Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы



Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық
механизмін жетілдіру
 
Кіріспе 
    Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі.  Қазақстан Республикасы
экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып,
экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады.  Экономиканың
нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың
экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің
қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
    Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық
өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы
тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық
қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды
себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның тежелуі.
    Мақта өңдеу кәсіпорындары басшылары  мен менеджерлері алдында  қаржы
ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады.
Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер
мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке
әкелмейтіндігі анықталады  және   бәсекелестердің  пайда болуы  дәстүрлі
пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда
пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
     Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы
ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары
мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол
осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу
жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда
бар қорылар бар жағдайында  сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай
процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және
т.б.  осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті
мәселесі болып отыр.
    Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың
күшейген бәсекелестік жағдайында  басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік
беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі
де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз
қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне
ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз
жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы
ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін
мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін
таңдауды анықтады.
    Диссертация тақырыбының зерттелу дәрежесі. Қаржы  ресурстарын басқару
жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру  процесін
талдауға мүмкіндік береді.  Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер  ұзақ
уақыт бойы жүргізіліп келеді.
    Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне
қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған:  Джуманов А.М.,
Жуйриков К,  Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К.,  Мельников В.Д., 
Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К.,
Тажибаев С.Д. және т.б.
    Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға
арналған: Большаков С.В, Балабанов И.Т, Докучаев М.В, Кочеткова А.И, 
Моляков Д.С,  Родионова В.М., Сенчагов В.К, Стоянова Е.С, Уткин Э.А,
Федотова М.А және т.б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы
ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару
әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық
экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек,
өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып
кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды.
    Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын  басқаруды
қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді
талап етеді.
    Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмыстың басты
мақсаты - мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды
қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді
зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар
ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері
қойылды:
• кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және
оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
• шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы
жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
• мақта өңдеу кәсіпорынның жоғарғы пайдалалылыққа жету құрылымын
оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын көтеруді анықтау,
инвестициялық-инновациялық қызығушылығын арттыруды зерттеу;
• мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруда тиімді саясатты
қалыптастыруды жетілдіру және оны басқарудың тиімді механизмін дамыту;

• қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың
жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
• мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржысын жоспарлауды ұйымдастыруды
жетілдіру;
• қаржы ресурстарының айналымын көтерудің ішкі резервтерін анықтауда
экономико -  математикалық тәсілді кеңінен қолдану.
    Зерттеу пәні болып мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын
басқару есептелінеді.
    Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өңдеу кәсіпорындары
болып табылады. .
    Зерттеуге ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің
нұсқаулары мен қаулылары мақта тазалау кәсіпорындарында 2000-2006 жылдар
аралығындағы бухгалтерлік есептілік, статистикалық және нақты мәліметтер 
есептелінеді.
    Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау
теориясы, экономика математикалық әдістер және т.б. зерттеудің теориялық
және әдістемелік негізі болды.  Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік
есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті
ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және
талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми
еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер 
пайданылды.
    Қаржы ресурстарын  басқаруды талдау кезінде  көлденең тәсіл, тік тәсіл,
коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау
әдістері қолданылды.
    Қаржы ресурстарын  басқаруды талдау кезінде  көлденең тәсіл, тік тәсіл,
коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау
әдістері қолданылды.
    Диссертацияның ғылыми жаңалығы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық
ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу
және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау
беру.
    Ғылыми зерттеу жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше:
• кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың қалыптастырудың теориялық
негіздері дамытылды;
• нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда,
пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде
басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың
методологиясы жетілдірілді;
• мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі
заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды;
• қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты маңызды мәселелерді
экономико -  математикалық тәсілмен шешуде Оптималды түсу тәсілі
мақта өңдеу кәсіпорындарында алғашқы рет қолданылды.
    Диссертациялық жұмыстың  тәжірибелік маңыздылығы ондағы ұсыныстар мен
нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша  қолданыла алатындығымен
анықталады:
• мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстары бойынша ғылыми зерттеулерді
одан әрі тереңдете отырып жалғастыру;
• кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару процесінде ұсынылған
механизмдерді пайдалану;
• қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін анықтауда ұсынылған
нұсқауларды пайдалану;
    Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары  :
• қаржы ресуртарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы қайнар көздері;
• мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқару саясатын
қалыптастыру;
• кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі;
• мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
• кәсіпорындарда қаржылық ресурстардың айналымын көтеру жолдарын
жетілдіру жолдары;
• мақта тазалау кәсіпорындарында активтерді болжау мәселелерін шешу
барысында экономика математикалық тәсілдерді қолдану.
 
      Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі -
қазіргі таңдағы  Қазақстандағы мақта өңдеу кәсіпорындарының заман талабына
сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік
нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең
бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі
есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы
орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі қаржы
ресурстарын ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару
тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде
кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы
анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.
    Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы,
принциптері ашылады да мақта тазалау кәсіпорындарының, олардың кәсіпорын
қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық
ерекшеліктері негізінде зерттеледі.
    Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар
көздерін талдау, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару саясатын
ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары
зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және
ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.
    Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды
ұйымдастыруды жетілдіруде экономико математикалық тәсілдерді қолдану,
ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп
айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады.
    Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мақта тазалау 
кәсіпорындарында қаржы ресурстарын басқарудың экономикалық механизмдері
бойынша  ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.
    Зерттеу нәтижелерін апробациялау және жүзеге асыру.  Диссертацияда
қамтылған ғылыми зерттеудің нәтижелері Нимекс корпорациясы мен Контал
ЖШС мақта өңдеу зауытындағы тәжірибелік қызметінде енгізуге қабылданған,
сонымен қатар Контал ЖШС мақта тазалау кәсіпорнында апробациядан өтті.
    Диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары, келесі халықаралық және
республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми–практикалық конференцияларда
жарияланып,  талқыланды: 
    1. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын тиімді басқару
кезеңдерін құру.ҚазЭУ ХАБАРШЫСЫ, т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университетінің ғылыми-қоғамдық басылымы, №5, маусым 2006 жыл, 97 – 101 б.
    2. Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мен қызметтері. Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетенің ХАБАРШЫСЫ, №3  2006 жыл, 
165 - 173  б.
    3. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастырудың объективті
қажеттіліктері мен жалпы принциптері. Экономика и статистика №1, 2007 жыл,
34 – 37 б.
    4. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай ресурстарын болжау, Халықаралық
ғылыми журнал, Қазақстан ғылыми әлемі, № 1, 2007, 123 – 129 б.
    5. Некоторые проблемы решения финансовых ресурсов предприятий.
Халықаралық ғылыми -техникалық конференция Развитие розничного банковского
бизнеса,Ташкент, 11-12 мамыр 2007 жыл, 336 – 338 б.
    6. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың принциптері.
Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы  тетігін дамытуды жетілдіру-
бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті,
Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 202 – 204 б.
    7. Ауыл шаруашылығы саласының қаржысын басқаруды ұйымдастырудың
маңызы.  Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы  тетігін дамытуды
жетілдіру- бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференциясы Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 232 – 234 б.
    8. Финансирование субъектов сельскохозяйственных предприятий. 
Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы  тетігін дамытуды жетілдіру-
бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті,
Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 230 - 232 б.
    9. Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын қалыптастыру және
жетілдіру жолдары, “ Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін
дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттілігіннің айғағы “ атты
халықаралық ғылыми  – практикалық конференциясы Қ. А. Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007
жыл, 93 – 94 б.
      
    Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша барлығы 9 жалпы көлемдегі 2.80
б. жұмыстар жарияланды.
    Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Көлемі
147 бет. 
 
 
 
        Жұмыстың негізгі мазмұны  
    Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың
экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары,
объективті қажеттілігі мен мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық,
технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын
қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипаталады.
     Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын
зерттеуден,  зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі
пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік 
басылымдармен танысудан басталады.
     Қаржы ресурстары мен капитал түсініктері арнайы экономикалық
әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша
нұсқауларда еркін талқыланады.  Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы
жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.
    Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған
категорияларды талқылаудың біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы
орайда біз қаржы ресурстарының  анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап
көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы
тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.
    Қаржы ресурстары категориясына бір мәнді және негізделген талқылама
жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы
ретіндегі, қаржы ресурстарына тән  ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар
айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
    Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің
негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша
арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми
әдістемелік тәсілі кездеседі.
     Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде  негізгі кезең
ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі
болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің
жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы  ресурстарын
және т.б. жатқызуға болады.
    Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда
олардың қалыптасуының қайнар көздерін  таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім.
Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда  жиынтық қоғамдық өнімнен
белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты
шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады. 
    Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған
дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың
жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі
жағдайдай,  елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде
ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары 
құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің
нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі
формалары ерекешеленеді.
    Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы  және
басқарушы органдары тарапынан  реттеу объектісі болып саналады. Маңызды
қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.
    Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті  тек шаруашылық
субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: қаржы ресурстары деп -
шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге
асыруға,  кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру
шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер.
    Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол
төмендегідей сипаттама береді.
    Меншікті  және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның
кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден
түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады,
қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және
облигацияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігі
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қаржылық бақылаудың функциялары
Пәндер