Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі



Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Кіріспе: Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі

ІІ. Негізгі бөлімі:
а) Аграрлық саладығы экономикалық тұрақтылық және даму жолдары
б) Аймақтық экономикадағы интеграциялық байланысты дамыту
в) Қазақстан Президентінің жарлығы. Агроөнеркәсіптік кешенді
дамытудың кейбір мәселелері туралы

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Ауыл шаруашылығының дамытудың жаңа кезеңдері

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы
мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет
басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында
атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында
Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік
бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен
міндеттері айқындалатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық
кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері
туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап
бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл
проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған
талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр.
Серік Үмбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жүзеге
асырылып жатқан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, негізгі
экономикалық заңналармен және нарық талаптарына сай үйлестірген. Бұл
мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып
отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд.
теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып, 57,5
млрд. теңгені құрған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 13,5 пайызға
өсіп, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 693,3 млрд. теңгеге жеткен.
Сонымен бірге азық-түлік тауарлары мен ішкі рынокты толықтыру
мәселелері тұтастай тұтақталып, экспорт көлемі 35 пайызға артты. Ауыл
шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл сананы тиімді бизнес көзіне
айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. 2004
жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 млрд. тнңге құйған.
Бұл 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ауылда өндірісті
шоғырландыру процестері басталып, іріленген өндіріс құрылымдары қанат
жоюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайда мөлшері 20
млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің орташа жалақысы 17
пайызға өсіп, 11 мың теңгеге жетті. Өткен кезеңдегі ауылдағы әлеуметтік
саланың даму мәселелеріне де баса маңыз берілді. Ауылдық аумақтарды
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
өткен жылы әлеуметтік дамытудың нормативтік негізі қалыптастырылып, оның
мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асқан. Осы бағдалама бойынша ауылдық
жерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған
51,3 млрд. теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып, сарапталған.
Ауыл шаруашылығы министрі қазіргі таңда елімізде астық
рыногын дамытудың мемлекеттік реттеу тетіктері жетілдіруде екенін атап
көрсетті. Мәселен, бүгінде еліміздің орташа жылдық көлемі 4,4 млн тоннаны
құрайтын астығы әлемнің қырықтан астам еліне экспортталады.
Осы мерзім аралығында шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің
сапасын жақсарту және кәсіпорындардың халықаралық ИСО стандартына өту
жұмыстары ширатылуда. Екі жыл ішінде халықаралық талаптарға сәйкес келетін
74 мемлекеттік стандарт әзірленген. Өңдеуші саладағы өндірістерді
топтастыру шаралары нәтижесінде 9 салалық ассоциация құрылған. Солардың
қатарында мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде мақта өнімдерін өңдеп
сыртқы рынокқа шығаруға жол ашатын мақта кластарын құру жобасы әзірленген.
Отандық тауар өндірушілердің сыртқы және ішкі рыноктардағы
бәсекелестік қабілеттілігін нығайтуға бағытталған шаралар оң нәтижелерін
бере бастады. Атап айтқанда, соңғы уақытта шұжық өнімдері, қалбырланған ет,
сары май, өсімдік майы, күріш және т.б. өнім түрлерінің импорттық көлемі
азайып, экспорттың импортпен салыстырғандағы өсу көлемі 35 пайызды құрады.
Орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларында да оң
өзгерістер қалыптасқан. Айталық, ормандарды, азайып бара жатқан жануарлар
түрлерін қорғау шараларына бағытталатын қаржы көздерінің ұлғайтылуына
байланысты аталған салаларды едәуір ілгерілеушілік байқалып отыр. Су
шаруашылығы нысандарын жүйелендіру жұмыстарына кейінгі үш жылда
республикалық бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінген. Кейінгі үш жыл аралығында
қолға алынған Ауыз су бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2,5 мың
шақырым су арнасы, 45 су тазалайтын құрылғылар салынып, қайта қалыпқа
келтірілген. Еліміздегі 518 елді мекенде тұратын 1,5 млн. адам сапалы ауыз
сумен қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде өңірде ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру барысы туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Тайыр Мансұров сөз алды. Облыстағы аграрлық сектор жұмысының 2004 жылғы
қорытындылары көрсеткендей, егін шаруашылығында әр гектардың шығымдылығы
10,4 центнерден айналып, 3 млн. 25 мың тонна тауарлы астық өндірілген.

Аграрлық саладағы экономикалық тұрақтылық және даму жолдары

Ауыл тағдыры – ел тағдыры. Тәуелсіздік тарихының жаңа
белесіне аяқ басқан шақта, Елбасымыз Н.Назарбаев өмірдің қай заманда да
алтын арқауы бола беретін ауылға шындап бет бұру қажеттігін атап көрсетті.
Заман, уақыт талабынан туған бұл шешім халықтың қызу қолдауына ие болып
отыр. Ұлттың ұйытқысы да, берекесі де, деңгейі де – ауыл. Сондықтан ауылға
бағытталған Елбасымыздың Жолдауы елімізде қолдау табуда. Президент
Жолдауындағы ауылды қолдау өзінің тұжырымдылығымен, нақты ұсыныстарымен
құнды. Ауылдық жерде, әсіресе суармалы өңірлермен халықтық кәсіп
ететіндерге қолдау жасай отырып, күш-қуаты бірігіп пайдаланатын
кооперациялау жүйесін өмірге мықтап ендіруге баса көңіл бөліп, сол тұрғыда
жұмыстар жүргізуіміз қажет.
Аграрлық қатынастар барлық экономикалық, әлеуметтік
қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде материалдық игіліктерді
өндіру, бөлу, тұтыну, айыбастау процесінде ауыл шаруашылық сферасында
айналысатын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар жиынтығын білдіреді.
Жерге меншік қатынасы – бұл саладағы ерекше құбылыс. Ауыл щаруашылық
кәсіпорындардың табыс мөлшері санмен емес, белгілі бір жер көлемінен шыққан
өнімнің көлемімен анықталады, бұл да осы саланың ерекшелігі болып табылады.
Жер көлемі аса үлкен болмаса да, бірақ жоғары қарқынды шаруашылық табыс
мөлшеріне байланысты ірі шаруашылыққа жатады.
Ауыл шаруашылық саласының ролін оның ұлттық табысын, ұлттық
жиынтық өнімнің жасалуынан көруге болады. Оның экономикалық өсуге қосқан
үлесін үш түрлі бағытпен: аграрлық сектордың ішкі жиынтық өнімді жасауға
қосқан үлес салмағы; тауар өнімінің мөлшерімен және тауар айналысына
қатысуымен; экономикалық өсуге бұл саланың факторлық үлесімен бағалауға
болады.
Ауыл шаруашылығының ішкі жиынтық өнімінің жасалуына қатысуын
өндірілген өнімнің абсолютті көлемімен және оның құрылымының өзгеруімен,
жан басына шаққанда немесе ауыл шаруашылық өндірісінде жұмыс істейтін әрбір
адамға келетін агроөнімдердің өндірілу көлемінен көруге болады. Бұдан
келесі байланыс байқалады: ішкі жиынтық өнімдегі агроөнеркәсіптің үлес
бөлшегі көп болған сайын, еліміздің экономикалық дамуындағы аграрлық
сектордың қатысу дәрежесі жоғарылайды, агроөнімдердің экономиканың басқа
салаларындағы өндірістің өсу қарқынынан жоғары болуы экономикалық өсуде
ауыл шаруашылығының қосатын үлесін ұлғайтады.
Аграрлық сектордың экономикалық өсуге қосқан үлесін, оның
ішкі және сыртқы рынокқа өнімдерді әкелуін, оған қатысуынан, экономиканың
басқа салаларында өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан көреміз.
өндірісті интенсификациялау өнеркәсіп саласының өнімдерін ауыл шаруашылық
саласының тұтынуының тез өсуіне келеді, ал ол отандық өнімдерді өткізудің
ұлғаю қарқынына әсерін тигізеді.
Ал экономикалық өсуге аграрлық сектордың қосатын үлесі ауылда
экономиканың басқа салаларына еңбек ресурстарының келуімен, ауыл шаруашылық
емес салалардың өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс т.б. мақсаттарда жер қорын
толтырудың қайнар көзі болуымен анықталады. Мұндай процестің қарқыны
аграрлық сектордағы еңбек өнімділігінің артуына байланысты, ал өз
кезегіндегі еңбек күшінің босалуына, табыс деңгейінің және халықтардан
алынатын салықтың өсуіне, экономиканың ауыл шаруашылық емес салаларында
жұмыс орындарының көбеюіне әкеледі. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін
көтеру – агарарлық қатынастар проблемалары. Барлық халықтардың мүддесін
қозғайтын проблема – бұл ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру,
аграрлық қатынастарды дамыту болып табылады, өйткені әрбір адамның өмір
сүру деңгейі тікелей осы саланың өркендеуіне байланысты.
Елімізде мықты ауыл шаруашылық саласын жасау бір мезгілде
басқа салаларды да көтеруге әкеледі, ол минералды тыңайтқыш өндірісі, ауыл
шаруашылық саласына қажетті машина жасау өндірісі, жеңіл және тамақ
өнеркәсібі т.б. Ал бұл еліміздің экономикасының тиімділігіне үлкен әсер
етеді.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы қабылдануы, 2003 жылы
шілде айында Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауылдық аймақтарын
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілуі,
осы екі бағдарламамен қатар үш бірдей Жер, Су, Орман кодекстері әзірленуі,
2003-2005 жылдарды Ауыл жылдары деп жариялануы ауылды көтеру, өркендету,
халықтың тұрмыс деңгейін арттыру үшін жасалынуда. Ал 2003 жылғы
Президентіміздің халқымызға жолдауынан Қазақстанның өз экономикасын
нарықтық жолмен жаңғыртудағы қол жеткізген табыстарын, экономикалық
дамуының қарқыны жөнінен республикамыз ТМД елдері бойынша алда келе
жатқанын, соңғы 10 жылдың ішінде нарықтық қатынастарды нығайтқанын, оның
экономикалық өрлегенін, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілгенін, елімізге
инвестицияның тартылғанын көруге болады. Қол жеткен табысқа риза болып,
отырып қалуға болмайды, сондықтан Елбасымыз осы Жолдауында алдымызда тұрған
міндеттерді көрсетіп, айқындап берді. 2003-2005 жылдарда ауыл шаруашылығы
мен еліміздің ауылдық аймақтарын жаңғырту мен дамыту жөніндегі іс-
қимылдардың жүзеге астынын, бекітілген осындай құжаттарға сәйкес мемлекет
2003-2005 жылдарда ауыл экономикасына 150 млрд. теңгеден аса қаражат
жұмсауды жоспарлап отырғанын көруге болады.
Ал Ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
мақсаты – ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы,
экологиялық-экономикалық тұрғыдан келешегі күмәнді аумақтардан ауасы таза,
жері нәрлі, сулы-нұрлы аумақтарға көшіруге және еңбекке орналастыруға
жәрдем көрсету. 2004 жылдан бастап мемлекет бұған да тиімді қаржы бөлмек.
Еліміздің экономикасын осыған дейінгі басым болып келген
шикізаттық бағдардан өңдеушілік бағытқа қарай бұру ісі табысты болмақ. Осы
бағдарламаны жүзеге асыру барысында машина жасауға, әсіресе мұнай-газ
мұқтаждарын өтеуге, көлікті дамытуға, қара және түсті металлургияның, ауыл
шаруашылығының шикізаттарын өңдеуге, осы бағыттардағы жаңа өндіріс
орындарын құрған кезде бүгінгі таңдағы ең тәуір, озық технологияларды
пайдалануға баса назар аударылуда. Кез-келген бағдарламаны іске асыру
нақтылы жоспарлаудың және оны ғылыми негіздеудің арқасында болады. Ал ауыл
щаруашылығы басқа салаларға қарағанда ерекше сала, ұдайы мемлекет тарапынан
көмекті, тәуекелділікті, заңның жетілдірілуін, әкімдердің тауар
өндірушілермен бірлесе жұмыс істеуін, бар өзгерістердің насихаттап
түсіндірілуін, жоғары технологияны дамытуын, салық салу проблемасын шешуін,
оны ұдайы жетілдіруін, басқару мен мемлекеттік шенеуліктердің жеке
кәсіпкерлікке бақылау жасауды тағы басқа проблемаларды ертеңге қалдырмай
шешіп отыруды қажет етеді.
Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркәсіп кешенін
тұрлаулы, серпінді түрде дамыту және лның экономикасын осы заманғы рынок
қағидалары негізіеде тездетіп ілгерілету болып отыр. Ауыл шаруашылығында
еңбек өнімділігін жедел өсімін және өзіндік құнның төмендеуін қамтамасыз
ету үшін қайтарымды, бірақ жеңілдіктер негізінде мемлекеттік жәрдем көрсету
тиімді.
Экономикалық тәсілдер арқылы шаруаларды осы кездегі
агротехнологияларды енгізуге, ауыл шаруашылығы дұрыс қайта өңдеу салаларын
дамытуға бағдарлаудың, жақын және арғы шет елдерге тең келетіндей
экономикалық жағдайлар туғызудың маңызы зор.
Үкімет малдәрігерлік және санитарлық қадағалау, мал мен
өсімдік дерттеріне қарсы күрес жүйесін тәртіпке келтіруге стандарттар мен
технологиялық нормаларға қатысты жұмысты күшейтүге, оларды жедел түрде
әлемдік шарттарға жақындай түсуге тиісті.
Ауылды ғылыми және ақпараттық қамтуды қалпына келтіру керек.
Барлық деңгейде ақпараттық – маркетингтік жүйенің өрістеуіне жәрдем көрсету
қажет.
2003-2005 жылдардың бюджеті ауыл үшін басымды сипатта болуға
тиіс. әлеуметтік салаға жұмсалатын қаражатта алдымен ауыл ауылға арналған
жолдар мен су тартқыштар жасауға, ауруханалар, мектептер салынуға арналуға
тиісті. Осы мақсатта арналған қаражат көлемін 10 млрд. теңгеге ұлғайтуға
көзделіп отыр.
Сонымен қатар, жалпы алғанда, 2003 жылдан бастап жыл сайын
ауыл шаруашылығын дамытуға қосымша 8-10 млрд. теңге қарастыруда.
Ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын
ауыл шаруашылықта қалыптасқан ахуалына көңіл бөлу, соңғы кездері байқала
басталған серпілістерге демеу көрсету уақыт талабына сай. Селолық тауар
өндірушілердің бәсекелестік қабілеті олардың ғылыми – техникалық прогресс
деңгейімен айқындалатынына қарамастан ғылыми жетістіктерді пайдалану
көрсеткіштері күрт төмендеуде. Мысалы, егіншілікте егіс айналымындағы
жүйеліктің бұзылуы, тұқымдық материал сапасының төмендеуі осыған орай себу
кондициясындағы тұқымдарды пайдаланудың азаюы, ауыл шаруашылық жұмыстарын
жүргізудің агротехникалық талаптарының сақталмауы етек алуда. Осыған ұқсас
кемшіліктер мал шаруашылығы салаларында да қалыптасуда, көптеген асыл
тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар рынок жағдайларына бейімделе алмай,
өздерінің маңыздарын жоғалтып алды. Нәтижесінде асыл тұқымды мал саны күрт
төмендеп кетті.
Республикамыздың ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру
бағытында үлкен проблемалар бар. 1991 жылға дейін шығарылған қолда бар
техниканың ішінде тракторлардың 84 пайызы, астық жинайтын комбайындардың 89
пайызы, жүк авто көліктерінің 93 пайызы пайдалануға жарамсыз, есептен
шығарылатын жағдайда. Жақсы дамыған маманданған жөндеу базалары тарап
кетті, ал оның қалған аз бөлігі аздаған ғана жұмыс жүргізуге жарамды.
Осыдан техникалардың елеулі бөлігі шаруашылықта сапасыз жөнделеді.
Аграрлық бөлімдердің барлық салаларында – технология мен
биотехнологияларында, селекция мен тұқым шаруашылығында және басқа
бағыттарда мешеу қалу орын алуда. Әлемдік тәжірибеде білім мен ғылымды
қолданудың неғұрлым тиімді түрі инвестиция тарту болып табылады. өркениетті
елдер экономиканың бәсекелестік қабілетін әлемдік рынокта басымдылығын
қамтамасыз ету мақсатында алдымен ғылыми-техникалық бағдарлама жасайды және
оны жүзеге асырады. Оларда байланыстырушы орталық буын – ғылым мен білім
болып табылады. Ғылымның артта қалу себебі, оның қалдық принципті негізінде
қаржыландыруында, ғылыми ізденіске тапсырыс беру механизмнің
жетілдірмеуінде. Бұл кемшіліктер аграрлық сала үшін дайындалатын мамандар
сапасына жағымсыз ықпал етеді.
Ауыл шаруашылық салаларында өнімді өңдеу, оны өткізу – ең
маңызды мәселе. Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің жұмыспен қамтылып, тұрмыс
деңгейлерінің жақсы болуы осы проблемаларды шешуге тікелей байланысты.
Әрине, өнімді өңдеу сияқты күрделі мәселені 2-3 жылдың ішінде
толық шешу мүмкін емес. Өйткені оны шешу үшін Қазақстанның өзінің азық-
түлік өнімдерінің халыққа шет ел рыногына шығара білуіміз керек. Егер біз
ауыл шаруашылық өнімдерін шикізат күйінде шығаратын болсақ, олар қазіргі
жүн мен теріміз сияқты өте арзанға кетеді, шығын да өтелмейді. Яғни, өнімді
өндіргеннен кейін, оны өңдеп, дайын тауар күйінде сатуымыз тиімді.
Дүниежүзілік рынокқа қарасақ, мұндай өнімдер жеткілікті. Өңделген өнімнің
сапасы жоғары бағасы арзан болмаса, онда рынокқа кіру қиынға түседі,
қазіргі кезде біздің еліміз өзінің астығымен ғана кіріп отырғанын жасыра
алмаймыз. Мұндай жағдайда халқымызды өз өнімдерімізбен, атап айтқанда,
етпен, сүтпен, маймен, азық-түлікпен толық қамтамасыз етсек, онда бұл
мәселені шеше алғанымыз.
Қазақстанның басқа елдерден өзіндік ерекшеліктері бар, ол
біріншіден жер ресурсының молдығында. Бұл ресурс толық пайдаланылмай жер
бос жатыр, екіншіден, Қазақстанның халықының жартысына жуығы ауылда тұрады,
олардың көпшілігі жұмыссыз, толық жұмыспен қамтылмай отыр. Ауылдағы адам
ресурсы жұмыс күші толық пайдаланыомай отыр.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі еліміздің Үкіметін толғандырып
отырған мәселелердің бірі – оны өңдеу өнеркәсібін дамыту. Жетілген, қазіргі
заманға лайықты өңдеу өнеркәсібінің болуы – сыртқа өнім шығарудың шарты.
Еліміздің мемлекеттік азық-түлік бағдарламасына өңдеу ісін дамытуға айрықша
мән беріліп, ол басым дамытылатын сала ретінде қарастырылған.
Міне, осы өңдеу өнеркәсібінің осалдығынан қазіргі күні азық-
түлік өнімдерінің үлкен бөлігі халыққа өңделмеген күйінде саудаланып, осы
бір олқылығымызды шет елдік кәсіпорындар өз мақсатына тиімді пайдаланып
отыр.
Еліміздің ауыл шаруашылық саласындағы өңдеу кәсіпорындары
өндіретін өнімдер бағасының жоғары болуының көптеген себептері бар. Соның
бірі – айналым қаржысының болмауы болса, екіншісі - кәсіпорындарға
берілетін банк кредиттерінің пайыздық ставкалары өте жоғары.
Жалпы әлемде ауыл шаруашылығы саласының мәселелерін толықтай
шешкен ел жоқ десе де болады. Бұл проблеманың ең бір сәтті шешіп отырмыз
деген мемлекеттердің өзінде субъектілерге шаруашылық жүргізу тәсілінде
барынша еркіндік бере отырып, дотациялау тәсілі қолдалынады. Соңғы
жылдардан бері осы жолға біздің тәуелсіз еліміз де түсуге айналды. Мәселен,
азық-түлік бағдарламасына сәйкес 2003 жылдан бастап сала кәсіпорындарын
қаржылай қолдау жағдайы елеулі түрде жақсара түсуде. Оларға жеңілдікпен
несие берудің, лизингіге технологиялық желілер, техникалар сатып алып беру
жолдары қарастырылып, іске асырылуда. Соның ішінде мемлекет тарапынан
болатын қолдау елеулі түрде арта түседі. Президенттің 2003 жылғы негізгі
бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында: Біздің бәріміз алдымен
ауылға (селоға) қолдау көрсету дегеніміз кез-келгенді және көрінгенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары
Қазақстандағы аграрлық құқық
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Әкімбеков Экономикалық теория
«Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы»
Пәндер