Өндірілетін өнімнің өзіндік құны


Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін аықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орынын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері:амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекқазы - бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындары 3ске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктін мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығынын деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнмнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамассыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсаттқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген қөзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері т. б.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы
Пайдалану уақыты бойынша
Үнемдеу көздері
-Нақты еңбекті ұтымды пайдалану
- Өнімнің материалды қажетсінуін төмендету
-Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту
-Өндірістің техникалық деңгейін жақсарту
-Өндірістегі ұйымдастыру және еңбекті жақсарту
-Өндірілген өнімнің құрылымы мен көлемінің өзгеруі
-Тағы басқа факторлар
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
-шығындардың бастапқы элементтерімен
-пайда болу және міндет жүктеу сипатымен
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні-әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
-материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру) ;
-еңбекақыға жұмсалған шығындар;
-әлеуметтік сақтандыруға аударым;
-зейнетақы қорына аударым;
-жұмыспен қамтылу қорына аударым;
-амортизация;
-басқа да шығындар.
Өндірісте өнімдерді өндіру, ондағы еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану деңгейіне байланысты яғни өнімнің біраз бөлігі қолданылып немесе толық пайдаланылып сол өнімдерді өндіруге кеткен шығындарды өнімнің құнына жатқызамыз. Қоғамдағы өндіріс шығындары деп әдетті өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды айтады. Шығын қоғамдық және өндірістік болып екіге бөлінеді:
- Қоғамдық шығындарға өнім түріне немесе қоғам өндіргендегі өнімге толық шыққан шығындарды айтады. Оған: Еңбекақы, түрлі төлемдер, қосымша өнімнің құны, білім беру, десаунсаулық сақтау, қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс т. б. Қоғамның мұқтажына жұмсалатын шығындар.
- Өндіріс шығындарына еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі құндылықтардың тозуы, өнім өндіруге қатысатын техникалар, ғимараттар т. б. материалдық ресурстарға айналым қоры, жанар жағар майотын электр қуаттары, химикаттарт. б. құралдар қоры кіреді.
Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткен не болса нақты шыққан еңбек.
Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір көлеміне шағу колеміне арқылы өнімнің өзіндік құны анықталады. Өнеркәсіпте өзіндік құны динамикасы көп ретте шикізаттың өндірген сапасына өндірістік технологияныңқазіргі талапқа сай деңгейге байланысты. Әр жерден дайындалатын, тіпті бір типтес шикізатты өндіруге, бірдей шыққан шығынның өзінде де қортындысы әртүрлі болуы мүмкін. Онда өзіндік құн мөлшері де әртүрлі болады. Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калкульяция деп аталады. Ол жоспарлы және нақтылы болады. Өнімніңжоспарлы өзіндік құнын нормативті есептеу және жоспарлы көрсеткіштің негізінде анықталады. Ал нақты өнімнің өзіндік құнын бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықталынады. Өнімге жұсалатын шығынның қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құн үш түрге бөлеміз:
1. Технологиялық өзіндік құн.
2. Өндірістік өзіндік құн.
3. Коммерциялық өзіндік құн (немесе толықөзіндік құн. )
1. Технологиялық өзіндік құнға-өнімнің технологиялық өндіріске шыққан шығындар сонымен бірге өндірісті ұйымдастыруға және тағы басқаға кеткен шығындар.
2. Өдірістік өзіндік құнға-өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға кеткен шығындардың бәрі кіреді.
3. Коммерциялық өзіндік құнға-өндірістік өзіндік құн оған қосымша транспорт шығындарыжәне өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнға кіретін барлық өндіріс шығындары әртүрлі белгілермен топтастырылады:
1. Негізгі белгісі бойынша топтастыру екіге ажыратылады: а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңыздар) ; б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция статьиялары бойынша) ;
а) шығынның бастапқы элкменттері бойынша (экономикалық маңыз) бастапқы шығын элементері экономикалық маңызына қарай біртекті болады. Бұл өнімнің өзіндік құнын анықтағандағы элементтер өндірісте тәуелсіз шығындарды немесе өнім түріне қарамай кіргізу.
Экономикалық маңызда шығын элементтерін барлық салада бірлестіктерде және кәсіпорындарда бірдей топтастыру қабылданған:
-шикізат жәнеқалдықты шығарып тастағаннан кейінгі негізгі материалдар.
-Қосымша материалдар:отын, электр қуаты.
-барлық категориядағы жұмыс істейтін негізгі және қосымша еңбекақы
-әлеуметтік қамтамассыздандыруға ақша көшіру.
-негізгі қордың амортизациясы.
-басқадай ақша шығындары.
б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция стаьялары бойынша) . Калькуляция белгілі бір бұйымдардың құн бірлігін көрсететінстатья шығындары. Өнімнің өзіндік құнын көрсететін калькуляция статьяларына жататын шығындарға:
-шикізат және негізгі материалдар
-қосымша материалдар
-негізгі шикізаттарды дайындау және тасымалдаушы
-ыдыс және оралу материалдары
-отын және электроқуаты
-еңбекақы
-социалы қамсыздандыруға ақша бөлу
-өндірісті игеруге және дайындау шығындары
-жабдықтарды ұстау және қолдану шығындары
-цехтық шығындар
-жалпы ЗАО шығындары
-басқа өндіріс шығындары
-өндірістен тыс шығындар
Сонымен белгілі бір өнімді өндіруге байланысты құрал жабдықтарды басқару шығындарын калькуляция статьялары бойынша топтастыруға мүмкіндік туады. Бұл топтастыру өнім түрі бірлігін калькуляциялық есеп шығаруға шығын бағытын бағыттайды. Өнімді өндірудегі шығындарды басқадай өзгерткіштермен жіктеледі:
а) өндіріс процесіне қатысу айырмашылығымен
б) өнімнің өзіндік құнын қосу әдісі бойынша
в) өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты
г) шығын көлемі әсері бойынша
д) шығынды толық ескеруі
е) кәсіпкердің жұмысына байланысты және байланысты емес
шығындарды толық есептеу
Осы жіктеуге қарай шығынның құрамын оның пайда болу мерзімін санап шығару әдісін анықтауға мүмкіндік береді.
а) Ол екі топқа бөлінеді: 1. өндіріс процесіне тікелей байланысты шығындарға-негізгі шикізат, материалдар, отын электрқуаты (тек қана техникалық мақсатқа жұмсалатын) жұмысшының еңбекақы қоры жатқызады. 2. Өнеркәсіпті басқару және оған қызмет көрсету шығынына жалпы заводтың шығындары, цех бөліміндегі (кәсіпорында цехтің құрам болған жерлерінде) өндірістен тыс шығындарды кіргізеді.
б) Ол да екіге бөлінеді: 1. тура шығын 2 жанама тура шығынға белгілі бір өнімге кеткен шығындарды сол өнімнің өзіндік құнына тура тікелей есеп құжаттары бойынша белгілеу екіге өндірісте өнімнің бірнеше түрін өндіруге байланысты шығындарды жеке-жеке түріне есептеуге сол салада қабылданған көлемде көрсеткішпен шартты-пропорционал түрде есептеу.
в) өнім көлемін өгертуге байланысты шығын көлеміне әсері өзіндік құн мөлшері шығындарын екі топқа топтастырады:
1. шартты-тұрақты
2. шартты-құбылмалы
Шартты-тұрақты шығындар өндіріс көлемі өзгерсе де шығын көлемі өзгеруін (немесе шамалы өзгеруін) көрсетеді.
Мысалы: жалпы зауыт шығындарын (басқа қызметкерлерін олардың амортизациясын) .
Шартты-құбылмалы өндіріс көлемінің пропорционалды өзгеруіне байланыстышығын көлемінің өзгеруін айтамыз.
Мысалы: көлем өзгерсе оға кететін шикізат және негізгі материалдар отын және техникалық жылу т. б. өзгерістері.
г) 1. цехтік, 2. өндірістіктолық өзіндік құн болып бөлінеді.
1. белгілі бір цехтардағы өнімді жасауға шыққан барлық шикізаттар.
2. кәсіпорын бойынша өнім өндіруге кеткен шығын өндірістік өзіндік құнға өнімді шығарудан қоймаға дейінгі шығын кіреді. Сонымен өндірістік өзіндік құнға цехтің және жалпы зауыттардың шығындары кіреді. Мұнда өндірістік және өндірістен тыс шығындар кіреді. Осы көсетілген өнімнің өзіндік құны анықталады дұрыс қолдана білсе, тәжірибе жұмысына өндірісті жоспарлау, талдау жасауға қолданбай жатқан ішкі мүмкіншіліктерін көзін ашуға кәсіпорын жұмысының өсуіне әсері мол екенін көреміз.
Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны баға беруде өзіндікқұн көрсеткіштерін қолданады:
-өзіндік құн әлемдегі бойынша шығындары
-тауардың қазіргі толық өзіндік құны
-өнім бірлігінің толық өзіндік құны (калькуляция статьялары бойынша)
-тауарларды өнімнің бір теңгеге шаққандағы шығындары.
Тауарлы өнімнің толық өзіндік құны өндірістегі және сатудағы шығындары калькуляция статьялары бойынша сипатталады. Өнімнің толық өзіндік құны бірлігіне өндіруге және сатуға кеткен шығындарын натуралды өнім бірліктерін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өнімге баға белгілеуге және әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелерде өнімнің өзіндік құнын салыстырып және әртүрлі мерзімдегі динамикасын анықтаға қолданады.
Белгілі бір мерзімдегі өндірістің өнім көлемі өзіндік құнынкөлеміне көбейтетінін барлық тауар өнімінің өзіндік құнын көрсетеді. Көрсеткіштің ішіндегі ең көп тарағаны 1-тг. Шаққан шығын көрсеткіші. Бұл шығындарды Ш -тг. Формуламен анықтайды.
Ш=Тө/Б
Мұндағы Ш -шығын, Т -барлық тауардың толық өзіндік құнын, Б- кәсіпорындағы тауарлы өнімнің құнын кәзіргі жағдайдаға көтерме сату алу бағасы теңге.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz