Алаштың ардақтысы Спандияр Көбеев
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының көркемдік ой-пікірінің тарихында айрықша із қалдырған кезең.Бұл кезде ұлттық әдебиет ұлы Абай мен Ыбырай негізін салған демократтық, ағартушылық бағытты әрі қарай дамыта отырып, оны жаңа ғасыр күн тәртібіне қойған міндеттерге лайық жаңғыртты.Әдебиет тақырыбы кеңейді.Ол әлеумет ісіне араласып, қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге өз үнін қосты.Қазақ халқының тағдырына алаңдаған ой-пікір иелері әдебиметті алға ұстап, соған қосылып сөйледі.Сөйтіп Міржақып пен Ахметтің «Оян,қазағы» мен «Масасы» тек әдебиет сүйгіш қауымды ғана емес, бүкіл ұлтты оятты. Ахмет пен Міржақып бастаған осындай үрдісті С.Торайғыров, М.Сералин, С.Көбеев, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев, М.Жұмабаев,Б.Майлин тағы басқалар жалғастырып әкетті. Солардың шығармалары арқылы ғасыр басындағы қазақтың көркемдік ойы толысып, жетілді.
Халық өмірінің шындығы қаншалықты ауыр және әрқилы болса, оның көркем әдебиеттегі көрінісі де түрліше еді.Бұрынғы әдет- дәстүрге қосылып, олар дәуір жаңалығын әдебиетке әкелді.Фольклорлық үлгіні жалғастырған қиссашыл- дастаншыл ақындар, айтыс шеберлері мен әнші- ақындар заман тенденциясын аңғарып, соған бейімделді.Әдебиет мазмұны байыды.Әдебиет жазу өнерінің тың үлгісіне бет бұрып, жанрларды туғызды.
Осындай ұмтылысқа, ізденіске үн қосып, халықтық, демократтық ойларды жалғастырған, ғасыр басындағы халық өмірінің шындығын көркем тілде бейнелеуге ұмтылған таланттар ішінде Спандияр Көбеевтің де елеулі орны бар.Ол алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиетімізде көркем прозаның орнығуына, оның әр тұрғыда ізденуіне үлкен үлес қосты.
Спандиярдың жазушылық өнегесінде Ыбырай Алтынсарин тәрбиесі айрықша сезіледі.Ол да, оның замандасы, ақын және аудармашы Бекет Өтетілеуов те Ыбырай мектебінің түлектері еді.Олар алған білімін жас ұрпақты тәрбиелеуге жұмсаған ұстаздар болды да, осы жолда ағарту ісіне көркем әдебиетті пайдалана білді.Өздері шығармалар жазды, орыс және әлем әдебиеті үлгілерін қазақшаға аударды.Ыбырай үлгісімен оқу құралдарын жазды.Мұның бәрі үлкен әдебиетке баратын жол еді.Және ол әдебиеттің ағартушылық бағытын тереңдете ұстанған жалпы әдеби дамудың бір саласын құрады.
Қазақ даласына алғашқы үлгідегі халықтық мектептер ашу тарихындағы Ыбырай еңбегі бүгін әркімге аян.Оның қандай қиыншылықпен іске асқаны да белгілі. Бұл мектептерде оқу жаңалыққа құлақ түріп отырған жаңа заман жастарының қай-қайсысына болса да арман еді.Әсіресе, Ыбырай өзі қызмет еткен Торғай, Қостанай өңірінде ұлы ағартушы ұстаздың атағы да, ісі де кең жайылған-ды.Спандияр да осыны армандаған.Әкесімен бірге көрші ауылдағы бір тойға барып, сонда Ыбырайды көру баланың оқуға деген ынтасын ерекше арттырып жіберген оқиға болды.Бала талабын әкесі де құптаған.Алтынсарин сол ауылда мектеп ашу ісін көтеріп жүр екен.Халықтан қаржы жинап, мектеп ашу мәселесі шешілгенімен, оның жүзеге асуы созылыңқырап барып тиянақ

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ С.КӨБЕЕВ
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының көркемдік ой-пікірінің тарихында
айрықша із қалдырған кезең.Бұл кезде ұлттық әдебиет ұлы Абай мен Ыбырай
негізін салған демократтық, ағартушылық бағытты әрі қарай дамыта отырып,
оны жаңа ғасыр күн тәртібіне қойған міндеттерге лайық жаңғыртты.Әдебиет
тақырыбы кеңейді.Ол әлеумет ісіне араласып, қоғамдық өмірде болып жатқан
өзгерістерге өз үнін қосты.Қазақ халқының тағдырына алаңдаған ой-пікір
иелері әдебиметті алға ұстап, соған қосылып сөйледі.Сөйтіп Міржақып пен
Ахметтің Оян,қазағы мен Масасы тек әдебиет сүйгіш қауымды ғана емес,
бүкіл ұлтты оятты. Ахмет пен Міржақып бастаған осындай үрдісті
С.Торайғыров, М.Сералин, С.Көбеев, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев,
М.Жұмабаев,Б.Майлин тағы басқалар жалғастырып әкетті. Солардың шығармалары
арқылы ғасыр басындағы қазақтың көркемдік ойы толысып, жетілді.
Халық өмірінің шындығы қаншалықты ауыр және әрқилы болса, оның
көркем әдебиеттегі көрінісі де түрліше еді.Бұрынғы әдет- дәстүрге қосылып,
олар дәуір жаңалығын әдебиетке әкелді.Фольклорлық үлгіні жалғастырған
қиссашыл- дастаншыл ақындар, айтыс шеберлері мен әнші- ақындар заман
тенденциясын аңғарып, соған бейімделді.Әдебиет мазмұны байыды.Әдебиет жазу
өнерінің тың үлгісіне бет бұрып, жанрларды туғызды.
Осындай ұмтылысқа, ізденіске үн қосып, халықтық, демократтық ойларды
жалғастырған, ғасыр басындағы халық өмірінің шындығын көркем тілде
бейнелеуге ұмтылған таланттар ішінде Спандияр Көбеевтің де елеулі орны
бар.Ол алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиетімізде көркем прозаның
орнығуына, оның әр тұрғыда ізденуіне үлкен үлес қосты.
Спандиярдың жазушылық өнегесінде Ыбырай Алтынсарин тәрбиесі айрықша
сезіледі.Ол да, оның замандасы, ақын және аудармашы Бекет Өтетілеуов те
Ыбырай мектебінің түлектері еді.Олар алған білімін жас ұрпақты тәрбиелеуге
жұмсаған ұстаздар болды да, осы жолда ағарту ісіне көркем әдебиетті
пайдалана білді.Өздері шығармалар жазды, орыс және әлем әдебиеті үлгілерін
қазақшаға аударды.Ыбырай үлгісімен оқу құралдарын жазды.Мұның бәрі үлкен
әдебиетке баратын жол еді.Және ол әдебиеттің ағартушылық бағытын тереңдете
ұстанған жалпы әдеби дамудың бір саласын құрады.
Қазақ даласына алғашқы үлгідегі халықтық мектептер ашу тарихындағы
Ыбырай еңбегі бүгін әркімге аян.Оның қандай қиыншылықпен іске асқаны да
белгілі. Бұл мектептерде оқу жаңалыққа құлақ түріп отырған жаңа заман
жастарының қай-қайсысына болса да арман еді.Әсіресе, Ыбырай өзі қызмет
еткен Торғай, Қостанай өңірінде ұлы ағартушы ұстаздың атағы да, ісі де кең
жайылған-ды.Спандияр да осыны армандаған.Әкесімен бірге көрші ауылдағы бір
тойға барып, сонда Ыбырайды көру баланың оқуға деген ынтасын ерекше
арттырып жіберген оқиға болды.Бала талабын әкесі де құптаған.Алтынсарин сол
ауылда мектеп ашу ісін көтеріп жүр екен.Халықтан қаржы жинап, мектеп ашу
мәселесі шешілгенімен, оның жүзеге асуы созылыңқырап барып тиянақ табады.
Жас Спандияр сол мектепке барып оқиды.Әуелде тізімге жазылған
Спандиярды мектеп ашылған күні барса, тізімнен өшіріп тастапты.Оның
мектепке түсуіне Ыбырайдың өзі көмек жасайды.Бұл жайды Спандияр былай еске
алған:
- Шырағым, Ыбырайжан, деді әкем, баламды жазып алған
еді.Декабрьдың 10- ында оқу басталады, сол күні әкеп салыңыз, балаңыз оқуға
алынады деп, менің баламды тізімнен шығарып тастаған ұлықтар болу
керек.Осы арада меңгеруші мектептен шығып, біздің қасымызға келді.Түсі
ашулы көрінді.
- Ыбырай аға, деді, меңгеруші, - мынау уездік ұлықтар, болыстар кедей
балаларын шығарып, тек бай балаларын алыңдар деп жатыр.Мен ондай нұсқау жоқ
деп көріп едім: Бұрын болмаса, енді болғаны.Мектепке алынған балалардың
тізімін қарап шығып, біз бекітуіміз керек,- дейді.Олай болса, менің де бұл
мектепте меңгеруші болып істеуімнің қажеті қанша? Өзіңіз барда осы мәселені
үзілді-кесілді шешіп алуымыз керек шығар деймін.Ыбырай қабағын түйіп, сұп-
сұр болып кетті.Екі көзі шатынап, сазарған күйінде ойға шомып, әлдеқайда
алысқа қарап, біраз үндемей тұрып қалды.
Балмұғанбет болыс біресе меңгерушіге, біресе Ыбырайға жалтақ-жалтақ қарап,
күрмелгендей кекештеніп:
- Е, е... екі-ақ бала ғой.Екі –ақ бала тізімнен шығарылған.Біреуі біздің
ағайынымыз мына Көбейдің баласы да, біреуі – осындағы бір нашар адамның
баласы.Бүгін оқуға кіргенмен ертең шығып қалатын балалар.Ояз, болыс қиянат
жасап жатыр деп түндік желпілдетудің қажеті қанша?- деді қипақтап.
Ыбырай оның сөзін мүлде естімеді ме, білмеймін, меңгерушіге қарап:
- Мектептің жалпы қазақ балаларына арнап ашылып отырғанын білесіз...Уездік
ұлықтардың да, болыстардың да мектепке алынған балаларды тізімнен шығарып
тастауға хақы жоқ.Менің рұқсатымсыз бір де бір баланы тізімнен өшіруші
болмаңыз.Мектеп ашуға жиналған қаржы осы кедей шаруалардікі, халықтікі
екені есіңізде болсын.Болыс пен билердің қанша қаражаты шығыпты бұған,-
деді өктем дауыспен.
... Ыбырай менің маңдайымнан сипап, бетіме үңіле қарап:
- Оқисың ба, балам? – деді.
- Оқимын
- Оқы, балам, жақсы оқы,- деді. (Таңдамалы шығармалар Алматы.1960. 175-176
б)
Осы оқиғадан екі жыл кейін Ыбырай қайтыс болады да, жас Спандияр өзі оқитын
мектепте өткізілген митингіге қатысады.Сөз сөйлеген мұғалімдердің ұлы
ұстазын еске алып, орысша оқысаң, ұлық боласың, тілмаш боласың деген
ойларды теріске шығарып, оқудың мақсаты халыққа Ыбырайша қызмет істеу, өнер
үйренуде екені жайлы сөздерін тыңдайды.Осы сөздің өзі бізге үлкен әсер
етті.Мен, шынында, не үшін оқитынымды тұңғыш рет осы жиналыста ғана
аңғардым... Болашағыма жол сілтеген, ілгері жетектеген арманым да осы
болды - дейді.Спандияр сол күндерді еске алып.
1887 жылы Ыбырай шапағатымен оқуға орналасқан Спандияр 1901 жылға
дейін ауылдық мектепте, Қостанайда әртүрлі оқу орындарында оқып, бастауыш
мектепте мұғалім болу құқығын иемденеді.Ырғыз, Петропавл уездерінде,
Пресногорковкада ұстаздық қызметтер атқарады.
Спандиярдың ұстаздық жолы ауыл мектебінде бала оқытумен
шектелмеген.Ол жалпы халық арасында ағартушылық жұмыстар жүргізген.
Әрдайым қол бос уақыттарда ауыл адамдарын жинап алып, жаратылыс,
география, тарих, тағы басқа ғылымдардан хабар беріп отыратын
болдым.Солармен қатар қазақтың ауыз әдебиетінен мысалдар келтіріп, жазба
әдебиетін де өзімше айтып беріп отырдым.Мұның өзі бір жағынан менің ауылда
беделді болуыма үлкен себепші болды,- дейді ол (218 бет).Пушкин,
Лермонтов, Крылов,Гоголь шығармаларының мазмұнын әңгімелеу, реті келгенде
оларды аудару жас ұстаздың үйреншікті әдетіне айналады.Солардың ішінде
Спандиярдың ел ішіндегі дау-шарды, келеңсіздікті, зорлық-зомбылықты Крылов
мысалдары оқиғаларымен салыстыра қарайды.Таңмойын, надан, қатыгез мінез-
құлықты сол мысалдар тілімен шенеуге, әжуалауға үйренеді.Мұның бәрі
Спандиярды Крылов мысалдарын көптеп аударуға алып келеді.Әуелде Кішіқұмда
Ыбырай байдың мектеп үйіне төл қамаған қылығына ыза болып, Көлбақаны
аударса, кейін оның болыстыққа таласып, өтпей қалып, араздасуын Иттің
достығы арқылы шенейді.Сөйтіп ол Крыловтың 40-қа жуық мысалдарын
аударады.Бұлар 1910 жылы Үлгілі тәржімә деген атпен қазанда басылады.
Осы жинақ шыққаннан кейін мен жазушылыққа бет бұрдым,- дейді
Спандияр.—Маған жазу жұмысы қолымнан келетін іс сияқты болып көрінді.Бірақ
аз кезде ең алдымен мектеп балалары үшін қазақ тілінде оқу құралдары керек
еді.Сондықтан мен ең алдымен оқу құралын жазып, кітап етіп бастырып
шығаруға талаптандым(242-бет)
С.Көбеев құрастырған қазақша оқу кітабы Үлгілі бала деген атпен 1912
жылы Қазан қаласында басылады.Оған автор өзі аударған Крылов мысалдарынан,
орыс жазушыларының балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін қазақ
тұрмысына лайықтап қайта жазып кіргізген, халық әдебиеті үлгілерін
қосқан.Сонымен қатар кітапқа табиғат, оның әр алуан құбылыстары, география,
өсімдік, жануарлар туралы мәліметтер беретін, бала ұғымына әңгімелер
кіргізілген.Өзіне үлгі ретінде Спандияр Л.Толстойдың Азбука,
К.Ушинскийдің Детский мир и хрестоматия, Родное слово деген кітаптарын
пайдаланған.Біраз материалдар сол кітаптардан аударылып алынған.
Үлгілі тәржімә мен Үлгілі бала кітаптарының жарық көріп,
жұртшылықтың жылы ықыласына ие болуы С.Көбеевтің әдебиетке деген ынтасын
ұштай түсті.Оның үстіне, ол осы еңбектерді жазу үстінде орыс әдебиетін оқып
үйренді, сондағы образдар сырын пайымдады.Гогольдің Өлі жандары мен
Пушкиннің Дубровскийін ел арасында әңгіме ретінде айтып, ондағы
бейнелердің жанды кейпін қазақы адамдар бойынан тануы да осыны дәлелдейді.
Қалың мал.Міне, содан кейінгі ізденістің жемісі еді.
Қалың мал жазылу мерзімі жағынан қазақтың жазба әдебиетіндегі
алғашқы роман үлгілеріне жатады.М.Дулатовтың Бақытсыз Жамал(1910),
Т.Жомартбаевтың Қыз көрелік (1912), С.Торайғыровтың Қамар сұлу (1913)
атты шығармаларымен шамалас жазылған ол ұлттық әдебиетімізде көркем
прозаның орнығуына елеулі жаңалық қосты.
Жоғарыдағы аталған романдардың бәрі әйел теңдігі мәселесін
көтерді.Қазақ әйелінің қалың малға сатылып, сүймеген адамына баруы, жасынан
атастырылып қоюы ескі феодалдық салттың адам құқын шектеген ең бір қолайсыз
тұсы еді.Революциялық дүмпулердің күшейе бастаған тұсында теңдік,
демократия жолындағы күресте бұл мәселе алдымен көзге түсті.Ол жалпы
әлеуметтік теңсіздіктің бір саласы есебінде көтерілді.Спандияр осы
проблеманы Ғайша тағдыры арқылы жинақтап бейнеледі.
Сөз ретіне сйәкес келер кезі болғандықтан айта кетелік, Қалың мал
әйел теңдігін жалаң сөз еткен, оны халық тіршілігінен бөліп алып, оқшау
суреттеген шығарма емес.Онда ғасыр басындағы қазақ ауылының өмірі,
отрашылдық тәртіпке байланысты оған кіре бастаған өзгерістер, сол негізде
елді уысынан босатып, өрісі тарыла бастаған ескі салт- дәстүр кең
суреттеледі.Мұның өзі романның әлеуметтік мәнін, онда көтерілген
мәселелерің өткірлігін танытады.Тіл ерекшеліктері жағынан Қалың мал өз
дәуірінің ең бір жарқын туындысы саналады.Роман тілі тартымды.Өз
замандастарының кейбірі ескі араб, шағатай сөздерімен өлең сөзді былғап,
Соны үлгі тұтып жүрген заманда таза қазақ тілінде шынайы проза жасау да
оңай емес еді.Ол ұлт сөзін қарапайым, халықтық нұсқада қолданады.Әр
кейіпкерлердің өзіндік тілі бар.Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбайлар сөзінде
заманның биліктегі адамдарына лайық өктемдікғ қулық-сұмдық көбірек
аңғарылса,Итбайдың ұсақ мінезі, даңғойлығы, байлыққа құмарлығы да айқын
көрінеді.Қазақтың әдет-салт, ғұрып суреттері де тартымды.Жазушы кейіпкер
сезімін табиғат көріністері арқылы бейнелеуге де жиі барады.
Бұл романды жазу маған оңайға түскен жоқ,- депжазды кейін
Спандияр.—Мұның әртүрлі себептері бар еді.Біріншіден, роман жазылған кезде
баспа жүзін көрген қазақтың жазба түріндегі көркем әдебиет шығармалары
тіпті аз еді және олардың идеялық бағыттарын былай қойып, түрлерін алсақ,
ауыз әдебиеті әсерінің шеңберінен асып шыға алмаған дәрежеде еді.Біздің
Солтүстік аймақта маған тіл үйренер, үлгі-өнеге алар жалғыз-ақ қазақтың
ауыз әдебиеті және Ыбырайдың өлеңдері мен балаларға арнап оқу құралына
лайықтап жазған новеллалары ғана еді.(Абайдың жинағы қолыма кейінірек
түсті).Сондықтан да романның тіліне, стиліне, ауыз әдебиетінің әсері
тигендік барлығы қазіргі оқушыға айқын байқалып отыратын болуы
керек.Екіншіден, романның сюжеті, оның құрылысы (композициясы) кейіп-
кескіндері жайында кеңесетін, пікір алысатын да адам жоқ еді.Мұны түсінер
бірен-саран адам болса, оның да қызық екен дегеннен басқа айтары жоқ
болатын.Роман кейіпкерлерінің образдық жүйесінде сол кездегі қазақ
әдебиетінде кең көріне қоймаған суреттеу құралдарын пайдалануға ұмтылыс
бар.Ол жалпы баяндай бермей, характерді деталь арқылы, белгілі бір
көріністер арқылы танытуға бейімділік байқатады.Итбайдың Тұрлығұл ауылына
баруы, қайтып келгенде өз үйін менсінбей қалуы, бие байлауы, базарлап барып
қызға жасау алуы тұсында, Тұрлығұлға наразы кедей ауыл жастарының Қожашқа
тілектестігі кезінде, тағы басқа эпизодтарда бұл ізденіс айрықша көрінеді.
Роман құрылысында үлкен прозаға тән оқиғалардың үзілмей жалғасып
отыруы, олардың қөрістеуі мен шиеленісі дұрыс орын табады.Ондағы тартыс та
заман шындығына сай ойластырылған және шығарма бітімінде жарастықты
тұтастық бар.Бір қарағанда, бүгінгі ірі-ірі романдары бар реалистік әдебиет
үшін Қалың мал елеулі құбылыс болып көрінбеуі мүмкін.Бірақ автор
шығармасын жазылғасын дәуірі мен сол кездегі әдебиет дамуының дәрежесі
тұрғысынан бағалағанда, оның тарихи маңызын толық түсінуге болады.С.Көбеев
шығарманы өз кезінің ең өзекті мәселесіне құра отырып, заман шындығын, адам
характерлерін едәуір жарқын бейнелей алған оқиғаның өрбуі де, адам кейпінің
дамуы да жақсы ойластырылған.Онда желілі сюжет, қиюласқан композиция
бар.Маған тек орыс тіліндегі романдарды оқып, соларды үлгі ете отырып,
жазуға тура келді(247-бет)
Ауыз әдебиеті әсерлері басты кейіпкерлерді мінездеуде, оқиғаны
әңгімелеу сарынында байқалатыны даусыз.Алайда жазушы оны кеңейтіп, жазба
әдебиет үлгісіндегі характерлер дәрежесіне көтере білген.Адам мінездеуде
шығармаларын өзі әңгімелеп, ел ішіне таратқан.Пушкин,Гогль, Чехов сияқты
жазушылардың жазу тәсілі, гуманистік идеясы да сезіледі.Кейіпкерлерге ат
таңдауда да (Итбай –Собакевич), олардың іс-әрекетін сыншылдық тұрғыдан
суреттеуде де Гоголь тәжірибесі танылмай қалмайды.
Бұл айтылғандар Қалың мал қазақтың ағартушылық, демократтық
әдебиетінің реалистік дәстүрлерін әрі қарай дамытқан, оны жаңа жанрмен
байытқан туынды болғанын дәлелдейді. Көркемдік түрі жағынан кейбір
жетіспеушілігі бола тұрса да, бұл роман идеялық-прогресшілдік бағыты
жағынан сыншыл реализм элементтерін бойына жинақтай білген шығарма болды,—
деп жазды М.Әуезов.—Рулық, феодалдық құрылысты, әйелдерді қанауды, қазақ
ауылындағы әлеуметтік жауыздықты – байлар үстемдігі мен атқамінерлерді
айыптаушылық бұл шығармаға ерекше мән береді және оны заманның елеулі
құбылыстарының қатарына қояды.
Қалың малдан кейін ұстаз жазушы екі өнерді – жазушылық пен
оқытушылықты қатар жүргізуге талаптанған.Төңкеріс жылдары Бақытсыздардың
бір күні атты роман жаза бастаған. Қазақ кегі, Қазақ ауылындағы тұңғыш
мектеп атты шығармалар жазуды да ойлаған.Төңкерістің аласапыраны кезінде
алғашқы туындының қолжазбасы жоғалып, оның үстіне өзінің денсаулығы
көтермей, шығармашылық кәсіптен қол үзіп қалған.
Кеңес өкіметі жылдары ол бар ғұмырын бала оқытуға арнады.Үлгілі,
ғибратты ұстаз болды. Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім атағын алды, екі
рет Ленин орденімен марапатталады, Жоғарғы Кеңес депутаттығына сайланды.
1951 жылы жарияланып,1954 жылы толықтырылып екінші рет басылған
Орындалған арман атты соңғы кітабын Спандияр естелік күйінде жазды.Онда
педагог- жазушының өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы ой-
пікрлері жинақталған.Кітапты оқу үстінде, ең алдымен, өзінің көп жылдық
өмірін халық қызметіне арнаған, тұтастай ХХ ғасырдың куәсі болған, талай
қиолы кезеңдер мен қалтарысты жылдардан өткен қайраткер ұстаздың бейнесі
көз алдыңыздан өтеді.Ол айналасындағы оқиғаларға сырттан бақылаушы болмай,
араласа қызмет етеді.Сондықтан оның әрбір оқиғаға, құбылысқа өз көзқарасы
бар.Жазушы өз өмірін негізге ала отырып, өз көзімен, түсінігімен ескі қазақ
ауылындағы әлеуметтік тартысты, орыс төңкерісінің әсерін, ұлт-азаттық
көтерілістері тарихын, кеңестік дәуір шындығын кесек оқиғалар арқылы, кейде
эпизодтық күйде әңгімелейді.Шығарма авторы елімен бірге өмір таниды,
ауыртпашылықты бірге көреді, қуанышты бірге бөліседі.
Спандияр ақсақал өмірінің соңғы кезіне дейін туған ауылы Ақсуатты
(Қостанай облысының Меңдіғара ауданы) мектепте қызмет етті.Сонда 78 жасында
1956 жылы 21 желтоқсан күні қайтыс болды.
Спандияр кәсібімен ғана емес, табиғатында жұмсақ, тәрбиелі,
сөзімен,ісімен ұстаздығын таратып отыратын өнегелі адам болған екен.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен өкілінің бірі С.Көбеевтің
қазақ халқының ұлттық сана-сезімі оянуына сіңірген еңбегі, демократтық,
ағартушылық қозғалысқа қосқан үлесі, қазақ жастарын оқу- білімге тартудағы
қызметі мен көркемдік ойды дамытуы оның тарих алдындағы ұлы еңбегін
айқындайды.Сондықтан да қазақ мектебі мен әдебиетінің тарихында оның аты
әрқашан алтын әріппен жазулы тұрады.
КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГ- ЖАЗУШЫ.
Ақырын жүріп, анық
бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай.
Қазақ халқының сүйсінер, сүйер ұлдарының бірі, тамаша педагог,
белгілі ағартушы демократ, көрнекті жазушы, білгір аудармашы, гуманист
Спандияр Көбеев 1878 жылы 14 қазанда бұрынғы Торғай облысы Николай уезі
Обаған болысына қарасты 3 ауылда (қазіргі Қостанай облысы Бурабай ауданы
Ақсуат ауылында) дүниеге келген.Әкем Көбей, анам Айтбоздың жетінші перзенті
болып өмірге келіппін дейді, бес ұл, бір қыз сонда мен жетіншісімін деп
атайды өзін.Жазушы Спандиярдың әкесі Көбей мұсылманша хат таныған, шыншыл,
қолөнерімен күн көрген адам.Ол ұл-қыздарының оқып, білім алуына көп көңіл
бөлген.Анасы Айтбоз да жазушының айтуынша, өте қабілетті-қайратты, салиқалы-
салмақты, үлкен-кішіге беделді де қадірлі адам болған деседі.Жарастықты
отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог- жазушының мінез- құлқының
қалыптасуына да әсерін тигізген.
Спандияр қаршадайынан шыншыл, елгезек, еңбекқор, пайымдағыш, алғыр болып
өседі.Оқу жасына жеткен кезімде 1887 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады.
С.Көбеев ұлы ағартушының көмегімен сол мектепте оқып, оны 1892 жылы
бітірді.
Содан кейінгі жылдары Қарағайлыкөл деген жердегі төрт сынып болыстық
мектепте (1892-1898) Қостанай қаласындағы екі сынып орыс-қазақ мектебінде
(1895-1897) оқиды.
Болашақ педагог-жазушы бұдан кейін тағы да оқып, мұғалім болып шығуды
армандайды.Ыбырайдың өлмі, оқытушы боламын деген ынта-ниетімді біржолата
баянды етіп бекітті,- дейді ол.Сол ниетпен С.Көбеев Қостанайдағы екі жылдық
педагогикалық курсқа түсіп (1898жылы) оқиды.Оны 1901 жылы бітіріп, батсауыш
мектепте мұғалімдік құқық алады.Осы кездерде білімге деген құштарлығы
барған сайын арта түседі.Ол шетел әдебиеттері мен орыс классиктері –
Пушкин, Лернмонтов, Гоголь, Толстой, Тургенев, Чехов, Крылов, Добролюбов,
тағы басқалардың шығармаларын оқиды.Сол сияқты ұстаздық жолындағы Ушинский,
коменский, Песталоций, Дистерверг, тағы басқалардың педагогикалық
еңбектерінен оқып, білімін тереңдетеді.Олардан көп үлгі - өнеге алады, жас
ұстаздың қанатын қатайтуға көп көмегі тиеді.
Қазақ – мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек
ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдер бар халық.Қазақ
топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра
қалдырған.Әбунасыр Әл- Фараби,Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт ТОрайғыров, Сәбит
Дөнентаев, Мұхаметжан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Сакен сейуллин, Бейімбет
Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Мұқанов, тағы
басқа түрлі ғылым саласында оқып, жан-жақты ой-пікір оздырады.С.Көбеев сол
жинақтың білімін жастарға тәлім-тәрбие ісіне үлгі-өнеге беруге үлкен
ретінде пайдаға асырады.
Білімділік пен біліктілік тапжылмас еңбектену арқылы жететіні
мәлім.С.Көбеев 1901-1956 жылы жарты ғасырдан астам уақытын жастарға жастық
жалыннан табиғаттың берген ақыл-ойын, жүрегінің халық деп соққан лүпілін
қарапайым халықтың бақыты мен оның санасында өсіп, мәдениетінің өркендеуі
үшін жұмсаған ардақты азамат.
С.Көбеев жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу процесінде мұғалімнің басшы
рөлі атқаратынына өте үлкен маңыз берді.Оның ойынша халық мұғалімі бұқара
арасына тек білімді ғана таратып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның
ынтасын сол өнер- білімге аударуға міндетті.Білім берудің сапалы болуы,-
деп жазды С.Көбеев оқытудың мазмұны, мұғалімнің әр балаға жеке- жеке дұрыс
қарап, әрекет ете білуінде.Баланы тани білу, оның бейімділігін, еркін білу,
балалар дүниесімен қоян-қолтық араласу, оны жаңа дүние үшін күреске қажетті
сапаларымен, біліммен қаруландыру – міне, осы қасиеттердің барлығын мұғалім
меңгеруге тиісті.С.Көбеев оқыту мен тәрбие процесін диалектикалық бірлікте
қарады.Адамды тәрбиелеуде С.Көбеев еңбекке үлкен мән берді.Ол еңбекпен ғана
өмір сүру үшін ғана қажетті құбылыс емес, сонымен бірге аса пәрменді тәрбие
құралы деп түйіндейді.
Барлық саналы өмірін жас ұрпаққа білім беруге. Адамгершілікке, ұятты
қасиеттерге тәрбиелеуге арнаған С.Көбеев адамзаттың әрбір ісі ақылмен және
білімге негізделіп істелсе ғана алға басады,- деп топшылайды.Оның ойынша
ақыл оқу арқылы өтеді, білім де оқу арқылы беріледі, демек, тек сауатты
халық қана процеске, табысқа жетуі мүмкін.Сондықтан, С.Көбеев мұғалімдерге
әдістемелік, педагогикалық еңбектерді көп оқу қажеттігін ескертті.
С.Көбеев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде қазақ роман жанрының
көшбастары.XX ғасырдың бас кезіндегі демократтық - бұқарашыл қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілдерніің бірі ретінде қазақ әдебиті тарихында
кейінгі жерде, әдебиетімізджі өрге сүйреген, прогресшіл де құнарлы бағыт
ұстаған демократ жазушылардың бірі.С.Көбеев замандастары мен тұтастары
әдебиет қазынасына қосқан үлесі, тарихи мәніндегі, шебер аудармашылық
қасиеттерін айрықша атаған жөн.Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрлерін ілгері
апарудағы жаңашылдығы туралы құнды пікірлер айтылуда, жазылуда.С.Көбеевке
жалпы дидактикалық, педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан қарағанда ол
құрастырған үлгі етерлік мұралары мол- ақ.Мысалы, кітап Үлгілі бала
хрестоматиясының жоғарыдағы авторларының оқулықтарынан көптеген
артықшылықтары бар.
С.Көбеев Алтынсарин дәстүрімен Үлгілі тәржімәні құрастырды.
Болашақ ұстаз болам деушілергет А.С.Макаренько, Сухомолинский,Мағжан
Жұмабаевтың педагогикасын оқуға ұсынар едік.
С.Көбеев жазушылық шығармашылығында тек оқу-ағарту майданында ғана
емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орны бар екендігін
анық көреміз.Оның ағартушылық, педагогтық және жазушылық қызметі негізінен
өзі өмір сүрген заман талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді.
Оның әдеби, мәдени шығармашылығының жемісті кезеңі 1908-1913 жылдарын
атаған жөн.Бұл жылдар ішінде ол бар көрнекті еңбектерін – Үлгі-тәрбие,
Үлгілі бала, Қалың мал, Орындалған арман әңгіме, аудармалары мен
шағын әңгімелер – аудармалары мен әдеби мұрасы жарық көрді.
Өз елінің заңы, өз Отанының жалынды патриоты болған кеңес халқының
табыстары мен жеңістері үнемі қарапайым халықтың мұңын мүңдап, жоғын
жоқтаған халықтың өкіметке тілектес Спандияр Көбеевті қуантпай қойған
жоқ.Ол халық ағарту, әлеуметтік майданда еселеген жігер мен елеулі еңбек
етті.Еткен еңбек, төккен маңдай тер текке кетпепті.ССРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумы кеңесінің халыққа білім беру, қоғамдық жұмыстарға белсенді 1939
жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының II
съезінде аталмыш Одаққа мүше болып сайланды.Е.Беркімбаев,Н.Ахметбеков,
С.Көбеев, тағы басқа 1939 жылы Ленин орденімен наградталды.Ұстаздық жолында
тапжылмас өткен жемісті еңбегін бағалап 1944 жыл Қазақстан Республикасына
Еңбегі сіңген мұғалім деген құрметті атақ және Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесінің Президиумының Құрмет грамотасымен, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан
соғысы кезіндегі еңбегі үшін медалімен, 1947 жылы Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесіне депутат болып сайланды.Сол жылы қазақ ССР оқу министрлігі Халық
ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен және екінші рет Ленин орденімен
наградталды.1955 жылы ол Бейбітшілікті қорғаудың Қазақ Республикалық
комитетіне мүше болып сайланды.
С.Көбеевтің 1951 жылы Орындалған арман атты кітап жарияланды.Кітап
1954 жылы өңделіп, екінші рет басылды.Бұл кітап педагог- жазушының өткен
өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Қалың мал
романы феодалдық салтқа қарсы күрес.Бұл роман қазақ әдебиеті тарихындағы
қара сөзбен жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі.Романның елеулі
сипаты мен тарихы маңызы – оның қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдарының
бәрі болуында және өзінде шақ көркемдік үлгіде жазылуында.Роман оқиғасы
өзара байланысып, бірімен- бірі үзілмей жалғысып отырады. Қалың мал
романындағы сатиралық сыншылдық ерекшеліктерде – орыс әдебиетін үйренудің
ізі бар.Бұл жолда жазушыға Гогольдің стилін аңғарту қиын емес.
Романның тарихи маңызын заманымыздың заңғар жазушысы,Академик Мұхтар
Әуезов былай деп жазды: ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза
туа бастады.Оның алғашқы бастамасы С.Көбеевтің Қалың мал романы
болды.Көркемдік түрі жағынан көптеген жетіспеушіліктері бола тұрса да бұл
роман идеялық- прогрессивті бағыты жағынан сыншыл реализм элементтерін
бойына жинақтай білген шығарма болды.Рулық, феодалдық құрылысты әйел
теңдігі, қазақ аулындағы әлеуметтік жауыздықты – байлар үстемдігі атқа
мінгендерді айыптаушылық бұл шығармаға ерекше мән берді және оны өз
заманының елеулі құбылыстарының қатарына қояды.Орыс әдебиетінде көрінген
алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікір ұлт аймақтарындағы жастардың санасын
оятты,- дейді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы С.Көбеевтің ерлік еңбегін айта келіп,
академик-жазушы С.Мұқанов Халық мұғалімі атты очеркінде былай деп жазды:
Оның өмір тарихы – қазақ аулындағы оқудың тарихы десек, қателеспек болар
едік...Революциядан бұрынғы прогрессивтік педагогиканы да, кеңестік
педагогиканы да жақсы білетін, оған қоса тәжірибесі мол Спандияр –
балаларды кеңестік патриотизм рузында тәрбиелеу де көп еңбек сіңірген адам,-
дейді.
С.Көбеевтің – бұдан жарты ғасыр бұрын, 1901 жылы 15 тамыздан оқытушы
болып тағайындалып, сонау Кішіқұмдағы екі жылдық ауылдық мектепте сабақ
бере бастаған екен.Сол күннен бастап күні бүгінге дейін оқытушылық
жұмысының жібі үзілген күні болмапты.Осы жарты ғасырдан аса уақыттың ішінде
55 мыңнан артық сағат уақыт балаларға сабақ берген екен.Есептеп қарасам, үш
мыңдай бала оқытыппын,- дейді қарт ұстаз өзінің естелігінде.Барлық саналы
өмірін халыққа қызмет етуге коммунистік қоғамының жас ұрпақтарына жарасымды
тәрбие ісіне жұмсаған жылы екінші желтоқсанда 78 жасында дүние салды.Міне,
прогресшіл ұстаздардың ұстазы, оның өшпес, өлмес мұрасын келешек жастар
жалғастыра береді деген сенім зор.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында
Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар.Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс
мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының
мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады.жаңа
үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп, жас ұрпақты орыстың тілі мен
әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды.Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді.Би-болыстардың
қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей
баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді.Ұлы ұстазы
алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр
ішінен соған ұқсауды армандаған-ды.Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат
болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман- тілегі
еді.Ол 1901 жылдан бастап, өмірінің соңына (1956) дейінгі 55 жылын ұстаздық
қызметке жұмсады.Совет өкіметі тұсында сол ұстаздық еңбегінің мол жемісін
де көрді, құрметке ие болды.Кеудесіне екі рет Ленин орденін тақты.Қазақ ССР
Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Қазақ ССР мектептеріне еңбек
сіңірген мұғалім атағын алды.
Спандиярдың ұстаздық ағартушылық еңбегі революция алдындағы қазақ
қоғамының арта қалған мешеулігі жағдайында басталды.Өзінің көзі ашық
замандастары тәрізді Спандияр да сол қоғамдағы құрылыстың іріп-шіріп тоза
бастағанын көрді, оның жаңаруы қажеттігін түсінді.Олар осы жаңарудың жолы
елді ағарту, білім-өнер жолына түсу деп ұғынды.Феодалдық- патриархалдық
қоғамның ұнамсыз жақтарын аяусыз сынай, шеней отырып, олар бүкіл
творчестволық еңбегін ағартушылыққа негіздеді.Спандиярдың ұстаздық қызметін
ағартушылыққа бағыттай жүргізуі де осыдан туды.Жас мұғалім балаларға
орыстың тілін, ғылым негіздерін түсіндіретін пәндерді таратушы
болды.А.С.Пушкиннің Дубровскийі, Н.В.Гогольдің Өлі жандары,
И.А.Крыловтың мысалдары мен А.П.Чеховтың күлкілі, сыншыл әңгімелері
Спандиярдың ауызша әңгімелеуі негізінде ел ішіне кең тарай бастайды.Ол
көркем әдебиетті надандыққа, феодалдық салтқа қарсы құрал есебінде
пайдаланылады.Оның Крылов мысалдарын аударуы, сол мысалдар тілімен ауылдың
байларын, үстем тап өкілдерін, қоғамдық ортада ұнамсыздықты сынауы мұны
анық байқатады.Ол замандастары бойындағы өтірікшілікті, тоғышарлықты,
надандықты, зұлымдық пен мақтаншақтықты, көрсеқызарлық пен өзімшілдікті
мысал тілімен тұспалдап әшкерелейді.
Крылов мысалдарын аударуға ұмтылу мен жалпы мысал жазуға құмарлықтың
ағартушылық әдебиетте жиі байқалатыны да кездейсоқ емес.Абай мен Ыбырайдан
басталған бұл дәстүрді ХХ ғасырдың басында Спандиярмен қатар
Б.Өтетілеуов,С.Дөнентаев, С.Торайғыров сияқты ақындардың әрі дамытқаны
белгілі.Солардың бәрі де үстемдікке негізделген қоғам жағдайында шындықты
мысал тілімен тұспалдап сынаудың қолайлылығын ұқты.Оның үстіне Крылов өмір
сүрген кездегі орыстың помещиктік-крепостниктік құрылысы мен қазақтың
феодалдық-патриархалдық қоғамының арасында ұқсас сипаттар көп болатын.Орыс
қоғамының қасқырлары мен арыстандары, аюлары мен түлкілері, жәбір жапа
көрген басқа да хайуанаттары қазақ қоғамындағы қайшылықтарды да еске
салды.Қоғамдық әділетсіздік жайлы ойды оятты.Мұның өзі қазақ ақындарының
демократтық көзқарасының қалыптасуына әсер етті.Крылов мысалдарын аудару
үстінде С.Көбеев осындай мектептен өтті.Ол Крылов мысалдарын Үлгілі
тәржіме деген атпен 1910 жылы Қазанда бастырды.
1912 жылы Спандиярдың Үлгілі бала атты кітабы шықты.Бұл- бастауыш
мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді.Ұлы ұстазы Ыбырай
үлгісін пайдалана отырып, бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс
классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті
үлгілерін, табиғат жайлы мәлімет беретін шағын әңгімелерді кіргізген.Оқу
кітабын құрастыруда Спандияр К.Ушинскийдің Родное слово кітабын
басшылыққа алған.Бірқатар материалдарды содан кейін аударып пайдаланған.
Үлгілі балаға Спандиярдың бірқатар төл шығармалары да кірген.Олар-
қоғамдық теңсіздікті, үстем таптың қатігез мінез- құлқын суреттейтін, жетім-
жесірлердің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдермен әңгімелер.Бұл шығармалар
негізінде педагог жазушы жас ұрпақтың таптық қайшылықты түсінуіне, олардың
бойына адамгершілік сезімдердің ұялауына көмектесуді көздеді.Демократтық,
ағартушылық әдебиеттің гуманистік тұрғыдан баюуына әсер етті.
Спандиярдың қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан
бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына
сіңірген еңбегімен байланысты.1913 жылы Қазанда басылған жазушының Қалың
мал романы қазақ әдебиеті тарихында алғашқы көлемді прозалы туындылардың
бірі болып саналады.
Қазіргі тұрғыдан қарағанда, бүгінгі ірі-ірі романдары бар реалистік
әдебиет үшін Қалың мал үлкен құбылыс болып көрінбеуі мүмкін.Бірақ, оның
туған кезі, дәуірі, сол кездегі әдебиет өрісі мен жанрларының тұрғысынан
қарасақ, оның тарихи маңызы айқын танылады.Автор шығармада сол дәуірдің
маңызды оқиғаларын қамти отырып, оны үлкен әлеуметтік тартысқа құрады,
дәуір сыры мен адамдардың тәп-тәуір образдарын жасайды.
Спандиярдың өмір сүрген дәуірі – ХХ ғасырдың бас кезі – тарихта
әлеуметтік революциялардың дәуірі, бостандық үшін күрестің ұшқыны жалынға
айналған дәуір.1905 жылы буржуазиялық- демократиялық революция ұлт
аймақтарындағы ой-пікірлердің жандануына әсер етті.Европаны кезіп жүрген
бостандық елесі, К.Маркс пен Ф.Энгельс тілімен айтқанда коммунизм елесі
қазақ жеріне де әсерін тигізе бастаған.Спандияр романының жазылуы да осының
әсері.
Елден шыққалы 20 шақты күн болып қалды,- дейді Қалың мал романының
кейіпкерлерінің бірі Байғазы би.- Бас ауылнай жағына барып, съезд құрып
келеміз.халық арасында бір-біріне аукысқан- түйіскендері бар, тоқты-
торымдай жанжалдары бар екен, сондайларды бітіріп келеміз.Елде да-жанжал
мұндай көп болар ма! Ел де бұзылып біткен ғой...Әсіресе,жесір дауы-ақ көп
екен.Күйеуін менсінбеген қыз, байынан айрылған келіншек ... кейбіреулер
құдасынан айрылмақшы...Құрекеңнің (Құрымбай би) пышағы май үстінде, қалтасы
да толған шығар.
Осы сөздің өзі-ақ сол кездегі ауыл өміріндегі қозғалысты анық
байқатады.Мұның бәрі – қаймағы бұзылмаған феодалдық салттың іруге бет алуы.
Қалың мал осы жағдайдағы жастардың бас бостандығы үшін күресін
көрсетеді.Онда жазушы феодалдық қоғамның қызды әйелі өлген кәрі шалдарға
малға сатуын айыптап, жастардың сүйгеніне қосылуына тілектестік
білдіреді.Және оны қоғамдық, әлеуметтік теңдік үшін күрестің бір бөлегі
есебінде қарастырады.Оның суреттеуіндегі жастар сүйгеніне қосылуы үшін ғана
емес, үстем таптың кедейлерге жасаған зорлығына қарсы бой көтереді.Бұл идея
романның негізгі образдары арқылы ашылады.Жазушылардың кедейлер тілегінде
екені үнемі байқалып отырады.Тұрлығұл байдың Медеу руына (кедейлер тобы)
жасаған зорлығын суреттей келіп, ол: Әй, бишара кедей-ай.Саған да атар
таң, шығар күн бар ма екен? - деп күйінеді.
Бұрын прзасы дамымаған елде, проза ауызша тараған ертегілер күйінде ғана
кездесетін ортада, мәдениетті шығарма жасау оңай жұмыс емес еді.Роман
жазуға Сұлтанмахмұт та талпынып көрді.Бірақ табиғаты ақын адамның ауызна
өлең орала береді де, қалыптасып қалған дәстүрі бар өлең жолдары
Сұлтанмахмұт прозасына әр жерінен араласып отырады.Спандияр романы бұл
тұрғыда да тұтастығымен бағалы.Ол роман жазуға қазақтың әңгімешілдік өнері
мен орыс прозасының үлгілерін қабат пайдаланады.Әсіресе, ескілікті сынауда
Гоголь сатирасының әсерін танимыз.Итбай образы – бұл тұрғыдағы жазушының
елеулі табысы.
Итбай – малдан басқа көрері де, арманы да жоқ, сасық байлықтың
бейнесі.Оның бойындағы даңғойлық, мақтаншақтық мінездері де оның баюға, сол
жолмен беделге, абыройға жетудегі арманы.Итбай ұғымында байлық болса,
қалған дүние өзі құрала береді, даңқ, абырой, атақ келеді.Осылар түгел
болса, Итбай жақсы болмақ.э
Жазушының кейіпкер даралаудағы табыстары шығарманың тілі де біз үшін аса
бағалы.Сондықтан да Қалың малды біз қазақтың алғашқы романдарының бірі
деп атап, оның тарихи орныны зор бағалаймыз.Оның қазақтың реалистік
бағыттағы демократтық, ағартушылық әдебиеттегі орнын М.О.Әуезов өзінің
Орыс реализмі және қазақ әдебиеті атты еңбегінде жақсы атап көрсеткен.
Көркемдік түрі жағынан жетіспеушіліктері бола тұрса да, бұл роман
идеялыпрогрессивті бағыты жағынан сыншыл реализм элементтерін бойына
жинақтай білген шығарма болды.Рулық, феодалдық құрылысты, әйелдерді
қанауды, қазақ ауылндағы әлеуметтік жауыздықты – байлар үстемдігі мен
адамгершілікті айыптаушылық бұл шығармаға ерекше мән береді және оны өз
заманының елеулі құбылыстарының қатарына қояды,- деп жазды М.Әуезов.Роман
және оның авторы
жайлы.Мұқановтың,Қ.Жұмаливтің,Е.Исм аиловтың,Б.Шалабаевтың, Б.Кенжебаевтың,
тағы басқа зерттеушілердің құнды-құнды пікірлері бар.
Қалың малдан кейін Спандияр Көбеев ұзақ жылдар әдебиеттен қол үзіп
кеткен.Революция жылдары жазып жүрген шығармаларының қолжазбасын жоғалтып
алған да, денсаулығына байланысты жазудан қалып қойған.Ұзақ жылдардан кейін
50 –жылдар ішінде ғана педагог- жазушының Орындалған арман атты мемуарлық
кітабы жарияланды.Бұл педагог- жазушының өткен жолы, оның дәуірі, ортасы
жайлы шығарма.Онда автор революция алдындағы қазақ аулындағы таптық күрес
жайлы, революциялық жаңарудың заңды жолы туралы әңгімелейді.Сол негізде
автордың өсу жолы, көзқарасының қалыптасу жолы көрінеді.
Мұның бәрі С.Көбеевтің тек ағарту майданында ғана емес, қазақ
әдебиетінің тарихында елеулі орын барлығын дәлелдейді.Өз дәуірінің
прогресшіл талап- тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің
жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте алғашқы романдардың бірін жазған
С.Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті
орын алады.
Ыбырайдың ізбасары
Халыққа жасаған адал еңбегімен, әдеби-ағартушылық қызметімен тарих
төрінен лайықты орын алған белгілі педагог-жазушы С.Көбейұлы –
Ы.Алтынсаринның шәкірті, ізбасары екендігімен де ардақты, аяулы.Спандияр
Көбейұлының туғанына өткен жылы 120 жыд толуы республика көлемінде дүрілдеп
өтпесе де, аяулы перзентін халық біледі, оның өмірі мен қызметі туралы
мәліметтер, шығармашылық мұрасы оқу бағдарламасына енгізілген.Көрнекті
педагог- ұстаздың оқу-тәрбие жөніндегі ой-пікірлері өз мәнін жоғалтпақ
емес.
Бала Спандияр бірнеше мектепте оқығаны мәлім.Ол Ыбырай мектебі аталған
ауылдық мектепте (1887-1897жж.), болыстық орысша мектепте (1892-
1895жж.),Қостанайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде (1895-1897жж.) дәріс
алды.Осылардың ішінде Спандияр үшін шоқтығы биік білісм ордасы – Ыбырай
мектебі.Себебі бұл мектепке қабылдануына ұлы ағартушының тікелей көмегі,
қамқорлығы себеп болды.
С.Көбейұлының өмір жолына үңіле отырып, оның оқуды, терең білімді
мұрат тұтқанына көз жеткіземіз.Ол өзгелерге де білім нәрін, ізгілік нұрын
себетін ұстаздық жолға түсуді, мұғалім болуды армандайды.
Ыбырайдың өлімі – менің оқытушы боламын деген ынта-жігерімді бір
жолата баянды етіп бекітті,- дейді ол.Сол ниетпен Қостанайдағы екі жылдық
педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімі мамандығына ие
болады.Ұстаздық жолын Кішіқұм деген жердегі ауылдық орысша мектепте
бастайды.
Ы.Алтынсаринді пір тұтқан жас мұғалім алғашқы сабағын Кел,балалар,
оқылық өлеңімен бастап, бүлдіршіндерге оқудың мақсатын қарапайым сөзбен
емес, ұлы ағартушының атақты өлеңімен жеткізеді.Жасынан Ыбырайдың
ағартушылық, ұстаздық жолын өнеге еткен Спандияр балаларды Ыбырай әдісімен
орысша оқытады.
Ауылға барып мәдениет шамшырағын жақпақшымын деп өзі
айтқандай,С.Көбейұлы ұстазы Ы.Алтынсаринге еліктеп, ағартушылық идеясын
педагогтік қызметі арқылы жүзеге асыра бастайды.
Қазақ елінде Ыбырай бастаған ағартушылық идея Спандияр
Көбеев,Мұхаметжан Сералин, Бекет Өтетілеуов, т.б. шығармаларында,
әлеуметтік қызметтерінде заңды жалғасын тапты.Қарапайым ауыл мұғалімі,
орыс,қазақ халықтары тағдырының мүдделестігін ұғып, өзіне, халық қызметіне
арнайды.
Мұғалімдердің С.Көбеев,М.Сералин, М.Панков, А.Климов, В.Решетняк
сияқты демократияшыл бөлігі жергілікті социал-демократиялық группалармен
тығыз байланыс жасап отырды,- дейді профессор Е.Бекмаханов.- Қазақ
мұғалмідері революциялық прокламацияларды қазақ тіліне аударып, ауыл
жұртшылғына таратып отырды.
Қазақ зиялы қауымының демократтық бағыттағы бөлігі – ақын-жазушылар,
мұғалімдер халықты өнер-білімге,оқуға шақырады.
Мен Пушкин,Лермонтов сияқты ақын-жазушылар шығармаларының мазмұнын
айтып түсіндірдім,әсіресе,И.А.Крыловтың мысалдарын көбірек оқып,аударып
беріп жүрдім,- дейді С.Көбеев.Ол И.А.Крыловтың қырықтан аса мысалын
аударып, 1910 жылы Үлгілі тәржіме деген атпен кітап етіп бастырып
шығарды.Жазушы – аң-құстарды,өсімдіктерді адам бейнесінде суреттей отырып,
сол кездегі теңсіздікті, үстемдікті, жағымсыз халықтарды өлтіре әшкерелеп,
халықты,әлсіздерді жақтайды, аяныш білдіреді, қиянат жасамауды уағыздайды.
Осы жинақ ( Үлгілі тәржіме) шыққаннан кейін мен жазушылыққа бет
бұрдым,- дейді С.Көбеев Орындалған арманда- Маған жазу жұмысы қолымнан
келетін іс сияқты болып көрінді.Бірақ ол кезде, ең алдымен,мектеп балалары
үшін қазақ тілінде оқу құралдарын жазып, кітап етіп бастырып шығаруға
талаптандым.
Сөйтіп, мұғалімдікті шығармашылықпен ұштасыра білген жас ұстаз( небары
24 жаста) 1912 жылы Қазан қаласында Үлгілі бала атты оқулық бастырып
шығарады.
Ұстазы Ы.Алтынсариннің үлгісі бойынша, бұл кітапты бастауыш мектептің
қазақ балалары үшін оқу құралы ретінде құрастырды.Шағын әңгімелердің көбін
автор Л.Н.Толстойдың Новая азбука, Русская книга для
чтения,К.Д.Ушинскийдің Детский мир, Ы.Алтынсариннің Қазақ
хрестоматиясынан алды. Мектепте һәм үйде оқу үшін, әр тілдердегі тәуір
оқу кітаптарынан алып, қазақша жазылды,- дейді автор оқулықтың алғы
сөзінде.
Сонымен қатар, Үлгілі балада С.Көбейұлының Жетімнің зары, Жарлы
мен бай, Жетім сияқты төл шығармалары да бар.
Үлгілі бала хрестоматиясына енген Мектепке шақыру деген өлең
Ы.Алтынсариннің Кел, балалар, оқылықөлеңімен идеялас,сарындас.
Ыбырайды,Спандияр да туған халқына өнер-білімнің күні мен құдіретін,
қараңғылық пен надандықтың зиянын әр кез түсіндіріп отырды.
Оқулықтағы шығармалар жастарды
мәдениеттілікке,кішіпейілділікке,ұс тамдылыққа,достыққа, адалдыққа, ата-ана,
туған халқын сүюге тәрбиелейді.
Үлгілі бала тіпті беріректе, көптеген мектептерде оқу құралы болып,
пайдаланылып жүрді,- деп жазды С.Көбеев (Таңдамалы шығармалары А.,1960).
С.Көбеев аударған Кешкі тамақ пен түскі тамақ, Екі соқа, Шал мен
балаларжәне т.б. әңгімелерін бүгінде үлкендер де жасы кішілер де біледі
десек, артық айтқандық емес.
Ұстазы Ыбырай Алтынсарин сияқты, С.Көбеев Өрмекші мен құрт, Өсиет,
Етікші мен бай, т.б. әңгімелерінде еңбек ету адамгершіліктің басты
белгісі деп көрсетті.
Еңбек,- деп жазды С.Көбеев, - жас жеткіншектердің жігер-қайраты мен
мінез –құлықтарының бағалы сапаларын, қиыншылқтарды жеңе білу, қажырлылық,
ұқыптылық,ұйымшылдық,сабырлылық,іск ерлік, тәртіптілік,
белсенділік,байсалдылық, т.б. қалыптастырып дамытады.
Кезінде Үлгілі бала жоғары баға алғандығын елімізге танымал
қаламгерлердің төмендегідей ой-пікірлерінен аңғарамыз.С.Мұқанов Үлгілі
бала оқулығы Ы.Алтынсаринның Қырғыз хрестоматиясынан кейін қазақ
тілінде жазылған бірінші құнды оқулық болды,- деп көрсетсе, С.Көбеев өзі
педагог болғандықтан,- деп жазды Ахметов Шеген,- оның жазған әңгімелерінің
бәрінде де оқу процесіне байланыстырыла айтылатын мазмұн бар.Баланы қалайда
сапалы оқыған азамат етіп, тәрбиелеуге бағытталған.Ал профессор Кенжебаев
Бейсенбай Үлгілі бала қазақ тіліндегі жаңа оқу кітаптарының бірі
еді.Кезінде үлкен жаңалық, зор табыс болды.Оқушы жастарды дұрыс, тамаша
тәрбиелеуге едәуір қызмет атқарды,- деп жазды.
Академик С.Қирабаев: С.Көбеев өзінің творчестволық қызметінде бірден
жазушы есебінде емес, оқытушы есебінде көзге түсті деп жазды.
С.Көбееватты еңбегінде (Алматы, 1958ж).
55 жыл бойы ұстаздық еткен С.Көбейұлы өзінен кейін жарқын із
қалдырды.Оның педагогтік мұрасы өзінің өміршеңдігімен мәнді, құнды.
Ең әуелі,- дейді тәжірибелі ұстаз,- оқытушы әр жақты білімі бар, өз
дәрісін толық меңгерген адам болуға тиіс.
С.Көбейұлының ойынша, балалардың бала тәрбиесіне бейім және баланы жан-
тәнімен сүйетін адам тәрбиелеу керек.Мұғалім жан-жақты, ғылымның әр
саласынан толық мағлұматы бар, өз ісінің тамаша маманы болуы керек.Сонда
ғана ол беделді бола алады.Оқытушының беделді болуының шарттарын көрсете
келе, Көбеев тіпті мұғалімнің жазуы әдемі болуы, сурет сала білуі, мәнерлеп
оқи алуы, ән сала білуі керек дегенді айтады.Сонымен қатар, кейбір
мұғалімдердің өз білімін көтерумен шаруасы жоқтығын да ескертіп отырған.
Біздің заманымызда,- деп жазды С.Көбеев,- оқытушылардың өз тұсынан
оқып, білімін арттыра беруіне жақсы жағдай бар.Газет-журналдардағы
мақалаларды оқу, радио арқылы берілетін лекцияларды тыңдаудың өзі
оқытушының ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттыра беруге мүмкіншілік береді.
С.Көбейұлының бұл сөзі дәл бүгінгі мұғалімдерге қарата айтылып
отырғандай.Өкінішке қарай, арамызда өз пәнінен басқаны білмейтін, айналада
болып жатқан үлкен өзгерістермен ісі жоқ, білімі саяз мұғалімдер бар екені
ащы да болса шындық.
С.Көбейұлының ой-пікірлерінің бүгінгі кезеңмен үндестігіне тағы бірер
мысал келтірейік.Қазіргі мектептерде тиімді саналатын дамыта оқытудың
талаптарының бірі – баланың өз бетінше жұмыс істеуіне бағыт-бағдар
беру.С.Көбейұлы мұғалімдер оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін үнемі
қадағалап, бағыт беріп отыруға машықтандыруды дұрыс деп санады.Бұл оқушының
ширақ,пысық, байқампаз, зейінді етіп, кейін мәселелерді өз бетімен дұрыс
шешуге дағдыландырады.
С.Көбейұлының педагогтік ең маңызды идеяларының бірі – баланың жеке
басын қадірлеу, баланың мүмкіншіліктерін, жақсы қасиеттерін жетілдіру,
дамыту, оған сену.Бұл да қазіргі мұғалімге қойылатын айрықша талаптардың
бірі екені мәлім.
Келешек ұрпақтарға, мұғалімдер қауымына қай жағынан болсын үлгі- өнеге
боларлық.С.Көбейұлының ұстаздық өмірінің кейбір қырларына тоқталып өтсек,
артық бола қоймас.Жоғарыда айтқанымыздай, ол жарты ғасырдан астам уақыт
бойы мектептен қол үзген жоқ.Қатардағы мұғалім, Ақсуат мектебінің директоры
болып қызмет істейді.
Ол жөнінде Біләл Тебеев (Көбей Тебей бірге туған) естелігінде былай
деп жазды: Қарт педагог Көбеев Ақсуат жеті жылдық мектебінің жанынан
методикалық үйірме ұйымдастырып, бастауыш мектеп мұғалімдеріне үнемі
методикалық көмек көрсетіп жүрді.Ойын үйірмесіне тарих пәнінен сабақ
беретін мен де қатысушы едім.Ол бізге сабақ бергенде, мұғалім өзін-өзі
қалай ұстау керек, оқушылардың назарын, ынтасын сабаққа қалай аударуға
болады, сабақ үстіндегі мұғалімнің жанды сөзі, киімі, мінез-құлқы туралы
баяндап, баланың санасына адамгершілік қасиеттерінің ұрығын егу үшін нендей
шарттардың қажеттігін ескертетін.Ол әр уақытта өзіне біткен биязылықпен
сөзін ақырын бастап, қызықты да тартымды мысалдармен тыңдаушысын баурап
алатын.Табиғатында момын да ақжарқын Көбеев жұмыста өте ұқыпты, өзіне де
басқаға да талап қойғыш, оның орындалуын мұқият тексеретін-ді.
Мен сабақ берген жарты ғасырдан астам уақытта,- деп жазды С.Көбеев
1954 жылғы қолжазбасында,- үздіксіз әр сабаққа дайындалып отырамын...барлық
мұғалім (кәрі,жас болсын) сабаққа толық жоспар жасап, конспектіде сабақтың
мақсаты, тақырыбы, мазмұны, өткен материалмен байланысты, бекіту кезіндегі
сәттер, үйге беретін тапсырма түгел көрсетілсе,өте жақсы.Сонда ғана
сабақтың білім беру тәрбиелік мәні артады.
Оның пікірінше, мұғалім білім берумен қатар, баланы адамгершілік
қасиетке баулуы қажет.барлық саналы өмірін тәлім-тәрбиеге арнаған
С.Көбейұлы адамзаттың әрбір ісі ақылмен және білімге негізделіп істелсе
ғана алға басады,- деп пайымдайды.тек сапалы білім, биік адамгершілік
салауаттылық халықты алға жетелейді деген пікірі Қазақстан – 2030
стратегиялық даму бағдарламасымен, демек, қазіргі кезеңмен, алдағы
мақсаттармен тығыз ұштасып жатыр.С.Көбейұлы мұрасының өміршеңдігінің бір
аяғы осы болса керек.
С.Көбейұлы өзі пір тұтқан ұстазы Ы.Алтынсаринның лайықты ізбасары бола
білді.Нағыз мұғалімге тән болуға тиісті қасиеттердің бәрі С.Көбейұлының
бойынан табылды.Ол тамаша мұғалім,тәрбиеші, әдіскер, басшы
болды.Ұстаздықпен қоса, танымал қаламгер – жазушы атанды. Қалың мал
романын жазып, қазақ прозасының егізін қалады.С.Көбейұлының өмірі мен
шығармашылығы – баршамызға, әсіресе, білім саласы қызметкерлеріне үлгі-
өнеге.
Алдымда туып өскен ауылым,- деп жазды С.Көбеев,- мәдениеттен кенже
қалған,қараңғы ауыл.Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші.Сол ауылда
қолымнан келгенше мәдениет шам-шырағын жақпақшымын.Бір кездегі өзім сияқты
кіргшіксіз,таза, уыз тілекті жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып,
ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін.
Ұстаздық өнер өріне осындай игі тілекпен аттанған Спандияр Көбеев
мектептеріқазақтарға білім берудің басты құралы деп түсінді.Ол патшалық
Россия чиновниктері мен ауылдағы топас атқамінерлердің ағарту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz