Жалпы еңбекке қатысты анықтамалар


Жоспар:
1. Жалпы еңбекке қатысты анықтамалар
2. Қазақстан Республикасы еңбек рыногындағы жағдайы туралы
3. Соңғы үш жылдағы жұмыс күшінің қозғалысы
4. Қазақстан Республикасының еңбек миграциясы мәселесі
2008-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы еңбек мобильділігі
Әуелі еңбек мобильділігі жайында айтпас бұрын еңбек және еңбекке қатысты анықтамаларға түсініктеме берейік.
Еңбек дегеніміз - қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында адамның табиғи заттарды дайын өнімге айналдыру іс әрекеті.
Еңбек ресурстары деп - ел халқының дені сау, ойлау қабілеті және халық шаруашылығында еңбек ету үшін қажетті білімі бар бөлігін атауға болады.
Еңбек нарығы - жұмыс күшін пайдалану және жағдайына байланысты сатушы мен сатып алушы байланысының әлеуметтік еңбек жиынтығы.
Еңбек миграциясы - адамдардың жұмыс істеу мақсатында мемлекет ішілік, мемлекет аралық көші-қонға қатысуы.
Қазақстан Республикасының еңбек рыногындағы жағдайға келіп тоқталатын болсақ, келесідей статистикалық мәліметтерге көз жүгірту керек.
Республика экономикасында 2010 жылғы IV тоқсанда 8, 1 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 67, 1%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 32, 9% құрады.
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 474, 7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 5% құрады.
2008- 2010 жылдардың IV тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары
2010ж.
III тоқсан
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, %
(15-24 жастағы)
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 43, 3%, әйелдердің үлесі - 56, 7% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269, 3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 63, 9 мың адамға (31, 1%-ға) көп.
2008 - 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері
пайызбен
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 11, 9% немесе 56, 3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4, 7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0, 8 пайыздық тармаққа аз.
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша
адам
жұмыс
сыздық деңгейі, %
адам
жұмыс
сыздық деңгейі, %
адам
жұмыс
сыздық деңгейі, %
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар - 37, 6% (178, 5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар - 26, 0% (123, 2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың үлес салмағы 23, 3%-ын (110, 7 мың адам) құрады.
2010 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35, 4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы кезеңдегіден 18, 0 мың адамға немесе 33, 7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0, 4% (2009 жылғы желтоқсанда - 0, 6%) болды.
2010 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8, 6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8, 1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2009 жылдан 2, 7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496, 6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 8% құрады.
2006-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жұмыссыз
және жұмыспен қамтылған халықтың саны
2010 жылы жұмыспен қамтылған халықтың арасында ерлер саны 4, 2 млн. адамды құрады, немесе 51, 3%, әйелдер - тиісінше 3, 9 млн. адам және 48, 7%. Барлық жұмыспен қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66, 7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 33, 3% құрады.
Кезекте әрбір жыл бойынша экономикалық қызметінің түрлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысын зерттеу тұр. Бұл мәселені талқылау үшін мен соңғы 3 жылда болған өзгерістерді зерттеймін.
2008 жылдың экономикалық қызметінің түрлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
2008 жылдың Қазақстан Республикасының аймақтар бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
2009 жылдың экономикалық қызметінің түрлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
2009 жылдың Қазақстан Республикасының аймақтар бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
2010 жылдың экономикалық қызметінің түрлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
2010 жылдың Қазақстан Республикасының аймақтар бойынша жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде
Жұмысқа қабылданғандар
(адам)
Жұмыстан шыққандар
(адам)
Бұл мәліметтерден көретініміз жыл сайын жұмысқа кіргендер және жұмыстан шыққандардың саны артады, дегенмен жұмыстан шыққандар жұмысқа кіргендерден әлдеқайда көп. Бұл күрделі мәселе болып табылады, ол көптеген себептерден туындауы мүмкін, ал бұл өз кезегінде жұмыссыздыққа апаратын бірден бір жол.
Бүгінгі күндері әлемде жасалатын миграцияның басым көпшілігі еңбек миграциясы екендігі барлық адамдарға белгілі. Себебі, миграцияға түсетін әр адам өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келетіні дәлденіп отыр.
Халықаралық еңбек ұйымы өзінің шегінде мигранттарды бірнеше топтарға бөледі:
Маусымдық жұмысшылар - белгілі бір уақытта өзінің отанынан тысқары мемлекетте жұмыс істейтін адамдар;
Арнайы жобалардың аясында еңбектенуші мигранттар - белгілі бір жобаға мемлекеттің араласуымен келіп жұмыс істейтін адамдар;
Арнайы шарт бойынша жұмыс істейтін мигранттар - мемлекеттің өзінде жоқ кадрларға пайдаланылатын саясаты;
Уақытша жұмыс істейтін мигранттар - өзге мемлекетке келіп жұмыс істейтін және өзінің қалауы бойынша жұмыс атқаратын еңбек күші;
Жоғары квалификациялы кадрлар - өте жоғары квалификациялы мамандар (Бұл топ мемлекетке келгенде әлеуметтік жағдайлар жасалады (пәтер, жоғарғы жалақы, сапалы өмір), азаматтық берумен қатар, отбасы құруға да мүмкіншілік береді) .
Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселелері уақыт өткен сайын өзекті болып келеді. Бүкіләлемдік банк баяндамасы бойынша ҚР әлемдегі еңбек мигранттарын қабылдау бойынша 9-орынға табан тіреген. Қазақстанның әлемдегі территориялық орналасуының өзі әлемдік және аймақтық миграциялық процестерден шет қалуға мүмкіндік бермейді. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстан арзан жұмыс күшіне қарағанда сапалы, жоғары квалификациялы мамандарға мұқтаж. Тәуелсіз дерек көздерінің ақпаратына сүйенсек, бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға жыл сайын үш миллионнан астам еңбек мигранттары келіпті.
Статистика бойынша шетел мамандарының саны жылдан-жылға өсіп келе жатқанын байқаймыз. Шетелдік жұмыс күшінің Қазақстандағы үлесі бойынша Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Индия, Италия және Ресей мемлекеттері көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекеттердің үлесіне бүгінгі күндері жалпы ресми шақырылған жұмыс күшінің 60%-70% пайызын құрайды. Мәселеге үңілсек, шетел мамандарының (жұмысшы күштерінің) басым көпшілігі құрылыс салаларында (2007 жылғы дағдарысқа дейін 43477-ні құраған), тау-кен өнеркәсіптерінде (2007 жылы 5444 адам) жұмыс атқарады екен. Келуші мамандардың басым көпшілігі инженер мамандықтарының иелері. Яғни, қара жұмысшы емес. Дамушы біздің мемлекет үшін мамандардың келуі өте маңызды болып табылады. Бірақ, әлем қарыштап дамып жатқанда жоғарғы технологияларды меңгерген мамандарды шақырған абзал. Қазақстанда табыла бермейтін, мүлдем кездеспейтін мамандық иелері болғаны дұрыс. Дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік шетел мамандарын шақырғанда жоғарғы технологияны меңгерген мамандарды шақырады (құрылыс саласына шақыра бермейді) .
Еңді мәселеге социологиялық зерттеу тұрғысынан келсек. Зерттеуді 2010 жылы «Стратегия» зерттеу орталығы жүргізген. «Шетелден жұмыс күшін тартуға қайлай қарайсыз?» деген сұраққа респондеттердің 30% ғана қолдаған. Сұралғандардың 57% бұл бағытты «дұрыс емес» деп бағалаған. Ал, қалған 13% жауап беруге қиналған. Бұл - Қазақстан Республикасының азаматтарының пікірі. Бірлікті ту еткен Қазақстан үшін ел азаматтарына шетелдік жұмыс күшінің мән-маңыздылығын түсіндірген дұрыс деп ойлаймын. Ал шетел мигранттарын біліміне, мамандығына, жалпы адамдық капиталына қарай шақыруды қолдаған респонденттер 55%; қарсы болғандар 23%; жалпы үлестің 22% жауап беруге қиналған. Мұндай жағдайды мемлекет ескеруі тиіс.
Қазақстанға шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда мемлекет азаматтары әлеуметтік жағдайын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық ағымдарға белсене қатысуда. Яғни, халықаралық миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекет ішілік миграция сол секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішілік миграцияға жылына 350. 000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп отыр. Оның негізгі себептері ауыл әлеуетінің әлсізденуінде жатыр. КСРО құлағаннан кейінгі кезеңде совхоз, колхаздар тарады. Өңдіріс орындары жеке меншік қолдарға өтті. Соңында, ауылшаруашылығы түбегейлі әлсіреді. Есеңгіреп қалған тұрғындар нәпақасын іздеп қалаларға жұмыс істеуге ағыла бастады (Алматы, Астана және өзге ірі қалалар) . Сол уақытта қалыптасқан көш әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ол көш тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында. Ал қанша уақытқа қалаларға барып жұмыс жасайтындығын нақты анықтау мүмкін емес. Ата заңымызда Қазақстан Республикасының азаматтары көшіп-қонуға ерікті, құқылы деп жазылған. Егер азаматтардың тұрғылықты мекеніңде жұмысы болмаса, отбасының, балаларының болашағын жоспарлау қиындық туғызатын болса, өзіне ыңғайлы жерге көшетіні әлемдік тәжірибеден белгілі. Миграция заңдылығы бойынша миграцияға ең ақылды, еңбекке қабілетті адамдар түседі. Демек белгілі бір аймақтан білімді, интелектуалды һәм еңбекқор азамат өзге аймаққа кетіп жатса, сол аймақ үлкен капиталдан айырылды деген сөз. Осы мәселелерге әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеуіне зер салсақ, соңғы уақытта ел азаматтарының басым көпшілігі ешқайда көшкілері келмейтіндіктерін айтқан. Ал статистика агентігінің мәлеметіне сүйенсек 2004 жылы 386247 адам ішкі миграцияға қатысқан болса, 2009 жылы 406251 адам қатысқан. Еңді сол социологиялық зерттеуге назар аударсақ. Алғашқы және негізгі сұрақ «өзіңіздің тұрақты мекенінізді ауыстырғыныз келе ме?» болды. Осыдан алынған ақпарат бойынша халықтың басым бөлігі, яғни 73% ешқайда көшкісі келмейтінің айтқан. 2004 жылы ешқайда көшкісі келмейтін тұрғындардың саны 58% болған. Сұралғандардың төрттен бір бөлігі (23%) әр түрлі деңгейде (көшкім келеді бірақ, қашан білмеймін, көшкім келеді, бірақ, анығында көше аламын ба?) өздерінің тұрақты мекенін ауыстырғысы келеді екен. Жалпы пайыздық көрсеткіштердің 4% өзге жерге тұрақты түрде көшуге дайын екендігін айтқан. Мен бұл сұраққа жауап беруге қиналамын деген азаматтар 4% құраған. Тұрғындар нақты қайда көшкісі келетінін білу үшін «Сіз қайда көшкіңіз келеді?» деген сұраққа сұралған 23% ел азаматтарының 25% «Ресей» деп көрсеткен. Басым көпшілігі Қазақстанның түрлі өңірлеріне көшкенді жөн санайды екен (47%) . Жауап берушілердің 11% Еуропа және өзге алыс-жақын шетелдерге көшкенді қалайтындықтарын айтқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz