Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы



КІРІСПЕ

І МАРКСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТАУАР ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ФОРМАЛАРЫ

1.1 Құн және қанау теориясы, қалыптасу туралы балама теориялары

1.2 Тауарлық қатнастардың дамыған формасы

ІІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРЫ

2.1 Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары

2.2 Бағалар және тарифтер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Класикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ойпікірдің прогрессивті сатысы болды. Касикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
А. Смит клаксикалық саяси экономия методологиясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Ғылым ретінде саяси экономия екі мәселені шешуі тиіс экономикалық шындықты обьективті талдап, оның даму заңдылығын ашу, мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаты үшін нақты ұсыныстар беру. Смиттің келесі бір жаңалығы-логикалық абстракцияны одан әрі дамытып, тереңдетеді. Ол экономиканы зерттеу барысында процестердегі ең басты, негізгі, заңды анықтаушы белгілерді атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай элементтерден ойды алшақтатты. Осылай Смит құбылыстардың ішкі заңдылықтарды көргісі ашқысы келді.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы "Қазақстан Республикасында 1998-2000жж. бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама" 1998ж., 28 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, Заң күші бар "Бухгалтерлік есепке алу" туралы, 1995.
3. Субъектілердін қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есөп шоттарының Бас жоспары. 1996.
4. Сатмурзаев А.А., Абдыкалыков Т,А. "Бухгалтерский учет в рыночной экономике". Алматы: Эк., 1998.
5. Әбдіқалықов Т.Ә., Сатмурзаев А.А. Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
6. Тасмағамбетов Т.А., Радостовец В.К., т.б. Қаржы есебі. Алматы: Дәуір, 1998.
7. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
8. Елисеева И.И., Терехов А.А. Статистические методы в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.
9. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Национальная Академия наук РК; Международная аудиторская компания "Артур Андерсен Казахстан" -Алматы: Ғылым, 1994.
10. Казахстанские стандарты по аудиту. С. Х. Кошкимбаев и др. Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.
11. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 4-е, перераб. и доп. М.: Филинъ, 2000.
12. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 5-е, перераб. и доп. М: Филинъ, 2000.
13. Белуха Н.Т. Аудит: Учебник. Киев: Знання, 2000.
14. Бурцев В.В. Управленческий аудит системы сбыта бытовой продукции. - М.: Маркетинг, 1999.
15. Бухгалтерческий учет и аудит в строительстве Под. ред. В.А. Лукинова. М: Юрайт, 1998.
16. Бухгалтерский учет и аудит. 500 вопросов и ответов Сост. И.Полонская. Ростов н/Д: Феникс, 1999.
17. Бычкова С.М. Аудиторская деятельность. Теория и практика. СПб.: Лань, 2000.
18. Бычкова С.М, Доказательства в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.
19. Витулева Т.П. Бухгалтеру об аудите. М.: Бико, 2001.
20. Волковой В.М., Лахова Е.В. Международные стандарты бухгалтерские учета. Основные принципы и приемы конвертации. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Аудитор, 2000.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАРКСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ, ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ҚАНАУ ТЕОРИЯСЫ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

І МАРКСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТАУАР ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ФОРМАЛАРЫ

1.1 Құн және қанау теориясы, қалыптасу туралы балама теориялары

1.2 Тауарлық қатнастардың дамыған формасы

ІІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРЫ

2.1 Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары

2.2 Бағалар және тарифтер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Класикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік
өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ойпікірдің прогрессивті сатысы болды. Касикалық буржуазиялық
саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
А. Смит клаксикалық саяси экономия методологиясын дамытуға
айтарлықтай үлес қосты. Ғылым ретінде саяси экономия екі мәселені шешуі
тиіс экономикалық шындықты обьективті талдап, оның даму заңдылығын ашу,
мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаты үшін нақты ұсыныстар беру.
Смиттің келесі бір жаңалығы-логикалық абстракцияны одан әрі дамытып,
тереңдетеді. Ол экономиканы зерттеу барысында процестердегі ең басты,
негізгі, заңды анықтаушы белгілерді атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай
элементтерден ойды алшақтатты. Осылай Смит құбылыстардың ішкі заңдылықтарды
көргісі ашқысы келді. Алайда Смиттің методологиясының осындай
ондыжақтарымен қатар,кемшіліктері де болды. Ең басты кешілігі адам
табиғатын тарихтан бөліп, қараукапитализмді табиғи және мәңгілік құбылыс
санау. А. Смиттің экономикалық жуйесі екі жақты қайшылықта болды. Бір
жағынан экономикалық категориялардың ішкі заңдылықтарын, байланыстарын
ашуға тырысты. Екінші жағынан, ол құбылыстарға бәсекенің әсерін, ықпалын
талап, адамдардың олардыңтүсінбейтініне сенді. А. Смиттің ойынша адам
өндіріспен айналысып, соны ғана ойлайды. Смит методологиясының, зерттеу
тәсілінің осындай екі жақтылығы- категориялардың ішкі заңдылығын ашу,
екіншіден оған қатысы жоқ адамды қатар қою, оның бүкіл творчествосына әсер
етті.
А. Смит халықтың өркениетті дәрежеге жетуі үшін үш шарт: тыныштық
бейбіт өмір, аздаған салық төлеу; басқаруға төзімді болу қажет деді; ол
еркін бәсекені насихаттады.
Адамзат қоғамы өндіріс-еңбек әрекеттерін, еңбек бөлісі, мамандану,
кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, озінің
материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта -
байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім түрінде болады. Бұл
өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген
касиеттер тән болады.

І МАРКСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТАУАР ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
ФОРМАЛАРЫ

1.1 Құн және қанау теориясы, қалыптасу туралы балама теориялары
Экономикалық әдебиетте тауарлардың құны туралы негізгі үш бағытты атап
өтейік.
Бірінші Карл Маркстің еңбектік құн теориясына негізделеді. Осыған
сәйкес, тауарлардың өндірісі мен айырбасы солардың құнының негізінде жүріп
отырады, құнның өзі еңбектің қоғамдық — қажетті шығындарымен белгіленеді.
Бұл жағдайда тауар өндірушілер мына заңдылықпен есептесуі қажет: егер
еңбектің индивидуалдық шығындары қоғамдық қажеттіктен артық болса, онда
шығындардың осы артық бөлшегін қоғам мойындамайды. Ал тауардың құны-ның
негізінде (шын өндірісіне жұмсалған қоғамдық еңбек жатады. Сөйтіп, қайта
тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді. К.
Маркс тауарға бір жағынан, адамдардың белгілі қажеттерін қанағаттандыруға
қабілетті тұтыну құны деп, екінші жағынан — құн деп анықтама береді.
Тауардың екі жақты сипаты, осы тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипатымен
белгіленеді. Тұтыну құны деп алынған тауар белгілі формадағы еңбекпен
жасалады, яғни нақты ецбекпен; құн деп алынған тауар нақты формаларына
тәуелді емес жалпы еңбекпен жасалады, абстракты еңбекпен, яғни тікелей
жұмыс уақытының нақты бірліктері емес, эквивалент қызметін атқаратын басқа
тауарлармен салыстыру арқылы. Сөйтіп тауардың құны, өндірістің қоғамдық-
қалыпты шарттары болған жағдайда және осы қоғамдағы еңбектің іскерлік
дәрежесі мен қарқындығының орташа жағдайында, тауарды жасауға қажет
индивидуалдық емес, қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.
Әңгіме құнды орташа еңбекпен емес, өндірістің өткізудің қоғамдық
шарттарымен болжамдалған еңбекпен белгілеу туралы болса да, басқа
тауарлармен салыстыру арқылы жанама өлшеуіштерді қолдануды кейде еңбектік
құн теориясына қарсылар қолдамайды.
Екінші бағыт шекті пайдалылық теориясын қолдануға негізделген. Бұл
теорияны кең пайдаланатын маржиналистер. Бұлар бойынша құн және баға
тауарлардың шекті пайдалылығының және олардың сиректігінің туындысы болып
табылады. Бұл бағыттың өкілдері, субъектің қарамағындағы игіліктер қорының
тең шамаларының тізбектелген өсімдері белгілі нүктеден артып кетсе, онда
игіліктер бірлігінің пайдалылығы үдемелі төмендейді деп есептейді. Қордың
ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы, немесе игіліктің шекті пайдалылығы, осы
тауардың құнының көлемін белгілейді.
Маржинализмнің теоретиктері, бұлардың ішінде австриялық мектептің
өкілдері, материалдық игіліктердің бағалылықтарының екі түрін бөліп атайды
— субъективтік және объективтік. Субъективтік бағалылық деп олар
материалдық игіліктердің осы субъект үшін бағалылығын түсінеді. Австриялық
мектептің өкілдері, олар баға теориясының негізіне жатқызған, субъективтік
бағалылыққа шешуші рөл береді. Олар бұны сатып алушы және сатушылар жағынан
осы тауардың пайдалылығын бағалаушы субъектердің нарықта қарсыласуьшын,
нәтижесі деп есептейді.
Үшінші бағытты ішжырымдаған А. Маршалл. Шекті пайдалылық түрін алған
сұраныс жағындағы және өндіріс шығындары түрін алған ұсыныстың
негіздеріндегі нарықтық күштердің бір-біріне әсерін айқындау, осы бағыттың
зерттеуінің мазмұның құрайды. Осыған А. Маршалл мынадай қорытынды жасайды:
пайдалылық ұсынылған көлемді белгілейді, ұсынылған көлем өндіріс шығындарын
белгілейді. Оның болжамы бойынша, сатушының тауар үшін төлеуге келісім
беретін бағасы тауардың пайдалылығымен белгіленеді; бұнда ол пайдалылықты,
тауар үшін сатып алушы төлей алатын, барынша жоғарғы құн деп есептейді.

А. Маршалл бағаны белгілеуде, оған әсер ететін екі факторды бөліп
атайды: шекті пайдалылық және өндіріс шығындары. Оның тұжырымдауы бойынша,
тауардың сатушы белгілеген бағасын оны өндіру үшін жұмсалған шығындар
құрайды, ал нарықтық баға сатып алушылармен және сатушылармен белгіленеді,
сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде.
Пайдалылықты өлшеу туралы бүгін маржиналистер кардиналистер — шекті
пайдалылықтың абсолюттік шамасын сан жағынан өлшеуге болады деген идеяны
жақтаушылар және ординалистер -шекті пайдалылықтың абсолюттік шамасын
өлшеудің мүмкіндігін және қажеттігін жоққа шығарушылар, болып бөлініп отыр.
Ординалистердің аса көрнекті өкілдеріне Дж. Хикс және П. Саму-эльсон
жатады. Бұлар тұтынушылардың артықшылықтарының шәкілін жасады.
Дж. Хикс бойынша бүгінгі заманда тұтынушылардың артықшылық шәкілінің
бастапқы пункті талғаусыздықтың қисық сызығының теориясынан басталады. Осы
қисық сызықтың негізінде пайдалылықтың өзін өлшеумен айналыспай, тұтынушы
тауарларға ең ұнамды тандау жасай алады. Дж. Хикс шекті пайдалылықпен және
сатын алушы төлеуге келісетін бағаның арасында айырмашылықтардың болуымен
есептеспейді, ал сұраныс заңын ол бағаның өзгерістерімен және тауарлардың
саны арасындағы шамалас сәйкестік арақатынасқа жатқызады.
П. Самуэльсон экономикалық тепе-тендік үлгілерін қолдануда, шекті
пайдалылық теориясын ақшаның шекті пайдалылығымен және табыстармен
байланыстыруды ұсынады. Оның есебі бойынша, игіліктің әрбіреуінің шекті
пайдалығы бағаға бөлінгенде бір-бірімен тең болуға тиісті және нәтижесінде
(қорытынды) табыстың бір долларына келетін орташа шекті пайдалылықты беруге
тиісті.
Нарықта сұраныс пен ұсыныста өзгерістердің әсерімен нарықтық
бағалардың ауытқулары болып тұрады. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай
ауытқулар бағаның құннан ауытқуы деп түсініледі. Осыған байланысты,
тауардың өндірушілері, олардың айырбасталуында, бағаның негізі болып
табылатын тауардың қоғамдық еңбектік құнымен есептесуге мәжбүр болады.
Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жеткенде тепе-тендік орнайды.
Игіліктің бағасын шекті пайдалылық теориясы негізінде белгілегенде, бағаның
ауытқулары "шекті өнімнің" бағалылығының маңайында жүріп отырады. Тауардың
тепе-тендік нарықтық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы
тауардың пайдалылығын субъективтік бағалауларының нәтижесі болып табылады.
Қорытынды мынау: маркстік еңбектік құн теориясы және шекті пайдалылық
теориясы бір-біріне қарсы, қайшылықта емес олар бірін-бірі толықтырады.
Егер біріншіде, еңбектік шығындарға сәйкес жасалатын құнға басты назар
аударылған болса, екіншіде теориялық бағыттан өндірістін, негізгі
факторларын - еңбекті, капиталды, жерді және т.б. неғұрлым тиімді
пайдалану, барынша терең дәлелденген.

1.2 Тауарлық қатнастардың дамыған формасы

Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн
теориялары болып табылады.
Тұтыну бағалылығы — Бұл заттың пайдалылығы, адамның қандай болмасын
қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы бір өнім
басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.
Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған
сәйкес, тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен
және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Егер еңбек әрекеттерінің
карқындылығын тұрақты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған
қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің
тұтыну құны оларды бір-бірінен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.
Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын алады
және олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі-кеш
құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну
құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз
қабылдайық — дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік: тауардың құнның
қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек
уақыты құрайды. Әр қоғам осы қажетті уақытты реттеу үшін өзіне тән
механизмдер қолданады. Мысалы, классикалық капитализм тұсында тауарды
өндіруге керек кажетті уақыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.
Өнімдердің көп түрлі болуы, олардын, әр қайсысының тұтыну
бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр-түрге бөлінуінен,
олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан
туады. Тауардың тұтыну құнның өндіруге қажет операциялардың нақты жиынтығы,
нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы
күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау
бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған еңбектің саны жағынан
ғана айырмашылық. болады: біреу көбірек, біреу азырақ еңбек жұмсайды.
Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы
еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстракты еңбек деген
түсінікті құрайды.
Сонымен, тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процесс:
нақты және абстрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың
тұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек — құнның құрайды.
Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді
қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.
Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық
игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі
бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.
Адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада
болады: мол шамада, сирек шамада. Мол игіліктермен экономикалық теория
айналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын
игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының
субъективтік бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік
бағалау немесе игіліктің бағалылығы, бір жақтан, игіліктің пайдалылық
дәрежесімен, екінші жақтан, оның сиректігімен белгіленеді.
Егер белгілі бір игіліктің қоры болса, осы қордың көлемі, оның
сиректігінің дәрежесін көрсетеді, ал оның қажеттіліктерді қанағаттандыра
алатын кабілеті — оның пайдалылығын көрсетеді.
Игіліктердің көбі бөлінеді. Сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және
қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі бір игіліктің үш
бөлшегі бар делік. Енді осы қажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан жағынан
көрсетуге болады. Ол 10-ға тең дейік. Енді өндіруші осы игіліктің корының
бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктің әр бөлшегінің пайдалылығы
қажеттіліктің карқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші бөлшектің
пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.
Бірінші бөлшекті тұтынғаннан соң, қажсттілік аздап қанағаттандырылады
және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің
екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тен. болады.
Игіліктің ақырғы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең. Өндірушінің
қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп
аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген болса, тұтынушы
игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің
бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша,
игіліктің жалпы экономикалық бағалылығын табу үшін, шекті пайдалылықты
игіліктің белшектерінің санына көбейту керек.
Жалпы қорытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың
негізінде, осы өнімді өндіруге қажет тиімді технология тандап алынады.
Осы сияқты еңбектік теория тек технологияны ғана емес, осымен қатар
өнімді де, тіпті экономиканың басқа да параметрін ретке келтіруге мүмкіндік
береді.
Нақты еңбек (технология) абстракты енбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын
талап етеді. Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны
және құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну
құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Ал өнімнің құны абстракты
еңбектің шығынының қажетті көлемін қалпына келтіреді. Егер осы тізбекте
үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек,
немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны
тұрақты түрде құнға айналып және керісінше болып отырады.
Таңдандыратын мына жағдай. (Экономикалық жүйе біреу. Осы жүйені сан
жағынан сипаттап түсіндіретін құн теорясы екен. Сонда осы екі теорияның
біреуі қате болғаны ма?
Олай емес. Бұлардың әрқайсын дұрыс және дұрыс емес деуге болады. Олар
сыңаржақты. Бұлар шаруашылықты әр түрлі жағынан сипаттайды. Әрқайсы өз
тұрғысын қамтиды, басқада тұрғы барын ескермейді. Сондықтан, құн
теориясының даму болашағы осы екі варианттың ғылыми синтезімен байланысты
деп тұжырымдағымыз келеді. Құнның қозғалысы объективтік және субъективтік
процестерді біріктіріп ие болатын біртұтас процесс. Сондықтан еңбектің
объективтік шығындары да және субъективтік шекті пайдалылықта, жалғыз ғана
құнның құрылу процесінің көрініс формалары болып табылады.
Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға беріліп кетіп,
тұтынумен жетімсіз есептескен.
Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын
объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін
дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін
субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады.
Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып, бар
назарын тұтынуға аударған. Бұл түрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық
теориясының сыңаржақтылығын жояды, оны толықтырады. Шекгі пайдалылық
теориясы субъективтік бағалаудын, неге басқаша емес осылай болып
калыптасуын дәлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік
бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды.

ІІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРЫ

2.1 Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары

Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар
айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен
байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып
отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда (сан келісімінде) басқа
тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму
сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген.
Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың Бұл сатысына
құнның жәй, кездей-соқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір
тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген.
Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге
көмектесетін жалғыз тауардың білініп шығуының қажеттігі пайда болды.
Ақшаның арнайы, тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр
географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды — егіншілерде бидай, малшы
тайпаларда мал, аңшыларда терілер, т.б. Өкінішке орай, осы тауарлар барша
территорияларда қызмет ете алмады, олар кең тарамады. Айырбастың кездейсоқ
процесі айырбас эволюциясында ауқымды қадам жасауға мәжбүр етті. Түбінде
тауар қатынастарының дамуы, ақшаның ролін асыл металдарға: алтынға, күміске
жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері — бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге
болатындығы, ықшамдылығы, қолайлылығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан
асыл металдар осы ролді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп
бірлігін оның салмағы атқаратын болды.
Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектерше оның
салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай қуландырған алтын, күміс
кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарында монета
заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста
қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және
сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай,
тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.
Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама айырбас құралының
рөлі тән болып кеткен, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.
Ақша айналымының әр алуан типтері болады. Оның осы немесе басқа типі
ақша айналымының даму дәрежесін ғана көрсетіп қоймайды. Ол қоғам дамуының
кемелденген дәрежесінде көрсетеді. Ақшаның мәні, оның атқаратын
қызметтерінен көрінеді. Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері,
ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып, оның құн өлшеуші, қазына жинау
құралы және дүние жүзілік ақшалар қызметтерін атқаратынына назар аударады.
Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо
ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал
басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген,
К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын
дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік
қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карл Маркстың экономикалық ілімі
Құн және қосымша құн теориясы
Пайданы есептеу түрлері
Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні
Экономикалық теория қызметі
Капитал және пайда
Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
Марксистік философия тарихы
Маркстік философия туралы
Пайда түрлерінің өзгеру теориялары
Пәндер