Алаш қозғалысының бастау көздері



XX ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ әскерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстанның 45 млн десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 проценттей бөлігіне иелік етті. 1917 жылғы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен россиялық коныстанушылар (негізгі орыс ұлтының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 процентін құрды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жок, олар қазақтарды рухани жағынан да отар-лады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жа-зылған "Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: "... Ең алдымен қазақ халқы — Россияға тәуелді халық ... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...
Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...
Енді бұл чиновниктер қазақ даласына Мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде..." .
Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-әкімшілік аппаратымен біте қайнасып кеткен бай-шонжарлар өкілдерінің қолдарында болды.
Өлке өндірісі нашар дамыды, оның өркендеуіне патша үкіметі мен орыс буржуазиясының отарлық саясаты және қазақ ауылындағы патриархалдық-феодалдық қатынас-тардың үстем болуы күшті кедергі жасады.
Қазақстанның қисапсыз табиғи байлықтары өте баяу игерілді. Өлке

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСТАУ КӨЗДЕРІ
XX ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі
өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық өлкесі болды. Қазақ
халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының
қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің
ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия
алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап,
шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ
әскерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын
мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға
созылған жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстанның 45 млн десятинаға
жуық жерін, басқаша айтқанда ең құнарлы 16 проценттей бөлігіне иелік етті.
1917 жылғы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен
россиялық коныстанушылар (негізгі орыс ұлтының өкілдері) сол кездегі
Қазақстанды мекендегендердің 23,1 процентін құрды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай
бөлігіне иелік етіп қана қойған жок, олар қазақтарды рухани жағынан да отар-
лады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында
қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жа-зылған
"Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына
жазған еді: "... Ең алдымен қазақ халқы — Россияға тәуелді халық ... Оның
ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық
қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...
Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей
қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...
Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-
ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа
бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...
Енді бұл чиновниктер қазақ даласына Мыңдаған мұжықтарды жер аударып,
қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерді
арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде... Бұлар
сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде..." .
Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-
әкімшілік аппаратымен біте қайнасып кеткен бай-шонжарлар өкілдерінің
қолдарында болды.
Өлке өндірісі нашар дамыды, оның өркендеуіне патша үкіметі мен орыс
буржуазиясының отарлық саясаты және қазақ ауылындағы патриархалдық-
феодалдық қатынас-тардың үстем болуы күшті кедергі жасады.
Қазақстанның қисапсыз табиғи байлықтары өте баяу игерілді. Өлке
өнеркәсібінің көпшілігі ауыл шаруашылығынын, оның ішінде мал шаруашылығының
өнімдерін өңдсйтін кәсіпорындар еді. Мұнымен қатар өлкеде біршама тау-кен
рудниктері, көмір шахталары мен түсті металл рудаларын өндіретін
кәсіпорындары болды.
Бұл өндіріс орындарының жұмысшылары өте ауыр жағдайда өмір сүріп, еңбек
етті. Олар 12-14 сағаттық жұмыс күні үшін өлмесі күн-көріске жетер-жетпес
ақы алды. Әсіресе, ешқандай кәсіптік мамандығы жоқ қазақ жұмысшыларының хал-
жағдайлары аса қиын болды. Патша үкіметінің отарлық саясатынын нәтижесінде
қазақ өлкесі метрополияның шикізат көзі мен товар өткізетін өңіріне
айналды.
XX ғасырдың алғашқы онжылдығында көптеген елдер, олардың ішінде Россия
да, дамудың индустриялық кезеңіне нықтап аяқ басты. Россия өнеркәсіптік
төңкерісін аяқтап, өзінің отарлы аймақтарын, олардың катарында Қазақстанды
да, жаңа әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың аясына
тартты.
Қазақстанға капиталистік қатынастардың ене бастауы өлкеде жекелеген
өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың пайда болуына және қазақ жұмысшы
табының алғашқы легінің калыптасуына негіз болды. Пролетари-аттың қалыптасу
процесінің басталуымен қатар жаңа әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар
пайда болып, қалаларда майда кәсіпкерлердің қалыптасуы жүріп жатты.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал
аграрлық, ұлттық және таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленді.
Қазақстанда осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс ең
алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталды.
ХХ ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық
қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-
міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту
ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру
сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында
болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш
интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге
тырысты.
Қазақ интеллигенциясын қалыптастыруда Петербург, Москва, Варшава, Қазан
университеттері мен басқа да жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ Сібірдің
жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындары да айтарлықтай роль
атқарады.
Зерттеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтанғалиева, В.Григорь-ев және
М.Қойгелдиевтердің мәліметтеріне сүйенсек, ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан
1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары,
ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас ксзінде Петербург университетінде
20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты, олардың қатарында Б.Қаратаев,
Б.Құлманов, Б.Сыртанов, А.Тұрлыбаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев,
т.б. болды. Москва мен Петер-бурггің басқа жоғарғы оқу орындарын
Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ жастары бітірген.
Казақ жастары Россиядан тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. Ғалым
Ахмедов жинақтаған мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі кезеңде Стамбул
университетінде Ә.Ғайсин, С.Шанов, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев және Ә.Машаев
деген жастар білім алған.
Толық емес мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі уақытта 120-ға жуық
қазақ жастары әр түрлі жоғарғы оқу орындарын аяқтағаны туралы диплом
иемденсе, 700-дей қазақ жастары арнайы орта білім беретін оқу орын-дарын
бітірген.
Революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясы өзінің шыққан ортасы
тұрғысынан алғанда әр текті болды: олардың қатарында ақсүйек, бай-шонжар
әулеттерінен шыққандар да, орта дәулетті от басы өкілдері де, жекелеген
қарапайым еңбекші шаруалардың балалары да болды. Олардың жоғарғы және
арнаулы орта оқу орындарынан алып шыкқан кәсіби мамандықтары да әр түрлі
болды. Бұлар отарлы қазақ өлкесінің басқару аппаратында әртүрлі жұмыс
атқарған чиновниктер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері,
журналистика, оқу-ағарту және мәдениет саласында еңбек еткендер және сан
жағынан басқа топтардан аз болған инженер-техник қызметкерлерден тұрды.
ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында қалыптасқан Қазақ
интеллигенттерінің тобының басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың
тізгінін ұстаумен шектелмей әмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу-
ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қам-қаракетімен
де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына
ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси
өміріне белсене араласуы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар XX
ғасыр басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына
мүмкіндігінше толык жауап беруге атсалысты.
Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке
араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен,
1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған,
кейін Алаш қозғалысының белгілі жетекшілерінің бірі болған Халел
Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене
көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған
Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне
өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен — деп жазды өз
мәлімдемесінде Халел Досмұхамедов, — Петербургке бірінші орыс революция-
сының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде
студенттер қауымы да, жиі-жиі на-разылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш
студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім.
Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені және басқа
қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады.
Социал-демок-раттар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-
революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын ... Кадеттер орыс халқының
ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал
оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, олар-ды қудалаумен болатын.
Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда
сөйлеген Милюковтың (кадеттердің жетекшісі ) айтқан сөздерін осы күнге
дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса
дөрекілікпен және ұятсыздықпен қанап отыр" деп еді ...
1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында
үгіт жұмыстарын жүргізіп, халыққа елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім.
"Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы
кырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де саяси
жұмыс жүргізуіме тиым салынды" .
Осы құжат 20-шы ғасырдың басында Россия империясынын бас қалалары
Петербург пен Москвада, сол сияқты Қазақстанмен жапсарлас орналасқан Омбы,
Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалалардың жоғарғы және арнаулы орта
оқу орындарында оқыған, ал кейін Алаш партиясын құруға мұрындық болған
қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуының бастау
көздерін және олардың алғашқы саяси әрекеттерге араласу жолдарын
анықтауға септігін тигізетіндігімен құнды.
Бұл құжат сонымен қатар қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел
Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев,
Жаһанша Досмұхамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы
Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен
қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін
шешкендігін көрсетеді.
Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында
өткен Ә.Бөкейханов, ЖаҺанша Сейдалин, М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов
сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған
бас қосуда жасаған "қазақ конституция лық демократиялық" партиясын құру
жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған
Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне
топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында
сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар тиясын өздеріне
белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар"
(қазақтар) атты әйгілі мақаласындағы ой — тұжырымдары растай түседі. Бұл
мақала 1910 жылы Петербург қаласында А.И.Косте-лянскийдің редакциясымен
жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах"
деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз (қазақ) халқының арасында, — деп жазды
Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, — саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ ...
орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың
халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың
оппозициялық партияларына көңіл кояды. Жақын болашақта ...
кырғыздар (қазақтар) арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай
екі саяси партия құрылуы мүмкі. 0ның бірін ұлттык-діни бағыттағы деп атауға
болар, ал оның мақсаты қырғыздарды (қазақтарды) баска мұсылмандармен
біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз (қазақ) келешегі кең мағынадағы батыс
мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман
— татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі — оппозициядағы орыс партияларын,
атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық
көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен
оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша
үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық
бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың
(кадеттердің) үлгісінде құруға бсйім тұрғандығын аңғару қиын емес.
1917 жылғы қос революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясының саны мен
әлеуметтік құрамы әлі толық анықталған жоқ. Сол сияқты олардың қаншасы Алаш
қозғалысының бастау көздерінде тұрғанын және кейін (1917-1920 жылдары) оның
қатарында болған-болмағандығын айға таңба басқандай айта қою қиын.
Калай дегенде де әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясының 1917
жылғы революцияға дейінгі идеялық-саяси көзқарастарында айырмашылықтар
болмай қалған жоқ. Дей тұрсақта, олардың басым көпшілігі бірінші орыс
революциясы негізінде саяси күрес аренасына шыққан либералдық-демократиялық
партиялар мен топтардың жағында болумен қатар сол уақытта қоғамдық-саяси
қозғалыс ретінде пайда болған россиялық мұсылмандардың саяси қызметіне де
тікелей араласты.
Қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған
бөлігі "Қазақ" газетін шығарып, соның төңірегіне топтасып кейін Алаш
партиясының ұйытқысы болса, екінші М.Сералин бастаған бөлігі "Айқап"
журналының төңірегіне топтасты. Осы екі ұлттық басылым арқылы олар халықты
оқуға, мәдениетке, көшпелі шаруаларды отырықшылыққа шақыруда,
шаруашылықты жүргізудің прогрессивті түрлерін, әйел теңдігін
насихаттауда онды істер тындырып, патша үкіметі тарапынан жүргізіліп
отырылған отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық
пікір қалыптастыруда айтарлықтай жұмыстар атқарды.
Ал Әліби Жангелдин сияқты бірен-саран қазақ зия-лыларының өкілдері 1917
жылға дейін-ақ өздерінің тағдырын социал-демократтар қозғалысымен, оның
слшыл (радикалдық) қанаты — большевиктермен байланыстырды.
Қазақтың ұлттык-демократиялық интеллигенциясының жетекшілері,
біріншіден, патшалық Россияның халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін
әшекерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның
келешегіне қатер төңдіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара
жатқан жан-жақты экспансиясын тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң
шығарушы және басқарушы өкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгімен
әртүрлі петициялар арқылы талап-тілектер кою демонстрациялар мен шерулер
ұйымдастыру, мемлекеттік Думаның сайлануына белсенді түрде араласып,
парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты.
Сондықтан да 1905-1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған
Россия қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси
науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс-
әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда, қазақ қауымын басқарудың ең
болмағанда уезде мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың
отарлық сипатын өзгертуді талап етті.
Қазақ интеллигенттерінің қоғамдық-саяси кызметінің тағы бір бағыты
Россиядан Қазақстанга орыс мұжықтарын квшіру ісін басқаратын қоныс аударушы
мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды.

ТАРИХНАМА
XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының "ақтандақ"
беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты. Алаш
партиясы мен Алашорда тарихын арнаулы әдебиетте көбінесе "Алаш" немесе
"Алашорда қозғалысы тарихы" деп те атайды.
"Алаш" немесе "Алашорда қозғалысы" — бірнеше құрамдас бөлімдерден
тұратын күрделі ұғым. Сондықтан да әуел бастан Алаш (Алашорда) қозғалысына
жататын жекелеген мәселелердің басын ашып, оларды нақты түрде қарастырған
жөн сияқты. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден,
мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны
(Алаш атты қазақтын мемлекеттігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы
(Алашорда үкіметі) туралы мәселелер. Басқа сөзбен айтқанда, осы нақты үш
мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді. Алаш
(Алашорда) қозғалысы деген ұғым 20-30 жылдардағы ғылыми және саяси
әдебиетте калыптасты. Казіргі оқырман, әсіресе 20-30 жылдардан кейін
дүниеге келген ұрпак, Алаш туралы білмейді, ал біле қойған жағдайда, онысы
шындыққа жанаспайды. Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік себептері болды.
20-шы жылдардан бастап, әсіресе 1928-1932 жылдары орын алған бұрынғы Алаш
партиясы мен қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси
сот процестерінен кейін, бұл тақырыпты нактылы тарихи тұрғыдан зерттеуге
ресми түрде тиым салынды. Бірінші процесстің барысында 47 адам тергеуге
алынып, ОГПУ-дің сот коллегиясының 1930 жылы 4-сәуірдегі
үкімімен 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов
бастаған 10 адам әуелде өлім жазасына бұйрылып, кейін ол үкім 10 жылдық
мерзімге концлагерьде отырумен алмастырылды. 1932 жылғы екінші сот
процесінің үкімімен Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамбетов, ЖаҺанша
Досмұхамбетов бастаған Алаш козғалысы басшыларының екінші тобы 5 жылдық
мерзімге Россияның Орталық Кара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысы)
жер аударылды. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып, елге
оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік "халық жауы" деген жалған
айыппен ату жазасы-на кесілді...
Сондықтан да Алаш туралы шындық айтылмайтын болды да, бұл тақырып ресми
түрде "жабылды". Осының салдарынан 60 жылдай уақыт бойы (30-шы жылдардың
ортасынан 80-ші жылдардың соңына дейін) біздің ғылыми және саяси әдебиетте,
жекелеген көркем шығармаларда мәселенің байыбына бармай, шындыққа сай
келмейтін Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын, оның жетекшілерін
"буржуазияшыл ұлтшылдар", "халық жаулары" деп жамандайтын пікірлер жазылып,
әртүрлі мінбелерден жалған сөздер айтылып келді.
Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш
автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Совет өкіметімен
аракатынасы хақындағы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде
1919-1920 жылдардан-ақ жариялана бастады. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам
тартушы-лар көш басында Алаш пен Алашорданың белгілі басшыларының бірі
Ахмет Байтұрсынов пен қазақ зиялылары қатарынан шыққан алғашқы
большевиктердің бірі Сәкен Сейфуллин тұрды. 1919 жылы тамызда РСФСР-дың Ұлт
істері жөніндегі халық комиссариаты органында Ахмет Байтұрсыновтың
"Революция және қазақтар" атты мақаласы жарияланды. Осы шағын көлемді
еңбегінде А.Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан револю-цияларын қазақ
халқының қалай қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау
мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорда-ның Уақытша
сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч) және Колчак билігімен
қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды.
Сонымен қатар ол большевизмді қабылдауға 1917 жылы қазақ қауымы дайын емес
еді деген тұжырым жасайды. "Қазақтарға Февраль революциясы қаншалықты
түсінікті болса, — деп жазды А.Байтұрсынов., — Октябрь социалистік
революциясы соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші революцияны қандай
қуанышпен қарсы алса, екінші революцияны соншама үреймен қарсы алуға тура
келді". Мұның себебін А.Байтұрсынов былай нсгіздеді: "Екіншісінің (Қазан
револкщиясын айтып отыр) түсініксіз болуын оп-оңай ұғындыруға болады:
қазақтарда капитализм де, таптық жіктелу де жоқ: тіпті жеке меншіктің өзін
басқа халыктардағыдай айдар тағып ажырату қиын; көптеген пайдалану
бұйымдары оларда кауымдық дәулет болып саналады... Қазақтардың күн көріс
жағдайына, таптық жіктелудің жоктығына және жеке меншіктік заттарда белгілі
меже болмауына байланысты қазақтар арасында олардың өзіне тән социализм мен
коммунизмнің орын алуы казақ халқына әзірше социалистік қоғамға деген
мұқтаждықты қажет еттірмей отыр" . А.Байтұрсыновтың бұл тұжырымының
қазақтар үшін таптық идеологияға негізделген большевизм идеясы мен
большевиктер партиясы емес, ұлттық мүддеге негізделген жалпы қазақтың Алаш
партиясы кажет болып еді деген ойды дәлелдеуге қызмет етіп отырғандығын
түсіну қиын емес. Алаш пар-тиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын Қазан
төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде
түсіндірген А.Байтұрсынов, большевиктік үстемдіктің Қазақстандағы алғашқы
қадамдарына мынандай баға береді: "Россияның орталық аудандарында
большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет
аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық
өкімет билігімен катар жүргізіледі. Тоқ етерін айтқанда, ол қозғалыс шет
аймақтарда революция (әдеттегі түсініктегі) емес, барып тұрған анархия
болды ... Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазактарды
ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер —
коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіп отыр".
Өз мақаласында А.Байтұрсынов Алашорда үкіметінің 1918-19 жылдарда Россияның
жекелеген өңірлерінде (Еділ бойында, Сібірде) пайда болған мемлекеттік
құрылымдар мен оның үкіметтерімен қандай қарым-қатынастарда болған-дығы
жөнінде де қысқаша мағлұматтар береді Ахмет Байтұрсыновтың аталмыш еңбегі
жарияланысымен және сол басылған "Жизнь национальностей" апталығының 1920
жылы қарашаның 25-дегі санында Сәкен Сейфуллиннің "Манап Шамиль" деген
бүркеншік атпен "Қазақ интеллигенциясы туралы" атты мақаласы жарық көрді.
Журнал атынан берілген анықтамада: "Ақмолада шығатын "Красный вестник"
газетінде 24 тамыз бен 14 қыркүйекте жарияланған екі мақаланы аздаған
өзгерістермен қырғыз (казақ) интеллигенциясының революциялық қозғалыс пен
құрылыстағы ролін зерттеуге дерек ретінде ұсынып отырмыз. Мақалалардың
екеуін де Манап Шамиль жолдас жазған".
Демек, М.Шамильдің (Сәкен Сейфуллиннің) осы мақалаларының алғашқысы
А.Байтұрсыиовтың мақаласы жарық көргеннен 21 күннен кейін, екіншісі бір ай
22 күннен кейін жарияланған. Ал "Жизнь национальностей" басылымы ізін
суытпай тұрып, осы екі мақаланы топта ма ретінде қарашадағы санында басқан.
"Жизнь нацио-нальностей" апталығында С.Сейфуллиннің мақаласы "Қырғыз
(қазақ) интеллигенциясының арасын-дағы партиялық" және "Қазакстанның кешегі
революционерлері" деген екі бөлімнен тұрады.
Автор 1905 жылдан бастап, әсіресе 1912 жылдан кейін, қазақ зиялыларының
арасында ұлттық теңдік пен азаттық идеялары таратыла бастағанын айта келіп,
жас қазақ интеллигенциясының дем беруші басшылары Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов және М.Дулатов болған-дығын айтады. "Олар, — дейді одан әрі
С.Сейфуллин, — өздері ұйымдастырған "Қазақ" газетінің төңірегіне халықтың
зиялы өкілдерін топтастырып ұлттық саяси ұйым кұру жолдарын іздестіреді.
Осыдан кейін ұлттық интел-лигенция екі лагерьге бөлініп, басым көпшілігі —
кадеттер мен оңшыл әсерлерді жақтаушы "қазақ революционерлері" жалпы
ұлттық партия құрып, оған "кулықпен ... Алаш" деген ат берді", екінші
лагердегі интеллигенцияның азшылық тобы большевиктерге ниет-тес болып,
солардың соңынан ерді. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің іс-
әрекеттеріне коммунистік иделогия мен таптық тұрғыдан баға берген
С.Сейфуллин өз ойларын былай деп тұжырымдайды: "Октябрь төңкерісінен кейін
солшылдар (большевиктердіқ соқына ерген қазақ, зиялылары) біртіндеп
бұрынғыдан әрі солшылдана және революцияшылдана бастаса, оңшылдар (Алаш
қозғалысына қатысушылар) оңшылдана және реакцияшылдана берді"
Өз тағдырын, сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм
мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған С.Сейфуллин бұл мақаласында
Алаш партиясы мсн Алашорда қозғалысы жалпы алғанда қазақ халқының мақсат-
мүддесіне жат құбылыс еді деген ойдың ұшын анғартады.
Бұл ойларын С.Сейфуллин "Қызыл Қазақстан" жур-налында 1922 жылдан
жариялай бастап, 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып жарық
көрген "Тар жол, тайғақ кешу" деп аталатын тарихи-публици-стикалық
еңбегінде терецдете, нактыландыра түсті. "Тар жол, тайғақ кешудің"
беташарында С.Сейфуллин былай деп жазды: "Азын-аулақ казақтан шыққан, ұлы
өзгеріске қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып,
революцияның жалпы жауларына қарсы шығысқан да, күрескен дұшпандардың бірі
"Алаш" еді ... "Алаш" деген, "Алашорда" деген болды. Оның октябрь
төңкерісіне қарсылық еткенін жұрт өзі де қазір тегіс көріп отыр"".
С.Сейфуллиннін Алашорда Қазан төңкерісі мсн аза-мат соғысы жылдарында
ұлтшылдық позицияда болып, контрреволюциялық роль атқарды деген тұжырымын
1923 жылы жариялаған көлемді макаласында Ә.Әйтиев жақтады.
20-шы жылдардың басынан Алаш козғалысының тарихына және бұрын
Алашорда козғалысына қатысқан, кейін партия-совет органдарында қызмет
атқарып жүрген қайраткерлерге қарсы шабуыл кездейсоқ жүргізілген жоқ еді.
1922 жылдың күзінен бастап алашордашылардың көпшілігін (онық
ішінде Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов те бар) Қазақ АССР-інің
жоғары мемлекеттік және басқару органдарынан жаппай
қуу науқаны басталған болатын, өйткені қазақ коммунистердің белгілі
бөлігі оларды "совет өкіметі мен социалистік кұрылыс ісіне жау
пиғылдағы адамдар" деп бағалауын қойған жок еді.Ал жағдайдың осылай
қалыптасуына 1922 жылғы 5 сәуірде құрылған РКП(б) Орталық комитетінің
Қырғыз(қазақ ) бюросының сол жылғы 6-13 қазанда өткен Қазақ АССР-і
советтерінің III съезіне Қазақ Орталық Атқару комитеті мен Халық
Комиссарлар советінің құрамына негізінен совет өкіметіне шын берілген,
әрі әлеуметтік тегі жағынан жұмысшы немесе шаруа әулетінен шыққан
адамдарды сайлау, сондай-ақ алашордашыларды және олармен тығыз
байланысты болғандарды ұсынбау жөніндегі нұсқауы негіз болды.
Сондықтан да Қазақстан советтерінің II съезі қарсаңында және одан кейін
республикалық мерзімді басылымдарда Алаш қозғалысы туралы пікірталастың
өріс алуына таңдануға болмайды. Бұл дискуссияға "Н.Ш." деген лақап есіммен
жасырылған автордың "Шығыс Киргизиядағы (Қазақстандағы) революциялық
қозғалыстың тарихына", Ә.Байділдиннің "Шығыс Киргизиядағы революциялық
қозғалыс жөнінде", А.Кенжиннің "Киргизиядағы революциялық қозғалыс"
(Қазақстандагы) деп аталатын мақалаларды жатқызуға болады. Егер "Н.Ш."
бүркеншік атпен жасырынған автор Алашорда қызметіне теріс баға берсе,
бұрын Алаш қозғалысының белсенді мүшелері болған Ә.Байділдин
мен А.Кенжин Алашорда тарихын тек қана біржақты жамандауға қарсы шықты.
"Жан-жақты деректерге сүйенбейінше, — деп жазды А.Кенжин, сол
деректерді Алашорда қызмет еткен нақтылы тарихи жағдайдың ерекшеліктеріне
сай ой елегінен өткізбейінше Алашорда туралы айтылған пікірлер негізінен
"жорамал мәнге ғана ие болмақ", оған "әділ баға беру үшін қазақ өлкесінің
саяси, экономика-лық жағдайы жөнінде зерттеулер жүргізіп, Алашорданың
мәлімдемелерімсн, бағдарламасымен, нақтылы қызметімен жете танысу қажет" .
Бұл ескеруге тұрарлық пікір еді, бірақ сол кезде онымен
санасатын адам болмады. Қазақ Республикасының партия ұйымын
басқаруға Сталиннің сенімді қолшокпарларының бірі — Ф.Голощекин
келген 1925 жылдан кейін бұрынғы Алаш қозғалысында болған, соған
карамастан 1919-жылдың соңынан бастап, ғылыми, оқу-ағарту, өнер,
баспасөз салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген қазақ
зиялыларының соңына ресми өкімет, коммунистік партияның идеологиялық
аппараты күндіз шырақ алып түсті. Оларға әртүрлі саяси айып тағу үшін
кезінде совет өкіметінің өзі кешірім жасаған Алаш қозғалысына қатынасулары
бағдарға алынды. Алаш қозғалысына жетекшілік еткен
қайраткерлер қызметтерінен қуылып, Қазақстаннан аласталып, олардың
басым көпшілігіне совет өкіметіне жау пиғылдағы және оған
қарсы контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырушылар деген
саяси айып тағыла басталды. Осы саяси науқанды жүзеге асыру
Алаш қозғалысының тарихын ресми тұрғыдан, таптық және
партиялық тұрғыдан "зерттеу" науқанымен қатар жүргізілді. Бұл
"зерттеулердің" мақсаты — "совет өкіметіне қарсы
әрекеттер жасады" деген жалған айып тағылған казақ зиялыларының
саяси қуғын-сүргінге ұшырауын "ғылыми" негіздеу еді. 1926 жылғы 25-
30 карашада өткен ВКП(б) Қазақ Өлкелік комитетінің II пленумы Қазақстан
партия ұйымдарын "... Алашорда идеологиясына, қазақ коммуни-стерінің
арасындағы ұлтшылдық "оңшыл" және "солшыл" уклондарға қарсы идеялық
күресті күшейтуге" шақырды. Жекелеген адамдарға Алашорданың
"контрреволюция-лық ұлтшылдық мәнін" әшкерелейтін еңбектер жазуға
арнайы тапсырмалар берілді. Қазақстан партия
ұйымының тарапынан осындай тапсырма алғандардың бірі сол
кезде рсспубликалық мемлекеттік баспасының директоры болған
А.К.Бочагов еді. Ол 1971 жылы жари яланған естелік кітабында былай
деп жазды: "1926-1927 жылдары партияның сара жолы үшін жүргізілген күрес
логикасына сәйкес мен Алашорда туралы кітапша дайын-дауға кірістім. Мен
алдыма Алашорданың контрреволюциялық ... мәні жөнінде айтып беруді,
деректер негізінде оның совет өкіметіне қарсы күресін көрсетуді, осы пар-
тияның бағдарламалық қағидаларын талдауды мақсат етіп қойдым" . Өз алдына
дәл осындай мақсат қойған автор зерттеу объектісі болған тақырып жөнінде
шын-дыққа сай еңбек жаза қоюы екіталай еді. Іс жүзінде со-лай болды да.
ВКП(б) қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімі дайындап бергсн
құжаттар негізінде 1927 жылы жарық көрген кіші форматты 56 беттік
кітапшасында А.Бочагов жекелеген дұрыс пікірлер айтқанына қарамастан, жалпы
алғанда Алашорданы жа-мандаудан аспады, оның тарихының әртүрлі кезеңдері
мен қызметіне объективті баға бере алмады.
Арнайы тапсырмамен дайындалған екінші еңбек 1929 жылы жарық көрген
Алашорда тарихына арналған құжаттар жинағы болды. Оны құрастырып, баспаға
дай-ындаған сол кезде ВКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің Насихат бөлімінің
меңгерушісі Николай Мартыненко бол-ды да, кітаптың редакциясын Қазақ АССР
Халық Коми-сарлар Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев жасады. Кітаптың
алғысөзінде және оған енген құжаттарға берілген қүрастырушының
түсініктемелерінде коммунистік идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш
қозғалысына теріс баға берілгсндігіне қарамастан, онда жарияланған деректер
арқылы оқырман Алашорда тарихының жекелеген кезендері мен оның қызметі
туралы нақтылы мәліметтерден хабардар болды.
1933 жылғы желтоқсанда ВКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің жаныңдағы
Партия тарихы институтында Алашорда және Алаш партиясы тарихына арналған
пікірайтыс ұйымдастырылды. Оңда "Алашорданың тарихи ролі" деген тақырып
бойынша негізгі баяндаманы институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро
жасады. Баяндамадағы негізгі пікірлерін кеңейтіп, нақтыландырған осы екі
автор 1935 жылы "Алашорда тарихы бойынша очерктер" деген кітап жариялады.
Кітап "Алаш қозғалысының бастау көздері", "1916 жылғы көтерілістегі алаш
интеллигенциясының ролі", "Алаш қозғалысы Февраль мен Октябрь аралығында",
"Алашорда — ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі", "Алаш қозғалысының тарихын
дәріптеушілікке қарсы" деген бөлімдерден тұрады. Кітап тарауларының
тақырыбынан көрініп тұрғандай, авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен
оған қатынасқандардың барлығын дерлік орыс патшалығы мен уакытша үкіметтің
итаршы, қолшоқпарлары, казақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алашорданы
ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деп анықтады. Авторлар Алаш қозғалысын
дәріптемеуге, оның тарихына жеңіл-желпі қарамауға шақырды.
Кітап жарық көрісімен жан-жақты сынға алынды. Оны сынаушылардың
қатарында ғылыми қызметкерлер, республикалык идеологиялық аппараттың
жауапты қызметкерлері, жекелеген белгілі қоғам қайраткерлері болды. Кітап
жөніндегі алғашқы пікір ВКП(б) Орталық Комитетінің органы — "Правда"
газетінде өте жылдамдықпен жарияланды.
С.Брайнин мен Ш.Шафиро кітабында жасалған авторлық тұжырымдар, Алаш пен
Алашордаға берілген баға сол кезде үстем болған идеологиялық бағытқа
толығымен сай келгеніне қарамастан, Коммунистік партияның жетекші газеті
айтылмыш басылымды қатты сынға алды. Газет авторлар жасаған тұжырым-
қағидаларға емес, кітапқа косымша берілген Алаш пен Алашорданың тарихы мен
нақтылы қызметі жөнінде нақтылы мәліметтер беретін құжаттарға шүйілді.
Кітап соңында жарияланған құжаттар тізбегі (Алашорда жетекшілерінің
үндеулері мен мәлімдемелері, Алаш партиясы съездерінің шешімдері, партия
бағдарламасының жобасы, т.с.с.) "Правда" газетіндегі сын мақалада Алашорда
идеология-сын ашық түрде насихаттау деп бағаланды. 1935 жылғы мамыр айында
"Казахстанская правда" газетінде басылған Т.Рысқұловтың мақаласы да
негізінен "Правдада" жарияланған рецензиямен сарындас, үндес болды .
Осындай саяси айып тағылған кітаптың тағдыры оп-оңай әрі тез шешілді.
ВКП(б) Қазақ Өлкелік партия ко-митетінің бюросы 1935 жылғы сәуірдің
15-індегі қаулысында айтылмыш кітапқа қосымша ретінде жарияланған
құжаттар тізбегі Алашорданың контрреволюцияшыл ұлтшылдық
идеологиясын таратуға қызмет етті деп бағалайды. Сондықтан "Очерки
по истории Алаш-Орды" деген кітапты бюро пайдаланудан алып
тастау жөнінде каулы алды. Көп кешікпей жоғарыда әңгіме
болған Н.Мартыненко құрастырып, жариялаған құжаттар жинағы
туралы да осындай қаулы алынды . Сонымен, Алаш пен Алашорда
тақырыбына қалам тарту іс жүзінде тоқтатылды да, Алаш қозғалысын
жан-жақты зерттеуге ресми түрде тиым салынды. 20-30 жылдардағы Алашорда
тарихына қарсы бағытталған идеологиялық шабуыл өз "нәтижесін"
беріп үлгерген еді. 1930 және 1932 жылдардағы бұрынғы Алаш
қозғалысына белсенді түрде қатынасқан қазақ зиялыларының
басым көпшілігі саяси сот процесстері шығарған үкімге
байланысты әртүрлі ұзақ мерзімдерге концлагерьлерге айдалды,
атылды, жер аударылды. Одан аман қалғандарына "халық жаулары",
"шетелдер пайдасына қызмет еткен шпиондар" деген жалған
айыптар тағылып, 1937-1938 жылдардағы үлкен террорда жаппай атылып,
айдалды.
Сол 30-жылдардың ортасынан 80-жылдардың соңына дейін отандык
тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
XX ғасырдың бас кезіндегі Россиядағы қоғамдық-саяси өмірдің тарихы,
оның ішінде Алаш және Алашорда сияқты ұлт аймақтарындағы саяси партиялар
мен қозғалыстардың іс-әрекеті мен олардын жетекші қайраткерлерінің нақтылы
қызметі туралы ой-толғамдар кеңестік билікпен келісе алмай шет елдерге
кеткен россиялық, ортаазиялық, қазақстандық және кавказдық жекелеген
эмиграция өкілдерінің, сол сияқты шет елдерде өмір сүріп, қызмет істеп
жүрген отандастарымыздың еңбектерінде молынан кездеседі.
Аталған еңбектердің ішінде Мұстафа Шоқайдың зерттеліп отырған тақырыпқа
тікелей қатынасы бар және 1917 жылғы бүкіл Россиядағы, бірінші кезекте
Түркістан өлкесі мен Қазақстандағы саяси хал-ахуалды жан-жақты әрі терең
түсінуге қызмет ететін "1917 жылғы естеліктерден үзінділер" атты еңбегі
ерекше атауға тұрады .
Мұстафа Шоқайдың бұл естеліктері 30-шы жылдардың орта кезінде шетелде
жарық көрген "Жас Түркістан" журналында жарияланған, олардың қазақша
нұсқасы тұңғыш рет Бекен Әбдіразақов пен Зұлқарнай Сақиев аудармасында
"Қазақстан коммунисі" журналының 1991 жылғы 5-7-ші сандарында жарияланған
бола-тын. Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай құрастырған М.Шоқайдың жинағына
осы нұсқа көшіріліп басылған.
Мұстафа Шоқай естеліктерінде 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі
Түркістандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай жан-жақты
көрсетілген. Әсіресе өлкедегі қосөкіметтілік, оған тән ерекшеліктер, өлке
зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық-саяси өмірге араласуы, әртүрлі
саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономиясының құрылуы, оның совет
өкіметімен арақатынасы туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан
ұшырасады. Алаш қайраткерлерінің Батыс және Шығыс топтары же-текшілерінің
қозғалыстың Түркістандық (оңтүстік) тобы басшыларымен байланысы мен өзара
қатынасын ашып көрсететін мәліметтер мен тұжырымдар да М.Шоқай ес-
теліктерінде баршылық.
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либеральдық-демократиялық қозғалысы
жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша
үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде
құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен
империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз
демократиялық түрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған
талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-
өзі би-леу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық ав-тономия болуы
жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті
Уақытша үкімет аяқасты етті.Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші пози-
цияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт
өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 23
желтоқсандағы 256-санында жарияланған "Мен кадет партиясынан неге шықтым?"
деген ашық хатында (хат "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №
29 санында көшіріліп басылды) жан-жақты негіздеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш идеясы – тәуелсіз елдің басты мұраты
Алаш қозғалысының зерттелуі
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы және Алаш Орда тарихы
Алаш мүддесі
«Алаш» партиясы және Алаш орда үкіметі
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Алаш идеясы бастау алған Алаш қоғалысын зерттеу
Пәндер