Мемлекет нысаны туралы



1. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
2. Мемлекет құрылымының нысаны
3. Мемлекеттің саяси жүйесі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

Жоспары

1. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
2. Мемлекет құрылымының нысаны
3. Мемлекеттің саяси жүйесі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер
етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер
мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда – Хуанхэ, Египетте – Ніл, Вавилонда – Тигр және Евфрат, Үндістанда
– Ганг. Шығыс мемлекеттерде – монархия, Еуропада – шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта
теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы, екі – Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы
мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі – феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағында – Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында – Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция,
Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі
атасы – қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония
жөне Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын
үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және
посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.
Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге
әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі
болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі –
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге
бөлінеді.
Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі.
Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс
және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан
кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі.
МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ

Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің
тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік
басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік
партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен,
монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне
құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы,
құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары
жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады.
Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау,
мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік
қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольдердің
сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау
мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан
басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі – Елизаветаның мұра
жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы
некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан
Король Англияға керек пе? деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да,
король де сақталсын деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотиясы (Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық
және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет
мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару
жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте
күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері
шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида
салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін
басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне
дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз
монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті,
бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта
ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда, болды. Ең
күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІҮ, Петр Бірінші, Екатерина
Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады.
Людовик ХІҮ мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның мемлекет деген-
мен – сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны
өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де,
сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы
саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының
мемлекетке істеген жақсылықгары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз
монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның
патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың
жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатынаспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар
пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу
қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда –
буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік
органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін
қызметін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару
билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун
деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп
аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады.
Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
белінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияга айналды. Парламенттік монархия
бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль
деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда
болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің
төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің
алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек
ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің
элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні,
ертеден келе жаткан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия).
Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары
тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген
адамдар және саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысаны жайлы
Басқару нысаны
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Пәндер