Ақш-тың Орталық Азияға қатысты геостратегиясы



Кіріспе

І тарау . АҚШтың сыртқы саяси доктринасының
қалыптасуы

1.1. АҚШтағы либералдық дәстүр және сыртқы әлем
1.2. ХІХ.ХХ ғасырдағы АҚШ және оның сыртқы
саясатындағы өзгерістер мен сыртқы саяси доктринасының қалыптасуы
1.3. АҚШтың геостратегиялық және ғаламдық мүдделері


ІІ тарау . АҚШтың Орталық Азия және ТМДға қатысты
Стратегиясы

2.1. Посткеңестік кеңістік
2.2. АҚШтың Орталық Азиядағы мүдделері және көз.
қарасы
2.3. АҚШтың Казақстанға қатысты мүдделерінің шығу тегі


Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Қырғи-қабақ соғысы аяқталысымен әлем біржолата өзгеріп халықаралық қатынастарда жаңа тәртіп орнай бастады. Бұл тәртіпті қалыптастыру және оның жетекшісі болу АҚШ-на тапсырылды. Сол тұстан бастап халықаралық қатынастарда монополярлы сипаттағы жүйе қалыптаса бастады.
Кеңес Одағының құрамындағы автономиялардың тәуелсіздікке қол жеткізуі коммунистік державаның ыдырауының және оның социализм идеясының утопия екндігінің бірден-бір дәлелі. Шамамен 70 жыл бойы өмір сүрген держава бір мезетте жоқ болып қалды. Тарихта бұл оқиға халықаралық қатынастардың жаңа бағытта, сипатта әрі жаңа жүйе аясында дамуына алып келді.
o Уткин А.И. Американская стратегия для ХХІ века, Москва 2000г.
o Кыдырбекулы Д.Б. Геостратегия США в Казахстане: От глобольного к малому измерению, Алматы 2003г.
o Збигнев Бжезинский Великая шахматная доска, Вашингтон 1997г.
o Современные международные отношения м мировая политика, под. ред. Торкунов А.В., Москва 2005г.
o www.google.com/USA’sstrategyinKazakhstan/html
o www.google.com/USAforeignpolicyoncentralasia/html

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері
университеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Орындаған: Мейрманов Арман ХҚФ (ХҚ), 303 топ

АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты геостратегиясы

Тексерген: Нурман Ш.С.

Алматы 2007 жыл

Мазмұны

Кіріспе

І тарау – АҚШтың сыртқы саяси доктринасының
қалыптасуы

1.1. АҚШтағы либералдық дәстүр және сыртқы әлем
1.2. ХІХ-ХХ ғасырдағы АҚШ және оның сыртқы
саясатындағы өзгерістер мен сыртқы саяси доктринасының
қалыптасуы
1.3. АҚШтың геостратегиялық және ғаламдық мүдделері

ІІ тарау – АҚШтың Орталық Азия және ТМДға қатысты
Стратегиясы

2.1. Посткеңестік кеңістік
2.2. АҚШтың Орталық Азиядағы мүдделері және көз-
қарасы
2.3. АҚШтың Казақстанға қатысты мүдделерінің шығу тегі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қырғи-қабақ соғысы аяқталысымен әлем біржолата өзгеріп халықаралық
қатынастарда жаңа тәртіп орнай бастады. Бұл тәртіпті қалыптастыру және оның
жетекшісі болу АҚШ-на тапсырылды. Сол тұстан бастап халықаралық
қатынастарда монополярлы сипаттағы жүйе қалыптаса бастады.
Кеңес Одағының құрамындағы автономиялардың тәуелсіздікке қол жеткізуі
коммунистік державаның ыдырауының және оның социализм идеясының утопия
екндігінің бірден-бір дәлелі. Шамамен 70 жыл бойы өмір сүрген держава бір
мезетте жоқ болып қалды. Тарихта бұл оқиға халықаралық қатынастардың жаңа
бағытта, сипатта әрі жаңа жүйе аясында дамуына алып келді.
Батыстың жеңісі әлемге батыстық құндылықтардың ғаламдық деңгейде
таралуына ықпал етіп жаһандану үрдістері АҚШ-тың жетекшілігінде өтеді.
Кеңес Одағының ықпалында болған мемлекеттерді жаңа құндылықтармен
қамтамасыз ету қажеттілігі туындағандықтан АҚШ-тың сол елдерге қатысты
саясаты бірінші кезекке қойылған. Әсіресе посткеңестік кеңістіктегі
мемлекеттерге саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына бағыт-бағдар беру
алдыңғы қатарда болған мәселе. Қазақстан, Украина, Белорусия КСРО-ның
ядролық қару-жарақ арсеналының мұрагерлері бола тұра АҚШ-тың бас назары осы
үш мемлекеттерге аударылып, ондағы ядролық қару-жарақты жою және оның
таралуына жол бермеу алғашында басты мәселе болатын. Демек, АҚШ, бұл
шараларды жүзеге асыра отырып өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп
сол елдерге қатысты келесі саяси қадамдарды қолдануға қолайлы жағдай
туғызды.
Еуразия - АҚШ-тың сыртқы саяси доктринасының негізгі объектісі. АҚШ
сыртқы саяси доктринасының мәні және көздеуі – Еуразия. Соның ішінде Орта
Азия ерекше назарда. Бұл аймақ АҚШ-тың геостратегиялық, саяси экономикалық
мүдделерінің шоғыры ретінде жоғары маңызға ие. Қазақстан Орта Азияның
орталығы бола тұра оның сол аймақтағы рөлі ерекше екендігі анық. Осыған
байланысты АҚШ-тың Қазақстанға қатысты стратегиясы және саясаты әлемдік
қауымдастық және біздің ел үшін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Сондықтан да курстық жұмысым осы мәселеге арналып оның мақсаты сол мәселені
кеңірек әрі тереңірек зерттеп оның мәнін ашып көрсету болып табылады.
Курстық жұмысымның міндеті жоғарыда көтерілген мәселелердің негізін
әрі маңыздылығын ашып көрсетуде негізделеді. Яғни АҚШ-тың Орталық Азияға
қатысты геосаясатының басымдықтарын терең түрде талқылау әрі зерттеу.
АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты геосаяси концепциясы мен
стратегиясының қалыптасуы ұзақ мерзімді қамтымағанымен бұл мәселенің
зерттелу деңгейі жоғары. Николас Спайкменнің Римленд концепциясы 20
ғасырдың 1-ші жартысында пайда болып АҚШ-тың Еуразияға қатысты сыртқы саяси
доктринасының негізін қалыптастырды десе болады., Збигнев Бжезинскийдің
Ұлы шахмат тақтасы атты еңбегі Еуразия құрлығын әлемнің жетекші саяси
акторларының мүдделерінің қиылысатын жері ретінде танып Орталық Азия
аймағын АҚШ-тың геостратегиялық мүдделерінің маңызды объектісі ретінде
таниды. А.И. Уткиннің Американың жиырма бірінші ғасырға арналған
стратегиясы АҚШ-тың негізгі сыртқы саяси бағыттарын анықтайды, Д.Б.
Қыдырбекұлының АҚШ-тың Қазақстандағы геостратегиясы терең зерттеу деңгейі
негізінде жазылған еңбек.

І тарау – АҚШтың сыртқы саяси доктринасының
қалыптасуы

АҚШ-тағы либералдық дәстүр және сыртқы әлем
АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясаты либералдық дәстүрлерге
негізделеді. Американ либерализмнің саяси философия ретінде қалыптасу
тарихы ертеден басталады. Либералдық дәстүр протестантизмге, англо-
саксон өркениетінің құндылықтарына, ағылшын революциясының
демократиялық жетістіктеріне сонымен ағылшын және француз
ағартушыларының идеяларына негізделеді. Бірақ американ либерализмнің
саяси философия ретінде тәуелсіздік жолындағы соғыс барысында және
тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңінде толықтай қалыптасты.
Өзінің туындаған уақытысынан бастап бүгінгі күнге дейін американ
либерализмі өзге идеологияларға қарағанда догмалық және қатаң
құрылымдық идеология сипатына ие емес. АҚШ-тағы либералдық дәстүр екі
жүз жылдан астам уақыт бойы күрделі эволюциялық сыннан өтті. Қазір біз
үшін АҚШ-тың сыртқы дүниені либералдық тұрғыдан қабылдауы мен
қарастыруын сондай-ақ ондағы АҚШ-тың рөлі мен орнын айқындаған өте
маңызды.
[1]АҚШ-тың либералдық идеологияның негізгі белгілері мен
элементтері:
1) Индивидуализм - белгілі бір субъектің (жеке тұлға) жекелей
жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі.
2) Еркін рынок моделін экономикалық байланыста халықаралық қатынастар
үшін универсалды деп қарастыру.
3) Прогреске жан-жалсыз, қақтығыссыз қол жеткізуге болады деген идеалға
сенім білдіру, ең алдымен елдер мен халықтар арасындағы экономикалық
байланысын нығайту негізінде.
4) Халықаралық қатынастар элементтері арасындағы теңсіздік жағдайын
объективті шындық әрі заңды процесс ретінде қарастыру.
5) Демократияны ең жоғарғы құндылықтардың бірі ретінде санау.
Демократияның американдық моделін универсалды идеал ретінде қарау
және соған сенім білдіру.
6) Американ тәжірибесінің озық сипатына көз жеткізу және американдық
құндылықтарды сыртқы дүниеге тарату мүмкіндігіне сену әрі бүкіл
әлемге либералды демократиялық құндылықтарын таратудағы АҚШ-тың
жаһандық миссиясына сенім арту, мойындау.
7) Америкадан тыс жатқан сыртқы дүниені жалпы осы миссяны жүзеге
асыруға қолайлы әрі ыңғайлы орта ретінде қабылдау.
8) Елдегі және сыртқы дүниедегі терең өзгерістердің болатындығын
мойындау сонымен қатар революциялық өзгерістерге реформаларды қарсы
қою.
9) Өзгерістердің нәтижесі мен сипатын мойындау қабілеттілігі және
өзінің жеке принциптерді АҚШ пен сыртқы әлемнің объективті жағдайына
сәйкестендіріп бейімдеу.
10) Жалпы күш қолдану, зорлық зомбылықпен мәжбүр ету факторларын
қолдамау, дұрыс емес акт ретінде қарау. Алайда осыған қарамастан күш
факторларын АҚШ-тың ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында және
американ либералдық құндылықтарын тарату барысында қолдану
мүмкіндігін мойындау.
11) Моральдық этикалық нормаларды мемлекеттің сыртқы саяси қызметін іс-
әрекетін негіздеуде пайдалану.
Осы жоғарыда аталған аспектілер американ либералдық дәстүрдің негізі
болып табылады. Соның аясында АҚШ-тың ішкі және сыртқы саяси мәдениеті
қалыптасты.

ХІХ-ХХ ғасырдағы АҚШ және оның сыртқы
саясатындағы өзгерістер

19 ғасырдың 20 жж. басында АҚШ-тың Ресеймен, кейін батыс
Еуропаның державаларымен арасындағы қарым-қатынасы шиеленісе түсті.
1823 жылы шілде айында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Квинси Адамс
Вашингтондағы Ресей елшісіне АҚШ Ресейдің біздің континенттен жаңа
территорияларды иелену жолындағы кез-келген қадамын құптамайды деген
мәлімдеме жіберді. Осыдан кейін өзінің төмендегі доктриналық
тұжырымдамасын қабылдады:
Қос Америка құрлығы қандайда бір мемлекет тарапынан отарлаудың жаңа
объектісі ретінде қарастырмау қажет; Одақтас мемлекеттердің саяси
жүйесі американдық саяси жүйесінен анағұрлым өзгешеленеді. Сондықтан
АҚШ пен осы державалар арасындағы шынайы достастық байланыстарды сақтап
қалу мақсатында біз олардың тарапынан осы жартышардың кез-келген
бөлігіне өз жүйелерін тарату бағытындағы іс-әрекеттерін бейбітшілік пен
ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіру актісі ретінде бағалайтынымызды
мәлімдейміз. Біз бұған дейінгі Еуропалық мемлекеттердің қол астындағы
отар және тәуелді территорияларының істеріне араласпайтындығымызды ашық
айтамыз, бірақ осы уақытқа дейін өз дербестігін жария етіп, біз
тәуелсіздігін ресми түрде таныған мемлекеттің суверенитеттілігі мен
территориялық тұтастығын бұзу әрекетін АҚШ-қа қарсы істелген қадам
ретінде қарастырамыз. Есесіне АҚШ Еуропалық мемлекеттер мен оның
отарлардың ішкі істеріне еш уақытта араласпайды. Бұны АҚШ президенті
Джеймс Монро конгреске ресми түрде жариялап, Монро доктринасы атымен
аталынды. Доктринаның негізгі мәні – Америка – американдықтар үшін.
Тәуелсіздік үшін соғыс жылдары мен 19 ғасырдағы АҚШ-тың сыртқы дүниеге
деген көзқарасының қалыптасуы ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы уақытта
либерализм АҚШ-тың мемлекеттік мүдделері концепциясының дамуына
айырықша үлес қосты. Өзге елдердің ішкі істеріне араласпау принципін
жария ету, тұрақты әскери, саяси одақтастықтарға кірмеу (ең алдымен
ескі дүниедегі мемлекеттермен) және Солтүстік Америка құрлығын
біртіндеп игеру қажеттілігіне көңіл аударуды мойындау оның ең басты
компоненттері болып есептелді[2]. Монро доктринасы Солтүстік Америкамен
қатар оның оңтүстік бөлігін АҚШ үшін өмірлік маңызы бар мүдделердің
сферасы ретінде таныды. АҚШ үшін Солтүстік Америка өмір сүру кеңістігі
ретінде қарастырылатын – Lebensraum.
Осы уақытта АҚШ-тың сыртқы саясатында және халықаралық қатынастарда
Laissez faire - әрқайсысы өзі үшін деген либералдық принцип үстемдік
құрды. Прогрестің болу мүмкіндігіне қатысты либералдық көзқарастың
жетекшілік танытуы және АҚШ-тың миссияндық рөліне шексіз сенім
білдіру, территориялық экспанция жасаудың яғни құрлықтың байырғы халқы
үндістерді өз ата-мекендерінен қуып жаппай геноцид саясатын жүргізудің,
сонымен қатар Солтүстік Американың оңтүстік батыс территориялары үшін
Мексикамен соғысудың идеялық негізін қалыптастырды.
19 ғасырдың ортасында және оның екінші жартысында миссияндық
либералдық идеялар тек жаңа территорияларды экспанциялауды ғана емес,
сонымен қатар болашақтағы АҚШ-тың жаһандық істердегі ерекше рөльді
ойнауға ұмтылуының фундаменталды негізіне айналды.
1845 жылы жарияланған Manifest destiny - тағдырдың ісі
теориясына сәйкес[3] АҚШ-тың жаңа дүниенің кез-келген бөлігіндегі
Атлант Мұхитынан Тынық Мұхитына дейінгі аралықтағы жерлерді иелену
құқығы толықтай заңдастырылды.
Американың ерекше тағдырының жоғарыдан айқындалуын дәріптейтін бұл
прагматикалық теория осыған дейінгі және бұдан кейінгі кезеңдегі жаңа
территорияларды басып алу актісін негіздеп берді: алдымен Солтүстік
Америка, Мексика провинциясы Техас, Аляска және Алеуд аралдарындағы
орыс иеліктері, Орталық Американың Кариб бассейні, Куба және Океания,
батыста жатқан бай жерлеріне ұмтылуы осы теорияға негізделді.
19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20 ғасыр басындағы АҚШ-тың Азия-Тынық
Мұхиты аймағындағы империалистік экспанциясы Manifest Destiny
прагматикалық теориясына негізделген.
20 ғасырдың 1-ші жартысында АҚШ сыртқы саяси доктринасында жаңа
концепция қалыптаса бастайды және соның негізінде сыртқы саясаттың жаңа
бағыты айқындала түседі. Бұл концепция – Римленд концепциясы деп
аталады (Rimland - ободок), оның авторы Иельск Университеті жанындағы
Халықаралық Қатынастар Институтының директоры Николас Спайкмен (1893-
1943). Римленд концепциясында
Н.Спайкмен әлемді екіге бөледі — Римленд және Хартленд.
Спайкменнің пікірінше Римлендтің Хартлендке қарағанда маңызы жоғары.
Себебі Римлендке ие болсан Хартлендке де ие боласын, ал екеуіне де ие
болған бүкіл дүние жүзіне ие болады.
Автор жердің ошағы ретінде қазіргі Ресей мен Орта Азияны жатқызады,
сол себептен оны Хартленд деп атаған. Ал Римлендке Хартлендті қоршап
жатқан Еуразия құрлығының қалған жерлерін жатқызатын (Таяу Шығыс, Қиыр
Шығыс, Батыс Еуропа, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия).
Бұл сыртқы саяси концепцияның қазіргі кездегі жетістіктері мен
көріністерін НАТО-ның кеңейтілуі, Ирак дағдарысы және Орта Азия мен
Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі АҚШ-тың әскери базаларының орнатылуынан
айқын көре аламыз.

АҚШ-тың геостратегиялық және ғаламдық мүдделері
Біз білетіндей ұлттық мүдде стратегиялық мүдделермен тікелей
байланысты. Бір түсінік десе де болады. Американдық практикада ол солай
болып табылады. Оның құрамында әскери мүдделерден тыс сонымен қатар саяси
және экономикалық мүдделер де жатыр.
АҚШ-тың стратегиялық мүдделері аймақтық факторларға байланысты. Яғни
географиялық орналасуы. АҚШ өзінің белгілі бір мемлекетке қатысты
саясатында барлық факторларды еске алады — этникалық, демографиялық,
әлеуметтік, діни, экономикалық және т.б.
АҚШ-тың суперұлттық мүдделері аймақтық және жаһандық масштабта көрініс
табады және олар мынадай аймақтық және жаһандық құрылымдарда жүзеге асады —
БҰҰ, Еуропалық Одақ, НАФТА, НАТО, ОБСЕ және т.б.
Президент Билл Клинтон АҚШ-тың XXI ғасырға арналған ұлттық қауіпсіздік
стратегиясында негізгі үш басымдықтарды бөліп шығарды, олар — дипломатия
және әскери қуат пәрменділігін нығайту, американ экономикасының шарықтауына
қолдау көрсету, шетелдегі демократизация үрдістерін жүзеге асыру. Осы
негізгі басымдықтарға сүйене отырып АҚШ өзінің әлемдік саяси сахнадағы
үстемдігін қамтамасыз етуде. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты сыртқы
саяси стратегиясы сол мемлекеттердің интеграция үрдістеріне кіруі және оның
жағдайы ескеріле отырып еркін рынок және демократизацияның болуын қалайды.
НАФТА — таза американдық экономикалық ұйым. Соның аясында АҚШ әлемдік
экономикада өзінің позициясын нығайтуда және Солтүстік Батыс Жартышарды
неғұрлым ықпалды және мықты экономикалық аймақ ретінде құру мақсатында. Бұл
ұйым басқа Еуропалық Одақ, АСЕАН секілді бірлестіктерге қарсы жауап
ретінде.
Еуразия – АҚШ-тың негізгі геостратегиялық объектісі. Соның ішінде
Орта Азия АҚШ үшін экономикалық, шикізат, интеллектуалды потенциалы зор
объект. Сондықтан да казіргі кездегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы геостратегиясы (1991-2009)
АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастары (1991-2007 жж.)
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
АҚШ - ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар
АҚШ сот билігі
Қазіргі кездегі АҚШ – Қытай қатынастары
АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
Пәндер