Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру



Кіріспе
І.Тарау.
1.1.Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
1.2.Шығыс ойшылдарының эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру туралы түсініктемесі
1.3.Мектептегі эстетикалық мәдениеттің тәрбиелік мәні
ІІ.Тарау. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда бейнелеу өнерінің маңызы

ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөлді эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты эстетикалық талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап етеді. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды зерттеу маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта қазіргі жастардың рухани және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады. Дамыған көркем талғам шын мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті көркем талғамды, қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық қабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
1.Шацкий С.Т. Общие вопросы эстетического воспитания в школе. М.:Педагогика, 1974, c. 1-50.
2.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям.Киев: Радянска школа,1984,288c.
3. Балян А.А. Теория эстетического развития. Ереван, 1980, 134c.
4..Васильева З.И., Нургалиева Г.К. Логико-структурный курс педагогики: Учебное пособие, Алма-Ата: Елимай, 1991, 32 с.
5.Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М.: Педагогика, 1982, 196с.
6.Дайкер А.Ф., Нечитайлова Е.П., Успанов К.С., Сманова Г.Т. Общее и особенное в формировании профессионально значимых качеств учителя. Алма-Ата: КазГПУ им. Абая, 1992, 94с.
7.Талызина Н.Ф. Теоретические основы разработки модели специалиста, М.: Знание, 1986, 108с.
8.Огородников И.Т. Педагогика школы. М.: Просвещение, 1978, 320с.
9. Основы педагогического мастерства. / Под ред. И.А. Зязюна, Киев, 1987, 206с.
10.Верб Э.А. Эстетическая культура личности школьника как педагогическая проблема: Дис. д-р пед. наук, Ростов-на-Дону:Ростовский ГПУ, 1997, 356с.
11.Радюхина Е.И. Формирование эстетической культуры учащихся в системе повышения квалификации: Дис. канд. пед. наук , М.: Институт общего образования, 1997, 105с.
12.Разумный В.А. Эстетическое воспитание: Сущность, формы, методы, М.: Мысль, 1969, 188с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
І.Тарау.
1.1.Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
1.2.Шығыс ойшылдарының эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру туралы
түсініктемесі
1.3.Мектептегі эстетикалық мәдениеттің тәрбиелік мәні
ІІ.Тарау. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда бейнелеу өнерінің маңызы

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта
білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын
оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты
түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше
рөлді эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты
эстетикалық талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап
етеді. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды
зерттеу маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта
қазіргі жастардың рухани және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады.
Дамыған көркем талғам шын мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс
бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық
емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті
көркем талғамды, қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық
қабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы
құрамдаушы болып эстетикалық тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды
факторы - әлемдік және отандық эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз
халқының ғана емес, басқа да халықтардың көркем, көркем-шығармашылық
тәжірибесі – рухани байлықты қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың
тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру
мінезді қалыптастырады, оларсыз не қоғам өмірінің кез келген саласындағы,
оның ішінде ғылыми, педагогика, еңбек, шаруашылық, техника және т.б.
салалардағы, шығармашылық қызмет, не шынайы рухани байлық болмайтын тұлға
қасиеттерін дамытады. Ол адамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге
қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде,
белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін бере алады.
Ұстаздың өнерге эмоционалды-құндылықты қатынас тәжірибесін
жеткілікті мөлшерде тиімсіз табыстауының, оқушылардың эмоционалды және
көркем дамуын ол туралы үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек
қана мектеп оқушысының көркем талғамының басым түрде стихиялы түрде
қалыптасуы ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің белгілі
мөлшерде деформациялануы пайда болады. Сол себепті бастауыш сыныптан бастап
эстетикалық қасиеттердің арасындағы маңыздыларының бірі – көркемдік
талғамын қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие беру, көркем білім беру теориясы мен практикасына
атақты жаңашыл педагогтар С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский үлкен үлес қосты,
сондай-ақ осы мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттелуі О.А. Апраксина , А.А.
Балян, Н.А. Ветлугина, Д.Б. Кабалевский, В.С. Кузин , Б.Т. Лихачев, Н.Н.
Ростовцев, Н.П. Сакулина, А.С. Хворостов, Ю.В. Шаров, В.Н. Шацкая, Е.В.
Шорохов және т.б. секілді ғалымдардың еңбектерінде орын тапқан.
Зерттеушілердің өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесінің бөлек
аспектілерін ғылыми тұрғыдан қарастыруға деген қызығушылығының арту
тенденциясын ерекше атап кеткіміз келеді (З.И. Третьякова, Л.П. Ильенко,
А.Н. Андреюшин, Г.Д. Лихачев, Э.А. Верб, Е.И. Радюхина, В.А. Разумный, И.П.
Волков, М.Г. Плохова, И.В. Арановская , Л.Е. Петункина ).
Л.П. Ильенконың және А.Н. Андреюшиннің ғылыми еңбектерінде
эстетикалық тәрбиенің теориясы жөніндегі зерттеулердің нәтижелері талданып
қорытылған және жүйелендірілген, оны дамытарлық оқыту жағдайларындағы
дамытудың жолдары анықталған.
Г.Д. Лихачевтың зерттеу жұмысында гносеологиялық және әлеуметтік-
мәдени талаптарға жауап беретін эстетикалық сана мен көркем мәдениеттің
арақатынастарының жалпы түрі философиялық тұрғыдан талданған.
Э.А. Верб өз зерттеу жұмысын оқыту процесіндегі жоғары сынып
оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың психологиялық-
педагогикалық шарттары мен технологиясын анықтауға арнап, мектеп оқушысы
тұлғасының эстетикалық мәдениетінің теориялық моделін жасады.
Қазіргі уақытта тұлғаның дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған болашақ ұрпақтың көркем білім алуы мен
эстетикалық тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет. Оқыту процесінде
мәдениетті игеру мұғалімнен оқушыға қарай жүреді. Осыған байланысты
мұғалімдердің жоғары және орта мектептегі мәдениет жетістіктерінің белсенді
жол бастаушы ретіндегі әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі.
Шығармашылықтағы көркем талғамның қалыптасуы тек қана көркем
шеберліктер мен дағдыларды игеруге ғана сайып қоймайды, тұлғаға шынайы өмір
құбылыстарын, қоғамда болып жатқан процестерді іріктеу мен оларға
эстетикалық баға берудің ішкі критериі қызметін атқаратын тұлғаның
қасиеттері мен сапаларының тұтас кешенінің, тұлғаның рухани-адамгершілік
әлеуетінің одан әрі дамуына бағытталуының қалыптасуы болып табылады.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу
мен жоғары мектептегі оқыту процесін толығымен қазіргі заман талаптарына
сай берік ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.
Жоғарыда аталған авторлардың жұмыстарын талдай келе, біз бастауыш сынып
оқушыларының еңбекке баулу сабағында және тәрбие жұмыстарында олардың
эстетикалық және көркем талғамын қалыптастыру саласында жаңа оқыту мен
тәрбие технологияларын барынша іздеу жүріп жатыр деген қорытындыға келеміз.

1.1. Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Эстетикалық тәрбие берудің түрлі теорияларын зерттеу және танысу
барысында біз түрлі дәуірлер теоретиктерінің еңбектің, өнердің ролін
эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құралы ретінде бағалап, оған жастарға
адамгершілік тәрбие беру жүйесінде ерекше орын бөлгендігін аңғардық.
Эстетикалық тәрбиедегі қол өнердің айрықша ролі оның шынайылықты
эстетикалық игеру әдісінің, эстетикалық әрекеттің жоғарғы нысаны болып
табылатындығымен түсіндіріледі. Сол себептен өнер, қай ғасырда болмасын,
қоғамдық өмірде маңызды орынға ие болды.
Философиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ “эстетика” деген сөздің
өзіне былайша түсініктер берген. “Эстетика”-көркемдік таным теориясы,
әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа
эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау,
сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал,”эстетикалық” дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің
сөзі, оның тікелей аудармасы “сезінушілік” (чувственное) дегенді білдіреді:
Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы – бұл адамдардың сезінуі.
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама
ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды “көркемдікке
тәрбиелеу” деген ұғыммен қатар алып жүрміз.
“Көркемдікке тәрбиелеу” дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген
сөз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз – Ильишаның айтуы бойынша өнердегі,
табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу
деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара пар
емес оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.
Батыстың белгілі философы И.Кант (1724-1804) “Прекрасное есть символ
нравственного, бодрого и только принимая это во внимание, оно нравится”
деген еді. Ғұлама бұл жерде этикалық тәрбие адамның эстетикалық тыныс –
тіршілігімен байланысты деп тұр емес пе? Этика мен эстетика бір-бірінсіз
өмір сүре алмайтыны шындық. Ал бұл екеуінен де жұрдай, не бұлары бір-
бірімен қиыспайтын адам бұрын да болған, қазір де бар. Эстетикалық талғамды
тәрбиелеу – адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем
сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға
шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам
осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз
болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғамнан эстетикалық ұғымды ажырата
білу ләзім. Эстетикалық талғам – адамның түрлі өнер салаларынан алған
түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің
жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Эстетикалық (сұлулық) тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына
және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, біздер төменгі сынып
оқушыларын шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып қайран
қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің
жан-жүйесінің нәзік жақтарына көңіл қоя білмейтіні шығарманың көркемдік
мәнін түсіне бермейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл
аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда
құйқылжытып жылдам орындалатын әуездерді ұнататыны байқалса, жоғары
сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу
шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны
белгілі.Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.
1.2.Шығыс ойшылдарының эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру туралы
түсініктемесі
Шығыс ойшылдары, философиялық ой толғап, әсемдік, эстетикалық және
адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша пікірталастар жүргізген.
Олардың әсемдік, адамгершілік туралы этикалық және эстетикалық көзқарастары
мен идеялары тұлғаны барлық жас сатыларындағы тәрбиелеу мәселелерін
қамтитын. Шығыстың ұлы ойшылы Фараби оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы
туралы, сөз арқылы оқытудың қажеттілігі туралы, әрекет арқылы, білімдердің
негізінде тәрбие беру туралы ой-пікірін айтқан. Ол түрлі ойлау операциялары
арқылы рационалды интеллетуалды білім беру мен рухани даму процесі жүреді,
ал алынған білімдерді шығармашылық тұрғыдан қолдану қажет деп айтқан еді.
Ойлау мен сөйлеуді дамыту, сондай-ақ қатынасқа рухани әлемді
қалыптастырудың маңызды факторы ретінде ерекше маңыз беретін. Бируни
мақсаттылықты, дәйектілікті, жүйелілікті, көрнекілікті білім және тәрбие
берудегі жетекші принцип деп таныған. Ол білім алу мен оны басқаларға
табыстау –адам үшін бақыт, ақиқат ләззат деп айтатын. Ақиқатты іздеу таным
әдісі ретінде тәжірибе арқылы жүреді. Ибн-Сина ойлау, эстетикалық және
адамгершілік тәрбиені бірлікте жүзеге асыруға шақырды. Балаларда өнерді
түйсініп, оған ләззаттану (тиісті дайындық пен белгілі тәрбие болған
жағдайда) қабілетін жетілдіру қажеттілігі туралы ой толғады. Зарнуджи
ғылымдарды зерттеуге деген саналы ықыластың қажеттілігін, дербес алынған
білімдер басымдылығын мойындаған. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие беруді
оңай қол жеткізу мен түсініктілік принциптеріне негіздеп құрып, оқу
материалын біртіндеп күрделілендіру қажет деп, әңгімелер мен сұхбаттарға
үлкен роль бөлді. Бердах балалардың жан-жақты дамуын қолдады, тұлғаның
жетілуі, тәрбие объектісін жан-жақты зерттеу туралы сөз қозғады. Өнерге
үлкен көңіл бөлуге, оның ұлы қуатын ұмытпауға шақырды. Авлони де
білімдерге адамды жоғары мәдениет әлеміне ендіретін жоғары қасиеті ретінде
үлкен көңіл бөлді. Ол мұғалім тәрбиеленуші үшін жауапты, сондай-ақ ол өз
пәнін жақсы біліп, сабақтарды тәжірибемен байланыстырып, өмірдегі
мысалдарды келтіру керек деп айтатын. Айни әсемдікті, сұлулықты тамашалауға
шақырды. Ол тәрбие берудегі үлкен ролді әдебиет пен өнерге жатқызды
[10;76].
Эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар принципиалды философиялық-
этикалық және психологиялық-педагогтық бастапқы ережелерге негізделеді.
Эстетикалық тәрбие теориясының аса маңызды методологиялық алғышарттарының
бірі – бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа бағытталған
педагогикалық ықпал етудің жетекші ролі туралы ереже. Эстетикалық тәрбие
теориясының келесі ережесі адам үшін сұлулық құбылыстарының: асқақтықтың,
әсемдіктің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен рухани құндылығын мойындаудан
тұрады.
Осыған байланысты эстетикалық тәрбие беруде живопись, музыка, еңбек,
қол өнер туындылары, сәндік-қолданбалы өнердің теориялық мәселелерін
қарастырумен шектеліп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие -
өнермен айналысу, оқушылардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін
көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем фактілер мен құбылыстарды тек қана
эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну
жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың көркем-шығармашылық
дарындарын дамыту тек өнер түрлерінің тарихы жөніндегі білімдер мен көркем
фактілер мен құбылыстарды игерумен қатар шынайылықты сөз арқылы, көру-
көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегімен ұсынудың икемділіктері мен
дағдылары қалыптастын болған жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай
эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып қана
әрекет кез-келген өнердің негізгі техникалық ерекшеліктері мен көркем
өзіндік ерекшеліктерін білусіз мүмкін болмайтындығындай, эстетикалық цикл
пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін бомайды
деп тұжырымдай аламыз.
Бұл ереже осы қол өнер түрінің тарихи дамуы, нәті мен сипатын
оқушылардың өнер туындыларын дұрыс бағалау қабілеттері мен икемдерін
қалыптастыруға көмегін тигізетін тәжірибелік білімдермен дұрыс үйлестірудің
қажеттілігі туралы айтады. Осы ережені жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып
оқушыларына эстетикалық тәрбиелеу, оларды оқушыларға эстетикалық тәрбие
беруге даярлығы мәселесі бойынша зерттеулерге айтарлықтай дәрежеде көмегін
тигізеді.
Эстетика мәселелерімен айналысатын көрнекті ғалымдар Н.И. Киященко мен
Н.Л. Лейзеров мектеп білім берудің және болашақ қоғам адамдарын даярлаудың
бүтін жүйесіндегі өзінің орны бойынша өскелең ұрпақтың қазіргі адамға аса
қажетті абстрактілі және көркем-образдық ойлауға деген қабілеттердің
үйлесімділігін қалыптастыру ісінде орталық тізбек болып табылады деп
есептейді. Олар мұны мектеп негізінде адамның барлық ойлау қабілеттерін
дамытудың бастапқы сатысы болып табылатындығымен түсіндіреді. Тек мектепке
ғана оқушылардың сезімдік-эмоционалды және рационалды-интеллектуалды
шығармашылық әлеуеттерін бүтінге үйлестіре біріктіру, олардың белгілі бір
қызмет түріне жеке қабілеттіліктерін дамыту мүмкіндігі берілген .
Мектептегі білім беруге қатысты көптеген үкіметтік құжаттарда оқу-тәрбие
процесінің сапасын арттыру міндеті ерекше аталады, осыған байланысты
оқушыларға көркем білім мен эстетикалық тәрбие беруді айтарлықтай жақсарту
қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді .Осы орайда болашақ мұғалімдердің
оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуге деген кәсіби даярлығын қалыптастыру
мәселелерін қарастыратын З.Р. Ахметованың жұмысын атауға болады.
Р.Ш. Абенбаеваның зерттеу жұмыстары да айтарлықтай қызығушылық
тудырады. Бұл жұмыстың ерекшелігі онда эстетикалық-педагогикалық
икемділіктер мен дағдылардың мәні мен өзіндік еркшеліктерін ашу әрекеті
жасалып, оларды жіктеу нұсқасы жүзеге асырылып, оларды игерудің деңгейлері,
критерийлері мен көрсеткіштері анықталғандығында.
Екінші еңбекте халықтың ән шығармашылығын оқушыларды музыкалды-
эстетикалық трәбиелеудің құралы ретінде пайдаланудың теориялық-әдістемелік
негіздері зерттелген. Қазақ халық әндерінің педагогикалық жіктелуі
негізделген.
Көптеген зерттеулер еңбек сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру мен олардың еңбек әрекетіне эстетикалық қатынасын қалыптастыруға
арналған, бұл Н.С. Боголюбовтың В.Ф. Григорьевтың М.К. Даутовтың, В.Р.
Дедканың, Ю.П. Желтоуховтың. С.И. Пономарьковтың [26], Г.В. Похолкиннің ,
А.И. Тихоновтың жұмыстары.
Осы бағыт бойынша біз жасаған талдау халық өнері құралдарының
көмегімен эстетикалық тәрбие беру мәселелерінің өзара байланыстылығы мен
өзара тәуелділігін көрсету мақсатын көздеді.
Біздің қоғамның объективті қажеттілігінен шыға келе, педагогика ғылымы
өскелең ұрпақты тәрбиелеу процесін, тұлғаның жаңа, үйлесімді дамыған адамға
қажетті қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп, зерттеуде. Қазіргі
әлемде адамның позициясы, оның айналада болып жатқанға деген қатынасы өте
маңызды. Сол себептен педагогика ғылымы алдыңғы қатарға тұлғаның
белсенділік секілді қасиетін қалыптастыруды қояды. Бұл қасиет адамды
қоршаған әлемге пассивті сырттай қараушыдан қазіргі қоғамның талаптарын
барынша толық қанағаттандыратын тұлғаға айналдырады.
Қоршаған әлемге белсенді қатынаспен қарау үшін адамдағы эмоционалды
және рационалды бастаулардың тепе-теңдігі болуы маңызды, өйткені ол сезім
мен ақыл арасындағы өзара байланысты орнатады. Бұл бірлік эстетикалық
тәрбиеде барынша толық көлемде көрініс табады.
Шығармашылық бастаудың тұлғаны табысты тәрбиелеу үшін дамытудағы
маңыздылығы туралы ережеден шыға келе, біз кез келген емес, нақты
эстетикалық әрекеттің ықпалын қарастыру қажет деп есептейміз.
Егер дәстүрлі түсінікте эстетикалық тәрбие мақсат ретінде табиғат пен
өнер сұлулығын қабылдауды қойып, бірінші кезекте көркем өнер туындыларын
тамашалаудан, өнермен әуесқойлықпен айналысудан және өнер туралы белгілі
бір білім көлемін игеруден тұратын болса, қазіргі уақытта өнер – қоғамдық
құбылыс деген шарттан шыға келе, эстетикалық тәрбиенің алдында адамды
толығымен, оның бүкіл психикасын, жеке қасиеттері мен мінезін қалыптастыру
міндеті қойылады, ол бірінші кезекте адамның сезімдері мен қиялы саласын
дамытуға бағытталғандығы табиғи құбылыс, және осылайша ол адамгершілік
ұстанымдарға, көзқарастар мен әсерлерге әсер етеді, адамның өзіне, басқа
адамдарға, әлемге деген қатынасын қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиенің
мәнін жаңадан түсіндіру ғылыми айналымға жаңа термин – өнермен
тәрбиелеуді енгізді, ол эстетикалық тәрбие терминімен барабар емес.
Мектеп дамуының түрлі кезеңдерінде эстетикалық тәрбиенің тұлғаны
тұтасымен қалыптастырудағы роліне дұрыс баға бермеу, оның мектептегі және
тәрбие процесіндегі алатын орны туралы анық және нақты түсініктің болмауы
байқалды. Эстетикалық тәрбиенің қосалқы ролінің себебі мұғалімдердің
консерватизмі мен олардың эстетикалық цикл пәндерін жүргізуге деген
дайындығының болмауында болды. Қазіргі уақытта жастарға эстетикалық тәрбие
берудің ролі үнемі артуда. Бұл нақты факторлармен және себептермен
байланысты. Басты факторлардың арасынан халықтың өз санасының артуын,
рухани және мәдени тамырларға қайта оралуды ерекше атап кеткен жөн.
1.3.Мектептегі эстетикалық мәдениеттің тәрбиелік мәні
Мектептегі эстетикалық тәрбие саласындағы қалыптасқан жағдайға әсер
ету үшін болашақ мұғалімдер ол оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарын қамтуы
тиістігіне сенімді болуы тиіс. Қалай да болса тәрбиелеу – тек қана адамды
өнерге тартуды ғана емес, сонымен бірге, оның кез-келген істе – оқуда,
өндірісте, ғылым мен өнерде қажетті шығармашылық қабілеттерін оятуды
білдіреді.
Қазақстанда эстетикалық және көркем тәрбие мәселелерін А.Байтұрсынов,
Ж. Аймауытов, Н.Ғабдуллин, Ә. Марғұлан, М.Сильченко және т.б. қозғап,
қарастырған еді .
К.Ш. Нұрланованың , А.А. Қалыбекованың , К.Е. Ералиннің , Э.И.
Шыныбекованың , К. Әмірғазиннің ғылыми еңбектерінде өнер түрлерін мектеп
пен жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде қолдану мүмкіндіктері
ұсынылған.
Біз қарастырып отырған мәселенің жалпы аспектісінде М.Х. Балтабаевтың
педагогикалық мәдениеттану мен Қазақстанның қазіргі заманғы көркем
мәдениетіне арналған зерттеу жұмысы қызығушылық тудырады. Онда ол
мәдениеттану методологиясын педагогикалық аспектіде береді, көркем
мәдениеттің білім берудегі ролін ашады. Көркем-эстетикалық үзіліссіз
полимәдениетті білім беру мен тұлғаны тәрбиелеудің тұтас педагогикалық
теориясын негіздейді және осы негізде қазіргі тұлғаның көркем мәдениетін
қалыптастыру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін даярлап,
ұсынады.
Эстетикалық тәрбие беру – адамның шынайылыққа белгілі бір эстетикалық
қатынасын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие процесінде тұлғаның эстетикалық
құндылықтар әлемінде олардың белгілі бір нақты қоғамдағы қалыптасқан сипаты
туралы түсініктерге сәйкес бағыттылығы, бұл құндылықтарды игеруі
қалыптасады. Эстетикалық тәрбиемен бір уақыта адамның эстетикалық қабылдау
мен сезіну қабілеті, эстетикалық талғамы мен идеалы, сұлулық заңдары
бойынша шығармашылыққа, өнерде және одан тыс (еңбек қызметі саласында,
тұрмыста, әрекеттер мен тәртібінде) эстетикалық құндылықтар жасауға деген
қабілеті қалыптасады және дамиды. Осылайша, эстетикалық тәрбие қарама-
қайшылықтар бірлігін құрайтын екі негізгі қызметке ие: тұлғаның эстетикалық-
шығармашылық әлеуеттерін дамытудағы эстетикалық құндылықты бағдарын
қалыптастыру. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі
Музыкалық білім саласындағы музыкалық ойлау ерекшеліктері
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыкалық білім мамандығы
Пәндер