Әлеуметтік саясат



Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі- жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды- әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар ,жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру
Пайдаланған әдебиеттер

1. «Оңтүстік Қазақстан» газеті 2008 ж наурыз
2. «Егемен Қазақстан» газеті 2008 ж ақпан
3. « Экономикалық саясат» лекциялар жинағы
4. «мемлекет және құқық негіздері »
5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы –Астана,2008 ж 6- ақпан

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік саясат

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік-
экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы
экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады.
Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық
дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның
барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан,
әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді. Егер
экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек
өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік
тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі
әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде
анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу
туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне
өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше.
Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен
кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай
қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат
жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру;
жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы
әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір
маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат
алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол
табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы
екі жолмен шешуге болады. Біріншісі- жұмыкер денсаулығынан келтірілген
зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ
уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды- әлеуметтік сақтадыруды таңдаған
дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға
материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-
ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу
жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар ,жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер
көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік
қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын
мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың
қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып
қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша
және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандыру мен, аналар мен
балаларға қамқорлық жасау мен, азаматтарды сауықтырудың профилактикадан
өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды
құралдаы ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты
мемлекет жүргізіп және қолдап отырғаны белгілі бір әлеуметтік –
экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және
халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда.
Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам
деңгейінде әлеуметтік қрғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен
нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң
жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс әртүрлі әлеуметтік
топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. әлеуметтік
нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) тұрғындардың
барлығына ортақ әлеуметтік- эономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік
қоғаулар; 2)қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен
қамтылғандар мен уақытша жұмысыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен
қоғау шаралары; 3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын
және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары.
Нақты алғанда- бұлар: мемлекет тарапынан кепілдік беретін және анықталып,
заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен
әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері. Нарықтық
шаруашылық субъектілерінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың және қарапайым
қоғам мүшелерінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайтын, оларды
қылмыстық элементтерідің озбырлығынан арашалайтын, бюрократиялық
кедергілерге тосқауыл қойып, іскерлік пен белсенділікке жол ашатын заңдар
жүйесі өткен үш жыл ішінде (2001-2003 жж.) толық жасалып,қабылданған
болатын. Нақты айтқанда, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы
реформасының жаңа стратегиясына өту басталды. Қазақстанда зейнетақымен
қамсыздандырудың көп сатылы жүйесі қалыптасуда. Ендігі уақытта болашақ
зейнетақының қалыптасу жауапкершілігі негізінен азаматтардың өздеріне және
жұмыспен қамтамасыз етуші әсіпорындарға (жұмыс берушілерге) ауысады.
Қазақстанда қабылданған зейнетақы реформасы дамыған Батыс елдерінің
өзінде әлі толық енгізілмеген, бірақ оның қажеттілігі толық мойындалып
отырған, өте күделі де түпкілікті (радикалды) реформа екенін атап айту
қажет. Бұл реформаның түпкіліктілігі оның нарық принциптеріне
негізделгенінде жатыр. Біріншіден, әрбір жеке адам табысының 10%-ын ай
сайын таңдаған Зейнетақы қорына аударып отырады. Яғни, зейнетақымен
қамсыздандыру негізінен жұмыскердің жеке өзіне оның тапқан табысына
тікелей байланысты болмақ. Екіншіден, зйнетақы қорында жиналған қаражат
капитал нарығында айналымға шығып, иесіне девидент түрінде табыс түсіретін
болады. Зейнетақы қорлары және ондағы жиналған қаражат капиталға айналып,
капитал нарығының құрамдас бір бөлігін құрайтын болады. Үшіншіден.
зейнетақы қорлары несие беруші инситут ретінде қызмет атқаратың болады.
Төртіншіден. Зейнетақы қорларында жиналған қаражат өндірісте капитал
ретінде пайдаланып, ұлттық шаруашылық ішкі инвестициялық және даму
мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде бір ғана ҚР
Ұлттық банкі жанында құрылған зейнетақы қорында 16 млрд. теңгеге жуық
қаржы жиналыпты. Қазақстанда осы Мемлекеттік қордан басқа оннан артық
тәуелсіз акционерлік және жеке меншік зейнетақы қорлары құрылған. Олардың
ішінде ең үлкені Қазақстанның Халық банкі жанында ашылған зейнетақы қоры:
салым салушылардың саны 251 мың адам, тартылған қаржы соиасы 413 млн теңге.
Осы қордың құрылтайшы- компаниялар: Қазақстан темір жолы, Қазақ-ойл,
Қаз ТрансОйл, KEGOC, Қазақстанның Халық Банкі. Мамандардың
бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50 пайызы, зейнеткерлердің 30
пайызы осы күндері қосымша табыс табу мақсатыда қосымша еңбектенуге мәжбүр
екен. Ауыл шаруашылығы сласы мамандарына қазіргі белгіленген зейнетақы
мөлшерінің төмендігі, ол үкімет тарапынан көбейтіліп жатқанымен, үстіндегі
қосымшаны қазіргі қымбатшылықтың, ақшаның құнсыздануының жойып жіберетіні
тағы бір өзекті мәселелердің бірі.
Кез келген мемлекеттің міндеті халықты жұмыспен қамтамасыз ету және
тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту екені белгілі. Қазақстанда 2000
және 2001-2003 жылдарға арналған тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудің
ұзақ мерзімдік бағдарламасы жасалып,Үкіметке ұсынылған. Халықты еңбекпен
қамту саясатының негізгі бағыттары былай анықталған:
1. Еңбек және әлеуметтік Заң шығару жүйесін толықтыру және
нақтылай түсу арқылы еңбек қатынастары мен еңбекпен қамтамасыз
етудің құқықтық реттеу жүесін жетілдіру;
2. Жұмыстан шығып қалған азаматтардың қайтадан жұмысқа тұруына
көмектесу ;
3. Жаңа жұмыс орындарының құрылуын қолдау және жеке кәсіпкерліктің
дамуына көмектесу;
4. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.

Еліміздегі әлуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан
бастап,мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және
әлеуметтік қамсыздандыруа арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды.
Біздің 5 млн. астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен
қамтылып отыр.Бұл көрсеткіш осыдан 5 жыл бұрынғыға қарағанда 2 есеге
артық. Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз.
Халықтың зейнет ақылық жнақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлем
1,1 триллион теңгеден асып түсті.Әлеуметтік инфра құрылым нығайып
отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық
сақтау нысаны салынды. Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол
жеткіздік. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында
өткен 3 жыл ішінде 18 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға
берілді, бұл біздің жоспарымыздағыдан 2,2 млн.шаршы метрге артық. Білім
беру саласының басты міндеті- 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту
жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындаий отырып, осы саланың саплы
қызмет көрсету аясын кеңейту. Еліміздің әлеуметтік ахуалын жақсарту
мақсатында мынадай бағдарламалар жоспарланған:
ОҚО денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың 2008-2010 жж. арналған
өңірлік бағдарламасы;
ОҚО білім беру жүесінің дамытудың 2008-2010 жж. арналған өңірлік
бағдарламасы.
ОҚО тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жж. арналған өңірлік
бағдарламасы;
ОҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж. арналған өңірлік
бағдарламасы;
ОҚО халқын әлеуметтік қорқау мен жұмыспен қамтудың 2006-2008 жж. арналған
өңірлік бағдарламасы;
ОҚО елді мекендерін сапалы ауз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жж.
арналған өңірлік Таза су бағдарламасы;
ОҚО мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жж. арналған өңірлік бағдарламасы;
Білім
1) Білім және ғылым министірлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға
және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді
инфроқұрылымын жасауды аяқтайтын болсын. Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы
орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
2)Үкметке,мемлекеттік холденктерге облыстардың Астана және Алматы
қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді
одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп,іске асыруды тапсырамын.
3)Үкімет тілдердің үш тұғырлылығымәдени жобасын іске асыруды
жеделдету тиіс. Бүкіл қоғамызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажет.
Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендірді үнемі жеңіп
алатын бір-екі баспа ғана бар.Сонда оқулықтардың сапасын арттыру үшін
қандай бәсекелестік болмақ.Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын
көтермейді.Олар адамдарды қазақ тілін үиренуге үиренуге емес-қазақ
тілінен қашуға итермелейді.Осы салаға жауапты тиісті оргндар нақты
шешім қаюылдауы тиіс.
4)Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтаматсыз
етуде бетбұрыс жасала қойған жоқ.Үкімет пен әкімдер барлық жерде
бұқл проблеманы терен зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін
әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса
назар аударған жөн.Және бұл сатыны оладың шығармашылық және
интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен
қамтаматсыз ету қажет.Әр балалардың білім алуға еңбекке және
қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатнасы нақ осы кезеңде қаланатынын
естен шығармауымыз керек.
Денсаулық. Бүгінгі күнгі біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы
заманғы Қазақыстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл-
денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы
инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көсетуді
ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды.
1) Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі
жұмысты жандандыруы қажет. Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық
сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.

2) Ауруды емдеден гөрі оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала
отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу
арқылы алдын ала диагностика жүргіжу, ауруда анықтау мен емдеу сияқты
қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.денсаулық
сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау
жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек.
3)Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырып
ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина
қызметкерін қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертефикаттау мен
лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді
тапсырамын.
Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында грандтар мен Болашақ
бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбету қажет.
4)Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге
әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып,
белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикалардың құруға қажетті
инвестиция тарту қажет.
5) дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық
шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы
мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Әкімдер жаңа стадиондар мен
спорт кешендерін, балаларға арналған және басмқа спорт алаңдарын салу мен
ескілерін жаңарту бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзаруына
жағдай жасау қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Саясат тарихы
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Құқық және саясат
Саясат субъектілерінің сипаты
Орта деңгей теориясы
Экономикалық саясаттың қалыптасуы
Саясат тарихы жайлы ақпарат
Пәндер