Дисперстік жүйелер туралы жалпы түсінік



Бір немесе бірнеше заттардың ұсақ бөлшектерінің екінші бір заттың ұсақ бөлшектерінің арасында таралуын дисперстік жүйенің түзілуі дейді, ал соған сәйкес екі немесе одан да көп заттардан тұратын жүйені дисперстік жүйе дейді. Агрегаттық күйге дисперстік жүйенің күйіндей болатын затты дисперстік орта, ал сол ортада таралатйн затты (немесе заттарды) дисперстік фаза деп атайды.
Дисперстік фазалар мен дисперстік ортаның агрегаттық күйлеріне байланысты дйсперстік жүйенің 9 түрі болады. Бұл жүйелер-дисперстік ортаның агрегаттық күйіне сәйкес 3 түрлі агрегаттық күйде — газ, сұйық және қатты күйлерде болады. Мысалы, ауа, тұман, түтін — газ, эмульсиялар, қанттың судағы ерітіндісі сүйық, әр түрлі металдардың құймалары қатты дисперстік жүйенің мысалдары болады.
Дисперстік ортада таралған дисперстік фазалардың мөлшерлеріне байланысты дисперстік жүйелер үш топқа бөлінеді.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЕРІТІНДІЛЕР

Дисперстік жүйелер туралы жалпы түсінік

Бір немесе бірнеше заттардың ұсақ бөлшектерінің екінші бір заттың ұсақ
бөлшектерінің арасында таралуын дисперстік жүйенің түзілуі дейді, ал соған
сәйкес екі немесе одан да көп заттардан тұратын жүйені дисперстік жүйе
дейді. Агрегаттық күйге дисперстік жүйенің күйіндей болатын затты
дисперстік орта, ал сол ортада таралатйн затты (немесе заттарды) дисперстік
фаза деп атайды.
Дисперстік фазалар мен дисперстік ортаның агрегаттық күйлеріне байланысты
дйсперстік жүйенің 9 түрі болады. Бұл жүйелер-дисперстік ортаның агрегаттық
күйіне сәйкес 3 түрлі агрегаттық күйде — газ, сұйық және қатты күйлерде
болады. Мысалы, ауа, тұман, түтін — газ, эмульсиялар, қанттың судағы
ерітіндісі сүйық, әр түрлі металдардың құймалары қатты дисперстік жүйенің
мысалдары болады.
Дисперстік ортада таралған дисперстік фазалардың мөлшерлеріне байланысты
дисперстік жүйелер үш топқа бөлінеді. Дисперстік ортада таралған
бөлшектерінің радиустары 10-5—10-7 м болатын дисперстік жүйелерді
жүзгіндер, радиустары 10-7—10-9 м-ға дейін болатындарын коллоидты
ерітінділер, ал радиустары 10-9—10-10 м болатындарын шын ерітінділер немесе
ерітінділер деп атайды. Жүзгіндер мен коллоидты ерітінділер гетерогенді
дисперстік жүйелерге жатады және тұрақсыз болады. Жүзгіндер суспензнялар
және эмульсиялар болып бөлінеді. Қатты заттың бөлшектері сұйықта таралуынан
суспензия түзіледі, мысалы оған лай суды келтіруге болады. Сұйық зат
бөлшектерінің сұйықта таралуынан эмульсия түзіледі. Мысалы, сүтте сүйық май
бөлшектері сұйықта таралған.
Коллоид ерітінділерінің мысалы ретінде жұмыртқа белогының ерітіндісін,
желімді, желатина ерітіндісін келтіруге болады.

Ерітінділердің жалпы сипаттамасы

Ерітінділер деп екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын біртекті
(гомогенді) жүйені айтады. Ерітінділердің жай коспалардан айырмасы оны
құрайтын бөлшектер ыдыстың көлемінде біркелкі таралады да қоспаларға тән
тұнба түзбейді.
Ерітінділердің химиялық қосылыстардан айырмасы оның құ-рамы айнымалы
болады да құрам тұрақтылық және еселік катынас заңдарына бағынбайды.
Сонымен бірге еру процесі бір заттың бөлшектері екінші зат арасында
механикалық таралуы емес, еріген зат пен еріткіш бөлшектерінің
әрекеттесуінен түзілетін курделі процесс. Еріген зат бөлшектерінің еріткіш
бөлшектерімен әрекеттесуі нәтиесінде түзілген заттарды сольваттар; ал
судағы ерітінділерде түзілген заттарды гидраттар дейді. Осы процестер
жүргенде химиялық реакциялар сияқты жылу шығарылады немесе сініріледі.
Бұл сольваттар мен гидраттардың кейбіреуі тұракты болғандықтан ерітіндіні
суалтып беліп алуға болады, ал басқалары тұрақсыз болғандыктан қыздырғанда
ыдырап кетеді.
Сонымен ерітінді дегеніміз екі немесе одан да көп заттың тек механикалық
қоспасы ғана емес және солардың әрекеттесуінен түзілген біртекті жүйе.
Д. И. Менделеев еру процесі мен ерітіндінің касиеттерін зерттей келіп,
ерітінді өзінің құрамын температураның және концентрацияның әсерінен
өзгертетін тұрақсыз химиялык қосылыс деген қо-рытындыға келді. Бұл теория
ерітінділердің сольваттық теориясы деп аталды.
Еру процесін Аррениус, Вант-Гофф, Оствальд бір заттың екінші зат
бөлшектерінің арасына механикалық түрде таралуы деп есептеді.
Кейінірек И. А. Каблуков пен В. А. Қистяновскийдін зерттеулері
нәтижесінде еру физикалық және химиялык процестер — қатар жүретін физика-
химиялык процесс екені дәлелденді. Ерітінділер қатты, сұйық және газ
тәрізді болады. Ерітінді еріген з а т т а н және еріткіштен турады.
Сұйықтықта көбірек мөлшерде еріген сұйықты е р і т к і ш деп атайды. Газ
бен қатты зат суйыкта еріген болса, сұйықты еріткіш дейді, ал газ бен қатты
затты еріген заттар дейді. Қатты затта еріген (мысалы мыс күміс құймасы)
қатты заттың мөлшерінің көбірегін еріткіш дейді.
Әсіресе сұйық ерітінділердің табиғатта, техникада, тұрмыста маңызы зор.
Өсімдіктер мен жануарлар организмінде өтетін процестер суйық ерітінділерде
жүреді. Химия және металлургия т. б. өнеркәсіп орындарында негізгі өнімдер
алу суйық ерітінділердің қатысуымен жүреді.

Заттардың ездігінен еру процесі

Ерітінді түзілу үшін әр түрлі заттар еріткіштерде еруі керек. Газдардың,
сұйықтардың, қатты заттардың сұйық еріткіштерде еруі күрделі физика-
химиялық процестер.
Біріншіден газдар, сұйықтар, қатты заттар (кристалдар) ерігенде олардың
атомдарының (иондарының) арасындағы химиялық байланыстардың үзілу процесі
жылу сіңіру арқылы жүреді, яғни жүйенің энтальпиясы артады. Екіншіден
еріген заттың бөлшектері (молекулалар, иондар) еріткіштің молекулаларымен
әрекеттесіп сольваттар немесе гидраттар түзу процесі жылу шығара жүреді,
яғни жүйенін энтальпиясы азаяды. Үшіншіден түзілген сольваттардың немесе
гидраттардык еріткіш молекулаларынын арасында біркелкі таралу процесі,
яғни, диффузнясы жылу сіңіре журіп жүйенін энтальпиясын арттырады.
Сонымен зат еріген кезде бөлінетін немесе сінірілетін жылудың мөлшері
химиялық байланыстардың үзілу энергиясының бөлшектердің гидраттану
энергияларының және бөлшектердің диффузиялану энергиясының алгебралық
қосындысына тең болады:
КА типтес екі бөлшектен тұратын кристалды қатты заттын еруі кезінде
байқалатын жылу құбылыстарын былай түсіндіруге бо-лады:
Екі түрлі ионнан тұратын КА кристалды затын суда еріткенде су
молекулаларының әсерінен иондардың арасындағы химиялық байланыстың

Атомдық немесе молекулалық кристалды заттарды да еріткенде бөлінетін
немесе сінірілетін жылу осы заңдылыққа бағынады.
Сұйықтарды суда еріткенде сұйык молекулаларынын арасындағы әлсіз
молекулалық байланысты үзуге энсргия аз жүмсалады да, бөлшектердің
гидраттану кезінде бөлінетін энерпіяның ссебінен еру көбінесе жылу шығара
жүреді.
Газдар еріген кезде жоғарыда көрсетілген процестср кезіндегі байқалатын
жылулардан басқа жалпы еру жылуына газ көлемінін еріткіш су көлеміне дейін
кішіреюі кезінде бөлінетін жылудың әсер ететінін еске алып еру жылуын
былай жазады:

Газдар ерігенде молекулааралық байланысты үзуге жылу аз сіңірілетіндіктен
еру процесі көбінесе жылу шығара жүреді.
Заттардың еріткіштерде еруі қанық ерітінді түзілгенше өздігінен жүретін
процесс. Қез келген процесс өздігінен бос энергиясын немесе изобара-
изотермалык потенциалын азайту бағытында жүретіні бұрын айтылды, ал изобара-
изотермалық потенциалдың мәніне энтальпиялық және энтропиялық факторлар
әсер етеді.
Теңдеу заттардың өздігінен еруіне энталышянын азаюы және энтропияның
көбеюі көмектесетінін көрсетеді.
Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес кейбір кристалды қатты заттар ерігенде
жылу бөлінуі, ал баска бір кристалды заттар ерігенде жылу сіңірілуі мүмкін,
ал барлық кристалды заттар ерігенде жүйедегі тәртіпсіздік күшейіп, соған
байланысты энтропиялары артады. Сондықтан еру кезінде энтролияныц артуы
барлық катты заттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Коллоидтық химиядан дәрістер
Микрогетерогенді жүйелердің практикалық мәндері
Фазааралық беттік керілуге БАЗ және полимерлердің әсері
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
БАЗ және полимер композицисының фазааралық адсорбциялық қабаттың реологиялық қасиеттері
Коллоидты дисперсті жүйелерді алу
Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Дәрілік заттарды жағар майға енгізудің негізгі ережелері.
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Пәндер