Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары



І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы және 1995 жылғы
Конституциялары

ІІ. Негізгі бөлім
1. 1993 жылғы Конституцияның қабылдану себебі
2. 1995 жылғы Конституцияның қабылдану себебі
3. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген үзінділер мен толықтырулар

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым мен басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениетінің тарихи жадын белгілейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістерінің аясында туды.
1) Табанов С.А., Оразова А.Ә. «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының (конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы» Алматы, «Жеті жарғы» 2005ж.
2) З.Ж.Кенжалиев, В.А.Ким «Қазақстан Республикасында Конституциялық заңнаманың дамуы». Алматы 2006ж
3) Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциясы» (Түсініктеме). Алматы «Жеті жарғы» 1999ж.
4) Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы».Алматы «Жеті жарғы» 2004ж
5) В.А.Ким «Жасампаз жылдар»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының 1993 және 1995
жылдардағы Конституциялары

Жоспар:

І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы және 1995 жылғы
Конституциялары

ІІ. Негізгі бөлім
1. 1993 жылғы Конституцияның қабылдану себебі
2. 1995 жылғы Конституцияның қабылдану себебі
3. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген үзінділер мен толықтырулар

ІІІ. Қорытынды

Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Конституция бойынша өмір сүру дегеніміз – демократияның ең жоғарғы
мектебі, ал бұл мектепті игеруге біз міндеттіміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор
ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және
қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі
принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар
көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген
жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы
емес. Ол жаңа құрылым мен басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық
құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі
мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық
мәдениетінің тарихи жадын белгілейді. Ешқашан енді мұндай Конституция
болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен
дамуының тарихи өзгерістерінің аясында туды. Сондықтан, ол өзіне айрықша
мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап
етеді.
Қазақ елінің саралап өткен даму жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлуге
болатындығы жөнінде пікірлер аз емес. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов
Қазақстанның конституциялық эволюциялық дамуын мынадай 4 кезеңдерге бөледі:
- Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық – демократиялық
идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласуы);
- Кеңес дәуірі (20 жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
- Кеңес дәуірінің аяқталуы (80 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар
аралығы);
- Кеңестік дәуірден кейінгі (1991 – 1993);
- Қазақстан дамуының алғашқы сатысы де-фокто (1993 жылдың
қарашасынан бастап).
КСРО – ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы
социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы
заңды процесс.
Социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық,
зайырлы, әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді.
Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы.
Негізгі бөлім
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері

1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттары: терең қоғамдық
өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР
Конституциясының орнына жаңа конституциялық рәсімдеуді талап етті.
Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңара бастаған
қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баян ететін Ата заң қажет
болды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданға дейін де
көптеген контитуциялық ережелерді жаңалармен алмастырулар қолға алынған
болатын. Оған жылына бірнеше мәрте ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді.
Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық
болмысқа келтіру қиын еді, өйткені 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында
социалистік қоғамдық және мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму
жаңа бағытта жүріп жатты. Мұндай жағдайда 1978 жылғы Конституция
енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қарамастан, өмірден артта қалып,
Негізгі заңның алдында тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да,
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға
толассыз өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция
қабылдау міндеті күн тәртібіне қойылды.
Қоғам, халық және мемлекет жаңа Конституция қабылдау қажеттігін барынша
ұғына бастады. Ол Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларацияда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы конституциялық заңда айқын баяндалған. Осы құжаттарда олар
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу үшін негіз
болатындығы аталып көрсетіледі.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу негізгі идеясы
республикалардың егемендік құқығын кеңейтуді көздейтін жаңа одақтық шарт
даярлауға Қазақстанның қатысуымен бір мезгілде басталды. Жаңа одақтық
шарттың өзегіне өрілген осы мәселе Республиканың жаңадан жасалмақ
Конституциясының да ірге тартар мазмұны болуға тиіс еді. Республиканың жаңа
Конституциясының алғы шарттары мен себептерінің ішінде Н.Ә.Назарбаевтың
мемлекеттің халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны қамтамасыз ету
қажеттігін алдыңғы қатарға қойғаны анық. Нақтылы егемендікті орнату
міндетімен тығыз бірлікте Конституцияның өзін де баянды ету арқылы аумақтық
тұтастықты қамтамасыз ету міндеті алға қойылды. Әкімшіліктер басшылары мен
жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы республикалық кеңесінде
жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы баяндамасында
ол Қазақстанның аумақтық тұтастығының конституциялық кепілдіктері керек
екенін атап көрсетті.
Конституциялық реформалардың осы идеяларының бірінші кезекті маңызы бар
деп жариялануының себебі: 1937 және 1978 жылғы Конституцияларда Қазақ КСР-і
заң жүзінде егеменді болып саналғанымен, КСРО құрамындағы Қазақ КСР-інің
шынайы егемендігі болған емес, өйткені жоғарғы билік Қазақ КСР-і емес, КСРО
жоғары партия органдары мен одақтық мемлекеттің қолында еді. Республиканың
сыртқы саяси өмірде де ешқандай құқығы болған жоқ. Оның өз байлығын,
экономикалық ресурстарын пайдалануға да қандай да бір құқы жоқ еді. Оның
өзінің заңдылығы болған емес, заңдар іс жүзінде КСРО заңдарының көшірмесі
еді. Өзінің азаматтығы да болған емес.
Қалай дегенмен де одақтас республикаларда, соның ішінде Қазақстанда,
ұлттық сана – сезім өсті, мәдени деңгей артты, елді өз күшімен басқару
мүмкіндігін барған сайын терең пайымдау мен одақтас мемлекеттің өзінің
ішінде болса да шынайы егемендікті орнату мен кеңейту қажеттігін түсіну
ұлғая берді.
Міне, осындай жағдайда жаңа одақтық шартты әзірлей және одақтас
республикалардың өздерінің бастамасымен, орталықтың сесіне қарамастан, ашық
түрде республикалардың әрқайсысының құқығын іс жүзінде кеңейту процесі,
сондай-ақ Республиканың жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу процесі
басталды.
Конституцияның жобасын әзірлеу үшін Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 1990
жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен конституциялық комиссия құрылды. Оның
құрамына Жоғары Кеңес Президумының мүшелері, Жоғары Кеңестің барлық
комитеттерінің төрағалары, Министрлер Кабинетінің кейбір басшылары кірді.
Комиссия мүшелерінің қатарында С.С.Сартаев, В.А.Ким, Е.К.Нұрпейісов,
А.И.Худяков, және т.б қайраткерлер болды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
қабылдады. Бұл құжаттың жобасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әзірленді.
Декларацияда халық пен мемлекеттің егемендігі, оның аумағының
бөлінбейтіндігі, қол сұғылмайтындығы, егемендіктің экономикалық негізі,
Республиканың барлық ұлттарының азаматтарына кең құқықтар мен бостандықтар
беру, Республиканың сыртқы саяси қызметті дербес жүзеге асыруға құқығы,
мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу қағидаттарын белгілеу жария етілді.
Декларацияда жазылып, содан кейін Республиканың екі Конституциясына да
бірдей көшкен идеялар Республиканың бүгінгі де, болашақтағы да тыныс-
тіршілігінің негізіне айналды. Егемендіктің контитуциялық – құқықтық
негіздерін қалаудың бұл барысы Декларация жобасын әзірлеуге қатысқан,
Жоғарғы Кеңестің депутаты болған аса көрнекті ғалым-заңгер Салық Зимановтың
еңбегінде де талданған.
Кеңес одағы таратылғаннан кейін, 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы конституциялық Заң қабылдады. Онда халықтың, оның
Президенті мен депутаттарының мемлекетінің толық әрі нақтылы тәуелсіздігі
туралы және кезінде қазақ халқының өмір сүруіне қатер төндірген, жат күштер
зорлықпен тартып алған егемендікке ие болу жөніндегі арман -мүддесі айшықты
бейнеленді. Егер бұған дейін конституциялық комиссия КСРО құрамындағы
Республика Конституциясының жобасын әзірлеумен шұғылданса, ендігі жерде
тәуелсіз егемен мемлекет – Қазақстан Республикасының Конституциясын жасау
міндеті алға қойылды. Енді тәуелсіз мемлекеттің егеменді құқықтарын
Республика Конституциясының өзінде баянды етіп, оған мызғымас сипат беру
керек еді. Бұл 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың бірінші себептері еді.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың келесі себептерінің бірі адам мен
азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық
тұрғыдан бекемдеу қажеттігі болды.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің келесі бір маңызды себебі
– саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық
өзгерістерді конституциялық жолмен дәйектеу және оларды демократияландыру
мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетілдіру қажеттігі еді.
Сонымен қатар бұл өзгерістерді Конституцияның күллі құрылымында дәйектеп
қана қоймай, саяси реформаларды ілгерілету бағытында жаңа қадамдар жасау
қажеттігі туды. Мұның бәрі ескі Конституцияны өзгерту арқылы жүзеге асыру
мүмкін емес еді, сондықтан жаңа Конституция қабылдау талабы өктем қойылды.
1993 жылғы Конституцияны қабылдау себептерінің бірі – сапалық жағынан
өзге құқықтық жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді.
Жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін негізінен үкімет мүшелері мен
депутаттық корпустың басшыларынан тұратын Конституциялық комиссия құрылды.
Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясында алғашқы оқылымында
мақұлданып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Жоғары Кеңес оны 1993 жылғы
28 қаңтарда қабылдады.
Сөйтіп, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғары
Кеңесінің 9-сессиясының 12-ші отырысында дүниеге жаңа Конституция келді.
Оның басты желісі – жалпы адамгершілік қағидаттарды дамыту негізінде
Қазақстан Республикасын демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет ретінде
дүние жүзіне мәлімдеу.
Алғашқы рет жаңа Ата заңының ең жоғары заңдық күші бар және оның
тұжырымдары тікелей қолданылады, - делінген. Сонымен қатар мемлекеттік тіл
– қазақ тілі, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, - деп бекітілген
жаңа Ата заңда.
Бұл жаңа Конституция бұрынғы 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының
жалғасы болып табылса да одан өзінің мәні жағынан да, мазмұны мен нысаны
жағынан да өзгешелеу еді.
1993 жылғы Қазақстан Республикасы, бір жағынан, қазақ халқының ұлттық
мемлекеттік құрылысының барлық жинаған конституциялық тәжірибесін қорытты,
екінші жағынан, - бұл тәжірибені мемлекеттік құрылыстың жаңа талабына сай
келетін жаңа мазмұнымен толықтырды. Қазақстан Республикасының ерекшелігі
осымен анықталады. Әрине, бұның саяси-тарихи маңыздылығының зор болғанына
ешкімде күмән келтіре алмайды. Ол өзінің бойына батыстық шет мемлекеттердің
озық бай конституционализм идеясының қалыптастырылған мемлекеттік және
саяси тәжірибелерін жинақтады.
Еліміздің жаңа Конституциясының даму үрдісі, бұрынғы кеңестік
конституциялармен салыстырғанда, төмендегіше айқындауға болады:
1. Қазақстан Республикасының егемендігінің, оның тәуелсіз мемлекет
ретіндегі қалыптасуының құқықтық қамтамасыз етілуі. Бұған сай
Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы (1990
ж) және ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық
заңының (1991 ж) қабылдануы, бұларды қай тұрғыдан алып қарасақ та
тарихи маңызды құжаттар, ұлттық құқықтық және заңнаманың бастау
көздері.
2. Конституциялық – құқықтық заңдарының деидеологизациялануы.
Бұрынғы, Кеңестік Конституцияларға тән мемлекеттің тоталитарлық
мәндігін бүркемелей, жоғары деңгейдегі мемлекеттік істерді
қоғамдық ұйымдарға сияқты, жаңа өрлеу сатыда жаңа Конституцияда
мемлекеттің, институттардың, қоғамдық құрылысының мәнін
айқындайтын идеологиялық сипатының болмауы.
3. Мемлекет пен қоғамдық барлық институттарын гуманизациялау
(ізгілендіру). Яғни, ой - өрісімізді ендігі жерде елімізде
орнығатын адамды, оның өмірін, ажырамас құқықтары мен
бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде танылуына ауыстыру.
Мұның өзі, мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынасының,
жауапкершілік тұжырымдамасын қайта қарауға әкеп соқтырары сөзсіз.

4. Биліктің бөліну принципін іске асыру. Бұл принциптің
конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде танылуы
Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген тұжырымдарындағы
мемлекеттік органдарының жүйелері мен құзіретін, олардың
арасындағы өкілеттіктерді ажырату принциптерін бекітумен сай
келеді.
5. Шаруашылықтың нарықтық жүйеге экономикалық нарықтық қатынастарға
көшуі. Қазақстан Республикасының Конституциясында осыған
байланысты бекітілген мынадай ереже бар: Қазақстан
Республикасының экономикасы меншіктің әр алуан түрлеріне
негізделген.
6. Құқықтық – мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру.

1995 жылғы Конституцияның қабылдану себебі

Бірақ, 1993 жылғы Конституцияда елеулі кемшіліктер болды. Ол ескі
Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жомаралдарының
бірталайынан арыла алмады.
Бұл кезде саяси тұрақтылықты сақтаудың маңызы өте зор болатын, міне осы
ниет кейбір саяси қайшылықтарды елемеуге мәжбүр етті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституцияны сотпен қорғаудың
ең жоғарғы органы - Конституциялық сотты құра отырып, қазақстандық
конституционализмнің қалыптасуына елеулі өзгерістерді енгізуіне қарамастан,
бұрынғы сот жүйесін, прократура мен тергеу органдарының жағдайын қатырып
тастағандай болды. Бұрын олар үшін партияның дерективалары Конституция мен
заңдардан жоғары болып еді.
Қолданыстағы ел Ата заңын алмастыруға себепші болған жәйттердің бірі –
жоғарыдағы айтылған мәселелерден туындайтын мемлекеттік институттардың
арасындағы қарама – қайшылықтарды еңсеру механизмінің жоқтығы, сайып
келгенде, атқарушы және заң шығарушы органдар арасындағы қарама
–қайшылықтың ушығып кетуіне әсер етті.
Парламент өкілеттігінің Конституцияға сәйкес еместігі, өз кезеңінде,
Үкіметтің өкілетігі де Конституцияға сәйкес еместігін аңғартты.
Нәтижесінде, сол жылы 11 наурызда Үкімет өз өкілеттігінен бас тартты,
Президент бұл отставканы қабылдады.
1993 жылғы ел конституциясының жөндеуге келетін жерлеріне мыналар
жатқызылды:
- мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын бейнелейтін республика
қызметінің түбегейлі принциптері бұл құжатта мүлдем белгіленбеген;
- қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының конституциясы: 1993 - 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Пәндер