардың құраушылары
процент түрінде табыс әкеледі. Соңғы кездерде М1-дің құрамындағы проценттер
әкелетін жаңа салымдар пайда болған соң, процент мөлшерлемесінің
қозғалысымен себепші болатын агрегаттар динамикасындағы айырманы азайтады.

Ақша сұранысы
Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы бар.
Классикалық теорияда номинальды өнім көлемі мен айналымдағы ақша
массасының байланысын түсіндіру үшін ақшаның сандық теориясы қолданылады.
Ақшаның сандық теориясы ақшаға деген сұранысты алмасу теңдеуі арқылы
анықтайды.
MV═PY
M-айналымдағы ақша массасы,
V-ақша айналымының жылдамдығы,
P-баға деңгейі (баға индексі),
Y-номиналды өнім көлемі.
Айналымдағы ақша тұрақты шама деп ұйғарылады, себебі бұл көрсеткіш
экономикадағы белгілі бір уақыт аралығында жасалатын сауда-саттық санына
байланысты болады. Дегенмен, бұл көрсеткіш экономикада жаңа технологияны
банктер енгізген уақытта өзгереді.
Бұл талдауымызда V тұрақты деп алсақ, онда

МV═PY
Бұл жағдайда ақша мөлшерінің өзгеруі номиналды ЖҰӨ-ді (PY)
пропорционалды түрде өзгереді. Бірақ, классикалық теория бойынша нақты ЖҰӨ
(Y) ақырын және өндіріс факторларының көлемі мен технологияның өзгеруіне
байланысты өзгереді.
Ақшаның сандық теориясын өсу қарқынымен де жазуға болады.
∆ΜM*100%+∆VV*100%=∆PP*100%+∆YY* 100%

∆ΜM*100%-ақшаның қалдық мөлшері. Теңдеудің бұл бөлігін Ұлттық Банк
реттейді.
∆VV*100%-ақша сұранысының өзгеруін көрсетеді.
∆PP*100%-баға өзгеруі деңгейінің проценттік көрінісі немесе инфляция
қарқыны.
∆YY*100%-өндірілген өнім көлемінің проценттік өзгерісі.
Бұл талдауды ескере отырып төмендегідей ұйғарым айтуға болады:
Орталық Банк ақша ұсынысын бақылайтын болғандықтан инфляция қарқынын
түгелімен бақылай алады. Егер Орталық Банк ақша деңгейін немесе ақша
ұсынысын тұрақты мөлшерде ұстап тұрса, онда баға деңгейі де өзгермейді. Ал
егер ақша ұсынысын жоғарылатса онда баға деңгейі күрт жоғарылайды.
Жоғарыда көрсетілген алмасу теңдеуі MV=PY Фишер теңдеуі деп аталады.
Макроэкономикада бұдан басқа Кембридж теңдеуі де қолданылады.
M=kPY, k=1V
Ақшаның экономикаға тигізетін әсерін талдау барысында көбінесе ақша
мөлшерін тауарлар мен қызметтердің саны арқылы өрнектеу қажеттігі
туындайды. Бұл шаманы MP деп белгілейміз және оны ақша қаражатының нақты
қоры немесе нақты ақша қалдығы деп айтамыз. Осы айтқандарды ескере отырып
ақшаға деген сұранысты жазуға болады.
(MP)Д=kY
Бұл теңдеу ақша қаражатының нақты қорына деген сұраныс табысқа тура
пропорционал екенін көрсетеді.
M(1k) =PY V=1k MV=PY
Ақшаның сандық теорисының теңдеуін пайдалана отырып, нақты шамадағы
ақша қорының ұсынысы оған деген сұранысқа тең және сұраныс табысқа тура
пропорционал деп айтамыз.
Ақшаға деген сұраныстың Кейнс теориясы немесе өтімділікті жоғары
бағалау теориясы бойынша адамдардың қолма-қол ақшаны сақтауының 3 түрлі
себебі бар:
1) Трансакциялық мотив немесе ағымдағы саудаға қажетті қолма-қол
ақша сақтау
2) Алдын ала сақтану мотиві немесе болашақта күтпеген
жағдайлардан сақтану үшін қолма-қол ақша жинау
3) Алып сатарлық мотив

Ақшаға деген алып сатарлық % мөлшерлемесі мен облигация курсының кері
пропорционалды байланысына негізделген. % мөлшерлемесі жоғарылағанда
облигация бағасы төмендейді. Осыған байланысты бұл кезде облигацияға деген
сұраныс жоғарылайды. Бұл қолма-қол ақша қорының азаюына әкеп соқтырады.
Яғни, қолма-қол ақшаға деген сұраныс азаяды. Бұл айтылғандардан %
мөлшерлемесі мен ақшаға сұраныс арасындағы кері байланысты көреміз.
Классикалық және Кейнс теориясын тұжырымдай отырып ақша сұранысына
әсер ететін факторларды анықтауға болады.
1) табыс деңгейі
2) ақша айналымының жылдамдығы
3) пайыз мөлшерлемесі
Классикалық теория ақша сұранысын негізінен нақты табыспен
байланыстырады, ал Кейнс теориясы негізгі фактор – пайыз мөлшерлемесі деп
есептейді.
Қолма-қол ақшаны сақтау адамдарға белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Лекциялардың қысқаша конспектілер
«Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялық сұраныс және тауарлы нарықтағы бағалар теңдігі
AD-AS және IS-LM үлгiлерiнiң бiр-бiрiмен байланысы
Жиынтық сұраныс қисығы
Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. «IS-LM»үлгісі (Дәріс материалы)
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербеліс автономды шығындар мультипликаторы
Төлем құралы
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы
Пәндер