Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасы


Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасындағы қазіргі жұмыстар көрсеткендей, болашақ әлеуметтік педагогтар жұмыс істейтін халық топтарының қажеттіліктері мен мүдделеріне байланысты олардың қазметінің бағыты да түрліше болуы мүмкін. Әлеуметтік педагогтың қызмет саласында терминда алғаш жалпы ресейлік әлеуметтік педагогтар мен жұмыскер қауымдастығының президенті В. Г. Бочарова Мәскеу қаласында енгізді. Осы аспектіге арналған зерттеулерді шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады. ; Қосымша білім беруді енгізу арқылы оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру; ауылдағы отбасылармен мүмкін болатын жұмыс түрлері - мерекелер, отбасылық кітап оқу, қонақ шақыру және т. б. жұмыстар жүргізу. Отбасы мен тәрбие, сауықтыру, алдын алу жұмысы жөніндегі шағын ауданның қоғамдық институттарының күшін үйлестіру; мектеп пен ата-аналарды отбасылық тәрбиеге даярлау жөніндегі шағын аудандағы басқа тәрбие институттарының өзара әрекет үлгісін жүзеге асыру.
Мамандарды даярлайтын мектептер, институттар, университеттер қай елде орналасқанына байланысты әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік жұмыскерлерді даярлаудың шетелдік жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен проблемалары болды; ФРГ-да, Испанияда, Югославияда, мамандандырумен қатар оқытуды академизациялауды шоғырландыру практикаға жаңа оқулықтарды ендіру арқылы мамандарды іріктеу, даярлау және қайта даярлау мәселелері әлеуметтік жұмыс әдісі ретінде пайдалану АҚШ-та өткізілді. Италиядағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы арасындағы өзара қарым-қатынасы проблемалары болды.
«Әлеуметтік жұмыс» және «әлеуметтік педагогика» терминдерін анықтауда түрлі мағына қолданылып жүргенін айта кеткенжөн. Негізінен, шетелде осы қызмет саласының әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік жұмысқа бөлінуі дұрыс емес деп саналады, себебі бұл мамандардың міндеттері мен қызметі тығыз байланысып жатыр.
Т. М. Д. елдерінде әлеуметтік педагогтардың қажеттілігі оларды даярлайтын оқу орындарының пайда болуынан бұрынырақ туындады. Әлеуметтік-педагогикалық қозғалыстар КСРО-да ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында белсенді жүрді. Алайда оның дамуының негізгі тенденциялары бұл қозғалыс ұмыт болғаннан кейін тек ХХ ғасырдың 60 жылдарында ғана анықталды. Бұл емпириялық тәжірибе жинақтау кезеңі болды. Осы уақытта ортадағы тәрбиелік қызметке арнайы бағытталған жұмыскерлерді (сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелердің жұмыскерлерін, ұйымдастырушы педагогты және т. б. ) дайындау жүріп жатты.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары практикада қол жеткізген нәтижелер мен қоғамдық қажетті әлеуметтік-педагогикалық жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтерді. Сол уақыттың айқын табысы ретінде әлеуметтік-педагогикалық кешендерді атауға болады. Олар Мәскеу, Ленинград, Свердловск және т. б. қалаларда өткізді. Онда балалар мен жастар мен мақсатты әлеуметтік-педагогикалық жұмыс идеясы орнықты. Алайда бұл жұмыс материялдық қамтамасыз етілмеудің, мамандардың жеткіліксіздігінің немесе олардың мүлдем жоқтығының салдарынан тежелді. 1990 жылы әлеуметтік педагог лауазымы бекітілді. Мұның алдында 1988-1991 жылдары ВНИК «мектеп-шағын аудан» деген бірқатар тәжірибелер өткізілді. Сөйтіп ресейдің 50 астам жоғары оқу орындары жаңа бағыттағы мамандарды даярлауға кірісті.
Қазақстанда мұндай мамандарды даярлау Қарағанды қаласындағы Е. А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің әлеуметтік факультетінде 1992 жылдан басталды.
Тәжірибелік алаңдарда халыққа әлеуметтік көмек түрлері мен нысандары байқалды. Жан жақты көмек беруге маманданған әлеуметтік педагог типі кең тараған болып шықты. Әлеуметтік педагогтың осындай типі әр жастағы отрядтар мен тұратын мекендегі бірлестіктердің көп жылдық және түрлі жоспарлық жұмыс тәжірибесі негізінде пайда болды. әр жастағы отрядтың тәрбиешісі әлеуметтік педагогтың протатипі болып табылады. Бастапқыда әлеуметтік педагогтың әсері негізінен балалары бар отбасына тисе, кейін отбасылық-көршілік қарым қатынастар саласын, қауымдардың түрлі аумақтық бірлестіктерін де қамтиды.
Әлеуметтік саясат, әлеуметтік көмек жүзеге асырылатын сала ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік педагогтардың институты социумда, балалар мен ересектер арасында ізгіліктілік дұрыс қатынастардың қалыптасуына әсер етеді.
«Әлеуметтік жұмыстағы» әлеуметтік педагогиканың атқаратын қызметі әр-түрлі болып келеді. Әлеуметтік педагогтың қызметі тәрбиесауықтыру міндеттерін басып қойып, халықтың барлық санатымен, отбасымен (проблемасы болу, балмауына байланысты емес) жұмыс жүргізуге бағытталған. Әлеуметтік педагог этикалық тұрғыдан мүмкін болатын түрде отбасымен, жеке тұлғамен өзі «байланысқа» шығады. Ол әлеуметтік диагноз қоятын тәрізді, дене бітімі, жас ерекшеліктерін, қабілеттерін зерттейді, олардың микросоциумына, қызығу әлеміне, қарым-қатынас жасайтын ортасына енеді, оң және теріс әсерлерді, кейін әлеуметтік педагог өзі иіскеуге тырысатынмедициналық, құқықтық, экологиялық проблемаларды анықтайды, кешенді тұрақты мекендегі мамандықтар бойынша кәсіптенеді. Қарапайымпедагогқа қарағанда, әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік педагогтың ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функциясында. әлеуметтік көмектің бағыты белсенді болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субьектілері ретінде клиенттерді тартуы қажет. Әлеуметтік жұмыстан әлеуметтік педагогтың ерекшелігі ол адамдардың тіршілігінің осы саладағы қарым қатынас жасау процесінің заңдылықтарын ескеру негізінде жасалады. Әлеуметтік педагогтар балалармен олардың ата-аналарымен, ересектермен тұрғындармен отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер ортасында, жасөспірімдермен, жастардың топтарымен және бірлестіктерімен тәрбие жұмысын жүргізетін, мәдени сауық, дене шынықтыру-сауықтыру, еңбек ойын және басқа жұмыстарды, балалар мен ересектердің социумда техникалық көркем шығармашылық және шығармашылықтың басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар.
Әлеуметтік педагогтардың қызметі барлық жастағы балалар мен ересектермен жүргізіледі; олардың өмірінің барлық саласында және әлеуметтенудің барлық институттарының өзара әрекетін, қоғамның, отбасының, жеке тұлғаныңтәрбиелік финкциясын белсендіруді көздейді.
Әлеуметтік педагог оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру және басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті халық депутаттарының кеңесінің, басқару органдарының, аумақтық өзін-өзі басқару органдарының штат бірлігі ретінде микросоциумда жұмыс істеуі керек.
Әлеуметтік педагог қызметінің түрлі мамандану саласы болады;
- Білім беру - тәрбие міндеттерін шешуде отбасына көмек беру жөніндегі сала. Бұл тәжірибені алғаш болып Подмосковье мектептері бастады, ХХ ғасырдың 80 жылдарының алғашында РКФСР-дің еңбек сіңірген мұғалімі Г. В. Гасилов дәстүрлі «ұзартылған» күннің орнына үйге, аулаға, социумға ену идеясын ұсынды.
- Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, сонымен қатар ересектердің бос уақытта өз қызығушылықтарына сай түрлі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі сала. Және дене шынықтыру, мәдени сауық, техникалық және көркем шығармашылық жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мамандар. Әлеуметтік педагогтың осындай типі Уақытша Ғылыми Зерттеу Ұжымының барлық алаңдарында бар; Мәскеуде, Санк-Петербургте, Сібірде, Омбы облыстарында, Литвада, Украинада болды.
- Жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету және әлеуметтік сауықтандыру, жедел көрсету жөніндегі сала. Бұл әлеуметтік педагогтың қызметінің едәуір күрделі түрі; ол тыңғылықты дайындықты, педагогикалық және заңгерлік құзырлықты талап етеді. Тәжірибелік алаңдар Киров, Тюмень, Одесса және т. б. қалаларында болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz