Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы



Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет. әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсіндіреді.
Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда.
Банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді.
Несие жүйесі кең мағынада-бұл несиелік қатынастар, несие формалары мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада-елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер тарабы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Жоспар
Кіріспе
1. Банк ұғымы
Банк мәні және оның шығу тегі.

2. Банктің функционалдық мамандануы.
Орталық банктің қызметі мен операциялары.
Коммерциялық банктің активтері және операциялары.
несие формалары мен түрлері.
3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі.
Қазақстан республикасының банк жүйесі.
Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы. Оларды әр
алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет
көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып
табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді
қарастырудан бұрын бізге банк және банктік қызмет ұғымын білу қажет.
әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін,
депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсіндіреді.
Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады.
Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық
қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда.
Банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай
түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының
өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді.
Несие жүйесі кең мағынада-бұл несиелік қатынастар, несие формалары
мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада-елдегі несиелік есеп
айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және басқа
қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер тарабы.
Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік
мекемелер несиелік жүйенің маңызды элементтері болып табылады.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
лицензиясы барынша банктік операцияларды жүзеге асыру. Банк – ҚР Ұлттық
банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Тарихи даму барысында сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар
пайда болды. Сегменттелген құрылым банктердің қызмет ету сфералары мен
функцияларын қатаң заң жүзінде бөлінуін қарастырады. Әмбебап құрылым
банктік қызметтің барлық түрлерін атқарады. Эмиссиялық банк - бұл ҚР
Ұлттық банк, ал басқалары-эмиссиялық емес деп танылады. Функцияналды
жағынан маманданған банктерге: инвестициялық, ипотекалық, жинақ және т.б.
жатады. Банктік емес несие-қаржылық мекемелерге: олардың көрсететін
қызметтері мен операцияларын коммерциялық банктер атқармайтын қарыз-жинақ
мекемелері, инвестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары,
сақтандыру фирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбарттар
және тағы басқалар жатады.
Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі,
несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына
жақындату, мемлекеттік валяталық монополия, ҚР Ұлтық банкісінің автономиясы
болып табылады.
Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр
типті болатын банктер арасында банктермен банктік емес мекемелер арасындағы
өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік
қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа аппараттың техниканы еңгізу, алып
банктердің тез өсуі.

1. Банк ұғымы.

Банк мәні және шығу тегі.

Банк сөзі BANCO деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас орны
дегенді білдіреді. Бұл айырбас орны тауарлар мен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың бір тұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақшалай қаражаттарын ссудаға беріп,
пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банктерге айналады.
Біздің түсінігімізше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп,әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылап,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.з.д. 2300 жыл бұрын холдиілердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар қатар,
саудалар берген. Олар б.з.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.з.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтының оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне
біртіндеп есеп беріп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар
банктердегі салым иелерінің бір шотына басқа да бір шотқа аудару арқылы
жүргізілді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк-Ағылшын банкі 1694жылы
құрылып, үкіметтен банкнот шығаруға құқық алады.
Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланыста және несие
берушіліердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке
несие беруші өзінің несие беруін тоқталады. Несие тек қана тұтыну мақсатына
берілмей, шаруашылық операциялардың қажетілігін де қанағаттандыра бастайды.
Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің
тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге
асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып,
барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек,
алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенде негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының 222222 нормалары болған. Осы
нормаларға сәйкес, б.з.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік
банкирлерді кумулияр деп аталады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге
рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана
несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, және басқа
да операцияларды орындаған.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандағы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл
жерде, ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара
айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасын түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тиым
салынбаған.
Ежельгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк-бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын-бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа да және сақтауға
байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда делдал кәсіпорыны дем болады. Жалпы, банктің сауда мен
ұқсас болуы кездейсоқты емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алады, оларды сатумен айналысады.
Сонымен, қазіргі түсінікте банк - бұл ерекше өнім шығарумен
айналысатын кәсіпорын немесе қола-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем
айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылды.
ҚР банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-ші бабына сәйкес банк-
бұл осы жарғыға сай банктік қызметі жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым
болып табылатын заңды тұлға

2. Банктың функционалдық мамандануы.
3. 1. Орталық банк қызметтері мен операциялары.

Кез келген орталық банктің міндеті – ұлттық ақша өлшемінінң төлем
қабілеттілігі мен валюталық курсынынң тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк
жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен
сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк
негізінен мынадай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде
эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық
қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі.
Осы аталған қызметтер орталық банктің балансында көрініс табады.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі – банкнота шығару. Ол елде төлем
міндеттерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралдары. Кейбір
мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монетаны шығарады. Көп елдерде
монетаны қаржы министрлігі соғып, орталық оларды номиналымен сатып алады.
Бұл жағдайда монетаның өзіндік құнымен номинал құнынынң айырмасы
мемлекеттік бюджеттің табысы болып саналады. Сөйтіп, орталық банк сатып
алған монеталарды өзі шығарған банкноталармен қосып айналымға түсіреді.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеу қызметі. Экономиканы ақша және несие
айналымына әсер ету жолымен реттеу – үкіметтің экономикалық саясатынынң
құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына,
инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансынынң тепе-
теңдігігне қол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы
өндірістің заңдылықтарынан туындайтын шаруашылық механизмдегі дағдарыс және
басқа да үйлесімсіздікті жоя алмайды. Орталық банктің әртүрлі мақсатқа
бағытталған іс-әрекеттеріне қарама-қарсылықтар тән. Оның несиені арзандату
мен өндірісті ынталандыру әрекеті, әдетте, шаруашылықтың бірқалыптылығын
бұзып, инфляцияны күшейтеді. Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай
нәтижеге жеткізбейді, себебі инфляция тек ақаша қатынастарымен тежеуге
мүмкіндік бермейтін көпфакторлы процесс. Валюта дағдарысы және валюта
курсынынң төмендеуі кезінде орталық банк елдің төлем балансын процентті
жоғарлату мен елге капитал тарту жолымен жақсартуға ұмтылады. Бірақ несиені
қымбаттату өндірісті өрістетуге кері әсер етеді.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі – ол орталық банктің
мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы
болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтауу және оны реттеу;
елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу;
тхалықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу, елдегі және одан тыс
жерлердегі валюталық құндылықтардыңң қозғалысын қадағалау; болжамдарды
жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізуі.
Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтын нарығына қатысу
үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сонымен бірге, халықаралық және
аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз елінінң өкілі болып қатысады.
Орталық банктің банктердің банкісі қызметі – ол орталық банктің
кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің
негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық
банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық
қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік
міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері
бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне арақатынасын, яғни
міндетті резервтердің нормасын бекітеді.
Орталық банктің банктердің банкісі ретінде елдің төлем жйесінінң басты
реттеушісі органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды
ұйымдастыруды, есептесу жүйесін реттеу және үйлестру жұмыстарын жүргізіп,
банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банкер қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта
жүргізеді:
- банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
- кейбір операция түрлерін (валюталық, бағалы қағаздармен, қымбат
металдармен) жүргізуге;
- банктер берген қаржылық есепті тексеру және талдау;
- клиенттерді ревизиялау (тексеру),
- міндетті резервтердің нормативін және эконормикалық нормативтердің
жүйесін белгілеу, сондай-ақ, олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктің үкімет банкісі қызметі. Жоғарыда айтылғандай, капиталын
кім иеленетіне қарамастан, орталық банк мемлекетпен тығыз байланысбағалы
қағата қызмет атқарады. Үкіметтің банкирі ретінде орталық банк оның әрі
кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылық кеңесшісі. Орталық банкте
үкімет пен мемлекеттік органдардың есепшоттары ашылған. Көптеген елдерде
орталық банк мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз етеді.
Салық пен заемдардан түсетін үкіметтің табысы орталық банктегі қаржы
министрлігінің пайыссыз шотында есептеліп, үкіметтің барлық шығыны сол
шоттан шығарылады. Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік
заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық
жағдайларға байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау және оның
табысты уақытын таңдау жөнінде кеңес берумен, мемлкеттік борышты басқарумен
шұғылданады. Мемлекеттік борышты басқару деп орталық банктің заемдарды
орналастыру және оларды өтеу жөніндегі, олар бойынша табыс төлеуді
ұйымдастыру жөніндегі, конверсия (заем шарттарын өзгерту) және олардың
мерзімін ұзарту операцияларын айтады.
Орталық банк өз қызметтерін пассив және актив операциялары арқылы
атқарады. Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып,
банктік ресурстар құру операцияларын, ал актив операциялары деп осы
қаражатты орналастыру операцияларын айтады.
Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы,
коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың ақша салымын
қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялар жатады.
Қазіргі кезде шығарылатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмеген өз құны
жоқ. Банкнота шығарудың қазіргі механизмі коммерциялық банктерге несие
беруге, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға және алтын валюталық
резервтерді ұлғайтуға негізделген. Банктерді несиелегенде банкнота шығару
вексель және басқа банктік міндеттемелермен қамтамасыз етілген, ал
мемлекеттік қарыз міндеттемелерін, алтынды және шетел валютасын сатып
алғанда соларға сәйкес міндеттемелермен, алтынмен және шетел валютасымен
қамтамасыз етіледі. Басқаша айтқанда, банкнота эмиссиясы орталық банктің
актив операцияларымен қамтамасыз етіледі. Осыдан оның пассив және актив
операцияларының байланысы көрінеді.
Орталық банктің банкнота эмиссиясы деп аталатын пассив
операцияларыныңмөлшері оның банктерге қарыз, мемлекеттік бағалы қағаздарды,
шетел валютасын және алтынды сатып алу актив операцияларына байланысты
болады.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі – коммерциялық банктер
мен қаржы министрлігінің ақшалы салымы. Коммерциялық банктер орталық
банктегі ашылған пайыссыз шотқа міндетті резервтерімен қоса, өзінің
кассалық қорының бір бөлігін сақтауы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті
резервтер пайыссыз арнаулы шоттарда жинақталады. Орталық банк коммерциялық
банктерге белгілі бекітілген пайыздық мөлшермен мерзімдік шоттарды да ашуы
мүмкін. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларынң 4 %-
ын құрайды.
Орталық банктің актив операцияларына негізінен: есеп-несие
операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын және шетел валютасымен
жүргізілетін операциялар жатады.
Есеп-несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекет пен
банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді.
Есептеу операциясы – ол орталық банктің мемлекет пен банктерден
вексельдерді сатып алуы. Орталық банктің коммерциялық банктерден
вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атйды, себебі
коммерциялық банктердің өз клиенттерінен сатып алған вексельдерін орталық
банккке сатқанда олар 2-ші рет сатып алынып 2-ші рет есептеледі.
Қазыналық вексельдерді есептеуді көптеген өркендеген елдерде уақытша
кассалық жетіспеушілікті жабу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді несиелеу
құралы ретінде қолданады.
Кассалық ауытқуды жоюдың келесі әдісі үкіметке бір жылға дейінгі
мерзімге тікелей банктік қарыз беру болуы мүмкін. Коммерциялық банктерге
қысқа мерзімді қарыз жай және аударым вексельдермен, бағалы қағаздармен
және басқа активтермен қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Бұндай
операцияның бір түрі – ломбард несиесі.
Орталық банк әртүрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы мүмкін.
Біріншіден, көптеген өркендеген елдерде бюджеттің кемшілігін жабу
мақсатында орталық банктің мемлекеттік операцияларды сатып алуы үкіметті
несиелеудің ең басты және жалғыз формасы болып табылады. Кейбір елдерде
мемлекетті тікелей несиелеу, яғни бюджеттің кемшілігін жабуға қаржыландыру
үшін банктік қарыз беру жүргізілмейді. Ескере кететін бір жайт, орталық
банктің портфелінде мемлкеттік бағалы қағаздардың, әдетте, өте аз бөлігі
сақталады. Мемлекетке несие беруші орталық банк емес, коммерциялық банктер
және басқа қаржы-несие мекемелері, компаниялар және халық.
Екіншіден, орталық банктер мемлекеттік облигацияларды банк жүйесін,
ақша массасын және ақша-несие саясатын жүргізу барысында мемлекеттік
облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алады. Коммерциялық
банктердің ресурстарын ұлғайту үшін орталық банктер, мысалы, репотипті
операцияларды қолданады, яғни банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алумен қатар, оларды белгілі бір мерзімнен кейін алдын-ала бекітілген
бағамен сату жөнінде өзіне міндеттеме алады.

2. 2. Коммерциялық банк активтері және қаржылық операциялары.

Банктің активтік операциялары пайда табу мақсатында банктік
ресурстарды, әртүрлі активтер бойынша орналастыруды білдіреді.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай
анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей 4 топқа бөлуге болады:
1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
3. Ссудалар,
4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне,
толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс
әкеуіне қарай анықталады.
Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. жоғары өтімді активтер;
2. өтімді активтер;
3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
- кассадағы қолма-қол ақшалар;
- орталық банктегі корришоттағы қаражаттар;
- мемлекеттік қарыздық міндеттемелеі;
- экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдер, яғни
бейрезиденттердің банктердегі тұрақты валютада салынған корришоттағы
қаражаттар;
- ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.
Кейбір шетлдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен
пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы реттегі резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және
несиеге деген өтінішті қанағатандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең
өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
- касса;
- орталық банктегі корришоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
- инкассациялау процесіндегі чектер және өзе де төлем құжаттары;
- басқа да коммерциялық бантерді корришоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің
негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен
де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі олардың ең төменгі
тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады.
Оларға жатады:
- векселдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар.
- талап етілетін ссудалары (онкольдық)
- бірінші классты қарыз алушыға берілетін ссудалар:
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы
резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі банктік несиелік потфелі. Банктің
несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің
пайдасының басты көзін құрайды.
4-топ. Бұл топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді
қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банке табыс әкелу және ұсақ мерзіді
бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ
оларды қысқа мерзімге айналдыруға екінші реттегі активтерге қосымша ретінде
болу.
Банктік инвестиция деп пайда табу мақсатында банктің ресурстарын
орналастыруға бағытталған активтік операцияладың барлығын бірдей түсінеді.
Банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай
қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауды білдіреді.
Банктің инвестициялық саясаты-банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,
нәтижелердің немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету
мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске
асыруға бағытталған шаралар жиынтығын білдіреді.
Банктік инвестиция операциясы бағалы қағаздармен жасалатын
оперцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы
қағаздары екі топқа бөлінеді: қор және коммерциялық бағалы қағаздар.
Қор бағалы қағаздарының көзін екі негізгі топқа бөледі:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар
2) мемлекеттік емес бағалы қағаздар
Мемлекттік бағалы қағаздарға мыналар кіреді:
-қазыналық вексельдер, орталық билік органдарының қысқа мерзімді
міндеттемелерін білдіреді.
-Қазыналық бондар-белгіленген пайыз әкелетін 1 жылдық 5 жылға дейінгі
мерзімдегі қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелердің ерекше түрі.
- қазыналық міндеттемелер:
- әр түрлі мемлекеттік билік органдарының облигациялық зайымдары.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға жататындар:
- акциялар
- кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің борыштық міндеттемелері.

Осылардың ішінде ең көп кездесетіні акциялар мен облегациялар болып
табылады.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық копиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне
табыс әкелетін бағалы қағаз. Акциялар атаулы және мәлімдеуші акцияларға
бөлінеді. Атаулы акционерлік қоғамның жүргізетін бағалы қағаздарды тіркеу
кітабында көрсетіледі. Ал мәлімдеуші акциялар еркін қозғалыста жүреді.
Оларды еркін сатып алып, сатуға болады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарын өзіндік
сипатына қарай төмендегідей кестемен беруге болады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтердің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырған жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер:
Біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол
ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс түрімен болғанымен
тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.
Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және
олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым
жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де
болса пассивтік танытуда.
Сонымен қатар, ҚР-дағы 2-ші деңгейдегі банктер банктік заңдылыққа
сәйкес бағалы қағаздар нарығында әртүрлі кәсіби қызмет көрсете алады. Олар:
брокерлік, дилерлік, депозитарлық, кастодиандық, трасттық, клирингтік және
тіркеушілік қызметтер.
ҚР-дағы 2-ші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999
жылы 15 қарашада Ұлттық банктің қаулысымен бекітілген ҚР екінші деңгейдегі
банктерде кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге
асырады.
Осы ережеге сәйкес, касалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау,
қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен
байланысты операцияны білдіреді.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге касалық операциялар бойынша
қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай
бөлімшелер болуға тиіс:
- кіріс касасы;
- шығыс кассасы,
- кіріс-шығыс кассалары;
- қайта санау кассалары;
- кешкі касса;
- сыртқа шығарылатын касса.
Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды
ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс
кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
2. кіріс кассалық ордер бойынша.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты
толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен
монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.
Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын
тексереді де, құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта
көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.
Бақылаушы-бухгалтер кассалық құжатты алған соң ондағы операциондық
жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу
туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген 99999
сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кріс кассалық құжатты кассирге
тапсырады.
Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып,
одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдайды.
Қолма-қол ақшаны қабылдағаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс
кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда
кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, тбіртекке Кіріс кассасы деген
мөр басып, ол ақшаны тапсырушыға береді.
Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс кассалық
құжатындағы сомасы арасында әйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша
белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты қайта сызып
тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да өзінің
қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал кіріс кассалық
құжаттар операциандық жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-
қол ақша саласына қайта рәсімделініп, бақылаушы – бухгалтерге қайтарылады,
ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа
соманы жазады. Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-
қол ақшаны беру мынандай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1) ақшалай чекпен
2) шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Пәндер