Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы



Кіріспе:
1. Депозиттік операциялар туралы түсінік.

Негізгі бөлім:
1. Депозиттердің түрлері.
2. Депозиттерді сақтандыру қорлары.
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі.
4. Пайыздарды есептеу есебі.
Қорытынды:
1. Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

Қолданылған әдебиеттер.
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар;
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
1. Міржақыпова С.Т.
«Банктегі бухгалтерлік есеп»
Алматы қаласы - 2004 жыл.

2. Көшенова Б.А.
«Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»
«Экономика» баспасы,Алматы – 2000 жыл.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қаржы – Экономика Факультеті.

Тақырыбы: Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі
мен ұйымдастырылуы

Орындаған: ҚЭФ-і,Бух.учёт и аудит-
03
Қырғызбаева
А.А.
Тексерген: Сапарбаева А.М.

Алматы қаласы 2006 жыл.
Жоспар:
Кіріспе:
1. Депозиттік операциялар туралы түсінік.

Негізгі бөлім:
1. Депозиттердің түрлері.
2. Депозиттерді сақтандыру қорлары.
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі.
4. Пайыздарды есептеу есебі.
Қорытынды:
1. Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

Қолданылған әдебиеттер.

Депозиттік операциялар туралы түсінік.
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды
өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы
есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар;
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта
пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік
операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр
түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады:
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және
депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары
бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен
өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының
өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік
депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға
тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
- депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және
қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын
қарастырған жөн;
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша
қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында
қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың,
тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын
орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың
сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде
ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік
компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар
өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Депозиттердің түрлері.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозиттер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар;
Бірінші топ – талап етілмелі депозиттер. Олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде
банк пен салымшы арасында келісім-шарт жасалады. Чектік депозит – бұл
міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар
бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік
депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің
айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін
төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер
саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл
төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы
мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек
үшін коммиссия төлеуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен
салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы;
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелетін контокоррент – бірыңғай шт болып табылады. Контокоррентте банк
қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және
де шотқа салым, аударым және тағыда басқа түрде түсетін барлық қаржы
көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек
сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі
шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы
рәсімдеусіз-ақ банктен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде
несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ овердрафт шотын жатқызуға болады.
Овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған
мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін
шот. Бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өткенде, овердрафт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозиттің басқа түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің
жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар –
бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шоттары(АТS
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін
депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып,
пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік
шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде
қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін
сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған
пайыздар алуға мүмкіндік береді. Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің
баланстық есеп берулеріне банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын
чектер деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер –
банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті
куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан
алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк
қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир
жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып,
қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету
депозиттері бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер
төленбеуіне байланысты банктің көптеген клиенттері осы типтес
депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды
азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары
қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды
операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шекпен асатын
кез-келген ақша сомасынан шотты тазартады (немесе оларды аударады) ,
оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды
талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін
нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорлардың орташа құнын төмендету тиімді болып табылады. Кейбір
жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз
бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді
ұсынады.
Депозиттің келесі тобы – жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім
негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ
кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар,
сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін
чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала
хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша
қаржыларын алуда бпнктер ол талапты аз қояды:
- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген
операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну
міндеттемесі;
- шоттағы міндетті аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың
болмауы;
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы
щоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар
жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша
осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ
салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы
шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық
мөлшерлерінің өзгеруімен реттеленетіндігін және бұл шоттарды қолдану
кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын
есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
- бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала
алады;
- бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап
етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
- осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын
жазуға құқылы;
- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында
қолданылады;
- банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем
алынады;
- егер салымшылар – корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша
белгіленген резервті сақтауға міндетті;
Кең тараған топтардың бірі – мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар
және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл
салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады.
Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және
салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады.
Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында толық пайдалана
алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім
жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:
1. 30 күннен 89 күнге дейін;
2. 90 күннен 179 күнге дейін;
3. 180 күннен 359 күнге дейін;
4. 360 күннен жоғары;
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған
салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі белгіленеді.
Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын
өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен
қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол
себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртінші тобы – бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде
былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың,
кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары
және облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен
облигациялар;
- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел
валютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар;
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.
Депозиттік сертификат – эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы,
салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша
салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат – кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол
сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем
құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне
жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну – цессия, ол депозиттік
сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз құқын
ұсынушы тұлға – цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару
мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот көрсетілген
салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы
келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін,
мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.
Депозиттік сертификаттың екі түрі болады:
- жолданбайтын – салымшыда сақталадыжәне төлем мерзімі жеткенде
банкке ұсынылады;
- жолданатын – екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы туралы
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Бухгалтерлік құжаттар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Ақшалай операциялар құжаттарын рәсімдеу
Пәндер