Тіл, рух туралы түсініктеме



І. АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

ІІ. КІРІСПЕ

2.1. Тіл, рух туралы түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6

ІІІ. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨКЕЙТЕСТІЛІГІ ... ... ... 7

ІҮ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

4.1. Қазақ тарихының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 8.9
4.2. Қазақ жазуының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
4.3. «Алып Ер Тоңға» (Афрасиаб) жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
4.4. Қазақ тілінің жаңа кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.19

Ү. ҚОРЫТЫНДЫ

5.1. Жаһандану кезіндегі тіл мен рухтың байланысы ... ... ... 20

ҮІ. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Ұлттық рух – ұлтты топтастыратын нақтылы да, белсенді күш. Әрбір ұлт өз алдында нақты мақсат қойғанда ғана оң нәтижеге келеді.
Ұлттық рухтың алуан түрлі астарлары мен бөлшектері бар. Солардың қатарынан ең маңыздылары: тіл, діл, дін. Өз тілін жете меңгермеген, өзгеден ерекшелейтін ділінен хабары жоқ, жүрегінде иманы болмаған жанда бас көтерер рухтың болуы екі талай.
Ұлттық рух дегеніміз өзінің кемшіліктерін, қорқыныштарын, өзін-өзі жеңіп шыққан халық батырларының халқы үшін ерлікке, тәуекелге бастайтын асқақтаған еркі.
Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл мәселелер туралы айтқанда, сана төрінен орын алар ең киелі ұғым – тіл. Тілдің мемлекеттік мәртебесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз ету – сол тілді «мемлекеттік тіл» деп жариялаған, мойындаған елдің міндеті.
1. Тіл және қоғам. 2004-№2. 12-15 б.
2. Жас қазақ үні. 2005-19-12желтоқсан
3. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. Алматы. Санат баспасы. 1998ж. 3-54б
4. Келімбетов Н. Көркем дәстүр жалғастығы. Астана-2000ж. 5-38б.
5. Иембердиев Қ., Тіл мәртебесі – ел мәртебесі,Тараз-2003, 3-54б.
6. Исаев Б.,Ұрпақтар бірлігі – ұлы күш, Алматы 1999, 49-52; 75-83б.
7. Қыраубайқызы А. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. Мектеп баспасы. 2002ж. 11-13б.
8. Шаханов М.. Эверестке шығу. Алматы. Атамұра баспасы 2003ж.44-49б.
9. Негимов С. Шешендік өнер. Алматы. Ана тілі баспасы. 1997ж. 100-154б.
10. Көмекова Р. Ұлт туралы ойлағанда. Алматы. Шартарап баспасы. 1998ж. 5-129б.
11. Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы //Зерттеулер// Алматы. Білім баспасы. 1996ж. 299-300б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 3-4

ІІ. КІРІСПЕ

2.1. Тіл, рух туралы
түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6

ІІІ. Зерттеу жұмысының көкейтестілігі ... ... ... 7

ІҮ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

4.1. Қазақ тарихының қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...8-9
4.2. Қазақ жазуының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..10
4.3. Алып Ер Тоңға (Афрасиаб)
жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-12
4.4. Қазақ тілінің жаңа
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12-19

Ү. ҚОРЫТЫНДЫ

5.1. Жаһандану кезіндегі тіл мен рухтың байланысы ... ... ... 20

ҮІ. ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҮІІ. БАҚЫЛАУ
КҮНДЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .22
ҮІІІ.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23-27

КІРІСПЕ

. Тіл, рух туралы түсініктеме

Ұлттық рух – ұлтты топтастыратын нақтылы да, белсенді күш. Әрбір ұлт
өз алдында нақты мақсат қойғанда ғана оң нәтижеге келеді.
Ұлттық рухтың алуан түрлі астарлары мен бөлшектері бар. Солардың
қатарынан ең маңыздылары: тіл, діл, дін. Өз тілін жете меңгермеген, өзгеден
ерекшелейтін ділінен хабары жоқ, жүрегінде иманы болмаған жанда бас
көтерер рухтың болуы екі талай.
Ұлттық рух дегеніміз өзінің кемшіліктерін, қорқыныштарын, өзін-өзі
жеңіп шыққан халық батырларының халқы үшін ерлікке, тәуекелге бастайтын
асқақтаған еркі.
Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел
өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін
сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады.
Сондықтан бұл мәселелер туралы айтқанда, сана төрінен орын алар ең киелі
ұғым – тіл. Тілдің мемлекеттік мәртебесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде
қамтамасыз ету – сол тілді мемлекеттік тіл деп жариялаған, мойындаған
елдің міндеті.
Қазіргі кезде қазақ еліне рухтандыратын сөз керек. Осы он бес жылдың
ішінде көтеріле алмай отыруымыздың басты себебі ұлттық рухымыздың көтеріле
алмай отырғанынан болса керек. Абай Өмір адамға жетіліп, даму үшін
беріледі дейді. Абайдың айтуынша, біз дүниеге келген уақытша тән емес,
мәңгілік келген жанбыз. Ал, жанның түпкі негізі рух болғандықтан, оның
мекені де рухани әлем екендігін айтқан болатын.
Жалпы рух дегеніміз – адамгершіліктің, ізгіліктің, қайырымдылықтың,
әділеттіліктің, білімділіктің, дарындылықтың ең жоғарғы қосындысы.
Сонымен қатар ана тілі де адам баласына табиғат ананың берген үлкен
сыйы. Ол халықтың ар-намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады.
Сондықтан А.Байтұрсынов: Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады - деп өсиет
қалдырған. Ана сүтін ақтау баршаға парыз, ана тілін дамыту ұрпаққа парыз.
Түріктанушылар өткен ғасырда түркі тілдерінің ішінде ең таза, әрі бай,
бейнелісі біздің ана тіліміз - қазақ тілі деген.
Бүгінгі күнде рухани дүниенің түрі осы заманға сай әдістермен әлемдік
деңгейде жасалып, мазмұны, рухы нағыз ұлттық болуы тиіс.
Ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш деген тәуелсіз халыққа дем беретін,
рухты нығайтатын күш. Ертеңгі күні қазақ ұлтының рухын қорғаушылар, ұлтын
жақсы көрушілер, ұлтының кейпін, бейнесін, зердесін, санасын сақтап қалу
үшін күресушілер, басқа ұлтты жек көрмей, сыйлай отырып, өз ұлтына тірек
болатын азаматтар қазіргі жастар, яғни бізбіз. Ұлттық идеология
мәдениетімізді сақтап қалу үшін аянбай қызмет ету біздің ата –
бабаларымыздың алдындағы, тіпті өмірдегі азаматтық борышымыз.
Ездігіңе шыдамаймын, тарт ары,
Қайда барсаң мөлтең қағып,
Тұратұғын қорланып.
Бір адамда, бір халықта, бір ұлтта,
Басты шарт – болу керек
Ең алдымен өр РУХ!
деп ақындарымыз жырлағандай, ұлттық рухын биік ұстап, салы суға кетіп,
еңсесін түсірмеген, ар-намысына жалау ілдірген халықпыз
Рухани өмірімізде қазақ елін мазасыздандыратын нәрсе – тіліміз.
Әрбір ұлттың өркен жаяр ордасы, табан тірер тұғыры – мемлекеттік тіл.
Тіл-адам болмысының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл-ойы, мінез-құлығы,
жалпы рухани жан-дүниесі танылады. Тіл-адамның барлық саналы әрекетінің
құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуында тіл маңызды
рөл атқарады. Тіл -өте күрделі, көп қырлы, сан сапалы құбылыс. Ең алдымен,
ол белгілі бір адамдар қауымында қарым – қатынас жасауды жүзеге асыру үшін
табиғи жолмен пайда болған өзіндік ерекше көне таңбалар жүйесі. Тіл –
сонымен бір мезгілде адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі
дамытушы, ерік – жігерін, сезімін білдіруші, мәдени – тарихи дәстүрлерін
ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші құрал.
Тілдің нақты бір ұлттың, халықтың тілі және жалпы адамзат тілі
деген ұғымдар бар. Адамзат тілі ұғымына жан-жануарлардың тілі деген
ұғымды қарама қарсы қоюға болады. Тілдің сондай-ақ ым тілі, машина тілі,
өнер тілі дегендей тағы басқа ұғым – түсініктер және олардың әр қайсысының
өз ішіне қамтитын өзіндік мазмұн – мағыналары болады. Тілдің материалдық
және мағыналық жақтары болады. Тілдің өзіндік даму барысында ру тілі, тайпа
тілі, ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл дәуірлерін басынан кешіреді. Тіл
дегеннен, сонымен қатар адамдардың өмірінің әр саласындағы қолданыс
қызметі де түсініледі. Мысалы, жазба тіл, ауызекі сөйлеу тілі, газет тілі,
көркем әдебиет тілі тағы басқа. Бұл тұғырда тіл, сөз және стиль
ұғымдарын беріп, солармен бір мәнде қолданылады.
Тіл – ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Өйткені тіл арқылы сол
ұлттың сыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақ
тілінде қазақтың сайран даласы, біресе, құйындай екпінді тарихы, сар далада
үделес көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын, сабырлы мінезі - бәрі көрініп
тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің
ішінде қазақ тілінен бай, оралымды тіл жоқ.
Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық
та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік.
Ана тілім – бабам тілім, қасиетім, қанатым,
Ғұмыр бойы бас иетін ар-ожданым, санатым,
Мың азаптан, мың тозақтан еңсе бүкпей өтіп ең.
Мұң дөңбекшіп өзегінде,
Жаһандану кезеңінде,
Рухсыздар шыққан шақта белсенді боп шетінен,
Жойылуға бет алдың ба ұлы жердің бетінен?
Мына мүшкіл халің бүгін ұлт намысын қорлаған
Тіпті Колбин кезінде де тілден жеру болмаған,-
деп Мұхтар Шаханов айтқандай қазіргі кезде ана тілімізді шұбарлатып, орысша
сөйлейтін азаматтар көп кездеседі.
Зерттеу бөлімі

3.1. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы
ретінде, ежелгі сақ, үйсін және қаңылы тайпаларынан басталады. Орта
ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған
түркі тілдерінің тобына кіреді.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі
заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан1930 жылға дейін араб жазу
таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді.
1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеміз.
Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, кезінде қазақ халқын социализм
сатысына тезірек бейімдейміз деген желеумен 1926 жылы Кіші тәркілеу, 1928
жылы Ұлы тәркілеу елімізде өзінің қара дағын қалдырды. Бұдан кейін
бетімізді өрт шарпып, Голощекиннің Кіші Қазан орнатуы, қазақ ауылына
мүйіз бен тұяқ салығын салу, таптық жікке мойынсұндыру – ұлттық-мәдени салт-
дәстүріміздің құрылымының шаңырағын қиратып, уығын сындырды. Сайып
келгенде, жергілікті қазақтар өзінің табиғи даму үрдісі шайқалақтап,
империялық идеологияның ықпалымен күйгелек, жалтақ мінезге көшкендігі де
жасырын емес.
Қазақ тілі – жазба мәдениеті бар тіл.
Ана тіліміздің даму барысында қандай кезеңдерден өткені, қай бағытқа
қарай бет бұрғаны, әлемдік мәдениетпен қандай тілдік байланыста болғаны
байырғы жазба ескерткіштердің тілдік деректерімен салыстыру арқылы
айқындалады.
Түркі тілдерінің көбіне ортақ болып табылатын аса маңызды тарихи жазба
мұралары негізінен үш дәуірге бөлінеді:
1. Көне түркі дәуірі (ІІІ, Ү-ҮІІІ ғасырлар). Бұдан мың жарым, екі мың жыл
бұрынғы көне түркі жазуымен тасқа жазылған жазба дүниелердің
түркітану, шығыстану ғылымында тілдік, тарихи, мәдени маңызы
айырықша. Әсіресе Ү-ҮІІІ ғасырлардағы Талас, Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері түркі мәдениетінің биік деңгейде болғанын көрсетеді.
Көне түркі дәуіріне жататын жазба мұраларға түркі қағанатының
(мемлекетінің) ел құраған қайраткерлері мен ел қорғаған қолбасшылары
Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін, Мойынчордың басына қойылған
ескерткіштегі жазба мұралары жатады.
Аталмыш ескерткіштерде қазіргі түркі тілінде, оның ішінде қазақ
тілінде қолданылатын көптеген сөз, жер-су атаулары, аспан денелері, кісі
есімдері тәрізді ономастикалық атаулар молынан ұшырасады.
2. Орта түркі дәуірі. Бұл дәуір екі кезеңнен тұрады: Қараханид және
Алтын Орда кезеңі.
Қараханид кезеңі. Аталмыш кезеңдерде араб мәдениеттің көш басында
болып, ғылым мен білімнің, әдебиет пен өнердің, ізгілік пен даналықтың
өрістеуіне жол ашып, соны серпін береді. Ғылымның жаратылыстану, медицина,
философия, т.б. салалары ерекше дамыды. Әлем әдебиетінің інжу-маржаны
саналатын көркем туындылар мен философиялық трактаттар дүниеге келді.
Отырардан шыққан отандасымыз ғұлама ғалым әл-Фараби ғылымның жарық жұлдызы
болды.
Араб мәдениеті мен тығыз байланысты бұл кезеңнің ерекшеліктерін
сипаттайтын жазба дүниелерге Жүсіп Баласағұнидың Құтадғу білік (Құтты
білік) поэмасы, Махмұт Қашқаридың Диуани лұғати-ат-түрік (Түркі сөзінің
жинағы) түркі тілдерінің салыстырма сөздігі, Ахмет Йүгінекидің һибит-уль-
хакаик(Ақиқат сыйы) атты еңбегі, Қожа Ахмет Йасауидің Диуани хикмет
(Даналық кітабы) атты шығармалар жатады. Мерзімі жағынан бұл кезең Х-ХІІ
ғасырларды қамтиды.
Алтын Орда кезеңі. Аталмыш кездегі тілдік ерекшеліктерді көрсететін
Хорезмидің Мұххабатнамесі, Құтба ақынның Хұсрау-Шырыны, Сайф Сарайидың
Гүлстанбит түркиі (Түрік тіліндегі Гүлстан), Рабғузидің Қисса-сул
әнбиясы, қыпшақ жазбаларының бірі – Кодекс куманикус сөздігі жатады. Бұл
кезең мерзімдік жағынан ХІІ-ХҮ ғасырларды қамтиды.
Бұл кезеңдегі көркем туындылардың ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ жыраулары
мен ақындарының сөз байлығы мен тіл өрнегіне ерекше әсер етті. Бұл
кезеңдегі жазба туындылар, сондай-ақ қазақ қоғамындағы араб әліпбиіне
негізделген ескіше жазба тілдің қалыптасуына игі әсерін тигізді. ХҮ
ғасырлардан бастау алатын қазақтың ескі жазба тілі ХХ ғасырдың басына дейін
қолданылып келеді де, халықтық негізіндегі жазба тілмен ұласып кетті.
2. Жаңа түркі дәуірі – ХҮ ғасырдан қазірге дейін. Жаңа түркі дәуірінің
бастапқы кезеңінде (ХІҮ-ХҮғғ.) көптеген түркі этностары тайпалық
одақтар мен ру-тайпалық бірлестіктер, мемлекеттілігінің болуымен,
елдікке жетуімен байланысты халық, ұлт болып қалыптаса бастады. Осы
кезеңнің өзінде – ақ қазақ тілінің халық, ұлт тілі ретіндегі бейнесі
айқындала түсті. Алтайдан Атырауға дейінгі күллі қазақ ру-тайпаларының
бәріне ортақ сөздік қоры мен сөздік құрамы, сөйлем жүйелерінің
түрлері, дыбыс құрылысы болады.
Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде қазақ қоғамында араб жазуы қолданыла
бастады. Жазу-сызудың бұл түрі Орта түркі дәуіріндегі, Алтын Орда кезіндегі
жазба ескерткіштер тілін енгізгенде пайда болды және сол кезеңдердің емле
үлгісімен жазылды. Яғни халық тілінің, сөйлеу тілінің дыбыс жүйесіне
негізделмеген болатын. Лексикалық жүйесінде жұртшылыққа бейтаныстау араб,
парсы сөзі көп кездесетін. Дегенмен, бертін келе халық тілінің, сөйлеу
тілінің элементтері аталмыш тілдің дыбыс, сөз жүйесіне бірте-бірте ене
бастады. Сөйтіп, біршама халық тілінің дыбыс, сөз ерекшеліктерін
бейнелейтін қолданыстар қалыптасып, жүйелі түрде жұмсала бастады. Осылай
қазақ қоғамында ескі қазақ жазба тілі қалыптасты.

3.2 Қазақ жазуының тарихы
Қазақ сахарасын қоныстанған қазақ елі күні кешегі орыс әліппесін мирас
еткенге дейін үш жазуды қолданып кеді. Олар Ескі Таластан Орхон – Енисей
бойына тарған Орхон (Ү-ІХғғ.), соғдылықтар арқылы жеткен ұйғыр (ІХ-ХҮғғ.)
және араб әрпімен енген жазулар (ХІҮ-ХХғғ.). Түркі қағанатынан кейін мұнда
ұлыстарды біріктіріп, жеке-жеке билік құрған елдер – қыпшақтар (қыпшақ
хандығы, ҮІІІ-ХІғғ.), Қаңлы ордасы, Найман хандығы, Керейт (керей) хандығы,
Қарлұқ хандығы, Қарахан қандығы, Монғол дәуірінен кейін Өзбек, Қазақ
қауымдары.
Орхон, ұйғыр жазуын көп заман бойы қолданған елдер – оғыздар,
қыпшақтар, наймандар, керейлер, меркіттер, өңгіттер (уақ тайпасы). Бергі
кезде олар қазақ ұлысына қосылады. Орхон жазуын бұл өлкеде ең алғаш рет
мәдениет дүниесінің үлесіне айналдырған елдер – ғұндар, үйсіндер,
қаңылылар. Олардың Жетісудан Бұхар хандығымен хат жазысып отырғаны Қытай
тарихында әлденеше рет кезігеді.
Орхон жазуын жақсы меңгерген елдер – оғыз бен қыпшақтар, ертедегі
наймандар, керейлер. Моюн - Чур деп аталған бір тас жазудың көрсетуінше,
Қыпшақтар түрік елін елу жыл басқарып отырған. Олардың тастағы жазуында
айтатын Көк тәңіріде болдым, елімді беш қатар тізілттім, ел алыбымын,
Ертіс, Қазылық көлі, Қара - Жоталық деген жер аттары кезігеді. Бұл
сөздің көбі осы күнге дейін қазақ тілінде ұшырасады. Орхон жазуының
Қазақстанда көп кездесетін жері – Ертістің бас жағы, Жетісу, Талас
өзендерінің бойы.
Кодекс Куманикус - құмандардың (қыпшақтардың) тілінде жазылған діни
мәтіндер (текстер) мен сөздіктер (ХІІІ-ХІҮғғ.). Көлемі – 82 парақ (164
б.)(бірінші бетінде 1303 жыл деген жазу бар). Бұл қолжазба парақтарының
бір кітап боп жиылып, түптелген кезі болса керек, материалдарды ертеден
бері айтылып жүрген сөзден құралған. Еңбектің авторы мен жазылған жері
белгісіз. Соңғы мәліметтерге қарағанда, түпнұсқасы 1294ж. Жазылған да оның
бірінші көшірмесі 1303 ж. жасалған, ол толығымен 1330 ж. көшіріліп біткен.
Ескі қазақ жазба тілі
Арап әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі, шамамен, ХҮ ғасырдан
ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет етті. Ескі қазақ жазба
тілінің үлгілеріне Махамбет Өтемісұлы, Әбілхайыр ханның Ресей патшасы
Елизаветаға жолдаған дипломатиялық жазбаларын, Ш Уәлихановтың хат-
қағаздарының тілі, т.б. жатады. Мүрсейіт қағазға түсірген Абайдың қара сөз
түріндегі шығармаларының тілін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп тануға
болады. Ескі қазақ жазба тілінің нормалары әсіресе ХІХ ғасырдың аяғына
таман сөйлеу тілінің ықпалына көбірек ұшырап, халық тілінің элементтері
жүйелі сипат ала бастады.
Ескі қазақ жазба тілінің сол кездердегі қазақ қоғамы үшін тарихи-
мәдени маңызы аса зор болды. Өйткені ол қоғамдық сананың құқықтық,
ғылымдық, эстетикалық (көркемдік) түрлерін қалыптастыру мен дамытудың
тілдік құралы ретінде жұмсалды. Олай болса, ескі қазақ жазба тілі мәдени
ұлттық тарихымызда ерекше құндылық деп танылуға тиіс.
Алып Ер Тоңға (Афрасиаб)
Көне Түркі дәуіріндегі жазба дүниелерді саралайтын болсақ, Алып Ер
Тоңға дастаны (шамамен 4-6 ғасырлар аралығы) - Тұран патшасы, қолбасшы,
батыр, ежелгі дүние мен ерте орта ғасырлардың түйіскен кезеңіндегі түркі
жұртының ұлы тарихи тұлғасы.
Мемлекеттің іргесін қалаушы – Алып Ер Тоңға (Афрасиаб). Жазуы -
қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі жазуы болған.
Сөйлеу тілі - Алтай тілдік тобынан өрбіген түркі тілі. Далалық өрнектің
айтулы үлгілер-Алтайдағы Пазырық қорғанынан, Алматы түбіндегі Есік
қорғанынан табылған. Қазақстан мен жапсарлас жатқан Иран, Ауғаныстан,
Пәкістан, Үндістан сияқты елдердің өмірінен де сақтардың мәдени – рухани
ықпалының ізін күні бүгінге дейін аңғаруға болады.
Алып Ер Тоңға дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей. Түркілердің
атамекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл
жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын,
қоңды малдарын тартып әкетіп жатады. Сол заманда Тұран елінде арыстандай
айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкәппар Ер Тоңға атты батыр
жігіт бар екен. Ер Тоңға елден көп нөкер жинап, иран әскеріне қарсы
шығады. Тұран мен иран әскері Дехистан деген жерде соғысады. Жап-жасыл дала
енді қып-қызыл қанға боялып кетеді. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері
ойсырап жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңғаны Алып деп атай бастайды. Ер
Тоңғаның батырлығын, ерлігін, рухының биіктігін жауды жеңуінен байқадық.
Енді ол халық алдында Алып Ер Тоңға деп аталады да, Тұран патшасының тағына
отырады.
Алып Ер Тоңға дастанын ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан
ойшылы Жүсіп Хас Хажыб ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мәдениетіміздің өркендеу тетігі – Тіл
Рух және оның табиғаты туралы жекелеген дәлелдер
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі
Платон пікірі
Сопылықтағы Хәл» ілімі
Бұрынғы және кейінгі софистер. Атом және боскеңістік туралы ілім (Левкипп және Демокрит)
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Үнді діні
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Пәндер