Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама.

1. 1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны.

1. 2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.

1. 3 Аудиторлық бақылау.

2. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру мен әдістерінің ҚР-дағы маңызы.

2. 1 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.

2. 2 Қаржылық бақылау әдістері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеуде де қаржы зор рөл атқарады.

Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Бұл орайда қаржының әлеуметтік - экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қаржылық бақылау қаржы жүйесінің барлық буындарын реттейтін бөлу және оалрды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған қызмет.

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылаудың мәнін ашу, оның түрлерін, қызметін талдау, Қазақстандағы қазіргі жағдайдағы дамуын көрсету болып табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында түрлі экономикалық әдебиеттерді, газет - журналдарды қолданбақпын.

  1. Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны.

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырмашылық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болумен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржын бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардң ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері пайдалануы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқтарын реттемегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржылық бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс - әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру;
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылаудың жүзеге асырылуының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы;

бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;

әрекеттілік, нақтылық, жариялылық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

бақылаудың аламаушылығы;

бақылау органдарының тәуелсіздігі.

Қаржылық тәртіп - бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- және макродеңгейде жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау - бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс - әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

- ақшалй қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;

- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;

- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану;

Бұл деңгейдегі мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

Жиынтық қаржы жоспарлары, аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері және жоспарлардың, есептердің бірқатар өндірігіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қортылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақыла субъектілері болып келеді.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылау меншіктің барлық нысанындғы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау. Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

  • кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездегі толымдылығын қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауңдың дер кездегі толымдылығын қамтамасыз ету;
  • қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
  • ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

Шаруашылқ жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылау объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер оның предметі болып табылады.

1. 2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс - қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша тіркеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақыла уболып ажыратылады. (1- кесте)

Қаржылық бақылаудың сыныпталуы

Қаржылық бақылау: Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау: Мемлекеттік
Қоғамдық
Қаржылық бақылау: Жалпы мемлекеттік
Ведомствалық
Қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми - техникалық, мәдени - ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы.
Қаржылық бақылау:
Ішкі шаруашылықтық
Қаржылық бақылау:

Парламенттік (депутаттық)

бақылау

Қаржылық бақылау: Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттік гранттарын, активтерін, мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектілері - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, республикалық және жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерге және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомствалық бағыныштағы ұйымдарды, бюджет қаражаттарын алушылар, мемелекеттің гранттарын активтерін, мемлекет берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақыла ужөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.

Мемлекеттік қаржылық бақыла мынадай типтерге бөлінеді:

  1. сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестілігін бақылау;
  2. қаржылық есептемені бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
  3. тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір - бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын біріңғай мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады. Бақылау нәтижелеріне байланысты актілер қабылданады:

  1. Қорытынды;
  2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы;
  3. Маслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгіленген тәртіппен қабылданған құжат;
  4. Ұсыным - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай - ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
  5. Нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат;
  6. Бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау қызметтері бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;
  7. Бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады.

Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызмеииің мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөніндегі ұсыныстар жасау.

Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексерген кезінде, қолма - қолсыз ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрысжүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.

Ведомствалық қаржылық жеке министрліктің, ведомстваның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән - жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін болдыртпау.

Қоғамдақ қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылау объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.

Аудиторлық бақылау - ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «аудитор біліктілігінің берілуі» туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай - ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық - құқықтық нысанда құүрылған коммерциялық аудиторлық ұйымда жүргізе алады.

1. 3 Аудиторлық бақылау

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны - аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты.

Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім - шарт негізінде қаржы - шаруашылық қызметінің жай - күйін тексеру.

Қазақстанда 1998 жылдың 20- қарашадан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Аудиторлық қызмет - бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

тәуелсіздік;

объективтілік;

кәсіби біліктілік;

құпиялылық.

Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептемесінің дұрыс және оъективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.

Аудиттің түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит.

Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, шетел қатынасатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар.

Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

Аудитор - бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы- шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалған қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны.

Аудитордың міндетті мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы - шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар: аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы - шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - «Қазақстанаудит» компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдегі кәсіби қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдегі кәсіби қызмет және басқалары - компания көрсететін қызметтрдің толық емес тізбесі осындай. «Қазақстанаудит» компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

2. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру мен әдістерінің ҚР- дағы маңызы

2. 1 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдаструмен,

Бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтау мен қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастру мен анықталады .

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік билік пен басқарудың органдары жүргізеді . Президенттің ақпараты Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар . Бақылыаудың дұл түрін Республикалық бюджеттің атқарлуына бақылау жасау жөніндегі есеп міндеті деп жүргізеді .

Құқықтық мемілекет құрлысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылыауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлін кенейте түседі . Сондықтан бақылаудың субьектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылау бөлектеліп көрсетіледі . Бұл бақылаудың обьектісі.

  • мемілекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандырылаптын кез келген

шараларды бакіткен кездегі ;

  • бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарымен сәйкестігін тексеру кезіндегі ;
  • бюджеттің жасалуын тексеріс кезіндегі бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемілекеттік шыығыстар болып абылады .
  • Қазақстан Республикасының Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады :
  • бюджет ресурстарының түсу көздеріне оларды үкіметтің де, заңнамалары органының да үнемді пайдалануына: ақша қаражаттарының ысырапқорлығың кесіп тастауға ;
  • мемлекеттік меншік пайдаланудың мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне алуға және жекешелендіруге ;
  • арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;
  • әр түрлі партияларды қоса қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға .

Парламенттің алдын- ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады . Бұл Орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын - ала бақылау болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары - экономика, қаржы, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар .

Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күейту мақсатында Президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық-бақылау бөлімі бар. Жалпы президент аппараты министірліктердің, ведомствалардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке алынған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттер берілген. Үкімет Республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың аймақтардың даму бағдарламаларын жасап, қарау процесінде алдын-ала

бақылауды жүзеге асырады.

Қаржы министірлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа сәйкетілігін, бухгалтерлік есеп- қисапының және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады.

Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңды тұлға құқығындағы Қазыналық комитеті де орындалды. Қазыналық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтың органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Агенттік органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
  2. Салықтарды төлеуден жалтырынуға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
  3. Экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  4. Агенттік органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Агенттіктің аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді.

Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда алдын-ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады.

Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын-ала және ағымдағы бақылау оның айырықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың мамандары текеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.


2. 2. Қаржылық бақылаудың әдістері

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен жүргізіледі нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызыметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс - қимылының пайда болуының негізі сияқты бірақтар факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс, инспекция, қадағалау, тексеру, қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтініштерді қаржы- шаруашылық қызыметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.

Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

Мемлекетік қаржылық бақылау органдары өздерінің жұмысын жоспарлар бойынша жүргізеді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілдігін ескере отырып құралады. Жоспарларды бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т. б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.

Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да жасалынатын іс- жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.

Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексеруленге актілер, анықтамалар жасалынбайды.

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындар: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

Шоттық тексеру-бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.

Тақырыптық тексеру-бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т. б.

Экономикалық талдау-бұл объектінің шаруашылық қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін аңықтау және осының негізінде экономикалық жағдайда жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық құқығы
Салықтық бақылаудың теориялық негіздері және оның қаржылық бақылаудағы орны
Қазақстандағы салықтық бақылау
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Кәсіпорын диагностикалау әдісі
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Аналитикалық шот
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz