Мемлекеттің типологиясы және формалары
1. Мемлекеттің типологиясы
2. Мемлекеттің формалары
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2. Мемлекеттің формалары
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды.

1. С.Н.Сәбікенов. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. 2000.
2. История государства и права Азии и Африки. М., 1964.
3. В.ИЛенин. Мемлекет туралы, Алматы, 1977.
4. А.А.Ушаков. О понятии исторического типа государства и права. // Правоведение, 1983. №5.
5. Ф.Текей. К теории общественных формаций. М., 1975.
6. В.С.Петров. Сущность, содержание и форма государства. Л.. 1971.
7. С.Г.Кара-Мурза. История Советского государства и права. М., 1998.
8. С.А.Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.
9. К.Каутский. Развитие форм государства. Ростов-на-Дону, 1905.
10. С.З.Зиманов. Теория и практика автономизации в СССР. Алма¬ты, 1998.
11. Благож Нозеф. Форма правления и права человека в буржуазных государствах. М., 1985.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
Жоспар:
1. Мемлекеттің типологиясы
2. Мемлекеттің формалары
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне
асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты
мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері
қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты.
Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана
отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық;
2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән
экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет
ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия
негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі
адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-
экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына
көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда —
мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық
формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік
ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда
әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда
болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін
қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды:
Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық -
С.Ө.) катынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-
өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше,
олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік
қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып
табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды... Қоғамның
материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі
өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде
өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдык жағынан алғандағы бейнесі
ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің
даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол
кезде әлеуметгік революция заманы басталады, экономикалық негіздің
өзгеруімен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада
төңкеріс жасалады.
К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші,
феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек
догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.
Құл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл
иеленушілердің өндірістік құрал-жабдыктарға деген жеке меншігін құрайды, ал
сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі,
диктатурасы қалыптасады. Біріншісі — қоғамның экономикалық негізі, екіншісі
— саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: Құл иеленушілер
және құлдар.
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге
деген жеке меншігі құрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай
феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық
типтегі мемлекеттердің қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер феодалдқ
өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін
жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа
құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін буржуазия табының
өндірістік құрал жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның
саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік
негізін құрайды. Маркстің саяси - құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық
мемлекет тарихтың даму заңдылықтарымен социалистік мемлекетпен ауыстырылды.
Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде
міндетті түрде болатын құбылыс.
Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және
шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігі құрайды, ал саяси
негізі пролетариат және шаруалар табының билігі ретінде бағаланды.
Социалистік мемлекет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе
жалпы халықтық мемлекетке айналады. Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы
табының коммунистік партиясы танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін
пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді
қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек,
ақысыз білім алу, т.б.) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік мағана.
Сонымен қатар социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға
шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология
үстемдік етеді, билікті болу идеясы қабылданбайды және плюрализмге жол
бермейді. Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік
саясаттың негізгі құралдарына айналады.
Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау мен күштерді
үш бағытта жүргізді.
1. Меншікке қарсы жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып
алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық
номенклатура билеген мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке
адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп теккен жалақысының 36%
ғана иемделінді, қалғандары мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.
2. Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме
жасаудан, космос корабіліне дейін) және бәсекелестікті жою саясаты
мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.
3. Жеке адамға қарсы күш қолдану, адам құқын аяққа таптайды, еркін
пікір білдіруге қатаң түрде тыйым салады. Оның барлық қимыл-әрекеттері
мемлекет тарапынан бақылауға алынады. Социалистік мемлекет жеке адамды
қақпанда ұстайды, соның нәтижесінде тек ғана 1919 жылы 1 миллион 114 мың
қазақ құрбандыққа ұшырады, меншікті тартып алудың салдарынан 1930—32
жылдары, қолдан жасалған этноцидтен үш миллионға жуық қазақ қырылды, 75 мың
бетке ұстар перзенттеріміз қуғын-сүргінге ұшырап түрмелерде қаза тапты,
оның 22 мыңы атылды. Бұл социалистік типтегі мемлекеттің қазақ жеріндегі
көрінісі.
Жалпы алып қарағанда мемлекеттердің формациялық типологиясы барлық
халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Соған байланысты
типологияның түрлерін өркениеттік мағана сипатымен түсіндіру бар. Мысалы,
А.Тоинби қоғам мен мемлекеттердің типологиясының негіздерін анықтауда тек
экономикалық қатынастарды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдени, діни
факторларды ескеру қажет екенін дәлелдейді. Ол дүниежүзілік тарихта 21
астам өркениет қалыптасқанын атап көрсетті. Мысалы, египет, қытай, араб,
Мексика, православия, иран, сирия, батыстық, мая, инкілер, ацтектер т.б.,
өркениеттер.
Ал, зерттеуші О.Шпенглер 8 өркениеттік дамумен шектеледі. А.Тоинбидің
пікірінше, мемлекеттер пайда болғаннан кейін өзінің биік даму, өркендеп өсу
шыңына жеткеннен кейін, міндетті түрде күйрейді осылай даму арқылы мәңгілік
айналым болып тұрады. Өркениеттік типология негізінде мемлекеттердің
барлығын бір-біріне ұқсас даму сатыларынан өтеді деген тезисті жоққа
шығарып, дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды, ал мемлекеттер мен
халықтардың тарихқа қоскан мәдени үлестерін бүкіл адамзаттың жетістігі деп
бағалайды.
Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе
жатыр. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттердін типтерінің деңгейі қоғамдағы
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен сарапталады. Жоғарғы
технологияны енгізу мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін
халықтың әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндіктер туғызады. XVII ғасырда ойшыл
Кристофор Келлер (Целлариус) мемлекетердің типологиялық, даму сатыларын
ежелгі, орта және жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп, олардың даму
заңдылықтарын зерттеу қажеттілігін дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің,
қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып, діни мағынадағы
сипатқа ұласты. Жаңа заманда мемлекетті бірігу одақ ұғымдарымен
байланыстырып таныды. Мысалы, Гуго Горций мемлекетке: Мемлекет деген еркін
адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, —
жетілдірілген одағы деп анықтама берсе, Иммануил Кант: Мемлекет — көп
адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі — деген тұжырымды ұсынды.
Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму
процесін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Теорияда қабылданған мемлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм
қалыптастырған мемлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жөн.
Негізінде евоцентристік көзқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер және Ресей
зерттеушілері көшпенділерді жабайы орда ретінде бағалады, олар
қалыптастырған мемлекеттік жүйені жалпы мемлекет типологиясына, дәстүрлі
стандарттық қалыпка сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциялық санат
билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл - тегіл болып
суреттелінді. Себебі, Қазақтардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау
оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар
буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен
болған. Олар қоғамдык құбылыстарды танудың ғылыми әдісін меңгермей, ең
дегенде адал ниетпен байқағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір
құбылыстарын басқаратын заңдар белгісіз болып қала берді.
Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің
мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша көшпелі қазақ
өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем
ерекше және далалық салт-санаға ешуақытта базис, қондырма ұгымдары
формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері
жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату, ұят, ар-
этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі
болып табылады. Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты,
жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде
қабылданған.
Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне
баға беретін болсақ оның билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен
мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін кұрылым. Бұл кезеңде рулық кұрылымның
дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір
қайнасып жатады.
2. Мемлекеттің формалары
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы
материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін
қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына
және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше
ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда
демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады.
Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған
формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні
үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы —
шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет
формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде
өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де
өзгеріске шалдығады.
Мемлекеттің формасы дегеніміз мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың
арнайы сыңарларының мәндік жиынтығы. Мемлекеттің формасы негізінде үш
сыңардан тұрады:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Мемлекеттік құрылымы.
3. Саяси режим.
Мемлекеттік басқару формасы деп қоғамда жоғарғы мемлекеттік биліктің
ұйымдасуын және оған халықтық тікелей қатысуын айтады. Мемлекеттің басқару
формасы монархия және республика болып екіге бөлінеді.
Монархияда мемлекеттік билік тек ғана бір адамның қолында болады, билік
тұқым жалғастыру арқылы беріледі. Монархия екі түрге бөлінеді: Абсолюттік
(шексіз), және конституциялық (шектелген).
Абсолюттік монархияда мемлекеттің басшысы монарх болып саналады, оның
қолында заң шығару, атқарушы және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет
аумағында оның билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді,
барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің
еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінің әрекеттері үшін
ешқандай оргаңдардың алдында жауап бермейді. Абсолюттік монархия құл
иеленуші мемлекеттерде қалыптасып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz