Қазақстан түркі дәуірінде туралы ақпарат
VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады.

Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)
Көне түрік, Батыс түрік жөне Түргеш қағанаттары.
VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне
жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы
Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара
тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы
Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек
(телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік
тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік
батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл
жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық
аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы
кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған)
басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп,
50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді
аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге
әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып
келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде
түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың
қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-
төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның
жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның
мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі
553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер
шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте
Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-
567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері
Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып
жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек
жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға
қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі
Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның
баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ
Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара
қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған
Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы
Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне
Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы —
Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі
этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де
осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан
және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы
қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде
болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған 618-630 жж.
билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға
жасаған жана жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына
дейін жылжытып кеңейтеді.
'Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал
шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер
отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы
біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі
толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары
да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер қәсібімен, егіншілік және мал
өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады.
Қалаларда сауда-саттық қеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб
қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды.
Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат
сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ
бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары осы
елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен
тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы
қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды,
сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да,
орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де
шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және
қару-жарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік қағанаты әлеуметтік түрғыдан
алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты,
тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп
тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің
иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді.
Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған
әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар
жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды "қара буын"
("қара халық, "тобыр") деп атаған. Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны
Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, Оңтүстікте ұшы-
қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары
"басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқа қашап
жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа
жетіп отыр. Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері — күн шығысында, оң жақта —
күн ортасында, кейін — күн батысында, сол жақта түн ортасында — осының
ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор
мемлекет қүрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп
халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар
түріктердің мәдениетіне, әдет-ғүрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.
Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық жене саяси қатынастардың
ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне
қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі
біршама тез іске асты.
Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі- жиі ауысуы оның
ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға 640-657 созылған тайпалар
арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы
әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан
басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз
күресі түргештердін күшейіп көтері-луіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың
саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.
Түргеш қағанаты 704-756 жылда аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу
аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда
Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік
жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батые түрік билеушісі
Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бес-балыққа дейін өзінің өкіметін
орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші
орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа
бөлікке бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан, әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды
жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін
басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Согді
Согдиана еліне көмекке келеді, Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб
Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды
алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны
басып алады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билеуші оның баласы Сақал-Қаған
болды. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және
сыртқы жағдайы өте күрделі еді, бірлік болмады. Батыста түргештер
согділермен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған
Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711
жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде Бөлісу жанында
түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы
самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары
арабтарға қарсы түріктер, согділер согдицы, Шаш Ташкент қаласы
тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб
иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы
ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейін Түргеш қағанаты Сүлік қағанның 715-738 жж.
тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет кара түргеш тайпаларының
қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы
саясаткер және күшті өскери қолбасшы Сүлік екі майданда: батысты арабтарға
қарсы, шығыста батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс
Түркістанда_орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы
түргештер Фергана қарлүқтарымен жөне Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға
күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп,
түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлік
арабтарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін
жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан
өлтірді. Сүлік қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара"
түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз
ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, оның осы жағдайын Тан
Қытай империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі
билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябка әскер жіберіп, оны
басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек
сұрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых
бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған қытай әскерлерінің
арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның
тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде қытай әскерлері жеңілісқе
ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге
мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына
шегінді. Бірақ, өз ішінен әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.
Сөйтіп, қөшпелі түрік тайпалары қүрған Батыс түріқ қағанатының орнына
төрт күшті мемлеқет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ
жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта жөне төменгі ағысы мен Арал даласында
орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс жөне Орталық Қазақстанда Кимек
қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде
қарлұқтардың мемлекеті орнады.
Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері.
VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар
талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп
орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан қөшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне
қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс
Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулеті
тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұқтар өздерінің басты руының
атымен Ақтағ Алтай баурайларында мекендеген бұлақ було деп аталған.
Қарлұқ тайпалары ҮПІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап,
Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды.
Олар Балқаш пен Ыстық көлдің арасын, Ыстыққөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас
аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі
IX ғасырдың бас кезінде Отырар Фараб қаласы маңына барып қоныстанған.
Қарлұқтар Талас бойында да тұрды.
Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіқтері — Моула, Чжисы және Ташли
кірді. Бірінші тайпаның аты Моула — бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы
Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін
шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын
қалада тұрған Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн
қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен
Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін
"жабғу" деп атаған. Олардың астанасы - Қойлық қаласы.
Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII
ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін
жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен жөне қырғыздармен соғысып
тұрды. Олар батыста Мәуеөенахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі
IX ғасырдың бас кезінде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-
әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл
жасап, Құлан қазіргі Луговой стансасы қаласына жетеді. 812 жылы арабтар
Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы
қимақ еліне қашып қетуге мәжбүр болған.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей
қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу
ауданына еріксіз көшіреді, Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы
Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің
жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы
жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы
Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны
Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін
қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараз-дан Қашқарға көшіреді де, саманилерге
қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері
саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz