Құқықтың негізгі тарихи типтері, қағидалары (принциптері) және функциялары
1. Құқықтың тарихи типтері
2. Құқықтың қағидалары (принциптері)
3. Құқықтың функциялары
4. Құқық, экономика және саясат
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. Құқықтың қағидалары (принциптері)
3. Құқықтың функциялары
4. Құқық, экономика және саясат
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалық фор¬мация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқық¬тың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады:
1. Т.Н.Радько. Функции социалистического права. //Советское государство и право. 1977. № 5.
2. С.САлексеев. Общая теория права. Т. 2. М., 1981.
3. Т.Н.Радько. Методологические вопросы познания функции права. Волгоград, 1974.
4. Методологические и теоретические проблемы юридической науки. М., 1986.
5. С.А.Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.
6. Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2003.
7. Теория государства и права. М, 2004.
8. М.И.Байтин. Понятие права и современность. //Вопросы тео¬рии государства и права. Вып.1. Саратов, 1998.
9. ЮА.Вехориев. Типология государства. Цивилизованные типы государства. // Вестник Нижнегородского государственного универ¬ситета им. Н.ИЛобачевского. http:/www.unn.ru//rus/books/vestnik3/ stat3.htm
10. Теория государства и права. Учебное пособие. Вып.2, М., 1994.

Құқықтың негізгі тарихи типтері, қағидалары (принциптері) және
функциялары
Жоспар:
1. Құқықтың тарихи типтері
2. Құқықтың қағидалары (принциптері)
3. Құқықтың функциялары
4. Құқық, экономика және саясат
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Құқықтың тарихи типтері
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы
барысында қоғамдық-экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән
сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге
құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз
арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік
мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы
құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық,
буржуазиялық және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін
пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай
сипаттармен айқындалады:
- Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін білдіреді және олардың
шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды.
Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп
танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге
бағытталған.
- Құл иеленушілік құқық негізгі өндірістік құрал-жабдықтарға және
құлдарға жеке меншікті құқық нормаларына бекітеді.
- Құлдар құқықтың субъектісі бола алмайды. Олар тек қана объект (зат,
тауар) ретінде танылады. Сондықтан оларда сатуға, өлтіруге, ұрып-соғуға,
айуаңдықпен жазалауға құл иеленушілік құқық меншік иелеріне толығымен
мүмкіндіктер береді. Мысалы, Рим заңгерлері құлдардың құқықтарын, қоғамда
алатын орындарын Servus instrumentum vocale est (құл сөйлейтін құрал)
деп бекіткен.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан)
бекітеді. Мысалы, ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: Егер біреу
басқанын сүйгенін сындырған болса, онын сүйгенін сындыру қажет деп
көрсетілген.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидаларымен қатар мүліктік композицияға
мүмкіндіктер береді. Бірақ, бұл институт негізінде құлдарға емес, еркін
адамдардың арасындағы қатынастарға тиісті болған.
- Құлдардың құл болып жаратылуын natura humana деген қағидамен
бекітіледі. Құл болу туа біткен қасиет, ешуақытта өгермейтін құбылыс
ретінде танылады.
- Құл иеленушілік құқық патриархалық отбасында әкенің шексіз құқын
бекітеді. Рим құқы бойынша әкесі баласын құлдыққа сатуға құқылы.
- Құл иеленушілік құқықтық талаптары әйелді тек бала туу және еркектерге
ермек үшін жаратылған екендігін бекітеді. Мысалы, ежелгі Үндістанның Ману
заңдары әйелдерге туа біткеннен табиғи жеңіл ойлылық тән болғандықтан
қандай жас мөлшерінде болмасын ез беттерімен өмір сүру қабілеттері жоқ.
Сондықтан әйелдер бала кездеріне, әкелеріне, жас кездерінде күйеулеріне, ал
қартайған шақтарында балаларына бағынулары керек деген норманы бекіткен.
2. Феодалдық типтегі құқық. Феодалдық құқық құл иеленуші мемлекет
күйрегеннен және жер бетінің кейбір аймақтарында алғашқы қауымдық құрылыс
ыдырағаннан кейін пайда болған құқықтық жүйе. Феодалдық типтегі құқықтық
жүйе феодалдық мемлекеттің саясатын, билігін бекітетін нормалардың
жиынтығы. Оның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
- Феодалдық типтегі құқық феодалдардың саяси билігін, еріктерін
жариялады, жерді феодалдардың жеке меншігі ретінде таниды. Жері жоқ
шаруалар тобын феодалдарға тәуелді етеді.
- Феодализм дәуірі оның құқықтық жүйесін сословиелік қағида негізінде
қалыптастырады. Қоғамдық саяси қатынастардың барлық салалары адамдардың
мүліктік артықшылық пен ерекше пұрсаттылық қасиеттерімен айқындалады.
