Қарахандар әулетi


Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi.
Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ҚАРАХАНДАР ӘУЛЕТI
Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың
басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен
Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар
елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн
қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi.
Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы
жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi
пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi
ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан
дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп
құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi.
Қарахандар әулетi бұрынғы түрiктiң ашына тайпасынан шыққан деушiлер де
бар. Сөйтiп, қарахандар әулетiнiң шығу тегi туралы жоғарыдағыдай бес түрлi
пiкiр айтылып келедi. Бұлардың бәрi қарахан мемлекетiн билеген әулеттiң
шығу тегi туралы пiкiрлер. Қарахандар әулетi билеген мемлекеттегi халықтың
этникалық құрамы едәуiр күрделi едi. Бұл ұлан-байтақ өңiрдi Гың Шымын
Қараханилар тарихына шолу, Шинжаң коғамдық ғылымы, 2-сан, 1982 ж
қамтыған елде жоғарыда айтылған ұйғыр, қарлық, яғма. шығыл тайпаларынан
басқа да көптеген тайпалар болды. Қараханилар мемлекетiнiң құрамына кiрген
бiзге мәлiм тайпалар: үйсiндер, қаңлылар, дулұлар (дулаттар), телi, қыр-
ғыз, қыпшақ, арғұ (арғын), яғма, оғыздар (ақшар), букриз. салғыр, бектелi,
баяндұз, балт және баскалар1. Демек, қараханилар мемлекетiнiң негiзгi
халқы: ұйғыр, қазақ, қыр-ғыз, өзбек, оғыз ұлттары едi. Қарахандар
мемлекетiнiң құра-мында түркi тiлдес халықтарымен қатар иран тiлдес ха-
лықтар^ да болған. Оның қарамағындағы ұлыстар мен ха-лықтардың әрқайсысы
өзiне тән өңiрлердеЧэаз баяғы қал-пында тiршiлiк өткiзiп отыра берген,
қарахандар әулетi оларды жергiлiктi басшылар арқылы билеген.
Қарахандар әулетiнiң бастапқы кезеңi жөнiнде Совет Одағындағы зерттеушiлер
көбiнесе Бартольдтiң пiкiрiн не-гiзге алады. Олардың айтуынша: 840-жылы
қарлық бастау-, шысы, Исфинджапты билеушi Бiлге Қул Қадыр хан қаған атағын
қйбылдап, жоғарғы өкiметтi -алуға қақысы барын мәлiмдедi. Нак сол
жылы саманилер Исфинджапты ба-ғындырды. Бiлге Қүл Қадыр хан өлгеннен
кейiн қағанат-тағы билiк ушiн күресте оның., екi баласы
суырылып шықты. Базыр Арслан хан Баласағунды, ал Оғұлшақ Қадыр хан Таразды
билей бастады.Таразды Саманид Исмаил Ибн Ахмед басып алғаннан кейiн
(893-жылы) Огұлшақ аз уакытқа Қашқарға баруға мәжбүр болса керек. Одан
904-жылы ол Саманилер иелiгiне шабуыл жасады1. Оғұлшақтың
немере iнiсi Сатұқ Боғыра ханды (915—955) Қарахан әулетiнiң негiзiн салушы
деп есептейдi^ Исламдi қабылдап, саманилердiң қолдауын. пайдалана
отырып, Сатуқ Боғыра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқан-дады. Сөйтiп
Тараз бен Қашқарды бағындырды. 942-жылы ол Баласағұнды билеушiнi құлатып,
өзiн жоғарғы қаған ~деп жарияладыгҚарахантяемлекетiнiң тарихы
осыуақыттан басталды3. Жұңго жылнамаларының осы дәуiрге тән жаз-баларында
бұл iрi оқиға женiнде нақтылы дерек кездес-пейдi.
^ Қарахандар әулетiнiң негiзiн қалаған Сатұқ Боғыра хан қайтыс болған соң
орнына баласы Мұса отырды. Ол 960 жылы ислам дiнiн қарахан елiнiң
мемлекеттiк дiнi деп жариялады. Мұса қайтыс болған соң орнына баласы Эли
'Қазақ ССР тарихы, 1-том, 148-бет, Алматы, 1957.
2В. В. Бартольд Маңғол шапқыншылығы дәуiрiндегi Турқiстан,
армалар, 1-том, 315-бет. I96Я
—рi^iид ^таҢГШI Ш
Шығармалар, 1-том, 315-бет. 1963.
Қазақ ССР тарихы, 2-том, 15-бет, Алматы, 1983.
144
4 !)слан хан отырды. Оның еишiсiне тигом жерлiң орталы-i i-i Қашқар
қаласы болды. Әлi Арслан хан жоғары қаған атағын алып, Тараз бен
Баласагунның билеушiсi есептелдi. Сатұқ Боғыра ханның екiншi ұлы Сүлеймен
Iлектiң баласы Хасен Бокыра хан Баласағұн өңiрiн еншiге алды,
оиың ортальiгы Баласағун қаласында болды. Сатуқ Боғыраның екi
немересi: Эли Арслан мен Қасен (һаруң) Боғыра ханның
ұрпақтары будан былайғы жерле карахандар әулетiндегi екi улкен
жiк болып қалыптасты.
Қарахан билеушiлерi 10-ғасырдың ақырғы он жылын-да Мауараннахрды
билеген саманиларға карсы соғыс жорығына аттанды. 990-жылы Хасен
(һарун) Боiъiра хан бастаған қарахан әскерлерi Исфинджапты, 992-жылы сама-
нилардың астанасы Бухараны алды. 999-жылы қарахан билеушiсi Насыр Ибн
Эли Мауараннахрға қайта жөрық бастады, 1005-жылы Мауараннахр
бiржолата қарахандар-дыц қолына өттi. Бүрынгы саманилар патшалығына қарас-
тi,; жер мен елдi қарахандар мен ғазнаулилар бөлiсiп аллы.
Олардың арасындағы бөлiстiң шекарасы Амудария болды.
Қарахандар әулетiнiң алғашқы мезгiлiнен бастап мемле-кегтiк жоғарғы
билеушiсiнiң қурметтi атағы Арслан (арс-т;iii) және Богра (Бура) деп
екiге айрылды. Зерттеушiлер-дii; айтуынша, Арслан ханның атағын
шыгылдардьiк билеушiсi, ал Боғра ханның атағын яғма көсемi
алды. Тегiнде -Арслан шығылдардың, ал Боғра яғмалардың кө-семi
болса керек1. Әйгiлi ғалым Притсактың айтуынша, Арслан қарахан
ең жоғарғы басты билеушi есептелген. Оның астанасы Баласағұнда
болған, ал Боғыра қарахан қосшы билеушi есептелген, оның
астанасы алғашында Таразда, одан соң Қашқар қаласында болған.
Арслан Қарахан өлсе, оның орнына Боғыра қарахан отырып, Арслан Қарахан
атағын алатын болған1.
Қарахандар әулетiнiң жоғарғы билеушiсi саналған Арслан хан Сулеймен
(Шафар Ад-Даула) 1042-жылы өзiне Қашқар мен Баласағунды алып қалып,
басқа қалалар мен аймақтарды балалары мен туыстарына улестiрген.
Бул жайтты араб тарихшысы Ибн Әл-Асыр былай баяндайды: Баласағунның және
түрiктер елiнiң патшасы Шараф Ад-Даула болды. Бул оларға (аға-iнi,
балаларына және басқа өзiне бағынышты туыстарына) қалаларды бөлiп бердi,
әзi-
Тыi Шымын * Қараханилар тирихыиа шилу, Шинжац қопiмОыi; i'ы;iымы,
2-сан, 1982,
145

нiң туысы Арслан тегiнге көптеген түрiк қалаларын бердi. Боғыра ханға Тараз
бен Исфинджапты бердi, ағасы- Тока ханға Ферғананы түгелдей бердi. Баласы
Эли тегiнге Бұха-раны,, Самарқанды және басқаларын бердi, өзi Қашкар мен
Баласағұнды қанағат тұтты'.
10-ғасырдың ақырында қарақандар әулетi екi топқа жiк-телiп, Эли Арслан
ханның ұрпақтары мен Хасен (һарұң) Боғыра ханның ұрпақтары бiрi-бiрiмен
қырқысып келген едi. 11-ғасырдың қырқыншы жылдарында бұл одан арман
ұлғайып, ақырында Қарахан мемлекетi дербес екi қаған-дыққа — Шығыс
қағандығы және Батые қағандығына бө-лiндi. .,
Шығыс қағандықтың территориясы Жетiсу еңiрi мен Қашқар, Хотан аймақтарын
және Ферғананың бiр ба-легiн қамтыды. Оның жерiнiң шығыс солтүстiк шекарасы
Күшардың оңтүстiгiне жеттi.
Шығыс қағандықтың астанасы Шу езенi бойындағы Ба-ласағұн қаласының
қасындағы Құзордада болды. Боғыра хандығының саяси орталығы Қашқар
қаласында едi.
Батые қағандықтың территориясы Мауараннхрды және Ферғананың батыс белегiн
қамтыды. Олардың астанасы алғашында Үзкент, одан соң Самарқант қаласы
болды.
Қарахан мемлекетi дербес екi иелiкке айрылғаннан кейiн де олардың
арасындағы талас-тартыс толастамады, қиян-кескi қан төгiс .соғыстар , туып
тұрды. Әрбiр иелiктi билеген ақсүйектер арасында да таққа таласқан ырың-
жырың үдей бердi. Мұның өзi Қарахан мемлекетiн мейлiн-ше құлдыратты. Осы
алауыздықтарды пайдаланған Селжұқ сұлтандары Қараханды өзiне тәуелдi етуге
ұмтылды.
Қарахандар әулетiнiң өқiмет билiгi ұшiн күрескен iшкi тартыс өте-мөте Шығыс
қағандықта шиеленiсе түстi. 1056-жылы Яған тегiн Мұхаммед Боғыра хан өзiнiң
ағасы Арслан ханның иелiгiне шабуыл жасап, оны кұйреттi, бiрақ ұзамай өзi
де қаскөйлiкке тап болып, у берiп өлтiрiлдi. Бү-дан соң үкiмет билiгi
Боғыра ханың баласы Ибраһимнiң қо-лына өттi; Ол да ұзақ дәурен сүре ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Моғол әулеті
Шыңғысханның алтын әулеті
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Қарахан әулетіне кемінде 2800 жыл парсы, түркі және қытай деректері осылай дейді
Қазақстанның ең ежелгі қаласы
Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.)
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь