Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері



МАЗМҰНЫ

1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары ... ... ...7

Негізгі бөлім
2. Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері.
2.1 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы ... ... ... ...10
2.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері, элементі, негізгі типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.4 Қазақстан Республикасында жүргізілген ақша реформасы ... ... ... 39

Қорытынды
Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша.несие саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45

Қосымшалар
Қосымша
А: Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
Ә: 2003.2005жылдарға арналған ақша.несиесаясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы.
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар кажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді."Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көрптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлышаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақытгарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі кара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны "мал ұстайтын орын" деп аталынды.
"Капитал" сөзінін шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр турлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардьң қызметін аткарды.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы ----------------------------------
----5
1.2 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары-----------7

Негізгі бөлім
2. Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері.
2.1 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы---------------
10
2.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні----------------------------
---18
2.3 Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері,
элементі, негізгі типтері---------------------------- ------------------
------------23
2.4 Қазақстан Республикасында жүргізілген ақша реформасы------------
39

Қорытынды
Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі,
мақсаттары, міндеттері, ақша-несие саясаты)--------------------------- ------
------45

Қосымшалар
Қосымша
А: Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
Ә: 2003-2005жылдарға арналған ақша-несиесаясатының
негізгі
көрсеткіштерінің болжамы.

Қолданылған әдебиет тізімі

1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
(нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса
немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен
уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені
оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар кажетті тұтыну
кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді."Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және
олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан
жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір
тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін
белгілі бір тауарлар көрптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп
аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлышаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақытгарда және әр түрлі халықтарда бір
мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі кара)
айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық
жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды
аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе;
тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы
эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі.Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді
құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан
жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді.
Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа"
("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр.
Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген
атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны
"мал ұстайтын орын" деп аталынды.
"Капитал" сөзінін шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр турлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер
түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда,
Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы
ақшалардьң қызметін аткарды.

2. Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері.

2.1. Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем кұралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құңының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен кұралған құнды көрсетеді.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі -мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол кұн заңыменен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1
г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы
доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850
долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алтып келді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінін тұлынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің кұнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-кол)
ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар ақша
белгілері орындайды.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет
ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың
қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мумкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-карсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл
жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.бірқатар ақшалай төлемдерді
төмендегідей етіп топтатуға болады:
- тауарларды және қызматтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекеғтке қатысты қаржылық міндеметтемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тқтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары;
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана скату – сатып
алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, борыштық
міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы
ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырамашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, онын құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттілігін азайтады.
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т
айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза
қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын
мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау кызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау кажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 каңтарда Қазақстан Республикасы ¥лттық
банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн тенгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығынын кеңеюі, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі
дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралы келісімге келу, доллар мен
фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді.Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
тымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда,
бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР,
ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде
дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын
нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

Сонымен түйіндейтін болсақ.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп
келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың
жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары
және т.б.

2. Ақшаның қажеттігі және экономикалық мәні

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектін бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
кайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни тауардың
түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудын өзі бұл
тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да ққнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды ендіруге жұмсалған еңбек
әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу кажеттігі туындап,
айырбас құнының (1 мал = 1 ңап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу кабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сейтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
• Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән
құнның жай және кездейсоқ, формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек
енімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір
мал бір қап бидайға айырбасталды.
• Екінші формасы – бұл құннын толық немесе жалпы формасымен
сипатталады. Еңбек бөлінісінін дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде
нарықтагы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар
басқа да көптеген баламатауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы:
1 кап бидай - 1 қойға
= 1 балтаға
= 1 құмыраға және т.б.
Үшінші формасы — бұл құнның жалпылама формасы.
Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет
жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда,
тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады.
Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде,
славяндарда, монғолдарда және т.б.) аң терісі (Скандинавияда, ертедегі
Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), пілсүйегі (Оңтүстік Африкада)
атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде
ішкі сауда-саттық жүргізу үшін
жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой
пайдаланылған. Бірақ аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт
жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра
алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалың шартына сәйкес
келмейді.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде
барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен
ерекше бір тауар - ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін
бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша - бұл барлық, тауарлардың, кұнын өлшейтін,
жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналы сының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары.
Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар
айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол
айрықша тауар ретінде ңала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін
атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауардардың құнын
бейнелеуі, онын ен бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден,
алтынның табиғи сапалылығы, яғни онын оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және
тозбайтындығы; екіншіден, өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен
өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның
экономикалың категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің
біртұтастығынан байқалады:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнының дербес формасы;
* еңбек өлшемінің заттай (материалдану) фрормасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген
материалдың бағалы затына айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды
сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша
көмегімен елшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның түрлері. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық,
құнды ақшалар және толық, құнсыз акшалар.
* Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
* мемлекетке катысты қаржылық міндеттемелер;
* банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
* сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни
қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы,
сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде
қоғамдық, қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигащияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардын пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттың ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттың киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді,— деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның
қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ - доллары, Еуропалық Одақтық
қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і
(арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастың елдерінде жаңа
валюта Еуро енгізілді. Еуропалық валюталың Одаққа бастапқыда он бір ел
қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия,
Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1
қаңтарынан бастап, Еуро қолмақолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа
қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. Еуро банкноты мен монеталары
2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталың
одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз
қызметтерін тоқтатты.

2.3. Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері,
элементі, негізгі типтері

Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда
қолма-кол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының
бөлінуін қарастырса, қолма-колсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін
карастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль
тұтыну затгары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма қолсыз
рубль - бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында
қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны
белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағанын
босатылуына, меншіктін мемлекет иелігенен алынуына және т.б. байланысты
жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы
процесіндегі колма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде
қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы -ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-
бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін,
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі -қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшанын қолданылуың шектеу, есеп
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты
өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақ тандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінін алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-
зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан
бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде
шектеуді ғалымдар онша қабылдай коймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керісінше)
өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен
соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да,
ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар
болып бөлінеді. Сондай-ақ:
* өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы
сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
* тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
* ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз,
несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы
қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға
қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен
бірдей деп санау тән болған. Олардын пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын
мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады.
Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теориянын
пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл
бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын
сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның
өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып
табылды. Ақша туралы онын теориясының барлық пайымдауларының негізі -
ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар.
Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін
орындауда металдың қатысуы XIX г. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс
жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі
формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX
ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістін дамуы ақша
базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық
жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар
несиеге негізделді. Металдық теорияның кайта жадануы XIX ғ. екінші
жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен
байланысты болды.
Неміс экономистері (К.Кинс және т.б.) ақша деп тек қана бағалы
металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Орталық банктің
банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша
реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд
халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-
жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын
стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.
Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін
деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы
мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірак ол комиссия алтын стандартын
енгізу онша кажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының
мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді.
Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды турде үйлестіру-натуралдық
айырбас формасына немесе бакыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп
соқтыруы сөзсіз, өйткеңі алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан
экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым
аса ұлғаюына экеліп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы
тәрізді аса маңызды қасиетінің (экономикалық бөлінгіштік) жоғалуы т.б.
пайда болады.
Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы метталдын N мөлшеріне берілген
құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, оның ішінде
мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және
басқа да форсмажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне
әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да
алтын ерекше орында тұрады.
Қазіргі жағдайдағы алтынының негізгі экономикалық қызметінің мәні,
онын капиталды инфляциядан сақтау кұралы ретінде қызмет етуімен, несие
алуда камтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат
болып қала беруімен сипатталады.
Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша
орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін (мал, тері, бақалшақ және
т.б.) адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде
қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.
Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қоладан жасалған
пластиналар, кейіннен екі жағында суреті бар 1 және 2 фунт массасындағы
кружкалар пайда болды.
Көпестер классының бөлінумен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың
пайда болуы ақшанын калыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета - ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен
бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадагы таза металдың құрамы),
массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның
нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.
Монетада бет жағы - аверс, келесі жағы- реверс, кесіндісі - гурт болып
ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс)
құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық кұнды еместері
биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталқ ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм - жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе одан да
көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар
пайдаланылады.
Монометаллизм -жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі
(алтын, күміс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесі.
Осылай, б.э. дейін ІІІ-ІІ ғ. Римде мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-
1852 жж. аралығында - күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса
Қазақстан да, алтын монеталлизмі 1897 ж. II Николай патша тұсында
енгізілді.
Түрікше "акче" сөзі, қазақша "ақша", яғни "ақ" сөзінен күміс
монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда
бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша
айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз
ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар
металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан
жасайды.
Ақшаның номиналистік теориясы және қараз ақшалар, олардың айналыс
заңдылықтары.
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-
әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналамынын өсуіне байланысты
металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына
жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың
арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн
белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардын металдық
құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
- ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
-бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшанын құндық жаратылысын
толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде
қарастырады. Адам Смиттің (1723-1790) айтуынша, ақша - бұл айырбас процесін
жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның
құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
* қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
* басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.
XIX г. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік
ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне
қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың ("Государственная теория
денег", 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері
төмендегідей құрылды:
* ақша - құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
* ақша - мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттін төлем
күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
* ақшаның негізгі қызметі - төлем құралы.
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану
барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами
түседі. Сөйтіп, Дж.М. Кейнс (1930 ж. 'Трактат о деньгах") алтын ақшаларды
"жабайылық сарқыншағы", "арбаның бесінші дөңгелегі" деп хабарлайды. Ол
идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз
ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын,
Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс бардық өркениеті ақшалар
қарапайым түрінде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.
Ақшанын номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі
П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты
болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналауда деп
сендіреді. "Тауар акшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды.
Қағаз акшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша
дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттьшъщ" (Са-муэльсон П. Экономика:
"Прогресс", 1964, 68-69 б.).
С.М. Борисовтын "Золото в экономике современного капитализма" (М.,
1968, 64 б.) атты монографиясында қызықты пікірлер беріледі. Автор
барлық тауарларға қарсы тұратын жалпыға бірдей эквивалент ретінде,
алтын туралы ережені қайта қарау керектігін айтады. Сондай-ақ мұнда
алтынның қағаз ақшалар ықпалымен мүлде ішкі айналыстан шығып қалғандығына
сілтеме жасалады. С.М. Борисовтын айтуынша "ұлттық ақша жүйелерінде
қағаз ақшалардын мәні артып отыр, себебі олар барлық, тауарлар
қозғалысына қызмет етуде, осы ақшалар ғана тауар әлеміне қарсы тұра алады
және тауардар бағаларын меншікті қағаз масштабында бейнелей алады"
делінеді.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысыньщ объективті
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша кажетгіліктерімен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. Тән, яғни ол кездегі
теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордын
меншігінде болған.
XIII ғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез
болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты
пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың
сатып алу қабілеті де әр түрлі болды.
Нағыз қағаз ақшалардын пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила
ханмен байланыстырады.
XVII ғ. алдындағы капитадистік тауарлы өндірістің дамуымен
қағаз ақшаның қолданылуы өріс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы
Солтүстік Американың Британиялық отар елдерінде - 1716 ж. Францияда,
1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде
алғашқы қағаз ақшалар 1769 жылы II Екатерина тұсында пайда болды.
Халық арасыңда оларды "катенька" деп атады, себебі оның бетінде
императордың суреті болды,
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде
болды.
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған -
толық кұнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады.
Шыныңда олар металл ақшаның номиналды құнының нақты кұнынан ауытқуының
көбеюі есесінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз акшаға ауысу себептері;
1.Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің
дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс
кұралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігенен әлдеқайда төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
3. Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған монеталарды
жасаушылардың монеталарды бұзуы.
Ресей патшасы Алексей Михайловичтың тұсында (Петр І-дің әкесі),
яғни 1654-1662 жж. құны толық емес мыс тиындар соғылды. Бағасы
12 тиын мыстың фунтынан - 10 сомдық монеталар соғылды. Олардың нақты
құрамы номиналдың 1-2%-ын құрады. Бұл айырбас процесінің
бұзылуына, халықты қатты толқуға, шаруалар, кәсіпқойлар, саудагерлер
ақшаның құнсыздануынан көп зардап шекті. Осыған байланысты ) 862 ж.
Ресейде "мыс көтерілісі" деп аталған көтеріліс болды. Мыс монеталарын
жасау тоқтатылды, 100 мыс тиынның орнына 1 күміс тиын айырбасталды.
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша,
Солтустік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін соғысты қаржыландыруға көптеген
мөлшерде "континентальдық ақшалар" шығарды.
Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: "өзінін айналыстағы
делдалы ретіңде алтын әр турлі өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана
бір жапырақ қағазға дейін жұмқарды".
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамынын нақты құрамынан біртіндеп
бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Қағаз ақша - мемлекеттін өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі (құнның
белгілері, алтынның өкілдері). Тарихта олар алтын және күмістің белгілері
ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Занды төлем құралы болып
тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу кабілетін сақтай алады. Ал
процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны -бір жапырақ жай
қағаздарға айналады.
Егер "нағыз" ақшалар (алтын) айналыста өзінің меншікті құнының
арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие
болады. Мемлекет сол елдін шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн
белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын
белгілеп, кез келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993
жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар
шығарылған болтын.
Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды. Ақша бірлігінін
ресми алтындық құрамы (баға масштабы) мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп,
бірақ оның құны көрсетілмеді.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездері болған. Мысалға, 1922 жылы шығарылған
"алтын червонец" алтынға және шетел валютасына сатылып сатып алынған (яғни
валюталық интфвенция жүргізілген).
Қағаз ақшалардын өздерінін меншікті құны болмағандықтан да, олар
айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың кызметтері
арқылы атқарады.
Алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар
қорлану қызметін де атқара бастады.
Қағаз ақшалардын меншікті құндарының болмауына байланысты олар
ездерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады: бюджет
тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес шығыстарды жабуға артық
ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға
дүниежүзілік ақша ретінде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі
және тауар массасынын қысқаруы, т.б.
Мұның барлығы бағанын өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан
қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны
көтеріп отырады, Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе
береді. Баға - жалақы - баға... деген тізбек айнала береді.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардын құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән
нәрсе.
Несие ақшалар
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар
несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның
қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономика ғылымы
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық жүйесінде. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Қазақстанның нарықтық экономиксы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Пәндер