Мысалы, Русская правда заңы бойынша боярлар табының мүліктері өлгеннен
кейін, егер ұлдары жоқ болса, қыздарына өтетін болса, шаруалар сондай
жағдайларға душар болғанда меншіктері боярға тиісті болып, қыздарына аз
ғана бөлігі мұрагерлікке берілген.
- Феодалдық типтегі құқық діни мағынамен сипатталынады және ерекшеленеді.
Дін мемлекеттің барлық істерінде басшылық рөл атқарады, билік жүргізуде,
әділ сот ісіне шіркеу тікелей араласады, діни нормаларды бұзу құдайға қарсы
шығумен тепе-тең бағаланады.
- Ерекше қаталдығымен айрықша көзге түседі. Шіркеу соттарында инквизиция
процесі арқылы өлім жазасын қолдану кең етек жаяды, тергеу және соттарда
қаралған істер бойынша азаптауды қолдану өмірдің заңына айналады. Отқа
өртеу, басын шабу, қинап өлтіру сияқты жазалар кең қолданылады. Жанна д-
Арк, Джорданно Бруно, Николай Коперник, Ян Гусь сынды қайраткерлер
көзқарастары үшін өртке салынады.
- Феодалдық кұқық негізінде партикулярлық сипатқа ие. Мемлекет ішіндегі
герцогтер, княздер, барондар иелік еткен жерлерінде өз мүдделеріне сай әдет-
ғұрып құқық жүйелерін қалыптастырған. Бір аумақтың заңдары бір аумақтың
заңдарына сәйкес келмейді, мемлекетте жүйеленген заңнама жоққа тән.
3. Буржуазиялық құқық. Феодализмдегі қалыптасқан қоғамдық қатынастардын
дамуы XVI- XVIII ғасырлардың аралығындағы Еуропада ірі буржуазиялық
революцияларының болуына әкеп соқтырады. XVI ғасырда Нидерландияда, XVII
ғасырда Англияда, 1789 жылы Францияда феодалдық мемлекеттің ескірген, даму
заңдылығын тежеген институттары мен құқықтық жүйелері революциялық жолмен
жойылып, буржуазиялық типтегі мемлекет және құқық жүйесі қалыптасты. Ұлы
Француз революциясы жарияланған Адам және азамзат құқықтарының
декларациясы өзінің бірінші бабында: Адамдар дүниеге еркін және кең
құқылы болып келеді. Қоғамдық айырмашлықтар тек қана жалпы пайдаға
негізделуі мүмкін, — деген қағиданы жариялап, буржуазиялық типтегі
құқықтың негізгі идеясын дүние жүзіне паш етті. Екіншіден, буржуазиялық
құқық жеке меншік құқын ең қасиетті деп жариялады, оған қол сұғу қоғамдық
пікірмен қатты айыпталуымен қатар, қатаң түрде жазаланады. Жоғарыда
көрсетілген Декларацияның 17-бабы мына норманы бекітті: Меншік қол
сұғылмайтын және қадірлі құқық болғандықтан ешкім одан айыра алмайды, айыру
тек ғана заң, тәртіп бойынша күмәнсіз қоғамдық қажеттілік үшін, әділетті
және алдын-ала орын толтырған жағдайда іске асырылады. Үшіншіден,
қанаушылыққа қарсылық білдіруді адамдардың табиғи және ажыратылмайтын
құқықтары екені қағида ретінде жарияланады. Аталмыш саяси құқықтық идеялар
кейініректе дүние жүзі мемлекеттерінің басым көпшілігінде жарияланады.
Буржуазиялық типтегі құқықтың мынандай ерекшеліктері бар:
1. Буржуазиялық құқық капиталистік өндірістік қатынастарды реттеуге
бейімделген құқық. Бұл бағытта буржуазиялық құқық өзінің қоғамдық
қатынастарды реттеу барысында көптеген ежелгі Рим құқының институттарын
енгізеді.
2. Буржуазиялық құқық феодалдық құқық бекіткен сословиелік айырмашылықтарды
жояды. Барлық адамдардың, заң алдында тең құқылығын жариялайды. Азамат
деген ұғымды енгізеді. Ұлы француз революциясы жариялаған Адам және азамат
құқықтарының декларациясының 6-бабы салтанатты мағынада: Заң — жалпының
еркін білдіру. Барлық азаматтар оны жасауға тікелей өздері немесе өкілдері
арқылы қатысуға құқықтары бар. Ол қамкорлық жасағанда да, жазалағанда да
бәріне тең болуы тиіс. Барлық азаматтардың заң алдындағы тендіктеріне
байланысты бәріне қоғамдық лауазымға қолдарының жетулеріне теңдік
дәрежесінде жол ашық..., —деп жариялады.
3. Буржуазиялық құқық жариялылық және жеке болып бөлінеді. Жариялылық
құқық билік, басқару жүйесінде қалыптасқан қатынастарды реттеу функциясын
іс жүзіне асырады, ал жеке құқық болса, азаматтардың меншікті иемделу,
пайдалану және билеуден туындайтын қатынастарды реттейді. Құқықтың
жариялылық және жеке болып бөлінуі буржуазиялық құқықтың тиімділігін
арттырады, оның реттеу мүмкіншілігінің қең, ауқымды екенін аңғартады.
4. Буржуазиялық құқық шарттардың, келісімдердің еркіндігін салтанатты
түрде жариялайды, олардың орындалуы мен қамтамасыз етілуі қастерлі болуын
қамтамасыз етеді. Бұл талап ежелгі Рим құкы калыптастырған Pacta sunt
servanda (Шарттар орындалуы тиіс) қағидасын дамытудын үлгісі.
5. Буржуазиялық құқық прогрессивтік сипат мазмұнда заңда көрсетілмеген
әрекет қылмыс бола алмайды принципін жариялайды, яғни тек мемлекет
тарапынан бекітілген қылмыстың түрлері ғана қылмыс деп танылады.
4. Социалистік құқық 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес мемлекеті
қалыптастырған тарихи типтегі құқық. Социалистік кұқық Кеңес мемлекеті
орнатқан саяси режим мен коммунистік партияның диктатурасын бекіткен
нормалардың жиынтығы. Социалистік құқық буржуазия жариялаған құндылықтарды
жоққа шығарады, барлық тарихи типтегі құқықтарды үстем таптардың заңға
айналдырылған еркі деп жариялайды, қанаушылық функция атқарады деген
айдарлар тағылады. Ал, Социалистік құқық ең жоғарғы типтегі құқық деп
жарияланады. Социалистік құқыққа тән мынандай ерекшеліктер бар:
1. Социалистік құқық буржуазиялық құқықты мүлдем жоюдың нәтижесінде
орнатылады. Сондықтан оның мәні мен мазмұны репрессиялық нормалардан
қалыптасады. Мысалы, сайлау құқынан айыру, меншікті тәркілеу, адам
құқықтарының теңсіздігін ашық түрде бекіту және т.б.
2. Социалистік құқық барлық өндірістік құрал-жабдықтарға мемлекеттік меншік
құқын бекітеді. Жеке меншікті буржуазиялық, халықты қанауға бағытталған
деген желеумен өндірістік қатынастардан мүлдем ығыстырылады. Жеке меншік
құқы мемлекеттің қас жауы ретінде бағаланды.
3. Мемлекеттік билік жүргізуде жұмысшы табының және оған басшылық жасайтын
коммунистік партияның үстемдігі жарияланады. Партияның құжаттары мен
қаулылары барлық ұйым, мекеме, кәсіпорындарға және жеке адамдарға міндетті.
4. Социалистік құқық құқықтық мемлекет қағида ретінде жарияланған
плюрализмге еш уақытта жол бермейді. Мемлекетте коммунистік идеологияның
үстемдігі жарияланады. Жеке адамның ой-пікірі, қимыл-әрекеті тек қана
коммунистік идеологияға сәйкес болуы тиіс. Еркін пікір, сөз айтуға цензура
арқылы тыйым салынады.
5. Социалистік құқық нарықтық экономика заңы қалыптастырған еркін
бәсекелестікке тыйым салады. Бүкіл мемлекет көлемінде жоспарлық
экономикалық қатынастарды ғана бекітеді. Түйме шығарудан ғарыш кемелерін
жасауға дейін барлығы құқық негізде жоспарланады. Жоспар заң мағынасымен
бірдей ұғымда бекітіледі. Бекітілген жоспарды орындамау қылмыстық
жауапкершілікті тудырады.
6. Социалистік құқық пролетарлық интернационализм желеуімен ұлттық дәстүр
мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, дамытуға тыйым салады, тілдердің дамуын
тежейді. Мысал ретінде айтып кететін болсақ, егер XX ғасырдың
20-жылдарында Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясында 200-ге жуық тілде
сөйлейтін этностар болған болса, 1979 жылға жүргізілген санақ бойынша 92
ғана ұлттардың қалғаны анық болған. Бір сөзбен айтқанда Кеңес өкіметі 108
ұлттардың тілін, этностық қасиеттерін жойып жіберді. Польшада кашубтар
деген этностық топ жойылды. Дағыстандағы андин, ботлихтар, чамалдар,
цездер, гуизабтар сияқты халықтардың тілдері мүлдем жойылды.
7. Социалистік құқық экономиканың нарықтық қатынастарға тәуелді заңдарын
тас-талқан етіп, оның орнына мемлекеттің этатистік үстемдігін орнатады. Бұл
процесс мемлекеттік биліктің бақылаусыздығына, құқықтық реттеуге
бағынбаушылыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz