Кәсіпкерлік және оның Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі



I. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде ... ... ...6

II.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік түрлері, ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3. Кәсіпкерлікті тіркеудің мемлекеттік құқықтық нысандары ... ... ... ..16

III. Кәсіпкерліктің дамуы және оның экономикалық маңызы
3.1. Қазақстан экономикасын қалыптастыруда кәсіпкерліктің рөлі ... ... .18
3.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қоғам өмірі көп қырлы. Бұл көпқырлылық-адамдардың әртүрлі сфералардағы экономикалық және әлеуметтік әрекеттердің нәтижесі. Ұлы ақын Абайдың қара сөздеріне жүгінсек, ол бізді шынайы кәсіпкерлікке, көрегендікпен талмай еңбек етуге шақырады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына қатысты.
Бүгінде қоғам нарыққа аяқ алып бара жатқанда, әрбіреуіміздің ойланбай-ақ кәсіпкерлік дегеннің не екенін білгеніміз дұрыс. Осы мақсатта менің бұл курсттық жұмысымда кәсіпкерлік туралы айтылады. Бұл жұмысының бірінші білімінде білімінде кәсіпорын деген не, халық шаруашылығында оның қандай түрлері жұмыс істетіні жайлы айтылады. Нарықтық жүйеде кәсіп орын мен кәсіпкерлікті бір-бірімен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан ең бірінші кәсіпорын туралы қысқаша түсінік беруді жөн көрдім. Және бұл бөлімде кәсіпкер ұғымының қай ғасырдан бастап қолданыла бастағаны, кәсіпкерліктің анықтамасы, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың экономикалық шарттарын, кәсіпкерлік іс-әрекеттердің мәні жайлы айтылады.
1. Абсалямов Н.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1999 ж.
2. Аубакиров «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1999 ж.
3. Құрманбаева «Основы предпринимательства» Семей, 2002 г.
4. Мадешов Б. «Нарықтық экономикалық кіріспе» Алматы, 1999 ж.
5. Маматов «Современная экономика»
6. «Қазақстан таихы» журналы 2001 жыл, №1.
7. «Ақиқат» 2002 жыл №2.
8. «Заң» 1999 жыл №4.
9. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова «Экономикалық теория», Астана-2002 жыл.
10. Қ.Крымова, «Экономикалық теория», Алматы-2003жыл.
11. Я. Әубәкіров, «Экономикалық теория негіздері», Алматы «Санат»1998 жыл.
12. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе-2004 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлік және оның Казақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі

Жоспар

I. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .4
1.2. Кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
... ... ...6

II.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік түрлері, ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...9
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
2.3. Кәсіпкерлікті тіркеудің мемлекеттік құқықтық
нысандары ... ... ... ..16

III. Кәсіпкерліктің дамуы және оның экономикалық маңызы
3.1. Қазақстан экономикасын қалыптастыруда кәсіпкерліктің
рөлі ... ... .18
3.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25

Кіріспе
Қоғам өмірі көп қырлы. Бұл көпқырлылық-адамдардың әртүрлі
сфералардағы экономикалық және әлеуметтік әрекеттердің нәтижесі. Ұлы ақын
Абайдың қара сөздеріне жүгінсек, ол бізді шынайы кәсіпкерлікке,
көрегендікпен талмай еңбек етуге шақырады.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол
әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-
қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық психологиялық, тарихи сәттер көрініс
алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық
жағдайларына қатысты.
Бүгінде қоғам нарыққа аяқ алып бара жатқанда, әрбіреуіміздің ойланбай-
ақ кәсіпкерлік дегеннің не екенін білгеніміз дұрыс. Осы мақсатта менің бұл
курсттық жұмысымда кәсіпкерлік туралы айтылады. Бұл жұмысының бірінші
білімінде білімінде кәсіпорын деген не, халық шаруашылығында оның қандай
түрлері жұмыс істетіні жайлы айтылады. Нарықтық жүйеде кәсіп орын мен
кәсіпкерлікті бір-бірімен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан ең бірінші
кәсіпорын туралы қысқаша түсінік беруді жөн көрдім. Және бұл бөлімде
кәсіпкер ұғымының қай ғасырдан бастап қолданыла бастағаны, кәсіпкерліктің
анықтамасы, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың экономикалық шарттарын,
кәсіпкерлік іс-әрекеттердің мәні жайлы айтылады.
Біздің қарқынды саяси әлеуметтік экономикалық өміріміз күн өткен
сайын жаңа, тіпті кейбір жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отыр. Ал
экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын
болғандықтан соңғы жылдары ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Бұл
жаңадан пайда болған акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар сондай-ақ,
өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында және қызмет түрлерінде кең тыныс ала
бастаған кәсіпкерлік түрлері мынадай: жекедара кәсіпкерлік, компаниялар,
серіктестік, акционерлік қоғамдар туралы екінші бөлімде айтылады.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың дамыған елдердегі ерекшеліктері деген
бөлімде Америка мен Жапонияда кәсіпкерліктің кең тараған түрі, шағын
кәсіпкерліктің құрылуы жайлы сонымен қатар, кәсіпкерліктің Қазақстан
экономикасын қалыптастырудағы рөлі, кәсіпкерліктің қиыншылықтарға
қарамастан дамып келе жатқаны, әсіресе шағын кәсіпкерліктің өсуі, ауылдық
және аудандар аумағында тұратын адамдардың экономикалық жағдайын жақсартуға
бірден-бір қызмет ететін осы кәсіпкерлік жайлы айтылады.
Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің құқықтық қырлары
деген бөлімде мемлекеттік тіркеуден өту үшін өткізетін құжаттар және
тіркеу мерзімі таға басқа осы салада кеңінен айтылады.
Үшінші бөлім ол Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызы . Бұл бөлімде
кәсіпкерлік еліміздің экономикасын жандандырумен қатар халқымыздың
әлеуметтік хал-ахуалын, соның ішінде қазіргі баста проблема жұмыссыздықты
жоюда, жалақыны уақыттылы төлеуде және басқа тағы басқа елімізбастан
кешіріп отырған проблемалардың шешуші факторы. Кәсіпкерлік бұл
халқымызды жұмыспен қамтудың қайнар көзі болып табылады. Бұл бөлімде
кәсіпкерлікті дамыту үшін, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтуына бағытталған
несиелендіру жайлы айтылады.
Еліміздің экономикасын, әл-ауқатын жақсартуда ең басты шешуші фактор
– кәсіпкерлік болып саналады. Сондықтан да еліміздің ертеңі
кәсіпкерлердің қолында.

1.1 Кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық мәні.
Кәсіпкер әрқашанда болашағын ойлайды

Кәсіпорынның іс әрекеттерінің негізгі мазмұнына жататын
өндіріс факторларының өзара әрекеттілігінде ерекше орынға ие
болатыны кәсіпкерлік.
Буржуазиялық экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы XVIII
ғасырда қолданыла бастады. Адам Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-
саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық
тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі
жоспарлайды.
Ж.Б. Сейдің анықтамасы бойынша, бұл өндіріс факторларының
қисынын келтіріп ұштастыратын экономикалық қызмет атқаратын адам.
Капиталисттік елдердегі 80-жылдардағы кәсіпкерлік шуы
экономикалық өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі
көптеген ерекше факторлар мен себептерге байланысты. Бүгінгі таңдағы
капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ғылыми техникалық процестің
нәтижесінде, капиталистік экономикалық жүйенің өсеңкілеу дамуына
икемдігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлердің қалың
топтарының творчествалық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын
формаларға тығыз баланысты.
Жалпы қазіргі кәсіпкерліктің мәнін Батыс Европа және басқа
елдердің алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене
отырып анықтау дұрыс. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр.
Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз аталған
субьектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау,
өнімді өткізуге және тағы басқаларды таңдауда олардың жиынтық
бостандығы мен құқығы болуы керек деген сөз.
Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-
жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзі басқару мен шаруашылықты таңдауда
бостандықты инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір
экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда,
белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін – нарықтық бәсекелестік
тәртіп бойынша шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.
Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлікті қорғау және
қолдау туралы 1992 жылы қабылдаған Заңында кәсіпкерлік ұғымы
былай делінеді:
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз бұл азаматтардың тауарларға
(жұмыстарға, қызметтерге) деген сұранымды қанағаттандыру жолымен
пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, не азаматтың өзінің
меншігіне негізделіп, соның атынан, соның тәуекелімен және мүліктік
жауапкершілігіне алынып, (жеке кәсіпкерлік) жүргізілетін не ұжымдық
меншікке негізделіп, заңды тұлғагың (ұжымдық кәсіпкерлік) атынан,
соның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүргізілетін
қызметі.
Кәсіпкерлік іс-әрекетінің мәні оның атқаратын қызметі арқылы
ашылады:
Кәсіпкер адам өндіріс факторларын біріңғай өндіріс процесіне
біріктіру арқылы пайда алу мақсатында тауарлар алып қызмет етеді.
Кәсіпкер бұл өндірісті ұйымдастырушы, фирма іс-әрекетіне дем
беріп үйлестіруші, фирма стратегиялық және тактикалық бет әлпетін
анықтаушы және өзінің алдына қойған мақсатқа жету жолындағы барлық
жауапкершіліктің ауыртпалығын артқан адам.
Кәсіпкер – бұл тәуекелден қорықпайтын және бизнес жолындағы
мақсатқа жету жолында оған ақылымен баратын адам.
Осындай айтылған қызметтерді дұрыс орындау үшін мұндай адамның
ірі қабілеттілігі болуы керек, оның ішінде міндетті түрде
жергілік, өз еркімен ойлап және тиісті шешім қабылдай алатын,
ойлаған мақсатына жету жолында табандылық, ұйымдастырушылық және
өзінің артынан ұжымды ертіп әкететін қасиеттері болуы керек.
Қазіргі кездегі кәсіпкерлер экономикалық процестердің мәнін
ажырата білу керек, өзгеріп отыратын жағдаяттарды түсіне біліп,
яғни өте шапшаң түрде, қажеті бола қалған шешімдерді оңай тауып
ала білетіндей, адамдарды танып білетін, олардың жақсы, жаман
жақтарын бағалай білетін болуы керек. Осы қасиеттердің бәрі келіп
бір арнаға құйылып кеткенде, оны талантты адам деуге болады.
Жағдаяттарға қарай кәсіпкерлік таланттың ашылуы да мүмкін.
Кәсіперлік қабілеттілікті болу үшін экономикалық мамандығы бар адам
қандай да жағдай болмасын, алған хабарлары бойынша тиісті шешім
қабылдауға, осы шешім төңірегіндегі барлық варианттарда оқып білуге,
экономикаллық ақыл-ойын тереңдетуіне мүмкіндік алады да, кәсіпкерлік
іс әрекеттерге қатысты қажетті жағдайлардан хабардар болатыны даусыз
нәрсе. Табиғатында адамға тән жағдайдың бәрі тәрбие арқылы жанұяда
қонатын болсын, қоғамдық ортадан болсын, қоғамдық ортаданболсын
және өзін-өзі тәрбиелеуден болсын, барып туындайтын іскерлік қатынас
этикасы деген болады. Оның талаптары – міндеттілігі, жауапкершілігі
және адалдығы. Міне осылар қазіргі кәсіпкердің мінезінен толық
табылуы қажет. Сол кәсіпкердің өздері айтқандай Бизнесте адал
болуың ғана пайдалы. өзіңнің міндеттемеңді адал орындағанда ғана,
сенімділік күшейеді, абыройың артады.

1.2. Кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде

Кәсіпорын - өндіріс шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың негізгі
формасы болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекелеген
дербес бөлім. Кәсіпорын қоғамының негізгі өндірісттік буыны ретінде
әрбір әлеуметтік экономикалық формацияға тән және өздерінің ерекше
белгілерімен сипатталады. Олар әу баста алғашқы қауымдық құрылыс,
құл иеленуші, феодалдық имениелер мен шаруа қожалығы, капиталисттік
кәсіпорындар, ал бүгінгі таңда ірі фабрикалар, зауыттар мен
бірлестіктер ретінде ерекше орын алады. Кәсіпорын атаулыға фабрика,
зауыт, өндірісттік және ғылыми өндірісттік бірлесттіктер, сондай – ақ
өте ірі және күрделі кәсіпорындар жатады.
Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен кәсіпорындардың экономикалық
жағынан дербестігіне байланысты олардың өндіретін өнімдері тауарға
айналады. Ендігі жерде тауар айырбастау және оны сату, сатып алу
процестері басталып, бұл әрекеттер қоғамның қажеттілігін қамтамасыз
етеді. Сондықтан кәсіпорындар тауар өндіруші ретінде бейнеленеді.
Біздің республикамызда бүкіл шаруашылық механизмдегі
өзгерістердің іргетасын қалайтын, әлеуметтік экономикалық маңызы зор
құжат Қазақстан Республикасының Кәсіпорындар туралы Заңы . Бұл
заңның мәнділігі халық шаруашылығының негізгі буындары ретіндегі
кәсіпорындардың қоғамдық өндіріс жүйесіндегі рөлі мен орнына
байланысты көрініс береді. Аталған заңда кәсіпорындар мен еңбек
ұйымдары мен әрекеті де көрсетіліп, әрі мақсатыда нақты
тұжырымдалған. Мақсаттың мазмұны - халықтың әл-ауқатын жақсартып,
рухани байлығын молайта түсуге саяды. Барлық кәсіпорындар төрт
топқа бөлінеді.
Жекеменшік
Серіктестік
Корпорация
Мемлекеттік кәсіпорын
1. Жеке кәсіпорын – бір ғана иесі бар жалдамалы жұмыскерлердің
саны шектеусіз кәсіпорындар.
2. Серіктестік – белгілі бір пропорция бойынша өз капиталдарын, еңбек
ресурстарын және кәсіпорынның иесіне айналатын бірнеше кәсіпкерлердің
бірлестігі.
3. Корпорация – адам осы кәсіпорынға өз қаржысын орналастырған және
кәсіпорын әрекетіне байланысты мәселелерді шешуге құқығы барлығын
білдіретін акция иесі және осы корпорацияның барлық әрекеттеріне
белгілі бір үлес қосады.
4. Мемлекеттік кәсіпорындар – акция пакетіне үкімет иелік ететін
немесе әкімшіл-әміршіл экономикада үкімет байланысындағы кәсіпорындар
иелік жасайтын корпорациялар.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Кәсіпорындар
наурыз 1991 жылғы туралы Заңдары нарықтық экономикаға көшірудің аса
маңызды құжаттары болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен кәсіпорындардың алуан
түрлері мен формалары дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен
мемлекеттік меншікке негізделетін және төмендегідей формалары бар.
а) мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар несие
негізінде коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік бюджеттік
кәсіпорындар.
ә) шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару
негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі
кәсіпорындар.
б) мемлекеттік жалгерлік кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір
бөлімшесін немесе басқа мүліктерін еңбек ұжымының өзі жалға алған
жағдайда құрылады.
в) кооперативтік кәсіпорын – бұл жаңа түрлі кооперативтер.
г) мемлекеттік акционерлік қоғам немесе холдингтер.
д) мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар, сол кәсіпорынды құрушылардың
мүліктерін біріктіру жолымен құрылады.
Кәсіпорындар көлеміне қарай-ірі, орта және шағын болып
бөлінеді. Көбінесе, кәсіпорынның көлемін онда жұмыс жұмыс
істейтіндердің санына қарай анықтайды. Кейінгі он жыл ішінде
дамыған елдердің экономикасында кеңінен тарай бастағаны шағын
кәсіпкерлік.

2.1 Кәсіпкерліктің түрлері.

Кәсіпкерліктің нарықтық экономикалық басқа агенттерінен
айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда
түсіре білетіндігі. Пайда – кәсіпкердің сұранысы қамтамасыз ету
мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу
қажет. Акция бойынша дивидент, депозиттерге процент, жер үшін
алатын рента, бұлар меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте бұл
табыстың көзі акционерлік компаниялардың басқару органдары, банк,
арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер
өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет
атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды. Сонымен меншік
иесі – енжар, ал кәсіпкер нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және
дамытатын белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс жағдайы, мінез құлқына қарай
екі түрге бөлінеді.
Бірінші – бұрынғы классикалық кәсіпкерлік шаруашылықтың (кәсіпорын,
фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып,
нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер.
Екіншісі, қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл
жағдайда кәсіпкер қолда барпайда көзін емес, әр түрлі ішкі және
сыртқы мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар пайда
көзінің жеткіліксіздігіне қарамастан, талмай іздеудің арқасында, сол
кеңістікте, сол ортада бар барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды
пайдаланудың баламалы жолдарын қарастырады. Демек, кәсіпкерліктің
бірінші түрі барға бағытталынса, ал оның екінші түрі өз
мүмкіндігіне бағытталған, яғни жаңашыл, ізденімпаз адамдардың қатарына
жатады.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру – құқықтық жағынан: жекедара
кәсіпкерлік, компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге
бөлінеді.
Жекедара кәсіпкерлік Кәсіпкерлікті ұйымдасытырудың біршама шарттары
бар. Бұлар мемлекет тарапынан барлық шруашылық салаларына олардың
меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық
қарым-қатынастрдың барлық өкілдеріне заңда ескертілген жәйттерден
тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру,
шаруашылық жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтық
қажетті инфрақұрылымдық биржа, холдинг жүйелерінің қалыптасуы; қолда
бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы
тәрізді шарттардан тұрады. Бұл қазіргі заманғы классикалық
кәсіпкерлікті кең шағында өркениетті бизнесті жолға қою шарттары,
әрине мәдениетті, өркениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп
уақытты, көп ізденісті, мол тәжірбиені қажет етеді. Сондықтанда
болар Батыс елдерінде бизнес дегеніміз - өнер деген қанатты сөз
кеңінен тараған. Мысалы: Сіз өз қабілетіңізді кәсіпкерлікте
сынағыңыз келеді делік. Бірақ сіздің инвестициялайтын ортақ
ақшаңызда жоқ, банкпен берік кепілдікпен кредит те ала алмаймыз.
әлбетте сіздің басты кәсіпкерлік қабілетіңіз бар. Мәселен, сіз
дүкендерді, базарларды аралап жүріп, онда қарапайым шыттан тігілген
көйлектер жоқ екенін, ал олар пайда болса да, оның бағасы 5-6
теңге аумағында сатылады делік. Егер сіз тоқыма фабрикасында
істейтін болсаңыз, онда қаншамашұға немесе жіп қалдықтары іске
қосылмай бос жатыр. Сіздің үйіңізде тігін машинасы бар делік. Міне
осыны ескере отырып, сіз өзіңіздің жеке отбасы мүшелеріңізбен
көйлек тігіп саттыңыз. Егер сіз тіккен көйлекке сұраным
жоғарыласа, онда сіздің отбасыңыз көйлекті тігуді ұлғайтады да, ал
сіз толық құқылы жеке кәсіпкер ретінде сезіне аласыз. Кәсіпкер
міне осыдан басталады. Сөйтіп сіз бірте-бірте өзіңіз тұрған
үйдегізейнеткерлерді еңбекке жұмылдыра отырып, нәтижесінде кішігірім
тігін шеберханасын ұйымдастыруыңызға болады. Ендігі жерде соған
сәйкес салық төлеуге тура келеді. Ол үшін сіз заңды түрде
тіркеліп, заңды құқыққа ие кәсіпкерге айналасыз.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшшу кезінде дербес жеке еңбекпен
айналысуға заңды түрде рұқсат берілген. Әр адам өз еңбегіне
негізделген шаруашылық жүргізу үшін, өндіріс құрал – жабдықтарына,
өндірілген өнімге, одан түскен табыстар мен әр түрлі мүліктерге
заңды ие болуына құқығы бар. Мұндай қызметпен халықтың екі тобы
айналысады.
Бірінші – жеке қызметпен жұмыс уақытынан тыс мезгілде
айналысатын адамдар, яғни олар бұл қызметті өзінің істейтін
кәсіпорындары мен мекемелерінде атқаратын жұмысымен қатар атқарады.
Екіншісі – тек жеке қызметпен айналысатындар (зейнеткерлер,
мүгедектер т.б.). осындай қызмет арқылы түскен табыс, отбасының
жалпы табыс мөлшерінің едәуір бөлігін құрып, олардың өзіндік
меншігін ұлғайтудың маңызды көзіне айналды.
Сонымен жекедара кәсіпкердің өкілі бизнестен түсетін табысты толық
иемденетін, сонымен бірге оның олқылық кемшіліктері мен
ауыртпалығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен
көтеретін жекелеген адам немесе отбасы екені аян. Мұндай бизнес
іс тағдырының неғайбылдығы мен беймәлімдігіне қарамай, тәуекелге бел
байлайтын, әрі өз ісіне аса сенімді, халықпен байланыс жасай
білетін азаматтарға тән.
Компания. Сіз өз белсенділігіңіз кәсіпкерлік әрекетіне табысты
боларыңызды сезіне түстіңіз делік. Енді кәсіпкерлік әрекетіңіізді
ұлғайтуды ойластыра бастаймыз. әрине ол үшін сізге ғимарат, құрал-
жабдықтар, көп мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет.
Тағы да банктен кредит алуға талаптануға болады. Бірақ банк сізден
кепілдік немесе мүліктік салымды талап етеді. Осы жағдайға
байланысты қайбірде кәсіпкерлікпен айналысуға қабілеті бар басқа
адамды да шақыруға болады. Соның нәтижесінде жеке меншік фирма
компанияға айналады, яғни капиталы – бірнеше дербес мүлік иелерінің
бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болды. Мұндай
компанияларға капитал – аталған компанияға қатысатын мүшелерінің
қосқан жарналарынан құралады. Олар ақшалай-мүліктік, патенттік,
авторлық немесе басқа да құқықтық және тағы басқа әртүрлі формада
мүмкін. Олардың барлығында компания мүшелерінің өзара келісімдері
бойынша ақшалай бағаланады. Сөйтіп компания капиталында оның әрбір
мүшесінің өзіндік үлестері болады.
Серіктестік – үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан
шыққан кезінде сондай алынатын барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке
жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады. Серіктестік
дегеніміз – бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе
кәсіпкерлік жасауы. Серіктестіктің мынандай түрлері бар:
а) толық серіктестік, серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның
мүшелері өздерінің барлық мүліктерімен ортақ та толық
жауапкершілікке болады.
ә) Командитті серіктестік немесе сенім артқан серіктестік. Мұндай
серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері
бойынша өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал
қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана
жауапкершілікте болғандықтан басқару ісіне араласпайды.
б) Шектелген жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің
міндеттемелері бойынша, оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан
жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.
в) Қосымща жауапкершіліктегі серіктестік. Яғни бұл жерде
серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүшелері ең алдымен өз
жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз
мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады.
г) Серіктестіктердің тағы бір ерекше түрі – акционерлік қоғамдар деп
аталады. Бұл қаржысы, акцияларды сату арқылы жиналатын және сол
акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивидент беріп отыратын
серіктестіктер.
Акционерлік қоғам. Бұрынғы КСРО-да акционерлік қоғам сонау 20-
жылдары пайда болған еді. Олар мемлекеттік жекеменшіктік және
мемлекеттік кооперативтік кәсіпорындар негізінде сауда өнеркәсіп
салаларында әрекет етеді. Қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға
көшуге байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаны жүзеге
асыру, соның ішінде меншік формаларын қайта құру ісінде, акционерлік
қоғам өзекті пробемалардың біріне айналып отыр.
Жоғарыда айтылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу баста келісілген
сол формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Мәселен,
серіктестіктің бір мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе де, ло одан
шыққан кезде сол ғимаратты өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл
жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады. Мұндай қоғамда барлық
қосылатын үлес тек ақшалай салынады да, оның құрамынан
шыққанда,оның үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның ақша
капиталын өз мөлшерінде кемітеді. Бұл жабық акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғамның мүшелері капиталға қосқан өз үлесін
дәлелдйтін акция алады. Және бұл қоғам мұндай әрекеттері бойынша
жауапкершілігішектеулі серіктестік ретінде жұмыс істейді.мұндай
қоғамның әрекетімен нақты танысу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Өндірістің тұтынушысы кім
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Пәндер